Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M08402 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау (1ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Магистранттарды индустриалды балық өсіру саласында мемлекет пен нарық мүддесін ескере отырып, оларды теориялық білім беру және іс жүргізу тәжірибесімен қамтамасыз ету, сондай-ақ өндіріс орындарында ғылыми және тәжірибелік мәселелерді алға қойып, оларды шешуге қабілетті мамандарды дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M134 Балық шаруашылығы
  • Дайындық бағыты 7M084 Балық шаруашылығы

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде көшбасшылық қасиеттерді, бизнес шешімдерді моделдеу кезінде іскерлік қасиеттерін көрсете білу қабілеті, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқара білуі
  • Қазақстанның ішкі су айдындарындағы балық ауруларын анықтау мен оларды алдын алу және күресу шараларын жүргізу қабілеті
  • Су қоймаларының биоөнімділігінің және ішкі су айдындарының биологиялық ресурстар қорының қалыптасуыныңтеориялық негіздерін дәлелдеу, сондай-ақ Қазақстанның аквакультурасын білуі
  • Халықаралық ортада ағылшын тілінде кәсіби әңгіме жүргізу қабілеті, ғылыми-техникалық және педагогикалық сұрақтардың кең шеңбері бойынша сұхбаттаса білуі
  • Ішкі су айдындарында гидробионттарды жерсіндіру негіздері мен олардың мүмкіндіктерін анықтап, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру;
  • Балық өсіру шаруашылығы мамандарының жұмысын бағалау және басқару қабілеті, көшбасшылыққа және қалыпты психологиялық жағдаймен қамтамасыз етуге дайындығы, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау
  • Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздерін және топтық менеджментті игере отырып, өндіріс орындарын тиімді басқару, ұйымда әр түрлі мәселелерді шеше білуі
  • Балық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындарда, мемлекеттік органдарда сарапшылар ретінде, ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкерлер ретінде жұмысты жоспарлау.
  • Су организмдерінің тіршілігін ғылыми-зерттеулердің қазіргі бағыттарын білуі, ихтиологиялық және гидробиологиялық зерттеулер жүргізу, зерттеудің далалық әдістерін меңгеру, мәселелерді зерттеу және шешу бойынша міндеттерді қою және шеше білуі
  • Өндірістік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, балық шаруашылығы қызметін дербес жоспарлау қабілеті
  • Асыл тұқымды балық өсіру, балықтың бағалы түрлерін өсіру биотехникасы, су биоресурстарының мониторингін жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру қабілеті
Top