Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08301 Аңшылықтану және аң шаруашылығы в Қазақ ұлттық аграрлық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Аң шаруашылығы бойынша мемлекеттік, жергілікті, аймақтық, шетел мекемелеріне, аң шаруашылығы саласындағы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды, сондай-ақ жоғары оқу орындарына, колледждерге ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M133 Орман шаруашылығы
  • Дайындық бағыты 7M083 Орман шаруашылығы
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - Аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жабайы жануарлардың популяцияларын басқару
    Несиелер: 5

    Ерекше қорғалатын табиғи аймақта аңшылық ресурстарын басқару тәсілдері және мониторинг жүргізу. Ерекше қорғалатын аймақтарда басқару принциптері мен әдістері. Қорықшылық және табиғи кешендерін қорғау принциптері. Жабайы жануарларды бақылау және мониторинг жүргізу. Жануарлар санын болжау және талдау. Жануарлар санын болжау және талдау тәсілдері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экологиялық туризм
    Несиелер: 5

    Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    Педагогикалық ғылымды және оның адам ғылымы жүйесіндегі орны, білім берудің қазіргі заманғы парадиг-масы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, білім бе-ру және маманның жеке басын қалыптастыру және білім берудегі басшылықты қарастырады. Педагогикалық ғы-лымның әдістемесі, білім беру әдістері мен формалары туралы мәлімет беріледі. Оқытушының кәсіби және ком-муникативтік құзыреттілігін ашуға ықпалы. Пән оқыту теориясы, білім мазмұны, оқу үдерісін ұйымдастыру, СӨЖ ұйымдастыру білімдерді қалыптастырады. Жаңа білім беру технологиялары, оқыту материалдарын құрастыру технологиясы туралы ұғымдарды қалыптастырады. Ғылыми жұмыс теориясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалы��астырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы облысында жүргізілетін эксперимент теориясы мен әдістері
    Несиелер: 5

    Аңшылық және аңшылықтану облысының теориясы мен эксперименттік тәсілдері Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларды қолда өсірудің негіздері. Жабайы сүтқоректілер мен құстарды қолда өсірудің ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығында және аңшылық шаруашылығында маңызы бар бағалы басқа да жабайы жануарларды қолда өсірудің ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
    Несиелер: 7

    Жобаны басқару - заманауи ғылыми білімдерді, дағдыларды, әдістерді, құралдар мен технологияларды қолдануға және тиімді нәтижелерге қол жеткізуге негізделген кәсіби қызмет. Жобаны басқаруды қолдану, жобаның мақсатын, жобаның нәтижелерін, жобаның сандық сипаттамаларын, уақытты, шығындарды және сапа параметрлерін, жобаның жоспарын жасауды, тәуекелдерді бағалауды және жобаны іске асыру кезінде теріс салдарды анықтау болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жануарлар мен өсімдіктерді ауданға бөлу, таралу заңдылығы және жануарларды акклиматизациялау тәсілдері
    Несиелер: 6

    Жануарлар мен өсімдіктерді ауданға бөлу, таралу заңдылығы және жануарларды акклиматизациялау тәсілдері. Жағрафиялық таралу заңдылықтары. Жер бетіндегі мекен ететін тірі жәндіктердің алуан түрлілігі. Құрғақ жердің фаунистикалық, жағрафиялық облыстары. Дүние жүзілік мұхитті зоожағрафиялық ауданға бөлу. Жануарларды жерсіндіру, қорықтар мен ерекше қорғалатын аймақтарда оларды жерсіндіру тәжірибесі және жетістіктері. Жерсіндірудің этаптары. Жерсіндіру жұмыстардың негізі ретінде, жерсіндірілетін жануарлардың жіберілетін жерлерге қойылатын негізгі критерилер мен талаптар

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Аң шаруашылығындағы ғылыми зерттеулер
    Несиелер: 5

    Зерттеулерді ұйымдастыру. Аңшылық шаруашылығын жүргізудегі заманауи әдістерін, Қазақстан және көршілес елдердің аң шаруашылығы дамуының тенденциялары мен негізгі жетістіктерін, аңшылық туризмдегі нормативтік-құқықтық базасын, аңшылық туризмді жүргізуді қадағалауға қатысты ҚР заңнамалары, ҚР үкіметінің каулыларын, аңшылық туризм саласындағы орталық атқарушы органдардың бұйрықтарын, аңшылық шаруашылықтардағы аңшылық туризмге қатысты шараларды ұйымдастыру мен атқаруда нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдаланудың ретін меңгереді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жабайы жануарларды интродукциялау мен реинтродукциялау және оның ғылыми түсініктемесі
    Несиелер: 5

    Жануарлар мен өсімдіктерді ауданға бөлу, таралу заңдылығы және жануарларды акклиматизациялау тәсілдері. Аңшылық шаруа-шылықта аңшылық құстарды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардын өсіп-өнуін жобалау. Аңшылық-кәсіптік аңдарды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардын аң шаруашылығында өсіп-өнуін жобалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Конфликтология
    Несиелер: 4

    Пәнде конфликтологияның негізгі категориялары, қақтығыстық технологияларды жанжалды басқару типологиясы қарастырылады. Курста қақтығыс жағдайында адамның мінез-құлқы туралы теориялар, тиімді қарым-қатынас технологиялары және қақтығыстың ұтымды мінез-құлқы зерттеледі. Жанжалдарды шешудегі келіссөздер процесінің психологиясын, жанжалдарды шешу технологиясы ретінде медиация қолданады. Қоғамдағы қақтығыстар, ұйымдардағы қақтығыстар, жанжалдар мен стресстер қарастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аңшылық шаруашылығында аңшылық жануарларды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардың өсіп-өнуін болжау
    Несиелер: 6

    Аңшылық шаруашылығында аңшылық жануарларды өсіру тәсілдері, есепке алу және олардын өсіп-өнуін болжау. Аңшылық объектісі болып табылатын тауық тәрізділерді, суда мекендейтін және бағалы түрлерін өсіру тәсілдері. Құс өсіруде қолданылатын негізгі әдістер. Аңшылық объектісі болып табылатын құстарды ұстап бағу жағдайлары мен негізгі талаптар. Жабайы құстарды қоректендіру тәсілі мен бағу. Құстардың жұмыртқаларды инкубациялау және құстарға бастырту арқылы өсіп-өнуін болжалау. Аңшылық жасауға оларды аңшылық шаруашылықтарға жіберу. Аңшылық шаруашылықтарға құстарды жіберу мерзімі. Аңшылық шаруашылықтарда аңшылық жасау тәсілдер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында жабайы жануарларды басқару теориясы мен әдістері
    Несиелер: 5

    Ерекше қорғалатын айматарының категориялары мен жіктелуі. Ерекше қорғалатын аймақтарда басқару принциптері мен әдістері. Ұлттық бақтар, қорықтар, қорықшалар және табиғи резерваттар. Ерекше қорға-латын табиғи аймақтарды басқару тәсілдері. Қорық-шылық және табиғи кешендерін қорғау принциптері. Жабайы жануарларды бақылау және мониторинг жүргізу. Жануарлар санын болжау және талдау. Жануарлар санын болжау және талдау тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бизнес шешімдерді модельдеу
    Несиелер: 4

    Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ерекше қорғалатын табиғи аймақта рекреациялық табиғатты пайдалану және экологиялық экспедицияны жүргізудің ғылыми негіздері
    Несиелер: 6

    Ерекше қорғалатын табиғи аймақта рекреациялық табиғатты пайдалану және экологиялық экспедицияны жүргізудің ғылыми негіздері. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аңдарды қорғау, зерттеу жұмыстарын көрсете отырып, оның ішкі жұмыстарымен таныстыра отырып, ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының әдіс-тәсілдерімен таныстыра отырып, ерекше қорғалатын аймақтарда және ормандарды қалпына келтірудің жаңа технологиялық жобаларын үйретеді. Қазіргі заманғы әлемдік және мемлекеттік жасылдандыру технологияларымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON8

    Оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген жобаларды басқарудың ғылыми әдіснамасын білу

  • Код ON12

    Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда жабайы жануарларды басқару теориясы мен әдісін ұйымдастыруды және жабайы жануарларды интродукциялаудың қолайлы жолдарын қарастыруды, интадукценттелген жануарларға үздіксіз бақылау жүргізуге қабілетті болу

  • Код ON11

    Аңшылық шаруашылықтарының қызметін ұйымдастыруды бағалауды жүргізу. Қазақстанның түрлі табиғи аймақтарында аңшылықтың негізгі ерекшеліктерін ұйымдастыру қабілеті.

  • Код ON3

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық теория мен әдістемелерді кәсіптік қызметте қолдану және дамыту

  • Код ON1

    Ғылым, психология және педагогика, конфликтология философиясының көкжиектерін көрсете білу, қазіргі заманғы оқыту әдістерін қолдану, әртүрлі психологиялық жағдайларда жақсы опцияларды табу және басқару шешімдерін қабылдау

  • Код ON5

    Жабайы жануарларды басқарудың ғылыми негіздемесін әзірлей алу және аң шаруашылығы салаларының тұрақты дамуы мен табиғи кешендерді қорғау мәселелерін шешу үшін биологиялық ресурстарын ұйымдастыруды анықтауға қабылетті болу

  • Код ON2

    Ағылшын тіліндегі халықаралық ортада кәсіптік әңгімелесу, ғылыми, техникалық және педагогикалық мәселелердің кең ауқымы бойынша әңгімелесуді жүргізу мүмкіндігі

  • Код ON9

    Аң шаруашылығындағы аңдар мен құстарды өсіру әдістері мен есепке алу және болжау, олардың өсімін дұрыс анықтай білу және ЕҚТА, қорықтар, ұлттық бақтар, резерваттар, табиғи ескерткіштердің жұмыс реттейтін құқықтық, нормативтік құжаттарын меңгеру

  • Код ON10

    Жабайы жануарлар сан мөлшеріне болжау жасаудың негізгі әдістері және жануарларды жерсіндірудің тиімді жолын қарастыруды, жерсіндірілген аңдарға бақылау жүргізуді, жануарларды жерсіндіру барысында жұмысты ұйымдастыруға қабылетті болу

  • Код ON7

    Аңшылық іс-шараларын және аң аулаудың барлық түрлерін дайындауды және өткізуді жоспарлау және ұйымдастыруда дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу

  • Код ON6

    Бизнесті басқару және бизнес-шешімдерді модельдеу, жобаны басқару негіздерін білу, басқарушылық қызметке қатысты жанжалдарды мәселесін шешу мүмкіндігі

  • Код ON4

    Аңшылық шаруашылығында аң мен құс өсірудің жаңа тәсілдерін меңгеріп, оны тәжірибелік жағдайда ұштастыра білу және экологиялық индустриядағы жобалар әзірлей алу жән оларды іске асыруға қабылетті болу.

Top