Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M05105 Биотехнология (1ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы биотехнологияның түрлі салаларынан нақты міндеттерді шешу қабілеті, соның ішінде өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тотипотенттік қабілетін пайдалана отырып, микроклондық көбейту әдістерін пайдалану
  • Жаңа штаммдарды бөлу және сәйкестендіру үшін негізгі биотехнологиялық дағдыларды көрсету, жасушаларды өсіру, өсімдік және жануар тектес биологиялық белсенді заттарды бөліп алу, генотиптеу, сақтау әдістерін әзірлеу, препараттар мен тағам өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеу үшін, ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді, дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу
  • Шет тілі мен психология мәселелерінде дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу, әртүрлі жағдайларда оңтайлы нұсқаларды табу және басқарушылық шешімдер қабылдау
  • Биотехнологиялық әдістермен алынған материалдарды зерттеу үшін кариологиялық, цитологиялық, цитоэмбриологиялық зерттеулерді кәсіби деңгейде қолдану; митоз, мейоз, микроспорогенез, макроспорогенез, гистогенез, гаметогенез, эмбриогенез және эндоспермогенез процестерін зерттеу үшін препараттарды дайындауға қабілетті болу
  • Тағам биотехнологиясы, жасыл биотехнология және тағам қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің заманауи бағыттарын білу, мәселелерді зерттеу және шешу бойынша дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу
  • Өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде ғылыми жұмыста биоинформатиканың негізгі әдістерін қолдану; ғылымға және практикаға енгізу үшін теориялық білім, микроорганизмдер, өсімдіктер мен жануарлар эксперименттерін сауатты жоспарлау; этикалық нормалар бойынша; алынған мәліметтер негізінде биометриялық талдау жүргізу
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, рекомбинантты ДНҚ алудың негізгі принциптерін және гендік-инженерлік жұмыстардың негізгі заманауи әдістерін қолдана отырып жоспарлау
  • Теориялық дайындық деңгейін одан әрі арттыру үшін, сондай-ақ практикалық қызметте өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде қолдангу, негізгі биотехнологиялық процестерді зерттеу бойынша эксперименттер жүргізу дағдыларын меңгеру
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, кәсіпорындарда биотехнологиялық орталықтарда басшы немесе маман ретінде, өндірістік кәсіпорындарда, мемлекеттік органдарда сарапшы ретінде, сондай-ақ ғылыми қызметкер ретінде жұмысты жүзеге асыру
Top