Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01702 Шетел тілі: екі шетел тілі педагогтарын даярлау в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • аударудың концептуалды және когнитивтік тұжырымдамалық қорын дәстүрлі және тың бағытта талдай алады, тіл білімінің аудармалық сипатын, аударма сапасын ажырата біледі
  • шетел тілін оқыту саласында оқу процесін ұйымдастырудың әдіснамасын, теориясын, әдісін, түрін және тәсілдерін жіктей алады, оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдана біледі
  • тілдік ресурстар мен әдебиетті салыстыра талдай, қолдана біледі, өзіндік ізденіс пен шығармашылық қабілеттерін, оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын дамыта біледі
  • оқып жатқан тілдің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын анықтай алады, оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы тілдік тәуелділікті,лингвистика ғылымының жетістіктерін ұтымды пайдалана алады
  • ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты құрастыра біледі және оларды оқытылатын салада қолдана алады
  • өз көзқарасын дұрыс білдіруін, жаңа шешімдер ұсынуды қамтамасыз ететін практикалық білімдер мен дағдыларды көрсете алады, оқыған саласы бойынша білім мен түсінігін кәсіптік деңгейде қолдана біледі, әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыра алады
  • аударматану теориясының танымдық негізін қалыптастыра алады, даму бағытын уәждейтін ұғымдық бірліктерді жүйелей біледі
  • тіл мен әдебиет деректерін жинай және талдай біледі, баспасөз жарияланымдары мен ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу дағдыларын қалыптастыра алады және педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбилеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі
  • тілдік және коммуникативтік әрекеттердің барлық аспектілерінде шетел тілін кәсіптік деңгейде көрсете алады
  • пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімін және интеграциялауды көрсете біледі, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін байланыстыра алады
  • кәсіби және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыра алады, өз ойын логикалық түрде құрастыра біледі, кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдана алады және оқытылатын саладағы мәселелерді шеше алады
  • шетел тілінің тілдік құбылыстарына қатысты өз бетінше зерттеу жүргізе алады, мәдениетаралық шеттілдік қатынас құралы ретінде шетел тілінің барлық функцияларын толық қолдана біледі
Top