Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05210 Гидрология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Гидрологиялық білімдердің негіздері
    Несиелер: 5

    Гидрологиялық процестердің жалпы даму заңдылықтарын, гидрологиялық процестердің табиғат жағдайларымен өзара байланысы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    «Мамандыққа кіріспе» пәні – гидросфера концепциясы; гидрология және басқа ғылымдар арасындағы оның орны; су ресурстары және оларды пайдалану; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ университетінің құрылымы; олардың дамуының қысқаша тарихықарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Геодезия негіздері
    Несиелер: 5

    Топографиялық суреттеудің қазіргі заманғы технологиялары, жергілікті жерде кез келген нүктені және жер-су телімдерін анықтауда топографиялық план мен карталармен жұмыс жасау негіздері, сондай-ақ геодезиялық приборлар туралы мәлімет, оларды қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып өлшеу және математикалық өңдеуді оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математика
    Несиелер: 5

    Берілген курс математикалық аппараттарды меңгеру үшін және қолданбалы есептерді шешу үшін керек. Курс келесі мамематикалық тараулардан тұрады: сызықтық алгебра, аналитикалық геометрия, функция, функцияның шегі, дифференциалдық және интегралдық есептеулер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғарғы математика
    Несиелер: 5

    Математикалық ойлауды дамыту және қолдануға (бейімділік, математикалық ойлау әдісін және презентацияларды маман ретінде қалыптастыру). Дәлелдемелер негізінде мәселені анықтау және қорытындылау үшін негізгі білімді және әдістемені пайдалану бейімділігі, мамандандырылған тапсырмаларды шешу үшін өзінің білімі мен әдістемесін қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инженерлік геодезия
    Несиелер: 5

    «Инженерлік геодезия» пәні геодезиялық жұмыстарда, жобалауда, әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарды салуда және пайдалануда, пайдалы қазбаларды барлауда және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғауда геодезиялық жұмыстар әдістерін зерттейді. Қазіргі заманғы геодезияның негізгі бағыттарының бірі. Пәндерді зерделеу гидротехникалық құрылыстарды барлау, жобалау, салу және пайдалану үшін қажетті білім алуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Гидрометрия негіздері
    Несиелер: 5

    «Гидрометрия негіздері» курсында ҚР, ТМД және шетелдердегі қазіргі заманғы гидрометриялық зерттеу ұйымдарының негізгі принциптері, гидрометриялық зерттеулерде қолданылатын құралдар мен қондырғылар, далалық гидрометриялық жұмыстарды өңдеу әдістері, далалық мәліметтерді өңдеу және баспаға даярлау сұрақтары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Геохимия
    Несиелер: 6

    Химияның негізгі түсініктерін, заңдарын және модельдерін білу және қолдану икемдігін қалыптастыру. Табиғи және ағын сулардың сапалы және сандық құрамын анықтау әдістері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құрлық гидрологиясы
    Несиелер: 6

    Жер бетіндегі, ТМД мен Қазақстан аумағында су ресурстарының негізгі бөліну заңдылықтарын оқыту. Ағынның қалыптасу ерекшеліктері мен ағын қалыптастыругы факторларды қарастыру. Су теңдестігі туралы түсінік, су теңдестігінің түрлері мен олардың элементтері, зоналық және азоналды аумақтардағы су теңдесігінің ерекшеліктері сипатталады. Қатты ағынды туралы түсінік, оның негізгі сипаттамалары және оларды анықтау әдістері. Жер бетіндегі су ресурстарынын сандық және сапалық сипаттамалары, онын негізгі ұғымдары. Өзен арнасының қалыптасуы мен арналық процестер және оларға географиялық сипаттамалардың әсері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Гидрохимия
    Несиелер: 6

    Болашақ гидролог мамандарды табиғи және ағынды сулардың химиялық құрамының ерекшелігін және оларды өңдеудің физика-химиялық негіздері бойынша білімдерін қалыптастырады.Гидрохимия табиғи және ағын сулардың сапасы мен құрамын олардың физикалық және химиялық қасиеттері негізінде өңдеу, ластану және суаттарды өздігінен тазалау үдерістері жайлы білім қалыптастыру үшін керек. Сонымен қатар әртүрлі құрамды судың қасиеттерін сипатайтын түсініктер берілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы метеорология
    Несиелер: 6

    «Жалпы метеорология» пәні атмосфера туралы ғылымның негіздерімен, атмосферада жер бетімен өзара тығыз байланыста жүріп жататын физикалық процестердің сипатымен таныстырады. Атмосфераның құрамы және құрылысы, қысымның, температураның, ылғалдылықтың кеңістіктік өзгеру заңдылықтары, күн радиациясының атмосферада түрленуі, атмосфераның радиациялық режимі, атмосфераның жылу режимінің өзгеруі және атмосферадағы судың фазалық өзгеру процестері, атмосфера циркуляциясының жалпы заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физикалық метеорология
    Несиелер: 6

    «Физикалық метеорология» пәні атмосфера туралы ғылымның негіздерімен, атмосферада жер бетімен өзара тығыз байланыста жүріп жататын физикалық процестердің сипатымен таныстырады. Атмосфераның құрамы және құрылысы, қысымның, температураның, ылғалдылықтың кеңістіктік өзгеру заңдылықтары, күн радиациясының атмосферада түрленуі, атмосфераның радиациялық режимі, атмосфераның жылу режимінің өзгеруі және атмосферадағы судың фазалық өзгеру процестері, атмосфера циркуляциясының жалпы заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өзен гидрологиясы
    Несиелер: 6

    Өзеннің қалыптасу заңдылықтарын, су жинау алабына морфометриялық және морфологиялық сипаттамалардың әсері туралы оқыту. Гидрологиялық деректер жеткілікті және жеткіліксіз болған жағдайда қалыпты ағындыны есептеу. Өзен ағындысының негізгі статистикалық сипаттамаларын анықтау, суы орташа жылдардағы өзен ағындысын және жылішілік бөлінуін есептеу. Ағындының максималды және минималды мәндері туралы түсінік, су аз жылдар мен көп жылдардағы ағындыны анықтау және су өтімінің маусымдық бөлінуін есептеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Оқу пәні адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әсер тәсілдерін, адамның қауіпсіз ортада тіршілік етуін, экологиялық факторларды, қоршаған орта сапасының ғаламдық өзгерістерін және олардың салдарын қарастырады. Сонымен қатар, су ресурстарының, әуе бассейнінің экологиялық қауіпсіздігін, жер ресурстарының деградациясы мен тозуын, экологиялық тәуекел, ҚР азық түлік қауіпсіздігі және ҚР территориясындағы антропогенді әс-әрекетпен байланысты табиғи, техногенді апаттарды және олардан қорғану тәсілдерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    Курс кәсіби-тәжірибелік бағытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Гидрофизика
    Несиелер: 5

    «Гидрофизика» курсында судың үш агрегаттық күйіндегі молекулярлық физикасы, судың негізгі қасиеттері мен аномалиялары, жылу алмасудың негізгі ережелері, стационарлық және стационарлық емес температуралық өрістер, су бетінің, қардың, мұздың, топырақтың булану үрдістері қарастырылған. Су тоғаны мен өзендердің гидротермалық және мұзды техникалық есептеулерін жүргізудің әдістемесі берілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Гидрогеология геология негіздерімен
    Несиелер: 5

    «Гидрогеология геология негіздерімен» курсында Жердің даму тарихы, жер қыртысының типтері, жер қыртысының минералдық және петрографиялық құрамы, геохронология, тау жыныстарының сулы-физикалық қасиеттері, жерасты суларының пайда болу жағдайы мен олардың жіктелуі, жерасты суларының физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы, жер беті суларының жерасты суларымен байланысы, жерасты суларының динамикасы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Гидрография
    Несиелер: 5

    Гидрография курсында әлемде, Қазақстанның және ТМД елдердің түрлі физика-географиялық жағдайларындағы объектілерінің сипаттамалары, су объектілердің гидрографиялық сипаттамаларын бағалау, олардың географиялық орналасуының және гидрологиялық режимінің ерекшеліктерін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Суағарлар және тоғандар
    Несиелер: 5

    Суағарлар және тоғандар курсында әлемде, Қазақстанның және ТМД елдердің түрлі физика-географиялық жағдайларындағы объектілерінің сипаттамалары, су объектілердің гидрографиялық сипаттамаларын бағалау, олардың географиялық орналасуының және гидрологиялық режимінің ерекшеліктерін анықтау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің сандық платформаларын, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық ақпаратты өңдірудің түрлі әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды.Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет.Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геология инженерлі гидрогеология негіздерімен
    Несиелер: 5

    «Геология инженерлік гидрогеология негіздерімен» курсында жалпы геологияның минералогия, петрография, тектоника, стратиграфия, динамикалық геология, тарихи геология бөлімдері мен инженерлік гидрогеологияның жалпы гидрогеология, гидрогеохимия, динамикалық гидрогеология, сонымен қатар сулы горизонттардың қалыптасу тарихы мен жайғасу жағдайлары, олардың режимі мен балансы, гидрогеологияның инженерлік сұрақтары мен олардың шешуі тараулары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды зерделеуге бағытталған. Биологиялық және сабақтас ғылымдар, қоршаған орта саласында және физика-химиялық ғылымдар саласында, сондай-ақ математика және статистика саласындағы барлық нормативтік актілер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – практикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құрлық су тоғандарының гидрофизикасы
    Несиелер: 5

    «Құрлық су тоғандарының гидрофизикасы» курсында құрлық суларының гидроизикасының жалпы сұрақтары: су массасының араласуы, жылу балансы, булану мен мұздық режим, мұздың қсуі мен су тоғандарын ашу қарастырылған. Басқа сипаттамаларды есептеу әдісі берілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өзен гидрометриясы
    Несиелер: 5

    «Өзен гидрометриясы» курсында су нысандарының негізгі гидрологиялық сипаттамаларының есептелу сұрақтары қарастырылады. Су шығыны мен су деңгейінің статистикалық анализ негіздері оқытылады. Су ағынының орташа жылдамдығын анықтаудың есептеу әдістері, су шығынын қалытқы және зырылдауықтың көмегімен есептеу. Су өтімін негізгі әдістермен анықтауды оқыту: графикалық, графоаналитикалық және тахиографиялық.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Гидравлика және ГТҚ
    Несиелер: 6

    «Гидравлика және ГТҚ» пәні студенттерді гидрологияда қолданылатын гидротехникалық құрылыстарымен таныстырады және заманауи гидротехниканың міндеттері мен құралдары туралы жалпы түсінік береді. Осы пәні бойынша гидроэнергетика, жерді жақсарту, су көлігі, сумен жабдықтау, балық аулауды ұйымдастыру және топырақтың су эрозиясына қарсы күресте қолданылатын гидротехникалық құрылымдар туралы жалпы ақпарат; су жолдарының жіктелуі, гидротехникалық қондырғылардың типтері және гидротехникалық құрылыстарды салу үшін ДСмЕ қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гидротехникалық құрылыстар
    Несиелер: 5

    «Гидротехникалық құрылымдар» пәні студенттерді гидрологияда қолданылатын гидротехникалық құрылыстарымен таныстырады және заманауи гидротехниканың міндеттері мен құралдары туралы жалпы түсінік береді. «Гидротехникалық құрылымдар» пәні бойынша гидроэнергетика, жерді жақсарту, су көлігі, сумен жабдықтау, балық аулауды ұйымдастыру және топырақтың су эрозиясына қарсы күресте қолданылатын гидротехникалық құрылымдар туралы жалпы ақпарат; су жолдарының жіктелуі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жалпы және өзен гидравликасы
    Несиелер: 6

    «Жалпы және өзен гидравликасы» пәні студенттерді өзен ағынының негізгі заңдарымен және инженерлік есептерді теориялық негіздеумен, өзен ағынын эксперименталды және толық ауқымды зерттеулермен таныстырады. «Жалпы және өзен гидравликасы» пәнін оқып үйрену өзен арнасындағы судың гидравликалық параметрлерін анықтау үшін инженерлік есептеулер тәсілдерін, әдістерін игеру, өзен ағынының негізгі ағымдары мен ағынын түсіндіру үшін білім қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гидрологиялық есептеулер
    Несиелер: 7

    Гидрологиялық есептеулер гидрологиялық сипаттамалардың қалыптасуына табиғи факторлардың әсерін, ықтималды-статистикалық принциптерін пайдалануды, есептеулер тәжірибесіне әр түрлі шаруашылық салаларының талаптарын, көпжылдық бақылаулар материалдары бойынша ағынның орташакөпжылдық мәнін есептеуді, гидрологиялық есептеулер саласындағы негізгі ұғымдар мен түсініктерді зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гидроинформатика негіздері
    Несиелер: 7

    «Гидроинформатика негіздері» курсы студенттерді гидроинформатиканың теориялық мәселелерімен және негізгі постулаттарымен; далалық зерттеулерді жинау және кодтау әдістері туралы түсінік қалыптастырады; картографиялық ақпаратты енгізу әдістері; геоақпараттық модельдеу теориясының сұрақтарымен; ақпаратты ГАЖ-да географиялық бейнелеу әдістерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Автоматтандырылған су кадастры
    Несиелер: 5

    Курста гидрологиялық желіні автоматтандыру, Қазақстан гидрологиялық қызметінің кешенді автоматтандырудың негізгі нобайылары, гидрологиялық бақылауларды автоматтандырудың әдіснамалық мәселелері, бақылау нәтижелерін механикаландырылған өңдеу әдістері, сонымен қатар гидрологиялық бақылауларды автоматтандыру әдістерін қолдану және жетілдіру сұрақтары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гидроинформатика
    Несиелер: 7

    "Гидроинформатика" курсы студенттерде қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның дамуындағы ақпараттың мәні мен мәнін түсіну қабілетін қалыптастыруға, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын пайдалануға, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын, ғаламдық компьютерлік желілерде ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гидротехника негіздері
    Несиелер: 5

    «Гидротехника негіздері» пәні студенттерді гидрологияда қолданылатын гидротехникалық құрылыстарымен таныстырады және заманауи гидротехниканың міндеттері мен құралдары туралы жалпы түсінік береді. «Гидротехника негіздері» пәні бойынша гидроэнергетика, жерді жақсарту, су көлігі, сумен жабдықтау, балық аулауды ұйымдастыру және топырақтың су эрозиясына қарсы күресте қолданылатын гидротехникалық құрылымдар туралы жалпы ақпарат; су жолдарының жіктелуі, гидротехникалық қондырғылардың типтері және гидротехникалық құрылыстарды салу үшін ДСмЕ қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Су шаруашылығы және су шаруашылық есептеулер
    Несиелер: 5

    «Су шаруашылығы және су шаруашылық есептеулер» пәні өзен ағынын, су қоймаларын және олардың негізгі сипаттамаларын, резервуардағы судың жоғалуын және оларды бақылауды, интегралды дренажды қисықтарды, ағындарды бақылаудың жалпы әдістерін, су қоймаларын есептеудің сандық және ықтималдық әдістерін және диспетчерлік су тасқыны мен су тасқынын реттеуге, арна үрдістеріне реттеуді жоспарлау, реттеу теориясының негізгі ережелерін зерттеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Гидрологияда ГАЖ технологиясын қолдану
    Несиелер: 5

    «Гидрологияда ГАЖ технологиясын қолдану» пәні географиялық байламасы бар, карталандыру мен объекті анализі үшін қолданылатын заманауи компьтерлік технологиялар негізін және осы нысандармен болатын оқиғаларды құрамына кіргізетін профильді пән болып табылады. Бұл технология картографиялық мәліметтерді толыққанды көру кұралдары мен сұрау, статистикалық анализ сияқты мәліметтер базасына байланысты дәстүрлі операцияларын біріктіруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағын динамикасы және арналық процестер
    Несиелер: 5

    «Ағын динамикасы және арналық процестер» пәні гидролог-студенттерді ағын динамикасын және кинематикалық негізімен, ағынды шөгінділерінің қалыптасуы мен су көліктеріндегі шөгінділермен, ағын құбылыстармен, ағындының өзенге келу әдістерімен ағын деформациясымен таныстырады. Ағын динамикасының классикалық және өзен гидравликасынан артықшылығы бір негізді ағындармен емес, кеңістіктегі 2 немесе 3 негізді ағындарды қарастырады. Ағын сұйық ретінде де және деформациялық ағыс ретінде де қарастырылады. Сонымен қатар өзен ағындраын және ағындыдағы шөгінділердің заңдылықтарын қарастрады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Су - теңдестік зерттеулер
    Несиелер: 5

    «Су теңдестік зерттеулер» курсында су балансын зерттеу мен есептеудін әртүрлі су объектілеріне және аумақтарына және әртүрлі есептеу кезеңдеріне арналған әдістері, сонымен қатар су теңгерімінің жекелеген элементтерін өлшеудің және есептеудің дұрыстығын бағалау оқытылады. Өзен бассейндерінің, көлдердің, су қоймаларының, рекультивацияланған жерлердің су балансын зерттеудің қолданбалы аспектілері қарастырылып, Қазақстан территориясы мен бүкіл әлемдегі су балансын және су ресурстарын сандық бағалау қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қысқамерзімді гидрологиялық болжамдар
    Несиелер: 5

    «Қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар» пәні сәйкес деңгейлер мен су шығындары арқылы болжау әдістерін; су тасқыны толқындарының өзгеруінің жақындатылған теңдеулеріне негізделген су деңгейімен шығынына қысқа мерзімді болжау және оның сипаттамалары, ағын гидрографын графоаналитикалық әдіс арқылы болжау әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Гидрологиядағы халықаралық байланыстар
    Несиелер: 5

    «Гидрологиядағы халықаралық байланыстар» курсында келесі бағыттар оқытылады: пәннің негізгі қағидалары мен түсініктері. Пән халықаралық қатынастармен тығыз байланысты, қазіргі кездегі трансшекаралық өзендер мәселелері аймақтық саясат мәселесімен байланысты. Суды тұтынудың халықаралық бірлесіп басқару жүйесі. Трансшекаралық өзендердің сушаруашылық мәселелерінің Қазақстан Республикасының Су кодексіндегі шешімдері. Қазақстанның көптеген экологиялық проблемалары трансшекаралық сипатта екендігі бірінші кезекте, су проблемасына қатысты. Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалауға қатысты маңызды сұрақтарды көршілес мемлекеттермен бірлесе отырып шешу мәселелері. Халықаралық бассейндерінің мәселелерін шешкенде әртүрлі гидрологиялық және су шаруашылығы мәселелерін білімді деңгейде меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар
    Несиелер: 5

    «Ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар» пәні гидрологиялық болжамдар аясындағы негізгі түсініктері мен анықтамаларын зерттейді; қар жамылғысының және топырақ бетіндегі мұз қабатының су қорын анықтау; өзендердің су режимін ұзақ мерзімді болжау әдісі; қар ерудің қарқындылығын және су жоғалуын есептеу; таулы және жазық өзендерді ұзақ мерзімді болжау әдістерін; болжау әдістерінің дұрыстығы мен болжам дәлдігін бағалаудың жалпы принциптері; ағып жету уақытын ескере отырып, ағын қалыптастырушы жауын-шашынды анықтау; өзендердің мұз режимін ұзақ мерзімді болжау әдісі; тау және жазық өзендерде әртүрлі гидрологиялық құбылыстардың болжамдары. Ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар қазіргі таңда кеңінен қолданылып келеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гидрологиялық процесстерді моделдеу
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде «математикалық модельдеу» жалпы тұжырымдамасымен біріктірілген өзен ағысы мен қауіпті гидрологиялық құбылыстардың қалыптасу процестерін зерттеу, талдау және математикалық сипаттаудың заманауи әдістері туралы материалдар бар. Модельдеудің мақсаттары мен мүмкіндіктері, модельдердің әртүрлі жіктелуі, олардың принциптері жобалау, гидрологиялық модельдердің мазмұны, модельдеу режімдері, оны гидрологиялық есептеулер мен жаңа буынның болжамдары әдістерінде қолдану. Детерминистік және стохастикалық математикалық модельдердің ерекшеліктері, олардың жақын болашақтағы гидрологиялық есептеулердегі рөлі талқыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өзен ағындысына антропогендік әсер етуді бағалау
    Несиелер: 5

    Су теңгерімінің жекелеген элементтерін өлшеудің және есептеудің дұрыстығын бағалау оқытылады. Өзен бассейндерінің, көлдердің, су қоймаларының, рекультивацияланған жерлердің су теңдестігін зерттеудің қолданбалы аспектілері қарастырылып, Қазақстан территориясы мен бүкіл әлемдегі су балансын және су ресурстарын сандық бағалау қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Су шаруашылық жүйелерді модельдеу
    Несиелер: 5

    Бұл пәннің ерекшелігі гидрологиялық үрдістерді гидрологиялық құбылыстарды сандық бағалау тұрғысынан зерделеу болып табылады. Бұл құбылыстар сапалы жоғары (абстракттік) деңгейде терең енуге мүмкіндік беретін формулаларды (модельдерді) және математикалық әдістерді қолдануды қарастырады. Белгілі бір мағынада тәртіп бізге гидрологиялық «жаңалықтарды» тікелей табиғи объектімен (өзен ағыны, көл, және т.б.) емес, оның математикалық моделімен байланысу арқылы жасауға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гидрологияда ГАЖ технологиясын және космостық суреттерді қолдану
    Несиелер: 6

    «Гидрологияда ГАЖ технологиясын және космостық суреттерді қолдану» пәні географиялық байламасы бар, карталандыру мен объекті анализі үшін қолданылатын заманауи компьютерлік технологиялар негізін және осы нысандармен болатын оқиғаларды құрамына кіргізетін базалық пән болып табылады. Бұл технология картографиялық мәліметтерді толыққанды көру кұралдары мен сұрау, статистикалық анализ сияқты мәліметтер базасына байланысты дәстүрлі операцияларын біріктіруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гидроэкология
    Несиелер: 5

    «Гидроэкология» курсында келесі бағыттар оқытылады: пәннің негізгі қағидалары мен түсініктері. Адамның іс-әрекеті нәтижесіндегі гидроэкожүйенің ластануының гидробионттардың дамуына әсері. Жер үсті суларының ластануының табиғи ландшафттардың дамуына әсері. Табиғи-территориалды кешендердің (ТТК) даму заңдылықтары. Су ластануының индексін есептеу (СЛИ). гидроэкожүйені ластану мен сарқылудан қорғау тәсілдері, экологиялық қауіпсіз техниканы енгізу,су ортасының сапасын жақсарту үшін қабылданатын шешімдер жолын оқыту болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көктемгі су тасқынының болжамы
    Несиелер: 5

    Курста қар жамылғысының және топырақ бетіндегі мұз қабатындағы су қорларының, қардың және судың жоғалуы қарқындылығы, суықтату және топырақты мұздату, еріген қардың ысыраптарын анықтау, көктемгісу тасқынының элементтерін болжа уәдістеріне септеу әдісі қарастырылған. Студенттер сондай-ақ алаптағыі су ағынын анықтаудың және жауын-шашынның жоғалуын анықтаудың келесі әдістерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Трансшекаралық өзендер проблемасы
    Несиелер: 5

    «Трансшекаралық өзендер мәселелері» курсында пәннің негізгі қағидалары мен түсініктері: супайдалану, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану, су сапасы, суқорғау зонасы т.б. мәселелер оқытылады. ҚР негізгі су қорын қорғау және басқару әдістері. Трансшекаралық өзендер бассейндерінің физикалық-географиялық жағдайы. Су пайдаланудың жетілдірілген әдістері, трансшекаралық өзендердің гидроресурстарын бағалау, қалпына келтіру, табиғат және адам денсаулығын қорғау негіздері. Су және сушаруашылық баланстарын құру әдістері, табиғат және адам факторы әсерінен болып жатқан өзгерістерді бағалау әдістері. Гидрометриялық өлшеулермен гидрологиялық ақпараттарды қабылдау және алу, өңдеу, пайдалану әдістері. Трансшекаралық өзендердің бассейндерінің гидрологиялық сипаттамасының негізгі есептерінің инженерлік әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геоэкология
    Несиелер: 5

    «Геоэкология» курсында келесі бағыттар оқытылады: пәннің негізгі қағидалары мен түсініктері. Адамның іс-әрекеті нәтижесіндегі гидроэкожүйенің ластануының гидробионттардың дамуына әсері. Жер үсті суларының ластануының табиғи ландшафттардың дамуына әсері. Табиғи-территориалды кешендердің (ТТК) даму заңдылықтары. Су ластануының индексін есептеу (СЛИ). гидроэкожүйені ластану мен сарқылудан қорғау тәсілдері, экологиялық қауіпсіз техниканы енгізу,су ортасының сапасын жақсарту үшін қабылданатын шешімдер жолын оқыту болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өзен ағынындысына антропогендік ластанудың әсері
    Несиелер: 5

    Су теңгерімінің жекелеген элементтерін өлшеудің және есептеудің дұрыстығын бағалау оқытылады. Өзен бассейндерінің, көлдердің, су қоймаларының, рекультивацияланған жерлердің су теңдестігін зерттеудің қолданбалы аспектілері қарастырылып, Қазақстан территориясы мен бүкіл әлемдегі су балансын және су ресурстарын сандық бағалау қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гидрологиялық ақпараттарды заманауи статистикалық әдістермен өңдеу
    Несиелер: 5

    «Гидрологиялық ақпараттарды замануи статистикалық әдістермен өңдеу» курсында әртүрлі гидрологиялық мәселелерді шешуде заманауи әдістер қарастырылады. Гидрологияда қолданылатын ықтималдықтардың бөлу қисықтары мен талшықтары, гидрологиялық ақпараттың біркелкілігі мен кездейсоқтықты бағалау әдістері, ұзақ мерзімді гидрологиялық сипаттамалардың ауытқуларын талдау әдістері қарастырылады. Әртүрлі гидрологиялық міндеттерді шешу әдістері нақты мысалдармен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу

  • Код ON9

    Құралдармен жұмыс жасаудың, әр түрлі су нысандарында жазғы және қысқы жағдайларда далалық гидрометриялық жұмыстарды жүзеге асырудың, сонымен қатар далалық материалдарды өңдеудің және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін баспаға даярлаудың дағдыларын меңгереді

  • Код ON12

    Су нысандарының гидрологиялық сипаттамаларын оқытуда статистикалық аппаратты пайдалануды, гидрологиялық сипаттамалар арасында статистикалық байланысты анықтауды, уақытша гидрологиялық қатарларға талдау жасауды, геоақпараттық жүйелер туралы түсініктерді қалыптстыруды, кеңістік нысандар мен құбылыстарды сандық өңдеуді, ArcGIS бағдарламалық кешенімен жұмыс істеуді және негізгі гидрологиялық процестерді ГАЖ бағдарламаларын пайдална отырып модельдеуді меңгереді.

  • Код ON7

    Жергілікті жердегі геодезиялық аспаптармен өлшеу жүргізу, өлшеу нәтижелерін өңдеу, геодезиялық сызбаларды құрастыру және арнайы гидрологиялық міндеттерді шешу білігі мен дағдыларын қалыптастырады. Картада өзен алабының су айрығы сызықтарын жүргізуді, өзен алаптарының карталарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды, өзен жүйелерінің морфометриялық сипаттамаларын анықтауды, өзендердің жылдық ағындыларының сипаттамаларын есептеуді, бір сипаттамадан басқа сипаттамаларға көшуді меңгереді, атмосфераның құрылымы мен құрылысын, атмосфераның радиациялық тәртібін, атмосфераның жылу режимімен төселме беткеймен әрекеттесуін, атмосферадағы судың трансформациясын біледі.

  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.

  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON8

    Минералдар мен тау жыныстары, жер асты суларын қалыптастырушы геологиялық процестерді, табиғи сулардың химиялық құрамын қалыптастыруға әсер ететін факторларды, әр түрлі табиғи сулардың химиялық құрамының ерекшеліктерін және оларды топтастыруды, сынама алу, табиғи суларды сынама алуға дайындау әдістері туралы білімді көрсетеді. Су деңгейінің бетін карталау, жер асты суларының табиғи ресурстарын есептеу үшін қажетті негізгі параметрлерді анықтау, жер асты суларының динамикасын есептеу, судың физикалық-химиялық талдауын жүзеге асыру, гидрохимиялық талдау нәтижелерін өңдеу және ұсыну әдістерін практика жүзінде меңгеру.

  • Код ON11

    Ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгере отырып су сапасын бағалау мен су қоймаларының экологиялық жағдайы туралы қолданбалы білімді пайдалануды, гидрологиялық сипаттамаларға есептеулер жүргізу үшін негізгі статистикалық әдістемелерді қолдануды, су-мұз режимінің элементтеріне қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар жасауды, құрлық суларына антропогенді әсерді бағалауды, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғаудың ұсыныстарын беруді меңгереді.

  • Код ON10

    Өзендердегі негізгі гидротехникалық құрылымдарын білу, табиғи, жасанды арналардағы инженерлік гидравликалық есептердің әдістемесі мен жолдарын меңгеру, сондай – ақ гидростатика және гидродинамика негіздері жөнінде көзқарасты қалыптастыру.

  • Код ON3

    – әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі

  • Код ON6

    Күнделікті жағдаяттарда өнеркәсіптік тапсырмалардың шешімінде математикалық ойлау дағдысын қолдану және осы дағдыны дамыту (ойлау және кеңістікте пайымдау) және (формулалар, модельдер, құрастырмалар, сызбалар мен кестелер) презентацияларда өз кәсіби деңгейінде қолдана білу. Негізгі білімі мен әдістемелерін, кездесетін мәселелер мен түйіндемелерін, негізгі дәлелдемелерін өз кәсіби деңгейіндегі тапсырмалардың шешімін табуда пайдалана білу

Top