Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01602 Тарих – Дінтану в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби терминдерді, іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде тілдік дағдыларды пайдаланады, ағылшын тілін одан әрі оқуын жалғастырады және шет тілдік ортада кәсіби қызметін жүзеге асырады, академиялық жазу дағдыларын меңгерген;
  • Білім берудің жаңартылған мазмұнымен байланысты қажетті кәсіби білімін және ғылымда ақпараттық технологияларды, педагогикалық және әдістемелік жұмыста заманауи сандық құралдарды сенімді пайдалануды көрсетеді, қашықтықтан оқыту бойынша цифрлық білім беру контентін әзірлеу дағдыларын меңгерген;
  • Барлық дәуірлер мен кезеңдегі Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихын зерттеудің өзекті мәселелерін, отандық және шетелдік деректанудың, тарихнаманың кезеңдеріне, даму бағыттарына сыни талдау, ретроспективті, тарихи - салыстырмалы сияқты зерттеудің басқа да әдістері арқылы жіктейді
  • Қазақстан мен Орталық Азия елдері, Алтын Орда тарихы мен мәдениетінің ерекшеліктерін анықтайды және дереккөздердің шынайылығын, идеялық бағыты және ғылыми сипаты тұрғысынан түсіндіре алады, әлемдік және отандық тарихтың барлық даму кезеңдері туралы білімдерін қорыта алады;
  • педагогика мен әдістемелік жұмыстарда жоғары білімін көрсетеді, оқыту мен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлауда шығармашылық тәсіл мен инновациялық технологияларды қолдана алады, өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отырады;
  • гуманитарлық білімге негізделген адами, әлеуметтік-тұлғалық ұлттық құндылықтарды, сонымен қатар тұлғаның психикалық және физикалық қасиеттері, өзін-өзі жетілдіру жолдары, тұлғалық өсу және өзін-өзі басқару туралы білімдерін дамытады.
  • зияткерлік және жалпы мәдени деңгейді көрсетеді, жеке тұлғаның рухани, дене бітімін жетілдіруге және салауатты өмір салты нормаларын сақтауға қол жеткізеді, академиялық адалдық мәдениетін түсінеді және сақтайды; әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру дағдыларын меңгерген:
  • Дүниежүзі тарихы мен отандық тарихтың барлық кезеңдеріндегі (ежелгі, ортағасырлық, жаңа, қазіргі заман) дамудың тұтастығы мен сабақтастығын сипаттайтын негізгі оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді талдайды, олардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтай алады
  • ғылыми-зерттеу және практикалық мәселелерді шешуде әртүрлі дереккөздерді, тарихи-этнографиялық, мұрағаттық, археологиялық, демографиялық материалдарды талдайды; тарихи тұлғалардың рөлі және олардың ұлттық және әлемдік тарих пен мәдениеттегі жетістіктерін жинақтап қорыта алады, баға бере алады
  • тарих және дінтану пәндері (діни антропология, діни әлеуметтану, діни психология, діни философия) саласындағы ақпаратты өз бетінше жинауға және өңдеуге, қазіргі заманғы діни проблемаларға сыни талдау менсараптамалық бағалау жүргізуге ; категориялық аппаратты пайдалануға; патриотизм рухын, толеранттылық пен діни төзімділікті қолдауға қабілетті.
Top