Жаңа білім беру бағдарламасы

7M03112 Әлеуметтік сала мен кәсіби қызмет психологиясы (1 жыл) в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысымен іскерлігін дамыту, еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру; стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану.
  • Қазіргі психологиядағы дамудың негізгі дүниетанымдық және теориялық-әдіснамалық мәселелерін талдауға дайындық деңгейін көрсетеді. Жеке тұлғалық өсу мен ұжымды басқару кәсібилігін арттыруға бағытталған дағдыларды, мансап пен бизнесті жоспарлауда психологиялық әдістерді меңгерген.
  • Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, психотерапия, психодиагностика және алдын-алу бағыттарында бағдарлай білу. Белгілі бір психокоррекциялық мәселені шешу кезінде тұлғаның қасиеттерін ескере отырып, ғылыми ізденістің және оларды кәсіби қызметте қолданудың негізгі білімдерін көрсету.
Top