Жаңа білім беру бағдарламасы

7M08404 Аквакультура және судың биологиялық ресурстары в Қазақ ұлттық аграрлық университеті

  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы деректер айтылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Су ресурстарын тұрақты басқару
    Несиелер: 5

    Су қоймаларының функциональдығының экологиялық негіздері және су биологиялық қорларының қазіргі кездегі жағдайы. Өзендердің, көлдердің, жасанды су қоймаларының, теңіздердің биологиялық өнімділіктері. Табиғи және су қорларды тиімді пайдаланудың экологиялық негіздері. Қазақстан суларында жергілікті ихтиофаунаның қалыптасу заңдылығы. Адамзаттың тигізетін әсерінің : өндіру. Қоршаған ортаның ластануы, интродукциялау жағдайындағы су биологиялық қорлаының динамикасы. Қазақстандағы аймақтар бойынша кәсіптік маңызы бар балықтарды және кәсіптік балық аулау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ): судың биологиялық обьектілері. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар (ЕҚТА) типтері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстанда бекіре балықтарын өсіру биотехникасы
    Несиелер: 5

    Бекіре өсіру технологиясы (уылдырық шашу тәсілдері, ұрықтандыру тәсілдері, уылдырықты аулауға арналған құралдар, дернәсілдер мен шабақтарды өсіру тәсілдері). Шабақтарды өсіру кезінде бекіре тұқымдас балықтардың кәсіби қайтарымын және отырғызу тығыздығын есептеу. Қазақстан өңірлерінің табиғи-климаттық сипаттамасы, бекіре балықтарының түрлік ерекшеліктері, бекіре балықтарын өсіру кезіндегі су сапасына қойылатын талаптар, өсіру кезіндегі өндірістік процестер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Суқойманың биологиялық өнімділігі және су биоресурстарының генафондын тұрақты пайдалану
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты магистранттарда су қоймалардың өнімділік зерттеулердің өзекті мәселелері туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Судағы қауымдастықтар және олардың ерекшеліктері, өнімділікті зерттеулердің тарихы, жалпы өнімділік теориясы, өнімділіктің сандық және сапалық көрсеткіштері, экожүйелердің тұрақтылығы, биологиялық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізі ретінде өнімділікті зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Педагогикалық ғылымды және оның адам ғылымы жүйесіндегі орны, білім берудің қазіргі заманғы парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, білім беру және маманның жеке басын қалыптастыру және білім берудегі басшылықты қарастырады. Педагогикалық ғылымның әдістемесі, білім беру әдістері мен формалары туралы мәлімет беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпалы. Пән оқыту теориясы, білім мазмұны, оқу үдерісін ұйымдастыру, СӨЖ ұйымдастыру білімдерді қалыптастырады. Жаңа білім беру технологиялары, оқыту материалдарын құрастыру технологиясы туралы ұғымдарды қалыптастырады. Ғылыми жұмыс теориясы, СҒЗЖ туралы білімдерін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Балық өсіру биотехниясы (түрі бойынша)
    Несиелер: 5

    Балықтарды жасанды өсірудің қазіргі жағдайы, маңызы және даму барысында кездесетін қиыншылықтар. Балық шаруашылығы саласындағы халықаралық нормативтік-құқықтық актілер. Балық шаруашылығындағы Қазақстан Республикасының құқықтық-нармативтік актілері. Кәсіптік балық түрлерін өсіру биотехникасы. Балық шаруашылығы мекемелері мен уылдырық шашу-шабақ өсіру шаруашылықтарының құрылымы, құрылғылар, құрал-жабдықтары, цехтары мен орналасқан аумағының сипаттамасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аквакультураға арналған арнайы азықтар
    Несиелер: 5

    Аквакультураға арналған арнайы азықтар. Балықтарды бассейндерде, тұйык сумен қамтамасыз ету қондырғыларында өсіргенде шабақтарға берілетін арнайы құрама жемдердің түрлері. Балықтардың түріне, жасына қарай азық дайындау. Тәуліктік және жылдық азық рационын есептеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аквакультура: мәселері және даму болашағы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстан мен әлемдегі аквакультура дамуының қазіргі жағдайын зерттейді. Қазақстандағы аквакультураның заманауи түрлері. Қазақстанның қазіргі аквакультураның мәселелері. Әлемдік аквакультура дамуының негізгі тенденциялары. Әр түрлі елдерде қолданылатын аквакультура объектілерін өсірудің заманауи әдістері мен тәсілдері. Қазақстандағы су биологиялық ресурстарының жасанды өсімін молайтуды оңтайландырудың қазіргі жай-күйі, проблемалары және жолдары. Тоған, көл және өнеркәсіптік балық шаруашылығының қазіргі жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Балық қорын қорғау
    Несиелер: 6

    Балық ресурстарын, түрлік құрамын, қандай да бір су айдынындағы балықтардың саны мен өнімділігін қорғау, олардың тамақтануын, өсуін, дамуын, көбеюін және дамуын зерттеу, ихтиофаунаға әсер ететін орта факторларын анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Аквакультура және судың биологиялық ресурстарындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Бұл сабаққа лекциялар, практикалық жұмыстар жүргізілуі, рефераттардың жазылуы мен қорғалуы кіреді. Қарастырылатын мәселелер: сабаққа кіріспе, мақсаты және міндеттері. ҚР ғылым туралы заңы. Нормативті-құқықтық актілер. Комитеттің метрология бойынша қызметі. Ғылыми зерттеу қызметін лицензиялау. ҒЗЖ қаржыландыруды іздестіру. Зертеулерді жоспарлау, ҒЗЖ бағдарламасын қарастыру және ережелерін құрастыру. ҚР бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылымы. Балық шаруашылығын ғылыми зерттеу мекемелерінің әдістері. Алғашқы материалды жинау және өңдеу әдістемелері. Лабораториялық, өндірістік және далалық тәжірибелерді ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу нәтижелерін құжаттандыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Пән басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
    Несиелер: 7

    Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихымен таныстырады; жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешімдер қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді; жобаның өмірлік циклінің түрлі сатыларында жоба менеджерінің рөлін және функцияларын меңгеру; жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары және оларды әзірлеу, оңтайландыру әдістерімен таныстырады. Жобаның жетістіктерін жоспарлау және бақылау құралдарын зерттейді; зерттеу және шығармашылық жұмыс дағдыларын дамытуға, бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып жобаларды экономикалық модельдеуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Балық ауруларының диагностикасы
    Несиелер: 6

    Қазақстан паразитофаунасын зерттеу тарихы. Қазақстан балықтары паразитофаунасына систематикалық шолу. Қазақстанның протопаразитофаунасы. Жерсіндірудің балықтар паразитофаунасына әсері.Аурулардың жіктелуі, балықтың инфекциялық, инвазиялық және жұқпайтын ауруларының сипаттамасы, этиологиясы, олардың туындауына және таралуына ықпалын тигізетін факторлар, профилактикасы және күрес шаралары. Балықтың типтік патологиялық процесстерінің, инфекциялық, инвазиялық, жұқпайтын және этиологиясы белгісіз ауруларының диагностикасы. Тасымалдаушысы балық болып табылатын адам мен жануарлар ауруларының диагностикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Конфликтология
    Несиелер: 4

    Пәнде конфликтологияның негізгі категориялары, қақтығыстық технологияларды жанжалды басқару типологиясы қарастырылады. Курста қақтығыс жағдайында адамның мінез-құлқы туралы теориялар, тиімді қарым-қатынас технологиялары және қақтығыстың ұтымды мінез-құлқы зерттеледі. Жанжалдарды шешудегі келіссөздер процесінің психологиясын, жанжалдарды шешу технологиясы ретінде медиация қолданады. Қоғамдағы қақтығыстар, ұйымдардағы қақтығыстар, жанжалдар мен стресстер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бизнес шешімдерді модельдеу
    Несиелер: 4

    Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Популяциялар туралы ілім
    Несиелер: 5

    Популяция терминінің теориялық маңызы және оны тәжірибеде қолдану. Популяцияның жыныстық, жастық кеңістіктік, генетикалық экологиялық құрамы. Популяцияларды зерттеу және басқарудың уақытқа байланысты аспектілері. Өнеркәсіптік балықтар популяцияларының әртүрлі типтері. Оқшаулану және популяциялар арасындағы байланыс. Биологиялық оқшаулану. Ген және фен. Популяция эволюциялық бірлік. Популяция және систематика. Популяция және микрофилогенез. Табиғи популяциялардың фенетикасы. Популяциялар пайдаланудың, қорғаудың және басқарудың негізгі бірлігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Су биологиялық қорларына мониторинг жүргізу
    Несиелер: 6

    Қазақстандағы балық қорын көбейту мен қорғаудың мәселелерін, экологиялық заңнамаларлың құрылмы және жүйелерін түсінумен қатар балық шаруашылығы мен балық аулауды ұйымдастырудың құқықтық негізін, гидробионттарды жерсіндірудің заңдық аспектісін қамтамасыз етеді. Модульде келесідей мәселелер қарастырылады: гидробионттар мөлшерінің динамикасы, азықтық қоры, өмірінің ритмі мен мекен ауыстыруы, мекендейтін жердің қиын-қыстау жағдайында ағзалардың бейімделуі, балық қорының тиімді қолданудың биологиялық негіздері, әр түрлі тоғандардың экологиялық сараптаудың нысаналары ретінде фито және зоопланктондарды, зообентостарды зерттеу, тоғандар мен биоиндикация нысаналарында улы заттардың белгілі деңгейдегі концентрациясы және токсикологиялық бақылау, биоценоз деңгейіндегі тоғандардың биоиндикациялық ластануы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жайылымдық аквакультура
    Несиелер: 5

    Жайылымдық аквакультураның даму тарихы, қазіргі жағдайы. Жайылымдық аквакультура формалары. Табиғи және антропогендік тұрғыдан қолдау көрсетілетін табиғи жайылымдық аквакультура объектілері. Поликультура, жайылымдық аквакультурадағы интеграция. Жартылай өтпелі және өтпелі балықтарды, мидиялар мен устрицаларды жасанды түрде өсіру және жайылымдық өсіру биотехникасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балық өнеркәсібінің шикізаттық базасы
    Несиелер: 6

    Қазақстандағы балық шаруашылықтарымен және су қоймаларымен таныстыру. Жасанды жағдайда тауарлы балықтарды өсіру технологиясы. биоресурстарға зерттеу жүргізу, іздестіру, бақылау және өлшеу, олардың сипаттамасы мен тұжырымын жасау; - балық аулаудың шикізат базасын пайдалану кезінде оның жағдайын сауатты бақылау; алынған нәтижелерді және балық аулаудың шикізат базасының жай-күйі бойынша басқа да ақпаратты сауатты бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Гидробионттарды жерсіндірудің теориясы мен практикасы
    Несиелер: 6

    Гидробионттарды жерсіндірудің теориялық негіздері, су экожүйелері және олардың ерекшеліктері, жерсіндіру жұмыстарына тәжірибе жүргізу, жерсіндіру жұмыстарының бастамашылары, гидробионттарды жерсіндіру жұмыстарын жүргізуге биологиялық негіздеме жасаудың құрамы мен талаптары, жерсіндіру нәтижелерін бағалау, биологиялық және кәсіптік (шаруашылық тиімділігі, Қазақстанға тән емес түрлерді жерсіндіру және гидробионттарды жергілікті (эндемиктер) түрлерін сақтаудың қазіргі таңдағы өзекті мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балық шикізатының түрлік құрамы және ерекшеліктері
    Несиелер: 6

    Балық шаруашылығы ақпаратының құрамы мен құрылымы; Ихтиологиялық бақылауларды ұйымдастыру әдістемесі; бассейндерде, көлдерде және тоғандарда тауарлық бекіре тұқымдастарын өсіру. Балық шикізатын ұтымды (кешенді) пайдалану үшін оның химиялық құрамын, құрылымдық—механикалық, физикалық қасиеттерін, анатомиялық құрылысын, морфологиялық ерекшеліктерін, өлшемдік сипаттамаларын білу қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Балық шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы озық білімге негізделген жаңа білім, іскерліктер алу және оларды кәсіби қызметте пайдалану

  • Код ON2

    Оқытылатын салада әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті шет тілдерінің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби коммуникацияларды меңгеру

  • Код ON3

    Білім беру саясатының міндеттерін іске асыруда жоғары мектеп педагогикасының, кәсіптік білімнің негіздерін түсіну және дамып келе жатқан білімдерін көрсету

  • Код ON4

    Ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды балық шаруашылығы мамандары ұжымына нақты хабарлау, көшбасшылыққа дайын болу және қалыпты психологиялық климатты қамтамасыз ету.

  • Код ON5

    Балық ауруларының себептерін анықтау үшін балық шаруашылығы зерттеулерінің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру; балық азықтарының жіктелуін және акваөсіру құнды объектілерін азықтандыру технологиясын білу; балық және басқа гидробионттарды өсіру және азықтандыру бойынша пайдаланылатын технологиялардың экономикалық тиімділігін есептеу, табиғи биологиялық су ресурстарын пайдаланудың шығындары мен пайдасын бағалау

  • Код ON6

    Мәселелерді жаңа ортада, кең пәнаралық контексте шешу үшін тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді зерттеулер жүргізу

  • Код ON7

    Әріптестердің пікірін ескере отырып, өз позициясын қорғау, зерттеу барысында алынған практикалық қызметтегі дағдылар мен қабілеттерді қолдану

  • Код ON8

    Ғылыми қызметте және сапалы балық өнімдерін өндіру үшін эксперименттік зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері туралы білімдерін қолдану

  • Код ON9

    Ішкі су айдындарындағы гидробионттарды жерсіндіру негізінде ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру және жерсіндірілген адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау.

  • Код ON10

    Ұжымға әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, басшылықты жүзеге асыру

  • Код ON11

    Педагогикалық қызметте, кәсіби мәселелерді шешуде, педагогикалық қарым-қатынаста, ақпараттық ізденіс мәселелерінде құзыреттілікті көрсету.

Top