Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01711 Шет тілі: екі шет тілі в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқытуға, басқару және ұйымдастыру дағдыларына және көшбасшылық қасиеттеріне ие шетел тілі оқытушысын дайындау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M019 Шет тілдері педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
ЖОО сабақтарын ұйымдастыру формалары мен әдістері
Мәдениаралық коммуникация контекстінде қарымқатынас жасау үлгісі
Шетел тілін оқытудың цифрлық технологиясы мен үйлесімдік жүйелері
Шет тілдерін қашықтықтан оқытудың инновациялық технологиясы
Когнитивті лингвистика жəне жалпы когнитология
Прагмалингвистика
Ойлау мен сөйлеудің онтогенезінің психолингвистикалық аспектілері
Дискурс теориясы
-
2 Оқу жылы
Тілдің əлеуметтік аспектілері
Шет тілдерін оқыту әдістерінің тарихы
Ғылым қызмет керлеріне арналған шет тілінің арнайы курсы
Лингвистикалық ғылымның заманауи əдіснамасы
Шет тілін оқытудағы коммуникативтік әдіс
Сөйлеу әрекеті теориясының негіздері
Екінші шет тілін интенсивті тұрғыдан оқыту
Лингвистикалық зерттеулердегі компьютерлік технологиялар
Профильдік және кәсіби бағдарлы шет тілдік білім берудің мәселелері
Шетел тілі мұғалімін кәсіби-педагогикалық тұрғыдан даярлаудағы құзыреттілік үлгісі
Екінші шетел тілін оқыту әдістемесіндегі инновациялық білім беру технологиясы
Шет тілін жобалап оқыту технологиясы
Шетел тілін оқытудағы тіл мен мәдениет арақатысы
Оқыту нәтижелері
- Жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативтi ойлауы, шығармашылықпен қарауы, ғылыми зерттеулер жасауға және жоғары оқу орнында арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгереді.
- Ғылыми танымның дамуындағы қазiргi үрдістер туралы мәліметтермен қаруланып, зерттеудің теориялық және қолданбалық деңгейлерінде сандық және сапалық талдау жасай отырып, жаңа технологияларын ғылыми тұрғыдан негізге алып, ғылыми зерттеушілік және шығармашылық әрекеті қалыптасады; жаңа идеялар мен үдерістерді жасауға, ғылыми, кәсіби толықтығын, инновациялығын жетілдіреді.
- Әлеуметтік лингвистиканың өзге тіл туралы ғылымдармен байланысын, айырмашылағын таба біледі. Когнитивті лингвистика, психолингвистикалық білімнің негізгі мәні, білім мен мән-мағынаның арақатынасы, тілдесімдік қызметпен байланысты мәселелерді тұжырымдайды.
- - Жалпы білім беретін мекемелер мен орта кәсіби білім беретін мекемелерде шетел тілі бойынша қазіргі қолданыстағы әдістемелерді меңгереді; педагогика саласындағы танымдық ілімнің теориялық негіздерін, бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастыру дағдыларын меңгереді.
- Жоғары мектеп оқытушысының кәсiби құзыреттілігін, филологиялық мамандықтың әлеуметтік мәнін түсінеді, педагогтың кәсіби тұлғалық қасиетін жетілдіре біледі. Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, жоғары оқу орындарындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында, қазiргi бiлiм беру технологияларына қатысты мәселелерде ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда бiлiмдi үнемі жаңартып, кәсiптік дағдылар мен білікті кеңейтуді қамтамасыз ете алады;
- Ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн білімін қолдана біледі. Ғылыми-зерттеушілік және талдау жұмыстарын ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарында жариялай алады. Диссертация, ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыс нәтижелерін жалпылайды және ғылыми-зерттеу әрекеттерін іске асыра алады, қалыпты ғылыми мәселелерді шеше біледі және рәсімдей алады.
- Жалпы ғылыми ұғымдарды және философияның негізгі категорияларын талдайды. Теориялық білімді жинақтап, ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан бағалайды. Ғылыми зерттеулер жасауға және жоғары оқу орнында арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгереді.
- Оқытуды ұйымдастырудың мәселелері, принциптері, құрылымы мен қызметі, дамуының басты бағыттарын сипаттайды. Өзіндік көзқарасы жағынан білім берудің практикалық және теориялық жағынан шығармашылық шыңдалудың аспектілерін меңгеріп, теориялық білімін бағалап, кәсібінде дәлелдей біледі;
- Ізденушілік-зерттеушілік, ғылыми ойлау және инновациялық - педагогикалық әрекетті бірлікте қабылдайды. Тілдің қоғамдық табиғаты, әлеуметтік мәні, тілдің әлеуметтік қызметі, тілдік болмыстың формалары, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, процестерін саралап, қолдана біледі.
- Ғылыми зерттеулер контекстiнде идеяларды қолдану немесе өзіндік дамыту үшiн білімін қолдана біледі. Ғылыми-зерттеушілік және талдау жұмыстарын ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарында жариялай алады. Диссертация, ғылыми мақала, есеп, талдамалық жазбалар және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыс нәтижелерінің қорытындысын жасайды, ғылыми-зерттеу әрекеттерін іске асыра алады, қалыпты ғылыми мәселелерді шешеді және рәсімдей алады;