Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M08401 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Магистранттарды мемлекет пен нарық қажеттіліктеріне негізделген индустриалды балық шаруашылығы саласындағы теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету, сонымен қатар қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M134 Балық шаруашылығы
  • Дайындық бағыты 7M084 Балық шаруашылығы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Су организмдерінің тіршілігін ғылыми-зерттеулердің қазіргі бағыттарын білуі, ихтиологиялық және гидробиологиялық зерттеулер жүргізу, зерттеудің далалық әдістерін меңгеру, мәселелерді зерттеу және шешу бойынша міндеттерді қою және шеше білуі.
  • Халықаралық ортада ағылшын тілінде кәсіби әңгіме жүргізу қабілеті, ғылыми-техникалық және педагогикалық сұрақтардың кең шеңбері бойынша сұхбаттаса білуі
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде көшбасшылық қасиеттерді, бизнес шешімдерді моделдеу кезінде іскерлік қасиеттерін көрсете білу қабілеті, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқара білуі
  • Су қоймалардың биоөнімділігінің және ішкі су айдындарының биологиялық ресурстар қорының қалыптасуының теориялық негіздерін дәлелдеу, сондай-ақ Қазақстанның аквакультурасын білуі.
  • Ғылым философиясы, психология және педагогика мәселелерінде ой-өрісін көрсету, балық шаруашылығы негіздерін оқытудың қазіргі заманғы әдістемесін қолдану, әртүрлі психологиялық жағдайларда оңтайлы нұсқаларды табу және басқару шешімдері бойынша қабілетілігін көрсете білуі
  • Асыл тұқымды балық өсіру, балықтың бағалы түрлерін өсіру биотехникасы, су биоресурстарының мониторингін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру қабілетті
  • Балық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарда, мемлекеттік органдарда сарапшылар ретінде, ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкерлер ретінде жұмысты жоспарлау.
  • Өндірістік, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті ұйымдастыру және жүргізу, балық шаруашылығы қызметін дербес жоспарлау қабілеті
  • Қазақстанның ішкі су айдындарындағы балық ауруларын анықтау мен оларды алдын алу және күресу шараларын жүргізу қабілеті
  • Балық өсіру шаруашылығы мамандарының жұмысын бағалау және басқару қабілеті, көшбасшылыққа және қалыпты психологиялық жағдаймен қамтамасыз етуге дайындығы.
  • Ішкі су айдындарында гидробионттарды жерсіндіру негіздері мен акклиматизанттардың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтай білуі.
  • Балық ауруларының себептерін анықтау үшін балық шаруашылығы зерттеулерінің заманауи әдістерін қолдану; балық азықтарының жіктелуін және акваөсіру құнды объектілерін азықтандыру технологиясын білу; балық және басқа гидробионттарды өсіру және азықтандыру бойынша пайдаланылатын технологиялардың экономикалық тиімділігін есептеу, табиғи биологиялық су ресурстарын пайдаланудың шығындары мен пайдасын бағалау
Top