Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M08107 Топырақтану және агрохимия (бейіндік 1) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау үрдістерін басқару қызметтінде зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Агрохимия және топырақтанудағы ғылыми зерттеулер әдістемесі

    Топырақтарды зерттеудің принциптері және негізгі ақпарат көздері. Топырақтарды зерттеудің салыстырмалы-географиялық, салыстырмалы аналитикалық, модельдеу, стационарлық әдістері. Топырақтардың су, жылу, тұз, ауа құбылымдарын және органикалық заттарды зерттеу әдістері. Топырақтану және агрохимияда зертханалық, вегетациялық, лизиметрлік және мөлдектік заманауи әдістермен зерттеу жүргізу. Тәжірибелердің қателіктері және оларға әсер ететін факторлар, Топырақтану және агрохимия зерттеулерінде статистикалық, корреляциялық және регрессиялық әдістерді қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару

    Жобаларды басқару әдістерінің даму тарихымен таныстырады; жобаның тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешімдер қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін зерттейді; жобаның өмірлік циклінің түрлі сатыларында жоба менеджерінің рөлін және функцияларын меңгеру; жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандары және оларды әзірлеу, оңтайландыру әдістерімен таныстырады. Жобаның жетістіктерін жоспарлау және бақылау құралдарын зерттейді; зерттеу және шығармашылық жұмыс дағдыларын дамытуға, бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып жобаларды экономикалық модельдеуге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ауыспалы егістік дақылдарын тыңайту/

    Топырақ құнарлылығын, баурайлардың тіктігі мен экспозициясын, жер асты суларының деңгейін ескере отырып, ауыспалы егісте топырақты өңдеу жүйесін құру. Эрозияға қарсы іс-шараларды әзірлеу, ұйымдастыру және өткізу. Топырақты әктеу жоспарын, органикалық тыңайтқыштарды жинақтау және пайдалану жоспарын, жекелеген дақылдардың тыңайтқыш жүйесін әзірлеу. Ауыл шаруашылығы дақылдарын қоректендірудің ерекшеліктері, өсімдіктерде қоректік элементтер тапшылығының белгілері визуалды, ауыспалы егіс сызбаларын жасау, олардың қоректенуін зерттеуде өсімдіктерді талдаудың мәні, тыңайтқыштардың әсері және өсімдікте зат алмасуға қоректену жағдайларының әсері, тыңайтқы��тардың мөлшерін есептеу әдістері;

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Биологиялық егіншілік және минералдық тыңайтқыштар/

    Биологиялық егіншілік туралы түсінік, қарқынды қазіргі таңдағы егіншілікпен салыстырғандағы ерекшеліктері туралы білім қалыптастырады. Биологиялық егіншіліктің негізгі қағидаларын, саналуандылығын зерттеу. Биологиялық егіншілік жағдайында өсімдіктердің макро және микроэлементтермен қоректенуі және олардың негізгі көздері. Биологиялық егіншілікте минералдық тыңайтқыштарды қолдану мүмкіндігі. Қарқынды және биологиялық егіншілікте өнімдерді өндірудің салыстырмалы экономикалық және экологиялық бағасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Топырақтардың генетикалық морфологиясы

    Топырақтардың табиғатта түзілуіне байланысты олардың морфологиясын, топырақ құрылымының ұйымдасу деңгейлерін, топырақ индивидуумын және топырақтың кеңістіктегі алалығын, Топырақ кескінін және қабаттарын, оларды қалыптастыратын процесстерді және белгілерді қарастырады. Топырақ кескініне генетикалық талдауға және ҚР кез-келген топырақтарының толық номенклатуралық атауын анықтауды жүргізуге қабілетті болу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Топырақ эволюциясы

    Бастапқы аналық тау жыныстарының генетикалық қабаттарға бөлінуі. Топырақтүзуші факторлар. Топырақтүзуші факторлардың үйлесімі және топырақ кескінінде жүзеге асатын қарапайым топырақ процесстері. Топырақтардың құрам қасиеттеріне топырақтүзуші факторлардағы үйлесімдерде өзгерістерінің әсері. Топырақтардың климаксты жағдайлары туралы ұғым. Топырақтың эволюциясын және жасын зерттеу әдістері. ҚР топырақтарының эволюциясы. Топырақ болжамы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент

    Әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқарудың жалпы теориялық ережелерін; басқару мәселелерін практикалық шешу дағдылары меңгеру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Топырақ биологиясы

    Топырақ биотасын және олардың қатысуымен жүретін үрдістер: нитрификация және денитрификация, қоршаған ортаның антропогенді ластануы, минералдық азоттың микробиологиялық трансформациясы, фосфор, күкірт және басқа айнымалы элементтердің микробиологиялық өзгерістері, топырақты өңдеудің және минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолданудың микробиологиялық процестерге, топырақ биотасының антропогендік ластанудың қоршаған ортаға әсерін қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлем топырақтары

    Дүниежүзі табиғат белдеулері, оларда топырақ жамылғыларының қалыптасуы ерекшеліктері, олардың генезисі, құрылысы құрамы, жіктелуінуі, құнарлылығы, ауылшаруашылығында қолдану ерекшеліктері. Континенттер топырақтарының ерекшеліктері; Евразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка және Австралия топырақтарының географиясы, құрылысы, құрамы және ауылшаруашылығында пайдалану ерекшеліктерін білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәнді меңгеру мақсаты шет тілін үйренудің тұрақты оң уәждемесін қалыптастыру, проблемалық-жобалық технологиялар негізінде білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми өнімдерді таныстыру дағдыларын меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Бизнес шешімдерді модельдеу

    Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Топырақтардағы биологиялық және химиялық процесстерді терең білу негізінде ауылшаруашылық өсімдіктерінің қоректенуін және топырақ құнарлылығын басқару қабілеттілігі
  • Топырақ түзуші факторлардың үйлесімін және морфологиясын есепке алу негізінде топырақтардың генезисін және олардың құнарлылығын реттеу шараларын тану қабілеттілігі
  • Агротехникалық шараларды, топырақ-климат жағдайларын және дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып әртүрлі егіншілік жүйелерінде тыңайтқыштарды ұтымды қолдану мәселелерін шешуді жүзеге асыруға қабілетті болу
  • Басқарудың кең ауқымды ғылыми көзқарасын, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оның мектептерінің контекстінде басқарудың даму динамикасын, түсініктері мен тәсілдерін, даму тенденциясын ескере отырып, бәсекелестік ортада жұмыс істейтін ұйымдардағы процестер мен құбылыстарды түсініктерін көрсете білу
  • Іскерлік шешімдерді модельдеуде мамандық қасиеттерді көрсету, бизнесті тиімді басқару қабілеті
  • Психология сұрақтарында ой-өрісін көрсету, әртүрлі психологиялық жағдайларда этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып оңтайлы варианттарды табу және оларды қолдану
  • Ауылшаруашылық дақылдарды қоректендіру және топырақтардың құнарлылығын реттеу сұрақтары бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда және жүргізуде көшбасшылықты көрсету қабілеттілігі, бизнес шешімдерді модельдеуде іскерлік қасиеттерді көрсете білу, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқаруда қабілеттін жүзеге асыру
  • Интернационалдық ортада ағылшын тілінде кәсіби сұхбат жүргізу, ауқымды ғылыми-техникалық сұрақтар бойынша сұхбаттаса білу қабілеттілігі
  • Топырақта мекендейтін микроорганизмдердің әр түрлі топтарының тіршілік әрекетінің ерекшеліктері мен олардың физикалық, химиялық және биохимиялық процестерге әсері туралы ақпарат жинау
  • Әлем топырақтарының жаралуы, құрамы, қасиеттері, құнарлылық деңгейлері ерекшеліктерін білу негізінде магистранттарда дамыған мемелекетттердің ортасында жұмыс істей білудің қабілеттерін нақты және тиянақты түрде хабарлау;қалыптастырады
  • Ғылыми зерттеуді жүргізуге қажетті алынған теориялық білімдер негізінде магистранттарда топырақтану және агрохимия сұрақтары бойынша заманауи әдістемелер мен әдістерді табысты пайдалану үшін білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.
  • Жобаларды басқару стандарттарын білу; стандартты процестер тобы арқылы жобаларды басқару тұжырымдамасына негізделген PMBOK стандарты түрінде қалыптастырылған PMI әдіснамасы
Top