Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01602 Тарих-дінтану в QYZPU

Пәндер

  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған. Студенттер қазақстандық қоғамның әлеуметтік, құқықтық және этикалық нормаларымен жұмыс істеуге қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән білім алушылардың қаржы жүйесі, қаржылық тәуекелдер, қаржы институттары және олардың өнімдері туралы білімдерін игеруге бағытталған. Нәтижесінде студенттер әртүрлі дерек көздерден қаржылық ақпаратты іздеуді, талдауды, түсінуді, бағалауды үйренеді және алған ақпаратты қаржылық мәселелерді шешу үшін пайдалана алады.Жалпы бұл курс қаржылық алаяқтықтың жоғары тәуекелі жағдайында білім алушыларда сауатты, ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эмоционалды интеллект

    Пән педагогтарға Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясатының стратегиялық бағыттары мен басым бағыттары контекстінде тьютордың рөлін меңгертуге бағытталған. Студенттер эмоционалды интеллект пен икемді құзыреттіліктердің заманауи мектептің оқу-тәрбие процесіндегі орнын анықтайды. Олар икемді дағдыларды, оның ішінде цифрлық ортада дамытуды ескере отырып, оқу қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады. Әртүрлі жасерекшелік топтарындағы білім алушылардың эмоционалды интеллектін бағалау және дамыту технологияларын меңгерген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тұрақты даму

    Экология және тұрақты даму курсы студенттердің экологиялық дағдыларын дамытуға, заманауи экологиялық мәселелерді шешуге, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты дамыту жолдарын қалыптастыруға, студенттердің экологиялық санасын және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілігін арттыруға бағытталған.Нәтижесінде студенттер экологиялық тенденцияларды талдау және басым бағыттарды қалыптастыру, табиғатты қорғау бойынша нақты міндеттерді қою арқылы өмірлік маңызды тұрақтылықты сақтауды үйренеді. Сондай-ақ студенттер қазіргі заманғы экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын, жаһандық, аймақтық және жергілікті деңгейде экологиялық проблемаларды шешудің практикалық тәсілдерін анықтай алады, сонымен қатар тұрақты даму мақсаттарына жету үшін табиғи ортаның сапасын басқарудың әртүрлі құралдарын қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық статистика негіздері

    Пәннің мақсаты - студенттерді жүйелі ойлаудың формалары мен заңдылықтарымен таныстыру, студенттерді жүйелі ойлауға үйрету, оларда негізделген дәлелдеу дағдыларын дамытуға көмектесу болып табылады. Студенттер деректерді жинау, өңдеу және идеялар ұсыну процесін түсінеді, қарастырылатын объектінің немесе құбылыстың жағдайын бағалауда деректерді сандық және сапалық талдауды қолдану дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дүние тарихы

    Пән ежелгі мемлекеттің пайда болуы мен дамуы, құл иеленушіліктің дамуы сияқты мәселелерді оқытады. Сонымен қатар ежелгі шығыстағы жер шаруашылығы ошақтарының, ірі өзендер мен суландыру жүйелерінің маңыздылығын, мемлекеттіліктің (шығыс деспоты) ежелгі Шығыс мемлекеттерінің дамуындағы орнын талқылайды және де ежелгі мемлекеттер жайлы деректер мен тарихнамаға тоқтала отырып,, мемлекеттердің тарихын кезеңдерге бөлу сияқты мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Археология және алғашқы қоғам тарихы

    Пәнді оқу барысында студент адамзат дамуының тарихын археологиялық ескерткіштер арқылы білетін болады. Тас, қола, темір дәуірінің ерекшеліктерімен танысады. Еуразия территориясының қола мәдениетінің даму барысын біледі. Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық археологиясын оқиды. Сонымен қоса, адамзат қоғамының қалыптасуынан бастап, адамның пайда болуын, алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтың құрылуын, дамуын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тарихи антропология

    Пәнді оқу барысында студент: антропология ғылымының қалыптасу тарихымен, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдармен танысады. Сонымен қатар, адамның пайда болу мәселесі, адам бассүйегінің дамуы, антропогенез, адам нәсілдері, Орта Азияның ежелгі тұрғындарының антропологиялық зерттелуі, Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиялық зерттелуі секілді мәселелерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Пән студенттердің әрбір мүшесі өзінің құндылығы мен маңыздылығын сезінетін инклюзивті қоғам қағидалары туралы түсінігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты физиологияны, анатомияны жақсы біледі, жасерекшелік физиологиясы туралы терең білімге сүйене отырып, танымдық дағдылардың қағидаларын түсінеді, ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасай алады, инклюзивті білім беру ортасын құрудың стратегияларын біледі және оны жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогика және дидактика

    Пәннің мақсаты ғылым ретінде педагогика туралы жалпы түсінік пен зерттеуге бағытталған оқыту концепцияларын қалыптастыру. Студенттер педагогика ғылымының дамуының тарихи алғы шарттарын меңгереді, дидактиканың негізгі заңдылықтары мен қағиаларын түсінеді. Студенттер цифрлық құралдарды пайдалана отырып, өзекті ғылыми ақпараттарды іздеуді және талдауды жүзеге асырады, педагогика мен дидактиканың іргелі негіздеріне сүйене отырып, өз көзқарасын білдіруге қабілетті.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Академиялық жазылым

    Академиялық жазылым пәні білім алушыларды функционалды стиль түрлері мен ғылыми мақала жазу, салалық пәндік терминология, іс-қағаздарын жүргізу, академиялық сауаттылық дағдысын қалыптастырады. Сондай-ақ ғылыми баяндамалар жасауға, мәтіндерді кәсіби тұрғыдан талдай білуге, сыни ойлауға, плагиаттан сақтану жолдарын меңгертеді және ғылыми деректер қорынан ақпаратты табуға, жазба жұмысын жүйеліндіруге машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ұлы даланың ежелгі және орта ғасыр тарихы

    Пәнде Қазақстан аумағындағы өркениеттің басталуы және Қазақстанның орта ғасырлар тарихы мәселелері баяндалады. Тас, қола, темір ғасырларының кезеңдері, археологиялық ескерткіштері сипатталады. Сақтар,сарматтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар тайпаларының саяси тарихы қарастырылады. ҮІ-ХІҮ ғасырлардағы Түрік қағанаттарының мемлекеттік, қоғамдық құрылысы, этникалық және саяси тарихына талдау жасалынады. Моңғол дәіріндегі Қазақстан жәнеҚазақ хандығы саясаты қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі

    Пән студенттерде ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімн қалыптастырады, кәсіби қызмет саласында ақпарат пен деректерді жинаудың, сақтаудың және өңдеудің заманауи әдістерін меңгертеді, сонымен қатар сөйлеу әрекетінің оқу, сөйлеу, сөйлеу. жазу, тыңдау сияқты төрт түрі бойынша академиялық байланыс дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлар тарихы

    Пән Ортағасырлардағы дүниежүзілік өркениеттің рухани, мәдени, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы ерекшеліктерін кешенді түрде оқып-үйренуге бағытталады. Ежелгі дүниеден Ортағасырларға өту кезеңіндегі Шығыс пен Батыста болған тарихи оқиғаларды талдай отырып, ортағасырлық мемлекеттерінің пайда болуы, басқару жүйелері, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы мәселелерін үйренеді; Батыс және Шығыс елдерінің ортағасырлық кезеңіне қатысты негізгі оқиғалардың даму ерекшеліктерін сыни тұрғыдан талдай отырып, бүкіл дүниежүзілік тарихтың біртұтастығын, қоғамдық дамудың негізгі заңдарының әлемдік сипаты бар екендігін түсінеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Пән қосалқы тарихи пәннің тарих ғылымында алатын орнын анықтайды; География, тарихи хронология, нумизматика, геральдика, сфрагистика, генеология, картография, тарихи ономастика ғылымдарының нені зерттейтіндігін үйренеді; Сондай-ақ қосалқы тарихи пәндерге ретіндегі орнын саралауды, деректерге сыни көзқараспен қарауды, эпиграфика мен палеографиядағы таңбадан бастап бүгінге дейінгі жазба дерек эволюциясын, зерттеу тәсілдерінің тарих ғылымы үшін маңызын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи демография

    Пәннің мақсаты белгілі бір аумақты мекендейтін адамдардың жиынтығы жайлы ақпарат беру. Пәнді оқу барысында оның ғылыми таным нысаны халықтың өсу заңдылықтарын меңгереді; Ұдайы өсу туу, өлім, некелесу және айырылысу үрдісіндегі халықтың табиғи қозғалысы, көші-қон мәселелері жайлы ақпарат алады; Пән халықтың санын, аумақтық орналасуын, құрамын, әлеуметтік-экономикалық және биологиялық, географиялық факторлар негізіндегі заңдылықтардың өзгеру себебін тарихи бағыттарын үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстан тарихы бойынша деректер

    Пәнді игеру арқылы Қазақстан тарихының деректануы ғылымының қалыптасуы мен дамуын меңгереді; Пән теориялық - методологиялық мәселелелерге баса назар аудара отырып, тарихи деректерді іздеу-табу, деректерге талдау жасау, тәжірибеде қолданудың жолдарын үйретеді; антикалық тарихнамамен, гуманистік тарихи оймен, қайта өрлеу мен реформация дәуірінің тарихи тұжырымдарымен, ағарту дәуірінің тарихи ойлары және негізгі бағыттарымен танысып, жаңа заман дәуіріндегі шет елдер тарихнамасы жайлы ақпарат алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам және қоғам

    Пәннің мақсаты: адамның мүддесін қанағаттандыруга бағытталған, заңмен қорғалатын демократиялық құндылық екендігін талдай білуді үйренеді; Қоғамдық өмірдің заңдылықтары, саяси үрдістердің тенденциялары және оның жекелеген елдер мен жаһандық деңгейлердегі жүзеге асу ерекшеліктері туралы негізгі ғылыми әдебиеттерді талдау және шолу дағдыларын меңгереді.рмашылық білімдерді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Этнология

    Пән- әлем халықтарының этногенезін, этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашылығын, материалдық және рухани мәдениетін, қоғамдық және отбасылық тұрмысның дамуының әсерін түсінеді; әлем халықтарының этнографиясы ғылымының қалыптасуындағы этнографиялық мектептері мен бағыттарының концепцияларын терең оқып білуге негіздейді. Әлем халықтарының тарихынан бүгінгі күнге дейінгі тарихи кезеңдерін, саясатын, салт-дәстүрін, материалдық және рухани мәдениетін, экономикасын, тарихи тұлғаларын жан-жақты меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Теориялық деректану

    Пәнді игеру арқылы деректану мен тарихнама ғылымының қалыптасуы мен дамуын меңгереді; Пән теориялық - методологиялық мәселелелерге баса назар аудара отырып, тарихи деректерді іздеу-табу, деректерге талдау жасау, тәжірибеде қолданудың жолдарын үйретеді; антикалық тарихнамамен, гуманистік тарихи оймен, қайта өрлеу мен реформация дәуірінің тарихи тұжырымдарымен, ағарту дәуірінің тарихи ойлары және негізгі бағыттарымен танысып, жаңа заман дәуіріндегі шет елдер тарихнамасы жайлы ақпарат алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық психология

    Пәннің мақсаты әр түрлі жас кезеңдерінде оқыту және тәрбиелеу психологиясы саласындағы білімді қалыптастыру болып табылады. Оқушыларды мектепте жетістікке жетуге ынталандырудың психологиялық жолдары туралы нақты түсінік қалыптасады және танымдық процестердің сапасын бағалайды. Студенттер мұғалім-оқушы-ата-ана жүйесінде сындарлы қарым-қатынас үлгілерін ассимиляциялау арқылы коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытады. Курстың соңында олар білім берудегі психологиялық-педагогикалық тәсілдерді сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Діни философия

    Діни философия пәнінің əлеуметтік жəне мəдени феномен ретінде маңызы мен қызметі жайлы білім алушылардың бойында түсінік қалыптасады; - Дүниетанымдық көзқарастар аясында діни философия жəне теологиядағы алуан түрлі көзқарастармен танысады; -Діннің қоғамдағы, мəдениет жүйесіндегі, рухани-этикалық өмірдегі орнын анықтайды; -Студенттердің бойында философиялық ойлау мəдениеті мен құндылық тұрғыдан пайымдау дағдылары дамиды; -Діни философияның теориялық жəне методологиялық əдістерін, діннің қоғам жəне басқа мəдени салалармен өзара байланысын талдайды;

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жасанды интеллект негіздері

    Бұл пәнді оқудың мақсаты жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы теориялық білім мен дағдыларды және жасанды интеллекттің заманауи құралдары мен әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.Студенттер AI туралы негізгі түсініктермен танысады; негізгі AI тұжырымдамалары мен әдістерін үйренеді; негізгі интеллектуалды бағдарламалық жүйелерде ЖИ ұсынылған теорияларын, әдістері мен принциптерін қолдану қабілетін алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқытудың жаңа мазмұны мен әдістемесі

    Пәнді меңгеру кезінде тарих пәнін оқыту әдістемесі бойынша қажетті теориялық білім көлемін меңгереді; оқыту барысында жаңа әдіс- тәсілдерімен тиімді педагогикалық технологияларды пайдалану әдістемесімен танысады; қазіргі мектептік тарих оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендердің мәселелерін талдап көрсету, тарих сабақтарында түрлі деректерді пайдалану жолдарын ұсынады; тарихты оқытуда табысқа жету үшін жоғары кәсіби біліктілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дінтанудағы далалық зерттеулер

    Дінтанудағы далалық зерттеулер пәні бойынша білім алушалар дінтану ғылымының негізгі категориялары мен ұғымдарын біледі; -Далалық зерттеу жүргізу арқылы Қазақстан аумағындағы әртүрлі діни құбылыстарды түсінеді; -Далалық зерттеу бойынша жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін анықтайды; -Діни және зайырлы құндылықтарды қалыптастырудағы мемлекеттік саясаттың рөліне кешенді талдайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи зерттеулердегі математикалық әдістер

    Тарихи зерттеулерде математикалық әдістер туралы білімдері және оларды қолдану дағдылары қалыптасады;-Тарихи зерттеулерде математикалық іргелі зерттеу әдістерін (математикалық статистика, математикалық модельдеу әдістері және т.б.), қолданады;-Тарихи дереккөздерді талдау үшін математикалық аппаратты қолдана алады;-Әртүрлі математикалық әдістердің мүмкіндіктерін түсінеді, тапсырмаларға сәйкес тарихи деректерді талдау әдістерін таңдай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Критериалды бағалау технологиясы

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам философиясы

    Пән ислам философиясын зерттеудегі өркениеттік көзқарасты, оның әлемдік тарихи- мұрамен байланысын, ислам философиясының тарихына объективті көзқарасты және қазақ философиясымен сабақтастығын қалыптастырады. Курста: Ислам философиясы шеңберіндегі философиялық және теологиялық бағыттары көрсетіледі; Әдіснамалық принциптер мен теориялық көздер меңгеріледі; Ислам философиясының мәселелері шығыс пен батыстың өркениеттік кеңістігінің мәселелері ретінде талданады; Ислам философиясы шеңберіндегі философиялық және теологиялық бағыттарының, зерттеуге қатысты талдаудың қазіргі әдістері сыни бағаланады;

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Дін әлеуметтануы

    Пән мәдени байланыстардың бір буыны болып табылатын дін әлеуметтануының,оның қызмет етуін, олардың құрылымын, пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының, қалыптасуының факторы ретінде көрінеді: қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нысандарын заңдастыру факторы ретінде, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін, оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дінаралық диалог

    Пән XX-XXI ғғ. гуманитарлық ғылымдардың маңызды концепцияларының бірі ретінде дінаралық диалог ұғымын қалыптастырады. Курста:Студенттер диалогтың онтологиялық негізі ретінде адамның метафизикалық және діни тәжірибесінің ерекше белгілерін анықтай алады; кешегі және қазіргі кезеңдегі діни және діни емес дүниетанымның негізгі құндылықтарының иерархияларына салыстырмалы талдау жүргізіледі; Дінаралық диалог әлеуметтік, сондай-ақ саяси диалогтың басқа нысандары үшін үлгі ретінде қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби этика және сәйкестік

    Пәннің мақсаты студенттерді кәсіби педагогикалық ортада қабылданған көзқарастармен, құндылықтармен, білімдермен, сенімдермен және дағдылармен таныстыру. Студенттер педагогикалық немесе басқа да қызмет аясында көшбасшылық және белсенділік дағдыларын, Қазақстанның ұлттық және мәдени құндылықтарына деген сүйіспеншілігін дамытады, кәсіби этикамен танысады, оны құндылық ретінде қабылдай отырып, қатаң сақтауды үйренеді. Студенттер мансап жолын жоспарлай отырып, өзін-өзі талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ислам қазіргі нарықтық қатынастарда

    Пән ислам қаржы жүйесінің негіздерін, қаржылық қатынастардың қалыптасу кезеңдері мен діни реттеу жүйесін қарастырады. Курста: Қаржылық-экономикалық жүйелердің қалыптасуындағы діни көзқарастардың әсері анықталады; Ислам қоғамындағы қаржылық қатынастардың діни нормаларының ерекшеліктері ашып көрсетіледі; Ислам экономикасының әлемдегі даму динамикасында және қазіргі Қазақстан қоғамындағы алатын орны көрсетіледі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

    Курс ХVII ғасыр ортасынан бүгінге дейінгі Еуропа және Америка елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік тарихын қарастырады. Студент: - пәннің теориялық негіздерін біледі; - терминдер мен түсініктерді меңгереді, тәжірибеде қолданады; - тарихи деректерді сыни сараптамадан өткізіп, тәуелсіз жұмыс істей алады; - өз ойын нақты жеткізіп, көзқарасын негіздей және дәлелдей алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

    Пән Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі замандағы қоғамдық дамуының негізгі жолын мазмұндайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-рухани үрдістерді кешенді түрде оқып-үйренуге бағытталады. Формациялық-өркениеттік процестің негізгі тенденцияларының логикалық дамуын және тарихи дамудың өтпелі бағыттарын үйренеді. Қоғамдық дамудың эволюциялық циклын баяндау әдісін қолдану арқылы курсты дәрістеудегі жүйелілік тәсілдері мен оларды талдау ұстанымдарын жан-жақты меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Дүниежүзі тарихының жаңа кезеңі

    Курс ХVII ғасыр ортасы мен XX ғасыр басындағы әлем елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік тарихын қарастырады. Студент: - пәннің теориялық негіздерін біледі; - батыста капитализмнің, отарлық жүйенің қалыптасуын, оның шығыс елдеріне әсерін түсінеді; - терминдер мен түсініктерді меңгереді, оларды тәжірибеде қолданады; - фактілерді түсініп, сыни талдайды; - дүниежүзілік тарихтағы терең өзгерістерді сараптайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Протестантизм тарихы

    Пән христиан дінінің протестанттық бағытының пайда болуы, негізгі принциптері мен ұстанымдарын, тарихын қарастырады. Курста: Реформацияның тарихы, оған түрткі болған оқиғалар қарастырылады; Протестанттық философия, оның діни-этикалық ерекшеліктері сарапталады; Маңызды тарихи оқиғалар мен тұлғалар өмірбаяндары талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Дінтануды оқытудың әдістемесі

    Дінтануды оқыту әдістемесі білім алушылар дінтануды оқытудың инновациялық технологияларын практикада қолдануды меңгереді. -Қазақстандағы дәстүрлі діндер мен ағымдардың тарихын оқытудың теориялық және әдістемелік мәселелерін сараптайды; - Әлемдік діндер мен мәдениеттер ұғымына байланысты қалыптасқан дәстүрлі тұжырымдар мен ой-түйіндерді талдайды; - Бүгінгі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни ағымдардың обьективтік және субьективтік алғышарттарының әдістемелік негіздерін анықтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шығыс мәдениетінің тарихы

    Пән теоретикалық және эмприкалық аспектілерді кешенді түрде меңгеріп, әлемдік өркениетке Шығыс мәдениетінің ықпалының маңыздылығын үйренеді; Шығыс мәдениетінің негізгі заңдылықтары мен категорияларын зерттей отырып, дүниежүзілік тарихты зерделеу мен білімнің үйлесімі туралы болжам жасайды; Шығыс мәдениетінің концептуалды аппаратын меңгеру, сонымен қатар әлемдік мәдени орындардың негізгі әдістерімен және мәдениеттің басты тарихи түрлерімен танысу және оларға салыстырмалы талдау жасайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Діни этика

    Пән этика, мораль, адамгершілік түсініктерін тарихи-діни ілімдер негізінде қарастырады. Курста: Дүниетаным, дін, діни дүниетаным, күнә, сауапты іс және т.б. түсініктер талданады; Жеке тұлға психологиясындағы діни және зайырлы дүниетанымдарды ажырата білу үйретіледі; Діндер тарихындағы діни этиканың негізгі түрлері туралы мәліметтер беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Діндер тарихы

    Пән діндердің пайда болуы, олардың эволюциясы және әр түрлі құбылыстары туралы мәлімет береді. Курста: Әр түрлі қоғамдардағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі діндердің даму тарихы баяндалады; Қоғам эволюциясындағы діндердің рөлі, олардың формалары және түрлері сипатталады; Діндер тарихының негізгі фактілері, маңызды даталар және оқиғалар қарастырылады; Діндердің негізін қалаған қайраткерлер және ұстаздардың қызметі талданады;

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Исламдағы ағымдар мен бағыттар

    Пән исламдағы бағыттар мен мектептерді, олардың жалпы тарихы мен ілімін, таралу аумағы мен өзіндік ерекшеліктерін қарастырады. Курста: Жаңа исламдық ағымдар ұғымымен концепциялардың пәндік өрісі, олардың қазіргі саяси шындықты талдауда эвристикалық және гносеологиялық маңыздылығы көрсетіледі; Жаңа исламдық ағымдардың идеялық-саяси доктринасының эволюциясы, оның қазіргі саяси акторларының тәжірибелік қызметінің таралуы мен ерекшелігіне әсері талданады;

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық зерттеулер негіздері

    Пән педагогикалық зерттеу саласында зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған. Студенттер зерттеудің негізгі сапалық және сандық әдістерін біледі, ғылыми әдебиеттерді талдай алады, Action research, lesson study әдістемелерін, бақылау мен рефлексияны меңгерген. Студенттер деректерді өңдей алады және көпшілікке ұсыну үшін зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде құрастыра алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Дінтанулық сараптама

    Пән дінтану сараптамасын жүргізу тәртібін, негізгі қағидалары мен методологиясын түсіндіреді. Курста: Объект мазмұнының нақты діни ілімге тиесілігін айқындалады; Зерттелетін объектінің мазмұнын аксиологиялық бейтараптықтың сақталуы нысанасында зерттеледі; Діни көзқарастар мен ғибадат ету практикасының ілімді ұстанушыларға және қоғамның өзге мүшелеріне теріс ықпал ету ықтималдылығына баға беру қарастырылады;

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлем діндері тарихы

    Пән діни наным-сенімдердің ұлттық әлемдік діндерді жан-жақты қарастырады. Даосизм, индуизм, иудаизм және басқа ұлттық діндермен қатар буддизм, христиан, ислам сияқты діндердің тарихы баяндалады. Курста: Діни сенімдердің алғашкы түрлерінін пайда болуы; Европа, Америка,Орта Азия елдерінің діндерінің ерекшеліктері талданады; Діни наным-сенімдердің ерте түрлері, ежелгі үндістанның діни жүйелері, даосизмнің, конфуциандық пен синтоизмнің, иудаизм негіздері сарапталады; Христиандықтың негіздері, исламның теориясы мен практикасы қарастырылады;.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстаның жаңа және қазіргі заман тарихы/( Отан тарихының жаңа кезеңі/ Қазақстанның қазіргі заман тарихы)

    Білім алушы Қазақстанның ХVІІІ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді біледі; -Ресей империясының отарлау саясатының әлеуметтік-экономикалық салдарын, отаршылдық саясаттың ұлттық құндылықтарға кері әсерін түсінеді; -Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтарын, әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдайды; -Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орны мен рөлін анықтайды;

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 9
  • Діни психология

    Пән психологиялық аспектілер мен діни құбылыстардың заңдылықтарын қарастырады. Курста: Дін психологиясының теориялық негіздері, зерттеу әдістемесі, бағыттары, парадигмалары, ұғымдары жан-жақты қарастырылады; Өмірдің діни саласында көрінетін адамның психологиялық табиғаты туралы тұтас көзқарас қалыптастырылады; Студенттердің діни сана, мінез-құлық саласындағы күрделі құбылыстарды талдау қабілеттері дамытылады; Жеке құндылықтар туралы ойлау қалыптастырылады;

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті ескере отырып, қарым-қатынастың әртүрлі форматтарын пайдаланады, әл-ауқатты және инклюзивті ортаны қалыптастыруда білім берудегі теңдік пен қолжетімділік қағидаларын құрметтейді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады.
  • Кәсіби тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі реттеу мен рефлексияға қабілетті, жоғары деңгейдегі сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерген.
  • Сандық технологияларды зерттеулер мен қолдануда әдеп және құқықтық нормаларды сақтайды және біледі. Сандық ақпаратпен және деректерді қорғаумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, сандық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және әдепті пайдалануға ықпал етеді.
  • Тарихи үдерістердің барысын түсінеді және біледі.
  • Тарихи-педагогикалық үдерістердің мәселелерін шешу үшін тарихи дамудың әр кезеңінің білімдерін қолданады.
  • Құбылыстардың тарихи және діни үдерістерін сыни тұрғыдан бағалай алады.
  • Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи негіздерін әлемдік және еуразиялық тарихи даму контексінде сараптайды.
  • Қоғамтану мен дінтануды оқытуда психология мен философияның пәнаралық байланыстарын қолданады.
  • Қазақстанның қазіргі даму жағдайын дүниежүзілік тарихи – діни үдеріс контексінде бағалайды.
Top