Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M07201 Металлургия в Инновациялық Еуразия университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Педагогика, психология, философия, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары саласында қолданылатын педагогикалық технологиялар мен ғылыми ойлауды қолдану дағдыларын меңгеру
  • Металлургия саласында пайдаланылатын процестерді жүйелі түсінуді, зерттеу біліктері мен дағдылары бөлігінде шеберлікті көрсету
  • Металлургиялық кәсіпорындардағы қызметті ұйымдастыру және басқару саласында күрделі және стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау
  • Тапсырманы оның жеке кезеңдерінің күрделілік деңгейлері бойынша бөле отырып орындай білу және мәселені шешудің мүмкін алгоритмдерін дәл тұжырымдай білу
  • Республиканы дамыту мен жаңғыртудың қазақстандық моделін қалыптастыруға белсенді қатысу арқылы философияны, әлеуметтік ғылымдардың өзекті бағыттарын терең білу негізінде өзінің кәсіби қызметінде ғылыми дүниетаным мен азаматтық ұстанымды білдіру қабілетіне ие болу
  • Басқару шешімдерінің нұсқаларын әзірлеу және кәсіпорындардың өндірістік және басқару процестерін оңтайландыру мақсатында кәсіпорын қызметінің тиімділік критерийлері негізінде олардың таңдауын негіздеу
  • Металлургиялық технологиялардың негізгі ұғымдарын, теориялары мен тәсілдерін меңгеру кезінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу
  • Әріптестермен тиімді ынтымақтастық жасау және ұжымда жұмыс істеу, әртүрлі топтар мен бірлестіктерде көшбасшылық қабілетке ие болу
  • Шығармашылыққа, инновациялық идеяларды генерациялауға, тәуелсіз гипотезаларды ұсынуға, ғылыми ақпаратты іздеуге, сыни талдауға, жалпылауға және жүйелеуге, өзін – өзі оқытуға және зерттеудің жаңа әдістерін жасауға, қызметтің ғылыми және ғылыми-өндірістік профилін өзгертуге қабілетті болу
  • Металлургиядағы перспективалық бағыттарды анықтау, әзірленген бағдарламаға сәйкес ғылыми зерттеудің өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздеу, тапсырмаларды дайындау және жобалық шешімдерді әзірлеу, тиісті әдістемелік және нормативтік құжаттарды, сондай-ақ әзірленген жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлеу
  • Ғылыми қызығушылық тақырыбы бойынша ақпаратты ұсынудың түрлі инновациялық және интерактивті түрлерін қолдану мүмкіндігімен ғылыми қоғамдастыққа жүргізілген зерттеу нәтижелерін ресімдеу және ұсыну
Top