Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05449 Математика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты - студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білікті мамандарға қойылатын талаптарға сай білім беріп, сыбайласқа қарсы сананы қалыптастыру. Алынған білім негізінде студенттер шығармашылық ойлау дағдыларын меңгереді, мәселелік сұрақтарды заманауи талаптарына сәйкес шешу жолдарын ұсыну, республикамыздағы сыбайлас жемқорлықпен күресті сапалы деңгейіне көтеру. Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәдениетін қалыптастыруға және осы негізде азаматтық позицияны дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сызықты алгебра
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты сызықты алгебраның негізгі анықтамалары мен теоремаларын білу және қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы математикалық объектілерді зерттеу үшін сызықты алгебра әдістерін түсінудің теориялық және практикалық негізін қалыптастырады. Пән матрицалар, анықтауыштар, сызықты алгебралық теңдеулер жүйелері, векторлар мен көпмүшеліктердің негізгі түсініктерін және оларға қолданылатын амалдарын зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аналитикалық геометрия
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты векторлық кеңістік, сызықты тәуелділік, скаляр көбейтінді, сызықты түрлендіру және т.б. ұғымдарды және аналитикалық геометрияның әдістерін жеткізу болып табылады. Курстың соңында студенттерде векторлық алгебраның типтік есептерін шешу, аналитикалық геометрияның негізгі тұжырымдарын дәлелдеу, кеңістіктегі түзу мен жазықтықтықтарға, екінші ретті қисықтарға , екінші ретті беттерге есеп шығару дағдыларын қалыптастыру керек.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • .Математикалық талдау І
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - нақты сандар, сандық тізбектер, функция шегі, функция үзіліссіздігі, бір айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулері, дифференциалдық есептеудің негізгі теоремаларын, туындының геометриялық және механикалық мағынасын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алгебраның қосымша тараулары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты сызықты кеңістіктің негізгі ұғымдары мен қолданылатын амалдарды анықтау және қолдану қабілетін қалыптастыру. Пән сызықты кеңістіктің негізгі ұғымдарын, сызықты тәуелділік, сызықты кеңістіктің өлшемі, базисі мен өзегі, Евклид кеңістігі, Сызықты түрлендірулер және оларға қолданылатын амалдары оқып үйренуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Геометрияның қосымша тараулары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты планиметрия мен строеметрияның негізгі теоремаларын түсіндіре білу және қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы геометрияны түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән геометриялық есептерді шешу үшін векторлық алгебра элементтерін, евклидтік геометрияның аксиомаларын мен негізгі теоремаларын зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық логика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты-студенттерге логика негіздері, жиындар туралы түсінік, қатынастар және функция ұғымдарын қалыптастыру. Студенттерді Инъективті, сюръективті және биективті функциялар ұғымдарымен таныстыру. Студенттерге ақырлы және шексіз жиындарды, эквивалентті функцияларды, саналымды жиындарды, эквиваленттілік аксиомаларын түсіндіріп, есептер шығаруда қолдана алуына көз жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Нақты талдау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесінің математикалық сипаттамасына нақты анализ жасау мүмкіндігін қалыптастыру. Курсты оқу-үйрену барысында нақты анализдың негізгі тұжырымдамаларын түсіндіру, нақты анализ әдістерін қолдана отырып, типтік тапсырмаларды есептеу, нақты анализдың әдістерін қолдана отырып, қолданбалы міндеттерді шешуді оңтайландыру, нақты талдаудың негізгі ұғымдарын жіктеу, нақты анализдың әдістерін қолдана отырып, қолданбалы міндеттерді зерттеу процесін құрастыруда студенттердің қабілеттерін қалыптастыру керек.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық талдау II
    Несиелер: 6

    «Математикалық талдау-II» пәнінің мақсаты - математиканың негізгі ұғымдарымен танысуды жалғастыру. Бұл пән интегралдар теориясын, олардың геометрия, физика және экономика салаларында қолданылуын зерттейді. Курсты оқу барысында - интегралдар теориясын игеру: интегралдау әдістері, интегралдық есептеу формулалары, орташа теоремалар, анықталған интегралдарды қолданып жазық фигураның ауданын есептеу, дененің көлемін, доғаның ұзындығын және айналу денесінің ауданын есептеу дағдыларын қалыптастыру керек.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дискретті математика теориясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- студенттерді акпараттық технологияда кездесетін қолданбалы есептерді шығаруға бағытталған дискретті математиканың әдістерін игеру. Бұл әдістер заманауи процестер мен жүйелерді талдау, басқару мен программалау құралдарының ең қажеттілер қатарында. Курсты бітіргенде студенттерде - дискретті математиканың негізгі тұжырымдарын дәлелдеу, бинарлық қатынастарға қатысты, сандар теориясының, графтар теориясының,буль алгебрасының негізгі есептерін шешу қабілеттерін қалыптастыру керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар түрлерін, ақпаратты қорғаудың теориялық негіздерін, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, заманауи компьютерлік және ақпараттық технологиялар құралдарын меңгеру кәсіби қызмет құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін факторларды анықтайды. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Актуарлық және қаржылық математика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерге математикалық әдістер арқылы қаржылық және сақтандырудағы тәуекелдерді есептеу теориясын математикалық аппаратты қолдана отырып, кейбір қаржылық операцияларға сандық талдау жүргізудің теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын үйрету (қарапайым және күрделі пайыздар үшін жинақтау және дисконттау, тұрақты және өзгермелі қаржылық аннуитеттер).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық талдау III
    Несиелер: 6

    Пән мақсаты: сандық қатарларды және олардың жинақталу белгілерін түсіну; функционалдық тізбектердің жинақтылығы және бірқалыпты жинақтылығын зерттей алу; функцияларды дәрежелік қатарға жіктеудің әдістерін меңгеру. Көп айнымалы функциялардың үзіліссіздігін, дербес туындылар және дифференциалдауды, экстремумдарды табу; екі еселі және үш еселі интегралдар түсінігі болу, оларды қолдану. Еселі интегралдарға есептер шығару дағдысын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жобалар және процестерді басқару
    Несиелер: 5

    Жобалар және процестерді басқару курсы - бұл жобалар мен процестерді уақытылы аяқтау үшін қажетті ресурстарды ұйымдастыру және тиімді басқару болып табылады. Курстың мақсаты – білім алушыларды жобалар мен процестерді басқару барысында ұтымды шешімдер қабылдап,нәтижелілікке тиімді қол жеткізуді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жай дифференциалдық теңдеулер І
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - Дифференциалдық теңдеулер теориясының іргелі ұғымдарымен таныстыру, дифференциалдық теңдеулердің түрлері айнымалысын ажыратылатын теідеулер, біртекті, сызықтық ,Бернулли теңдеуі,Риккати теңдеулері және сызықтық бітекті және сызықтық біртексіз дифференциалдық теңдеулердің негізгі әдістерді үйрету және оларды қолдану білуге дайындау, әр түрлі жеке дара ұғымдар мен зерттеулерді бір жүйеге келтіру нәтижесінде қойылған есептерде шығара білу қабілетін арттыру. Студенттердің логикалық ойлау, математикалық пайымдау дәрежелерін және математикалық мәдиниетін физика, техника және басқа да жаратылыстану ғылымдарында кездесетін есептерді шеше алатындай деңгейге жеткізу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Комплексті талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - комплекс сандарды енгізу әдістерін меңгеру, комплекс айнымалы шамаларды зерттеу әдістерімен танысу, комплекс айнымалы функцияны, оның дифференциалдық және интгералдық есептеу теориясын меңгеру. Аналитикалық функциялар теориясының (анықтама, теоремалар, олардың дәлелдеулері) нақты түсіну. Комплекс айнымалы элементар функцияларды қарастыру және оларды нақты айнымалы элементар функциялармен салыстырмалы түрде зерттеу.Комплекс айнымалы шамаларды есептеу әдістерімен ғылыми зерттеу жұмыстарында есептердің шешімін тауып,зерттей алатындай деңгейге жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Геометрия негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге геометрияның даму тарихын және қазіргі жағдайы туралы түсінік беру. Студенттерге геометрия аксиомаларын құруды, аксиомалар жүйесінің түрлерін есептер шығаруда меңгерту. Геометрияның негізгі теоремаларын қолданып, жазықтықта және кеңістікте есептер шығаруда қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық есептерді шешу практикумы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - математиканың классикалық бөлімдерінің негізгі түсініктерін, математикалық тұжырымдарды негіздеудің негізгі әдістерін, типтік есептерді шешудің алгоритмдерін оқып үйрену. Математикалық дәлелдеулер жүргізу, тұжырымдарды дұрыс негіздеу, әр түрлі деңгейдегі мәселелерді шешу қабілеттерін қалыптастыру. Логикалық ойлау негіздеріне, математикалық терминологияға, математикалық ойлау әдістеріне ие болу. Неғұрлым күрделі есептерді шешу үшін негізгі математикалық нәтижелерді қолдану қабілетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық статистиканың қосымшама тараулары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазіргі заманғы математикалық статистиканың маңызды тарауларының негізгі қолданымдарымен таныстыру. Оқу курсы математикалық статистиканың әрқилы есептеріне қолдану техникасына дағдыланадыру және бұл әдістерді типтік стандартты есептерді шығаруға қолдана алуға практикалық дағдыларды қалыптастырады.Пән математикалық статистиканың негізгі есептері, реттік статистикалар,таңдамалық сипаттамалар, үлестірімдердің белгісіз параметрлерін бағалау,статистикалық гипотезаларды тексеруді зерттеуге бағытталған.Сонымен қатар статитикалық гипотезаларды тексерудің болжамды әдістерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында эксперименттік жүргізудің жолдарын үйретуге дағдыландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Интегралдық түрлендірулер
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты білімгерлерге функцияларды Фурье қатарына жіктеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы абсолютті интегралданатын функция үшін спектралды тығыздықты есептеуді, абсолютті интегралданбайтын функциялар үшін спектралды тығыздықты табуды қалыптастырады. Пән: Фурье түрлендіру, Фурье түрлендіруінің кейбір қасиеттері, Фурье дискретті түрлендіру, Лаплас түрлендіруі, Меллин түрлендіру меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сандар теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты —студенттерге математиканың бүтін, рационал және алгебралық сандардың қасиеттерін зерттейтін саласы екендігін түсіндіру. Әсіресе оң натурал сандар 1, 2, 3, …, оның қасиеттері мен оларға арифметикалық амалдар қолдану сандар теориясының зерттеу аясында ерекше орын алады. Грекияда б.з.б. 6 ғ-да (Пифагор мектебінде) бүтін сандардың бөлінгіштігі зерттеліп, бүтін сандардың жеке түрлері (мысалы, жай сандар, құрама сандар, квадрат сандар) ажыратылды, кемел сандардың құрылымы қарастырылды. Евклид “Негіздерінде” Евклид алгоритміне сүйеніп, екі бүтін санның ең үлкен ортақ бөлгішін табуға арналған жүйелі бөлінгіштік теориясы құрылды. Онда Евклид жай сандардың шексіз көп болатынын дәлелдеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жай дифференциалдық теңдеулер ІІ
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - Дифференциалдық теңдеулер теориясының іргелі ұғымдарымен таныстыру, негізгі әдістерді үйрету және оларды қолдану білуге дайындау, әр түрлі жеке дара ұғымдар мен зерттеулерді бір жүйеге келтіру нәтижесінде қойылған есептерде шығара білу қабілетін арттыру.Дифференциалдық теңдеулерді оқыту барысында білім алушыларға сызықтық дифференциалдық теңдеулер жүйелерін және оларды шешу әдістерін меңгерту. Орнықтылық теориясы туралы түсінік қалыптастырып, олардың шешу жодарын үйрету. Студенттерге дифференциалдық теңдеулердің физика, техника және басқа да жаратылыстану ғылымдарында кездесетін есептерді шеше алатындай деңгейге жеткізу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық талдау IV
    Несиелер: 6

    Пән мақсаты: Студенттерде көп өлшемді анализдың негізгі ұғымдарын меңгерту, мәселенің шешімін таңдауда өз әдісінің дұрыстығын дәлелдей алу, бірінші және екінші текті қисық сызықты, бірінші және екінші текті беттік және параметрге тәуелді интегралдардың теориясымен және өрістер теориясының элеметтерін меңгеру.Есептер шығаруда формулаларды дұрыс пайдалану дағдысын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық талдаудың таңдамалы тараулары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – математикалық біліктілікке қойылатын осы заманғы талаптар математикалық талдаудың қосымша тарауларын оқыту процесіне келесі мәселелерді алдыңғы орфнға қояды: іргелі математикалық дайындық деңгейін көтеру; математика курсының қолданбалы бағытын күшейту; студенттерді қолданбалы есептерді шешуде математикалық әдістерді қолдануға үйренуге бағыттау; студенттердің логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға, математикалық білімді өз беттерінше кеңейтуге және тереңдетуге қол жеткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Элементар математиканың қосымша тараулары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - алгебралық және элементар функциялар және олардың қасиетері мен графиктері, алгебралық және трансценденттік өрнектерді өрнектерді тепе-тең түрлендіру ұғымдарымен студенттердің білімін қалыптастыра отырып дамыту. Алгебралық, трансценденттік теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың шешімдерін табу тақырыптарында стандарт емес есептерді шығару жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дифференциалдық теңдеудің шеттік есептері
    Несиелер: 5

    Дифференциалдық теңдеулердің шеттік есептері курсын оқытудың мақсаты студенттерді дифференциалдық теңдеулердің шеттік есептерінің теориясымен және өзекті мәселелерімен, оларды шешудің заманауи әдіс тәсілдерімен таныстыру. Курсты оқу барысында студенттерде математикалық әдістердің принциптері негізінде зерттелетін объектінің математикалық моделдерінің құрылуы, дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер теориясының негізгі ұғымдарын білу, дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептердің қойылымы�� құру қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Геометриялық салу есептері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- Студенттерді салу есептері туралы ұғыммен таныстыру. Салу есептерін шешудің негізгі кезеңдерін айқындап беру. Геометриялық орындар әдісін Геометриялық түрлендіру әдістерін және Алгебралық әдістерін қолданып, студенттерге есептер шығаруды үйрету. Студенттердің салудың тиімді әдістерін таңдау жасай алуына мүмкіндік жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктерін студенттерге түсіндіру. Студенттерді оқиғалар алгебрасымен, Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары. Кездейсоқ процестер теориясының элементтерімен таныстыру. Математикалық статистиканың негізгі ұғымдарын енгізу. Таңдама бойынша үлестірімнің белгісіз параметрлерін бағалау тақырыбына есептер шығаруды үйрету. Гипотезаларды статистикалық тексеруді және корреляциялық және регрессиялық талдауды түсіндіру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қаржылық есептеу негіздері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты ақша ұсынумен байланысты қаржылық-несиелік және коммерциялық операциялардың шарттары мен нәтижелеріне сандық қаржылық талдау жүргізудің тұтас тұжырымдамасын беру болып табылады. Қаржылық есептеулер қаржылық операциялардың негізгі параметрлері болатын бірқатар міндеттерді қамтиды: капитал мөлшері (несие, депозит, несие), қаржылық операциялардың мерзімдері және пайыздық мөлшерлемелер. Бұл параметрлер белгілі бір функционалды тәуелділікпен өзара байланысты. Қаржылық есептеулер қаржылық операциялардың параметрлері арасындағы сандық қатынастарды орнатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Фурье талдау негіздері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты cандық қатарлар, функциялық тізбектер мен қатарлар, Фурье қатарлары және Фурье түрлендіруі, айқын емес функциялар жөнінде түсініктері болуы жөнінде зерттеудің іргелі тәсілдерің оқу; ғылымизерттеу жұмысын жүргізуге, математикалық пәндерді оқуға қажетті оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық мәдениетің дамыту, ортогоналды қатарлар теориясы, еселі тригонометриялық қатарлар, тригонометриялық жүйе бойынша еселі Фурье қатарлары теорисын игеру, мультипликаторлар теориясында, көбиткіштер ториясында, функциональдық кеңістіктер теориясында еселі тригонометриялық Фурье қатарлар әдістерін қолдану қабілетіне ие болуды қалыптастыру, есептер шығару барысында тиімді колдана білуді үйрену және игерген білім дағдыларын болашақта пайдалана алатындай көлемде табысты меңгеруіне қол жеткізуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қолданбалы математиканың қазіргі заманғы мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты ––стохастикалық анализдің ең бір заманауи бағыттарының бірі – кездейсоқ процестер теориясының негіздерімен және олардың аса маңызды қолданыстарымен таныстыру. Оқу курсы алған білімдерін оқу және ғылыми жұмыстарында пайдалана білуге дағдыландыруды қалыптастырады.Пән ықтималдық кеңістік,негізгі ықтималдық формулалары,тәуелсіз сынақтар,кездейсоқ шамалар,үлкен сандардың және шекті теориялардың заңдары,бағалар статистикалық гипотезаларды тексеруді зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Функционалдық талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - нақты процестерді модельдеу мәселелерін шешу үшін функционалдық талдаудың негізгі ұғымдары мен әдістерін қолдану дағдысын қалыптастыру.Функционалдық талдау 19-20 ғасырлар аралығында Гильберт, Фреше , Фредгольм , Лебег сияқты ғалымдардың еңбектерiнде пайда болды. Оның негiзгi ұғымдары мен әдiстерi математиканың классикалық облыстары- математикалық талдау, алгебра, геометрия, дифференциалдық теңдеулер теориясы , вариациялық қисаптар аясында қалыптасты. Функционалдық талдау пәнінде функционалдар, операторлар және оларды байланыстыратын қатынастарды қарастыру бұл обьектiлердi жинақтап зерттеумен, яғни функционалдық кеңiстiктер мен олардың түрлендiрулерi зерттеледі. Дифференциалдық оператор немесе интегралдық түрлендiрулер жеке функцияға емес, түгелдей функциялар класына қолданылып – бұл функциялар класының түрлендiру нәтижесi, операцияның қандай да бiр мағынадағы үзiлiссiздiгi т.с.с қарастырылып, зерттеледi. Функционалдық талдау нақты бейнелер кластары мен нақты функционалдық кеңiстiктер әсерiнен, екiншi жағынан қандай да бiр заңдылықтарды жалпыландыру және сол арқылы олардың табиғатын жете түсiнуге бағытталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқытудағы ақпараттық технология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты математиканы оқытуда Mathcad және Geogebra жүйелерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ақпараттық технологияларды математиканы оқытуда қолданудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән алгебра, геометрия, математикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика есептерін оқытуда Mathcad және Geogebra мүмкіндіктерін ғылыми зерттеу жұмыстарына пайдалану мүмкіндіктерін игеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теориялық механика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Теориялық механика теориялық физиканың бөлімі болып, материалдық денелердің қозғалыс заңдылықтарымен қозғалыс себептері қарастырылады. Теориялық механика кинематика, динамика, статика бөлімдерінен тұрады.Кинематика бөлімінде денелердің қозғалысы қарастырылып,оны тудыратын себептер қарастырылмайды.Динамика бөлімінде денелердің қозғалыс заңдылықтарымен оның себептері қарастырылады. Статика бөлімінде денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдылықтары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикада ақпараттық технологиялар қолдану (Maple)
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – студенттерге Maple жүйесі процедуралық бағдарламалаудың типтік жабдықтарымен қамтылғанымен, бұл жүйе тіл ретінде математикалық есептерді шешуге бағытталғандығын түсіндіру. Maple жүйесі жоғары деңгейлік проблемалық бағытталған бағдарламалау классына жатады. Кәзіргі таңда математиканың көптеген есептерін шешуді дербес компьютерде автоматтандыру арқылы жеңілдетуге болады. Оқыту жүйесінде компьютерлік жүйелерді қолданудың өте маңыздылығы қарастырылатын есептердің шешімдерін визуалдау, яғни символды турде алу, графигін сызып көрсету, анимациялық графиктерді салу болып табылады. Maple жүйесін үйрену арқылы студенттер өзінің білімін нығайтады, оған қосымша математиканың көптеген пәндерін оқытуда және үйренуде, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолдана алу мүмкіндігін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Интегралдық теңдеулер
    Несиелер: 4

    Мақсаты: студенттерді интегралдық теңдеулер теориясының негізгі проблемаларымен және оларды шешудің әдістерімен таныстыру, осы пәннің нақты мәселелерін шешуде білімді қолдануға үйрету. Курсты оқу барысында студенттерде Вольтерра мен Фредгольмның интегралдық теңдеулер теориясының негізгі түсініктерін түсіндіру, негізгі теоремалардың тұжырымдары мен дәлелдемелерін түсіну қабілетін қалыптастыру және интегралдық теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін меңгеру керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математиканың конкурстық есептері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-оқушыларды математикадан конкурстық есептерді шешуге үйрету.Оқу курсы математикадан конкурстық есептерді шешу дағдыларын қалыптастырады. Пән: бүтін сандар және көпмүшеліктер,жазықтықта және кеңістікте теңсіздікті, экстремумдарды,бағалауды құру,ерекше мысалдар мен конструкциялар,математикалық ребустар мен басқатырғыштар,тізбектер және итерациядарды оқуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Олимпиадалық есептерді шешу
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты –– білімалушыларды математикадан күрделігі жоғары есептерді шығаруға үйрету.Оқу курсы математикадан олимпиадалық есептерді шығару дағдыларын қалыптастырады.Пән теңбе-теңдіктерді дәлелдеу, шектеулі тізбектерді қосындылау, теңсіздіктерді дәлелдеу, көпмүшеліктер, прогрессиялар, бүтін сандармен берілген есептер, дәлелдеуге берілген геометрия есептері,көпбұрыштар,шеңберлер, көпжақтар, беттер және айналу денелері,ең үлкен және ең кіші мәндерге арналған есептерді шығаруды үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық программалау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Студенттерге қандайда бір құбылыстар классы мен шынайы өмірдегі объектілерді математика тілінде жуықтап есептеу арқылы математикалық моделін анықтауды үйрету. Оқу курсы математикалық модельдерді классификациялау, қолдану,анализдеу, идентификациялық қисабын шешу ,математикалық модельдеуге негізделген басқару есебін шығаруды қалыптастырады. Математикалық программалау курсы модельдер құру технологиясы, модельдеу нәтижелерін талдау және өндеу, идентификациялау,анализдеу, практикалық ұсыныстарды беруді зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Есептер шешудің әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Есептер шешудің әдістемелік негіздері пәні қойылған есепті түсіне білу, заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды қолдана отырып жаңа білім алуға қабілеттілігімен есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның пәрменділігін арттыруға қажетті әдістің негізін қалыптастырады. Тұтас математикалық пәндердің жалпы формаларын, заңдылықтарын және құралдарын анықтай білу мен есептерді шешудің әдістемелік негіздерін құруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физика
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты- Физика материяның, энергия мен кеңістіктің және олардың арасындағы қарым-қатынастың негізгі ұғымдарын зерттейтін ғылым ретінде анықталуы мүмкін.Студенттердің әлемнің және ғылыми әлемнің қазіргі физикалық бейнесін, негізгі физикалық құбылыстарды түсінуін қалыптастыру; классикалық және қазіргі заманғы физиканың негізгі ұғымдарын, заңдарын және теорияларын, сондай-ақ физикалық зерттеулер әдістерін игеруін қамтамасыз ету; физиканың әртүрлі салаларында нақты мәселелерді шешу әдістері мен әдістерін меңгеру;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математиканы жаңа технологиямен оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша математика пәнін оқытудың арнайы әдістері қарастырылады. Атап айтқанда, құндылықты-бағдарланған тәсіл, интербелсенді әдіс, зерттеу тәсілі, интегративтік тәсіл және коммуникативтік тәсілдерді қолданып, студенттерге зерттеушілік әрекет дағдыларын дамытуға, ғылыми таным әдістерімен танысуға жәрдемдеседі және танымдық қызығушылық қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Математикалық физика теңдеулері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттерге математикалық физиканың негізгі теңдеулері және оларға қисынды қойылатын есептер ұғымын түсіндіру. Екінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерді канондық түрге келтіруді мысалдармен көрсету. Гиперболалық, параболалық эллиптикалық типтес екінші ретті дифференциалдық теңдеулер мен олардың негізгі зерттелуі – интегралдық теңдеулер әдісін, Фурье әдісін қарастыру. Пәнді тереңдетіп оқыту, білімгерлердің логикалық ойлау, математикалық пайымдау дәрежелерін және математикалық мәдениетін физика, техника, жаратылыстану ғылымдарында кездесетін есептер мен мәселелерді шеше білу деңгейіне жеткізу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Топология
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - жалпы топологияның негізгі түсініктері мен әдістерін, математика және информатика ғылымдарының әр түрлі салаларында әр түрлі қолданыстарға ие болу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер үздіксіз және дискретті математиканың мәселелері және олардың информатика саласындағы қолданыстары туралы терең түсінік алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON11

    - ғылыми зерттеулер жүргізуді ақпаратты іздеу негізінде жоспарлай алады және жүзеге асырады; - ғылыми мақсаттарды қояды, оларға қол жеткізуде әдістер мен құралдарды таңдау қабілеттері мен дағдыларын көрсетеді;

  • Код ON4

    - математикадан теориялық негізгі білімдерін көрсетеді; -іргелі және қолданбалы әдістері мен құралдарын кәсіби қызметінде мәселелерді шешуге қолданады; - өзінің кәсіби қызметі саласында қолданылатын ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу үшін компьютерлік әдістермен жұмыс істейді; -Кәсіби ортада өз ойларын еркін талқылау, қорытындыны дәлелдеу, басқаларды сендіру қабілеттерін көрсетеді

  • Код ON12

    - математикалық бақылаудың және эксперименттердің нәтижелерін алуда теориялық талдаудың әдістерін қолданады; -эксперименттерді жоспарлайды және жүргізе алады, мәліметтерді түсіндіру және қорытынды жасау қабілеттерін көрсет алады;

  • Код ON5

    -математикалық тұжырымдар мен олардың дәлелдеріне логикалық талдау жасай алады; - Негізгі теоремаларды түсінеді және оларды дәлелдей алады - математикалық есептердің шешімдерін, математикалық және модельдеу әдістерін пайдалану жолдарын ғылыми тұрғыдан кәсіби іс-әрекетте нақты және дәл жеткізе алады;

  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады.

  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

  • Код ON10

    - математиканы оқытудың заманауи технологияларын, статистикалық гипотезалар, зерттеулер нәтижесін кәсіби қызметінде қолданады; -математикадағы ғылыми және қолданбалы есептерді шешуде теориялық білімді қолдана білуін көрсете алады;

  • Код ON9

    - математикалық ақпаратты алу, өңдеу және практикалық есептерді шешу үшін теориялық талдау, бақылаулар мен эксперименттердің, бағдарламалау және сандық технологиялар нәтижелерін бағалайды; - ғылыми, инновациялықіс-әрекеттерді жоспарлау, жүзеге асыру мәселелерін шеше алатындығын көрсетеді

  • Код ON8

    -математика ғылымының классикалық бөлімдерінің негізгі ережелерін, математиканың негізгі идеялары мен әдістерін, негізгі математикалық құрылымдар жүйесін, есептеудің жалпы формаларын, заңдылықтары мен құралдарын қызметінде қолданады ; -кәсіби қызметке қажетті жаңа білімді өз бетінше алуға дайын екендігін көрсетеді

  • Код ON6

    -математикалық пәндер бойынша терең білімдерін, есептерді шығаруда негізгі заңдылықтармен байланыстырып, практикада қолданады; -математикадағы ғылыми және қолданбалы есептерді шешуде теориялық білімді қолдана білуін көрсетеді -математикалық есептерді шешу әдістерін таба біледі, қажетті есептеулер жүргізеді, нәтижелерді қажетті формада ұсынады және қорытынды жасайды.

  • Код ON7

    -математикалық ойлау мәдениеті қалыптасқан, математикалық формулаларды дұрыс қолданады,нақты шешімдерін негіздей алады, қорытындысын түсінеді; - ғылыми және педагогикалық іс-әрекеттің стратегиясын айқындау, шешім қабылдау және кәсіби қызметтің нәтижелері үшін жауаптылық қабілеттілігін көрсетеді.

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

Top