6B01506 Математика-информатика в ОАИУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсатын қалыптастыруда университеттің миссиясы, академиялық саясаты және стратегиялық даму жоспары негізге алынды. Білім беру бағдарламасының мақсаты білім беру концептуалдық принциптері ретінде білім беру мен ғылымды іргелендіру, ізгілендіру, ақпараттандыру және интеграцияландыру мәселелері көрсетілген және оқыту мен тәрбиелеу интеграциясын қамтамасыз ету, білім беру үдерісінде, субъектіде патриоттық сезімді қалыптастыру, салауатты ортада жеке тұлғаның өзін өзі дамытуы, әлемдік еңбек нарығында жас ұрпақтан бәсекеге қабілетті сұранысқа ие мамандарға білім беру қызметіне сапалы маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Орталық Азия Инновациялық Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B009 Математика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Обьектіге бағытталған программалау
Объектіге бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын анықтайды. Delphi программалау тілін түсіндіреді. Объектіге негізделген программалаудың негізгі тәсілдерін сипаттайды. Обьектіге бағытталған программалаудың (ОБП) ортасында бағдарлама құруға бейімдейді. Объектіге бағдарланған тілдерде программаларды жазу, өңдеу, тестілеу, толықтыру, талдау, қауіпсіздікті және программалардың сенімділігін қамтамасыз етуді жоспарлайды.
Несиелер - 6
-
Бағдарламаны әзірлеу және сүйемелдеу
Дербес компьютердің және интернет технологияларының жұмыс істеу принцптерин қолдана отырып, арнайы құралдар арқылы бағдарламаны әзірлеп, компоненттерін анықтайды. Интернет ортасында әзірленген бағдарламаны объектілердің көмегімен сүйемелдей отырып, тәжірибеде қолданады. Бағдарламаны бағдарламалық қамтамасыз етіп, жаңартып, компьютерлік техникалық бөлімінде модернизациялайды.
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Балалар организмінің функцияларының жасқа байланысты қалыптасуы мен даму заңдылықтарын қарастырады. Болашақ педагогтарға балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомия-физиологиялық ерекшеліктерді оқытады. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін кәсіби шешуге дағдыландырады. Жеке тұлғалардың психологиялық, физиологиялық даму заңдылықтарына, зиянды әсер ететін факторларды жою, еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөніндегі ұсыныстарды қарастырады.
Несиелер - 3
-
Бағдарламалау тілдері
Бағдарламалау парадигмалары туралы түсініктерді сипаттайды. Базалық бағдарламалау тілдерінің алфавитін, синтаксисін, семантикасын талқылайды. Базалық бағдарламалау тілдерін үйренеді. Базалық бағдарламалау тілдерінің құрал-саймандарымен жұмыс істеу іскерліктерін дәлелдеп, көрсетеді. Қандайда бір есептерді практикалық жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларын жасауды жобалайды.
Несиелер - 3
-
Математиканы оқыту әдістемесі
Математиканың оқытудың қағидаларын, әдістерін, құралдарын анықтайды. Оқыту ерекшеліктері: білім алушылар іс-әрекетін ұйымдастыру, оқу сабақтарын жоспарлау және өткізуді түсіндіреді. Математикалық есептерді шешеуге үйретеді. Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ математика мұғалімін әдістемелік даярлаудағы жалпы мәселелерін сипаттайды. Есептерді шешу арқылы математиканы оқытады.
Несиелер - 5
-
"Мәңгілік Ел" құндылықтары және рухани жаңғыру
Қазақстанның рухани жаңғыруының негізгі бағыттарын анықтайды. Жастардың рухани мәдениетінің даму бағыттарын түсіндіреді. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтарындағы жаңа гуманитарлық білімнің даму идеяларын қолданады. Қоғамдық сананың жаңғыруы мен заманауи мәдени құндылықтарды салыстырады. Өзін-өзі ұйымдастыру, бақылау дағдыларын қалыптастыруға үйретеді. Мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауда бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеуге бағыт-бағдар береді.
Несиелер - 5
-
Геометриялық есептерді шешу практикумы
Мектеп математика курсындағы геометриялық қалыптасқан есептерді шешу және зерттеу әдістерін түсіндіреді. Геометриялық есептерді шешу тәсілдерін тәжірибеде қолдануды бейімдейді. Геометрияның планиметрия және стереометрия курсындағы негізгі заңдылықтарды сипаттайды. Есептер шығару тәсілдерін сыни тұрғыда салыстырады. Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді саралайды.
Несиелер - 5
-
Қиындығы жоғары есептер
Қиындығы жоғары есептер шешу теориясын түсіндіреді. Қиындығы жоғары есептерді шығаруда математикалық заңдылықтар мен формулаларды дұрыс қолдануға дағдыландырады. Мектеп математика курсындағы қиындатылған есептерін өз бетімен шығаруды біліктілік пен дағдыларды қалыптастырады, оларды жүйелі қодануға бағыттайды.
Несиелер - 5
-
UNIX желілік бағдарламалау
UNIX операциялық жүйесінің принциптерімен, функцияларын сипаттайды. KDE, GNOME орталарымен басқара білу қабілетін дамытады. SAMBA және APACHE желілік қызметтерін саралайды. Операциялық жүйелердің ерекшеліктерімен компьютерде жұмыс жасауды машықтандырады. UNIX қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде қолдануды бейімдейді.
-
Мектеп геометрия курсын оқыту әдістемесі
Мектеп математика курсындағы геометриялық қалыптасқан есептерді шешу және зерттеу әдістерін анықтайды. Геометриялық есептерді шешу техникасында тәжірибелік дағдыларды түсіндіреді. Геометрияның планиметрия және стереометрия курсындағы негізгі заңдылықтарды қолданып, есептер шығару тәсілдерін сыни тұрғыда салыстырады.
-
Дифференциалдық теңдеулер
Дифференциалдық теңдеулер ұғымын және теңдеулерге келтірілетін Коши есебінің бастапқы шарттарын қарастырады. Айнымалылары ажыратылатын және ажыратылған теңдеулерді зерттейді. Лагранж, Клеро және Рикатти теңдеулерін сараптайды. Жоғары ретті дифференциалдық теңдеулердің ретін төмендетеді. Тұрақты коэффициентті сызықтық біртекті теңдеулердің жалпы және дербес шешімдерін кесте арқылы анықтайды.
Несиелер - 6
-
Көп айнымалылар функциясы
n-айнымалыдан тәуелді функциялардың шегін және үзілсіздігін, дербес туындыларын, экстремумның қажетті және жеткілікті шарттарын анықтайды. Екі еселі интегралда айнымалыларды алмастыру әдістерін сипаттайды. Цилиндірлік және сфералық координаттарға көшу формулаларын қолдануға бағыттайды. Үш еселі интегралдың қолданылуын талдайды. I –ші және II-ші текті беттік интегралдарды шешеді және оларды есептеу моделін құрады.
Несиелер - 6
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Бағалау жəне олардың түрлері, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлін анықтайды. Тұлғаға бағытталған оқытудың бағалау жүйесінің ерекшеліктерін, критериалды бағалаудың мəнін, мақсаты мен ұстанымдарын түсіндіреді. Критериалды бағалау бойынша білімді кəсіби іс-əрекетте қолдану жолдары сипаттайды. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың түрлерін (диагностикалық, қалыптастырушы, жиынтық бағалау) ажыратуды талдайды.
Несиелер - 3
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Тәрбие процесінің ізгілік және гуманитарлық қағидаларын қарастырады. Қазіргі заманғы тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтарын анықтайды. Тәрбиелік жүйенің оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік бағыттарын меңгертеді. Педагогикалық қолдау тактикасын кәсіби қызметінде пайдалануға мүмкіндік береді. Мектеп пен сыныптың, оқушы мен отбасының өзара әркеттестігін ұйымдастыруда алуан түрлі формаларды жоспарлауды үйретеді. Балалар ұжымын дамытуда тәрбие жұмыстарының стратегиясын талдайды.
Несиелер - 3
-
Деректер қорлары жүйелері
Компьютерлік ғылым ретінде, деректерді ұсыну, оларды сақтау және басқару үрдістерін түсіндіреді. Деректер базасын жобалау, соның ішінде ұйымдастыру және деректерді басқару үлгісін, зерделеу мәселелерін қарастырады. Деректер қорын жобалау және іске асыру үшін кәсіби көзқарас қалыптастырады. Деректер қорларын басқару, сұраныс құру тілдерінің негіздерін сипаттайды. Мақсатты технологиялық шешімдер мен тәсілдерін қолдануға бағыттайды.
Несиелер - 6
-
Kәсіби бағытталған шетел тілі
Тақырып бойынша әңгімелесулерді жүргізу, тілді дамытушылардың сұхбаттама мен монологиялық сипаттағы түпнұсқалық сөздерін тыңдау мен түсіну, мәтінді оқу және максимальді нақты түрде ұғыну, ақпараттарды таңдап алу мен ақпараттарды таратуды талдайды. Заманауи білім алу технологияларын қолдану негізінде өз бетінше жаңа білім дағдыларын меңгеру, оқи алу икемділігі, жаңа білімдер алу және оларды кәсіби қызметте пайдалана білу, өз сөйлеу қабілетін жетілдіру және лексиконды кеңейту дағдыларын қалыптастырады.
Несиелер - 3
-
Сандық әдістер
Сандық әдістер теориясын оқыту және әртүрлі қолданбалы есептерді сандық әдістер көмегімен шешу жолдарын практикада машықтануға үйретеді. Қоршаған ортаны тануда моделдеу методолгиясын түсіндіреді. Есептеу алгортимдерін, программалаудың тілдерін сипаттайды. Есептеу алгоритмдерін математикалық пакеттер ортасында, программалау тілдердің көмегімен шешеді. Табиғаттың объектілерін модельдеуде және ақпаратты өңдеуде қолданбалы есептерді шешудің сандық әдістерін қолдануға бағыттайды.
-
Дінтану
Әлемдік және дәстүрлі діндердің құрылымын, тәжірибесі мен ерекшеліктерін анықтайды; Экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын жіктейді. Дін философиясы мен теологиясының басты бағыттарын сипаттайды. Әлемдік діндердегі идеялардың мазмұнына, дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмыстарына талдау жасайды. Діни толеранттылық қасиеттерін үйретеді.
Несиелер - 3
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Табиғат пен қоғам арасындағы негізгі заңдылықтар жөнінде түсініктерді қалыптастырады. Экология бағытында алған білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдануға машықтандырады. Төтенше жағдайлар кезінде дұрыс іс-әрекет етуге, оларды алдын-алу іс-шараларын жасауға дайындайды. Жаңа техника мен технологиялық процесстердің қауіпсіз жағдайларын анықтайды. Табиғи ортаның экологиялық жағдайы, қоршаған ортаға өндірістің техногенді әсерлерін бағалай білуге үйретеді.
Несиелер - 3
-
Білім берудегі менеджмент
Қазіргі менеджменттің мәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді. Менеджменттің жетекші заңдылықтары мен принциптерін, педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын қарастырады. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологияларды кәсіби тұрғыдан (модерация, жобалау) қолдануды үйретеді. Тұтас педагогикалық процестің диагностикасын әзірлейді. Мектепті басқарудың инновациялық технологиялық моделін құрастырады
Несиелер - 3
-
ЭЕМ-де машықтану
Тармақталған құрылымдық программалауды түсіндіреді. Шартты, құрамдас операторларды бағалайды. Таңбалар және көшу операторын, Case таңдау операторын анықтайды. Бүтін және нақты сандарға қолданылатын стандартты процедуралар мен функцияларды сипаттайды. Символдық және қатарлық айнымалыларды баяндайды. Қатармен жұмыста қолданылатын процедуралар мен функцияларды, қатарларды өңдейді.
Несиелер - 5
-
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Кәсіби лексикаға билингвалды көзқарасты қамтамасыз ету, білім алушылардың кәсіби билингвалдылығын дамытады. Кәсіби тіл лексикасын қалыптастыру, білім алушылардың коммуникативті-сөйлеу компетенциясын терендетеді. Кәсіби бағытталған орыс тілінде оқу, сөйлеу, аудару, жазу істей білулерін дамытады. Таңдалған мамандық бойынша терминологияны терең ойлануды және бекітуді қамтамасыз ететін арнайы лексиканы оқу нәтижесінде білім алушының кәсіби сөйлеуін жеткізеді.
Несиелер - 3
-
Математикалық есептерді шешу практикумы
Математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын жан-жақты түсіндіреді. Модулі бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде тиімді әдіс тәсілдерді сипаттайды. Есептер шығаруда өзінің көзқарасын дәлелдейді . Мәселені шешу үшін логикалық және сыни ойлау қабілеттін арттырады. Параметрі бар теңдеулерге қолданылатын алмастыруларды сараптайды. Математикалық есептерді шешудің алгоритмін құрады.
Несиелер - 5
-
Mатематикалық талдау
Бір айнымалы функциялардың анықтамасын, шектер теориясын, үзіліссіздігін түсіндіреді. Функция туындысына, олардың геометриялық және механикалық мағынасын сипаттайды. Жанама мен нормаль теңдеулерін, дифференциалдау ережелерін, күрделі функция туындысын талдайды. Функцияның зерттеу схемасын құрады. Анықталмаған және анықталған интегралдарда интегралдау әдістерін қолдануға бейімдейді. Лейбниц формуласы, Лопиталь ережелері, Тейлор формулаларымен есептер шешеді.
Несиелер - 5
-
Жасанды интеллект
Білімді граф түрінде модельдеуді сипаттайды. Жасанды интеллект негіздерінің зерттеу бағыттарын және қолданылатын логикалық программалау тілдерін қолдануға бағыттайды. Білімді бейнелеу модельдерін және сарапшылық жүйе құру кезеңдерін анықтайды және саралайды. Қандай да бір программалау тілін қолданып сарапшылық жүйе құруды жоспарлайды.
-
Логикалық алгебра
Логикалық алгебра есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді дұрыс таңдау жолдарын түсіндіреді. Пікірлерді, олардың негізгі әдістерін айқындайды. Логикалық операциялардың көмегімен есептерді шешу алгоритмін құрады. Пікірлерге тұжырымдар жасайды. Логикалық ойлауға дағдыландырады. Логикалық алгебра заңдылықтарын есептер шығаруда тиімді қолдануға бейімдейді. Пікірлер алгебрасын құрады.
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі, оқыту мақсаттарын анықтайды. Ақпарат және ақпараттық процестері, ақпаратты ұсыну, компьютер бағытын сараптайды. Формализациялау және модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау, ақпараттық технологиялар мазмұндық сызықтарын оқытудың нақты әдістемелерін сипаттайды. Ақпараттық технологияларды және халықаралық тәжірибеде пайдаланатын жаһандық трендтері кәсіби қызметінде қолданады.
Несиелер - 6
-
Есептерді шығарудың әдістемелік негіздері
Мәтінді, тригонометриялық, логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің тәсілдерін түсіндіреді. Оларға арналған күрделі әдістерді сараптайды. Мәтінді есептерді теңдеу құрастыру жолдарымен шешеді. Математикалық ұғымдарды, ұсыныстарды, дәлелдеулерді және оларды шешу әдістемелерін талдайды. Есептерді шығарудың қағидаларын жан-жақты сипаттайды.
Несиелер - 5
-
Қолданбалы ақпараттар теориясы
Ақпарат теориясының негізгі түсініктері мен ұғымдарын анықтайды. Ақпараттың түрлері және айналу кезеңдерін сараптайды. Ақпараттың құрылымдық мөлшерін, және статистикалық өлшемдерін формулалар арқылы шешеді. Дифференциалдық энтропия тәжірибеде ақпарат көзінің мүмкін болатын көптеген қалпының континуумын құрайды.
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базалары мен әдіснамалық негіздерін түсіндіреді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі заманауи модельдер жөніндегі ұғымдар қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың түзету-психологиялық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білім негіздерін практикада қолданады. Білім беру ұйымдарындарының қызметкерлері мен балалармен және ата-аналармен жұмыс жүргізеді. Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастырады.
Несиелер - 3
-
Си бағдарламалау тілі
Бағдарламалау парадигмалары туралы түсініктерді қалыптастырады. Типтік бағдарламалау жүйесінің қызмет ету схемасымен таныстырады. Бағдарламалау ортасының құрал-саймандарымен танысып, жеке бағдарламалық қолданбаларды құрады. Программалау тілінің технологиясын, программалау тілінің құрылымын, тілінің интерпретаторы мен компиляторымен жұмыс істей білу іскерлігін меңгертеді. Си тілінде күрделі типтерді түрлендіру командаларын, есепті шешудің Си программалау тілінде программасын құрады.
-
Визуалды бағдарламалау технологиясы
Визуал тілінің ерекшеліктерін, бағытталған программалаудың түсініктерін сипаттайды. Windows амалдық жүйесіндегі программалар қолданушыға графикалық интерфейсін талдайды. Бағдарлама мәтіні визуалды прототип көмегімен автоматты түрде құрастырады. OLE, іVisual С++, Delphi бағдарламарын ажыратады. Қолданбалы бағдарламалар жасау құралдарын кеңінен қолдануға бағыттайды. Тілдің басқарушы операторы: цикл операторы – for циклы, while, repeat циклдерінің жұмыс істеу алгоритмін құрады.
-
Кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Экономикалық және құқықтық заңдарды, категорияларды және оның қызметтерін түсіндіреді. Құқықтың, кәсіпкерліктің негізін сипаттап, топтау арқылы айқындайды.Экономикалық-құқықтық актілерді тәжірибеде қолдануға машықтандырады. Қоғамдағы орын алатын қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу сипатталады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің құқықтық және кәсіпкерлік тұжырымдамаларын жобалауды қарастырады.
Несиелер - 5
-
Дербес компьютердің құрылымы
Қазіргі заман әдістер және компьютерлік жүйелер саласындағы есептеуіш жүйелер мен желілерді түсіндіреді. Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жататынын сипаттайды. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істеуін тәжірибеде өңдейді. Кез- келген дербес компьютердің бірнеше құрылғыларын саралайды.
-
Математикалық логика және дискретті математика
Жиындар теориясының негізгі ұғымдарын және оларға қолданылатын амалдарын түсіндіреді. Пікірлерге қолданылатын амалдарды: бірігу, қиылысу, айырма, импликация, эквиваленция арқылы ақиқаттығын анықтайды. Пікірлердің ақиқат кестесі мен тавтологиясын құрады. Графтар теориясындағы ағаштарды және олардың қасиеттерін талдайды. Графтардағы маршруттарды іздейді. Эйлер циклдары мен шынжырларды, жазық графтарды сызу арқылы тұжырымдайды.
Несиелер - 6
-
Алгоритмдер және программалау
Алгоритмдердің типтері мен қасиеттерін, базалық басқару құрылымдарын түсіндіреді. Циклдық құрылым алгоритмдерін, массивтерді өңдеу алгоритмдерін сипаттайды. Әр түрлі ішкі сұрыптаудың әдістерін қолдана отырып, массивтерді өңдейді. Ақпараттарды ішкі сұрыптаудың алгоритмдері мен іздеу есебі туралы білімді қалыптастырады. Пәннің категориалдық аппараты: әдіс, алгоритм, блок-схема, программа, ақпараттық құрылым, бағдарлама құруға бейімдейді. Алынған нәтижені талдайды.
Несиелер - 5
-
Элементар математика
Жиындар туралы негізгі ұғымдарды, эквивалентті жиындарды анықтайды. Натурал сандар аксиомалары, матеметикалық индукция тәсілін түсіндіреді. Бүтін сандар және оның қасиеттерін сипаттайды. Рационал санды нақты бөлшек түрінде кескіндейді. Тепе-тендіктерді, рационал және иррационал өрнектерді түрлендіруді саралайды. Тендеулер туралы негізгі ұғымдарды және оларды шешу әдістерін қолдануға бағыттайды. Тригонометриялық тенсіздіктерді, параметрлі тригонометриялық тенсіздіктерді шешеді.
Несиелер - 3
-
Интернетте программалау
Интернеттің қызметтерін және ақпаратты өңдейтін технологиялардың дамуының қазіргі перспективаларын түсіндіреді. Дамып жатқан Web-дизайнмен, Internet-те программалаудың маңызын саралайды. HTML – тегтер тілінің ережелерін өңдейді. Клиент және сервер жағынан Internet -те программалаудағы іс-тәжірибелік біліктілігін дамытады. Интернет ортасындағы қосымшаларды құрады, әдістерін иллюстрациялайды.
-
Педагогика
Педагог ғалымдардың ой-пікірлері мен ғылыми теориялық негіздерін тұжырымдайды. Педагогикалық қызмет түрлерін жоспарлайды. Оқыту мен тәрбиенің қазіргі педагогикалық технологияларын кәсіби әрекетінде қолдануға қабілеттендіреді. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет түрлерін талдайды. Ұжымда тәрбие процесін ұйымдастырады. Шығармашылық тапсырмаларды, жобаларды әзірлейді.
Несиелер - 5
-
Функционалдық анализ
Сызықтық кеңістіктің анықтамасын, сызықтық тәуелділігі мен тәуелсіздігін түсіндіреді. Ақырлы және ақырсыз өлшемді сызықтық кеңістіктерді сипаттайды. Метрикалық кеңістіктің анықтамасын, метрикалық кеңістіктегі ашық және тұйық жиындарды саралайды. Фундаментальды тізбек және оны қасиеттерін тұжырымдайды. Компакт жиындардың қасиеттерін, Арцел теоремасын, Больцано-Вейерштрасс теоремасын дәлелдейді.
-
"Компьютерлік графика "
Компьютерлік графика ұғымын түсіндіреді. Компьютерлік графика қолдану сфераларын анықтайды. Растрлік, векторлық, фракталды графика түрлерімен жұмыс істеуін машықтандырады. Векторлық, растрлық графиканың ерекшеліктерін анықтайды. Пиксельдер, динамикалық диапазон, кескін параметрі және файл өлшемі арасындағы байланысты сипаттайды
Несиелер - 6
-
Компьютерлік және математикалық модельдеу
Математикалық және компьютерлік модельдеу, басқармашылық және инновациялық технологияларды жобалайды. Белгілі бір нысанға бағытталған жоғары дәрежелі бағдарламалар тілдерінде модель құрастырады. ЭЕМ- де әр түрлі есептердің модельдеу технологиясы мен әдістерін түсіндіреді. Концептуалды модельдеу, кооперация диаграммаларының, кодты талдау және өңдеудің әдістері мен құрылу принциптерін қолдануды тексереді.
Несиелер - 6
-
Компьютер архитектурасы
Компьютердің архитектурасы, ЭЕМ ұйымдастыру принциптері, компьютерлік техниканың даму тарихын түсіндіреді. ДЭЕМ және оның қосалқы құрылғыларының жұмыс істеу принциптерін анықтайды. Есептеу машиналарының, жүйелерінің және тораптарының құрылымдық және функционалдық қағидаларын сипаттайды. Есептеу машиналарының арифметикалық, логикалық және сұлбатехникалық негіздерін тұжырымдайды. Мәліметтерді енгізу және шығару құрылғыларын, олардың орталық құрылғылармен әрекеттесуін айқындайды.
Несиелер - 6
-
Веб бағдарламалау негіздері
Web-бағдарламалау негіздерін талдайды. Ғаламтор ортасындағы қолдануға арналған қосымшаларды құрастырады. Web бетті құруда түрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтайды. Веб технологияны қолдануды, ұйымдастыруды, Веб сайттарды программалау туралы ұғымдарды түсіндіреді. Веб даму болашағы және қазіргі заманғы тенденциясын сипаттайды. Қарапайым HTML файлдарын құрады.
Несиелер - 6
-
Геометрия негіздемелері
Геометриясының дамуының негізгі кезеңдерін, негізгі теоремаларын түсіндіреді. Геометриялық есептерді шешу және зерттеу әдістерін талдайды. Геометрияның қарапайым есептерін шығаруда әртүрлі әдістерді дұрыс таңдайды. Геометрия негіздемелерінің заңдылықтарының мазмұнын жан-жақты ашып,оны есептер шығаруда тиімді қолдануға бағыттайды. Эвклид геометриясындағы негізгі теоремаларды қолдануға бағыттайды.
-
Комплексті талдау
Комплекс санның аргументін, тригонометриялық және көрсеткіштік түрде жазылуын анықтайды. Комплекс сандарға қосу, азайту,көбейту, бөлу ережелерін қолдануға бағыттайды. Комплекс сандарды дәрежелеу және Муавр формуласы арқылы шешеді. Аналитикалық функция теориясын комплекс жазықтық шексіз алыстатылған нүктемен толықтырады. Комплекс айнымалы функцияның шегі мен үзіліссіздігін анықтайды. Олардың дифференциалдануын Коши-Риман шарттары арқылы іздейді.
-
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын және олардың түрлі салаларда қолдануын түсіндіреді. Толық ықтималдылықтар формуласына есептер шығару жолдарын анықтайды. Процестер мен құбылыстардың ықтималдықтық-статистикалық моделдерін жасайды. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын есептер шығаруда тиімді қолдану тәсілдерін тұжырымдайды.
Несиелер - 6
-
Программалау есептерін шығару практикумы
Алгоритмдер және олардың қасиеттерін бейнелейді. Сызықтық және тармақты, циклдік алгоритмдерді құрады. Алғы шартты, соңғы шартты және параметрлік циклдерді сараптайды. Программаларды орындау ортасы, редактор терезесі және меню командаларын анықтайды. Файлдармен жұмыс істеуді, сөз тіркестерін шығаруды, Си тіліндегі құрылымдармен жұмыс істеуді саралайды. Алғы және соңғы шартты циклдерді, көп тармақты циклдерді өңдейді.
Несиелер - 5
-
Математиканы оқытудың жаңа технологиялары
Математиканы оқыта отырып, математиканы оқытудың жаңа технологияларын меңгеру жолдарын, көрнекі құрал жабдықтарды қолдану тәсілдерін талдайды. Математиканы оқытудағы жаңа технологияларды пайдаланудың өзекті мәселелерін сипаттайды. Математиканы оқытудың дəстүрлі жəне инновациялық технологияларының мазмұны мен əдістемесінің ерекшеліктерін салыстырады. Математиканы оқытудың теориясы мен практикасының қазіргі жайын даму тенденциясына саралайды.
Несиелер - 5
-
Delphi-де программалау
Delphi жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасын түсіндіреді. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырады. Жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін анықтайды. Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын өңдейді. Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын тұжырымдайды.
-
Өрістер теориясы
Кеңістіктің скалярлық, векторлық, тензорлық аймақтарының қасиеттерін меңгертеді. Скалярлық өріс, беттер және деңгей сызығын, векторлық өріс, өрістің векторлық сызығын тұсіндіреді. Өріс ағыны, өрістерді және олардың бөліктерін зерттеуді ағынын, циркуляция ұғымдары арқылы бағалап, қарастыруға бейімдейді. Остроградский Стокс формулаларын есептерін шешуде іс-тәжірибе жүзінде жүйелі қолдануға ынталандырады.
Несиелер - 6
-
Жастар саясаты
Мемлекеттiк жастар саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастырады. Мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнамаларын пайдалануды үйретеді. Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдатады. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуды машықтандырады. Жастар саясатында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қалыптастырады.
Несиелер - 3
-
Операциялық жүйелер және параллельдік есептеулер
Операциялық жүйені орнатып, есеп жазбаларын түсіндіреді. Операциялық жүйелердің жіктелуін, түрлерін, жадыны басқаруын, WINDOWS және LINUX операциялық жүйелерін сипаттайды. Қолданушының жұмыс ортасының параметрлерін анықтайды. Дисктер мен файлдық жүйелерді басқарып, желілік параметрлерінің дағдыландырады. NTFS мүмкіншілігін пайдалану және қор қауіпсіздігін қамтамасыз ету байланысын зерттейді.
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсінеді. Ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсете алады. Философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық білім негіздерін ғылыми дүниетаным қалыптастыруға бейімдейді.
- Кәсіпкерлік және құқық, экология салаларындағы кәсіби дағдыларды, кәсіпкерлік пен көшбасшылық қабілеттерін, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін меңгереді.
- Заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру, пайдалану арқылы ақпараттық сауаттылықты өз бетінше көрсетуге бағыттайды.
- Кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қажетті қазақ, орыс және шет тілдерді игерген және конструктивтік сұхбат құра білуге дағдыланған және көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болады.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүру дағдыларын баулу, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау.
- Қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-мәдени құндылықтарды таңдау және өз қызметінде қолдану. «Мәңгілік ел» жалпы халықтық идеясын кәсіби қызметінде жас ұрпақты тәрбиелеуде іске асыруда қолдау.
- Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке бағыттайды.
- Білім беру мазмұнын жанартудың негізгі бағыттарын, педагогикалық кадрлардың кұзіреттіліктерін, білім беру процесін ұйымдастыру жолдарын меңгереді және білім беру процесінің мониторингі, бағалау критерийлері ерекшеліктерін болашақта кәсіби қызметінде қолдана білу және жүзеге асыру. Болашақ кәсіби қызметінде білім беру үдерісін мониторингілеу және бағалау ерекшеліктерін, білім беру мазмұнын өзектендірудің негізгі бағыттарын, педагогикалық кадрлардың біліктілігін, білім беру процесін ұйымдастыруды пайдаланады.
- Заманауи ақпараттық және педагогикалық технологияларды қолдану жағдайында білім алушылардың оқу-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті болуды қамтамасыз ету. қолданбалы математикалық талдау жүргізудің дағдыларын қалыптастыра отырып , есептерді шешу мен зерттеудің негізгі математикалық әдістерін меңгеру.
- Жүйелік бағдарламалау қамтамасыздандыру, функцияларының тәжірибелік машықтарын дамыту, өңдеу және көркемдеу тәсілдерін игерту, оларға жұмыстың жүйелі түрде сауатты орындалу жолдарымен таныстыру арқылы білім берумен бірге инклюзивті маман даярлау. Педагогикалық білім беру саласында авторлық жаңашыл идеяны іске асыру, альтернативті шешімдер табуға, педагогикалық идеялардағы жаңашылдықты туындату, сын көзбен ойлау білімдерін дамытуға қабілетті.
- Білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды саралау Педагогикалық, ғылыми зерттеулердің методологиясы мен әдістерін саралай алады және теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану .
- Бағдарламалау тілдерін басқарудың инновациялық технологиялық моделін құрастыру. Дифференциалдық теңдеулердің және қиындығы жоғары есептердің компьютер көмегімен нәтижесін алу.
Ұқсас БББ
6B01506 Математика
Астана халықаралық университеті
6B01506 Математика (IP)
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01506 Математика (көптілді білім беру)
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01506 Математика (IP)
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
6B01506 Математика (IP)
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)