Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07132 Электр энергетикасы (бейіндік 1) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты "7M07132- Электр энергетикасы" білім беру бағдарламасының мақсаты мемлекеттік, жергілікті, өңірлік, шетелдік мекемелер үшін персоналды басқарумен, электр энергетикасы бойынша жаңа техника және технологияларды жобалау мен енгізуге байланысты жобалау-конструкторлық және ұйымдастыру-басқару қызметіне жоғары білікті бітірушіні дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M099 Энергетика және электр техникасы
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Mенеджмент
Электр энергетикасының заманауи мәселелері
Шет тілі (кәсіби)
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
Электр энергетикасындағы сенімділік
Басқару психологиясы
Жарықтандырудың энергияны үнемдеу жүйелері
Материалдарды электрлік-физикалық және электрлік-химиялық өңдеу тәсілдері
Cәулелендіруге және қосымша жарықтандыруға арналған электр қондырғылары
Бизнес шешімдерді модельдеу
Электр желілері мен жүйелерін пайдаланудың негізгі мәселелері
Электр энергетикасындағы эксперименттік зерттеулер әдіснамасы
Оқыту нәтижелері
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде алынған дағдыларды одан әрі қолдана отырып, пайдалану, энергия үнемдеу және жарықтандыру жүйелері саласындағы оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын дамыту.
- Әлеуметтік және этикалық ойларды ескере отырып, энергетикалық қондырғылар мен оларды басқару жүйелерінің экологиялылығы мен тиімділігін арттыру үшін электр энергетикалық жүйелердің жай-күйі туралы ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру
- Өндірісті ынталандыру және өнімді өткізу көлемін ұлғайту, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын үнемді және тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырушылық-техникалық, экономикалық, кадрлық және әлеуметтік-психологиялық проблемаларды талдау және шешу
- Кішігірім инженерлік - техникалық қызметкерлер тобын ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті болу, көшбасшылыққа және қалыпты психологиялық климатты қамтамасыз етуге дайындығы болу
- Зерттеуді ұйымдастыруға және өткізуге көшбасшылық қабілеттерін көрсету, іскерлік шешімдерді модельдеуде бизнес дағдыларын көрсете білу, іскерлік қызметті тиімді басқару қабілеті болу
- Халықаралық ортада кәсіби әңгіме жүргізу үшін өз білімін, түсінігін және тілдерді білу саласындағы қабілеттерін кәсіби деңгейде пайдалана білу, инженерлік-техникалық проблемалардың кең ауқымы бойынша әңгімелесуді қолдай білу
- Зерттеу міндеттерін жоспарлау, эксперименттік жұмыстар әдістерін таңдау, электр энергетикасы және электротехника саласындағы зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру және ұсыну қабілеті
- Электр энергетикасындағы қазіргі заманғы мәселелерді шешу үшін компьютерлік модельдеу әдістерін қолдана отырып, автоматтандырудың және энергетикалық құрылғыларды басқарудың инновациялық құралдары саласындағы дамытылатын білімдері мен түсініктерін көрсете білу
- Энергия шығындарын төмендету және тиімділікті жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу, материалдарды өңдеу үшін электрофизикалық, электрохимиялық әдістер мен жабдықтарға сараптау жүргізу қабілеті болу
- Бизнес-процестерді модельдеу және практикалық қызметте бизнес-процестерді қайта құру әдістерін қолдану мүмкіндігі.