Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M08705 Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету (бейіндік 1) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

  • Бизнес шешімдерін модельдеу

    Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру, ақпараттық базаны қалыптастыру, нақты зерттеу әдістерінің жиынтығын іріктеу және қолдану, қорытындыларды тұжырымдау, зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып ұсыныстар әзірлеу және негіздеуде эмпирикалық және қолданбалы деңгейлерде экономикалық зерттеулер жүргізу әдіснамасы мен технологиясы туралы ғылым.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару

    Жобаны басқару - заманауи ғылыми білімдерді, дағдыларды, әдістерді, құралдар мен технологияларды қолдануға және тиімді нәтижелерге қол жеткізуге негізделген кәсіби қызмет. Жобаны басқаруды қолдану, жобаның мақсатын, жобаның нәтижелерін, жобаның сандық сипаттамаларын, уақытты, шығындарды және сапа параметрлерін, жобаның жоспарын жасауды, тәуекелдерді бағалауды және жобаны іске асыру кезінде теріс салдарды анықтау болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ауыл шаруашылығындағы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың даму болашағы

    Күн ресурстарын талдау. Күн батареяларын пайдалану мен дамытудың ерекшеліктері. ФЭТ-тің жіктелуі және сипаттамасы. Күн энергиясының жылу энергия көздерін қолдану және жіктеу ерекшеліктері. Күн қондырғысы бар электр станцияларының сұлбалары. Геотермалдық энергия түсінігі. Жердің жылу энергиясын пайдаланатын электр станцияларының сұлбалары. Жылу сорғылары. Жел энергетикалық қондырғыларының классификациясы және нақты пайдалану. Жел режимін талдау. Жел энергетикалық қондырғылар үшін орын таңдау. Желді пайдалану коэффициенті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ауыл шаруашылығындағы технологиялық үрдістерді автоматтандыру мен роботтандырудың даму болашағы

    Технологиялық қондырғылар параметрлерін автоматты басқарудың мәселелері. ПИД реттеуіштері үшін параметрлерді таңдаудың әдістемелік негізі. Реттегіштерді автоматты реттеу және бейімдеу. Технологиялық параметрлерді автоматты басқару жүйелерін Simulink - модельдеу. Технологиялық жабдықты іске қосу және тоқтатуды автоматтандыру. Технологиялық үрдістерді автоматты түрде реттеу жүйелерін StateFlow-модельдеу. Сепаратты автоматтандыру және біртекті емес құрамдарды тазалау. Жылу алмасу үрдістерінің математикалық сипаттамасы. Жылу үрдістерін автоматтандыру. Нысандарды басқарудың жылу алмасу үрдісін беру функциясы. Өндірістік үрдістерді автоматтандыру құралы ретінде өнеркәсіптік роботтар. Роботтандырылған өндірістің құрамы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Технологиялық үрдістердегі энергия үнемдеу әдістері мен құралдары

    Жылу энергиясын өндіруде энергияны үнемдеу әдістері. Дәстүрлі әдістер бойынша энергияны өндіру. Жылулық, атомдық және гидроэлектростанциялар. Бастапқы энергияны энергияның екінші түріне айналдыру. Жылу энергиясын тұтынатын қондырғыларда, жылу желілерінде және жылу көздерінде, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде, энергияны тұтыну және жарықтандыру жүйелерінде, желдету және ауаны баптау бойынша энергияны үнемдеу шаралары. Желдету жүйелерінің энергия үнемдейтін технологиялары; Жылыту жүйелерінің энергия үнемдейтін технологиялары; Жарықтандыру жүйелерінің энергия үнемдейтін технологиясы;

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауыл шаруашылығындағы энергия үнемдеуші технологиялар

    Энергия үнемдеудің өзектілігі. Энергияны үнемдеу саласындағы терминдер мен ұғымдар. Отын-энергетикалық ресурстар. Энергетикалық зерттеулер. Кәсіпорынның энергетикалық төлқұжаты. Жаңартылатын энергия көздері. Энергияны тұтынуды бақылау және есепке алу үшін автоматтандырылған жүйелерді пайдалану. Қосалқы энергия ресурстарын қайта өңдеу әдістері. Энергиямен жабдықтау, энергияны тұтыну, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріндегі энергияны үнемдеу. Жылыту желілері. Тасымалдау кезінде жылу энергиясының шығыны және оларды азайту жолдары. Энергияны тұтыну нормалары. Қаланың коммуналдық аудандарындағы электрмен жабдықтау, жылу, газ, суды үнемдеу, жылыту жүйелеріндегі энергия үнемдеу, ыстық сумен жабдықтау, желдету және ауа баптау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Менеджмент

    "Менеджмент" пәні басқару процесін зерттеудің ұйымдастырушылық элементтерінен, коммуникациядан және шешім қабылдаудан, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, команда жұмысы және көшбасшылық сияқты басқару функцияларынан, сондай-ақ өндіріс, маркетинг, қаржы, персоналды басқару сияқты ұйымда түрлі функционалдық бөлімдерді оқытудан тұрады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Энергиямен қамтамасыз ету жүйелеріндегі үрдістерді математикалық модельдеу

    Математикалық модельдеу туралы негізгі ұғымдар. Математикалық модельдеудің кезеңі, мақсаты және негізгі принциптері. Энергетикалық қондырғылардағы электр өрістерін математикалық модельдеу. Электр өрістерін Лаплас теңдеулері арқылы модельдеу. Электр өрістерінің критериальды теңдеулері және ұқсастық критерийлерін анықтау. Электродты жылулық қондырғыларды модельдеу кезінде конформдық бейнелеу тәсілін және электростатикалық анология тәсілін қолдану. Периодты сыртқы әсер кезінде электр тізбектерін модельдеу. Математикалық модельді құрастыру. Электр тізбегін талдау және оңтайластыру. Параметрлік оңтайластырудың міндеттері. Автономды электр жетегіндегі үрдістерді математикалық модельдеу. Синхронды генератор мен асинхронды қозғалтқыштың дифференциалдық теңдеулері. Шынжырлы араның электр жетегі жүйесіндегі өтпелі үрдістерді талдау. Ауыл шаруашылығын жылумен қамтамасыз ету жүйесін және қондырғыларды математикалық модельдеу. Электродты су қыздырғыштары мен бу генераторларын математикалық модельдеу. Мал фермаларының жылумен қамтамасыз ету жүйелерін математикалық модельдеу және олардың режимдері мен параметрлерін оңтайластыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Энергияны үнемдейтін асинхронды электрлік жетек

    Асинхронды қозғалтқыштардың математикалық сипаттамалары мен модельдері. Қоректендіру кернеуінің айнымалы жиілігі кезіндегі асинхронды қозғалтқыштың орын басу сұлбалары. Реттелетін асинхронды электр жетектерін энергияны көп қажет ететін технологиялық үрдістерде қолдану. Жетектің және жетек жүйесінің өзара әрекеттесу сипаттамалары. Электр жетектердің энергетикалық көрсеткіштері. Энергияны тұтынуды азайту жолдары. Жиілікті түрлендіргіш – асинхронды қозғалтқыш (ЖТ-АҚ) режимдерін оңтайлау. Қосынды шығындарды минимум бойынша оңтайлау. Асинхронды электр жетектердің орнатылған режимдегі реактивті қуаты. Асинхронды электр жетектердің өтпел�� жұмыс режимі. Технологиялық талаптарды қамтамасыз ету. ЖТ-АҚ ақырын қосу

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Электрэнергетикадағы экспериталдық зерттеулердің методологиясы

    Қазіргі заманғы жоғары кәсіптендірілген мамандар эксперименттік мәліметтерді өңдеудің теориялық білімімен практикалық машықтарын игеруі керек, және де міндетті түрде ДК мүмкіндіктерін пайдаланаалуы қажет. Пән мақсаты – эксперименттік мәліметтерді өңдеудің теориясына негізделген теориялық базалық білімді оқыту, қазіргі заманғы бағдарламаларды қолданып техникалық эксперименттердің мәліметтерін талдау үшін практикалық машықтандыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 2

Оқыту нәтижелері

  • Ауыл шаруашылығының технологиялық процестерін автоматтандыру және роботтандыру жүйелерін негіздеу және жобалау .
  • Шет тілінде халықаралық ортада психологиялық басқару және кәсіби әңгіме жүргізу әдістерін қолдана отырып, менеджмент саласындағы білім мен қабілеттерді кәсіби деңгейде қолдану.
  • Әлеуметтік, этикалық және эксперименттік пайымдауларды ескере отырып, энергетикалық және технологиялық қондырғылардың тиімділігін арттыру үшін технологиялық жабдықты басқару жүйелерінің және ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы туралы ақпаратты жинауды және интерпритациялауды жүзеге асыру.
  • Энергия үнемдеу, электромеханика және жарықтандыру саласында оқуды өз бетінше жалғастыру үшін алынған дағдыларды ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінде одан әрі қолдана отырып, оқыту дағдыларын дамыту.
  • Қабылданатын ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдердің шарттары мен салдарын бағалау және бизнес-процестерді модельдеу, сондай-ақ бизнес-шешімдердің іскерлік қасиеттерін көрсету.
  • Ауыл шаруашылығындағы энергиямен қамтамасыз етудің қазіргі заманғы мәселелерін шешу үшін комъпьтерлік және математикалық модельдеу әдістерін қолдана отырып, энергетикалық жүйелерді басқарудың қазіргі заманғы құралдары саласында дамып келе жатқан білімдері мен түсініктерін көрсете білу.
Top