Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01503 Информатика педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой-пікірлер мен теориялардың дамуы, тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесінің пайда болуы, қалыптасуы қарастырылады. Әртүрлі кезеңдеріндегі әлеуметтік, философиялық, психологиялық, педагогикалық идеялар мен ойлар қарастырылады. Педагогиканың метапәндік идеяларына негізделген білімін көрсету, білімін интеграциялай білу және практикада қолдану жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінен зерттеулердің әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Пәнде информатиканы оқытуда ғылыми зерттеу әдісі, ғылыми ізденістің әдіснамасы, педагогикалық қызмет классификациясы, информатиканы оқытудың технологиясы мен әдістері, педагогикалық технологиялардың жіктелуі, оқыту әдістерінің жіктелуі, кәсіби оқытудың дербес дидактикалық әдістері, оқу есептерінің таксономиясы, информатикадан білімді диагностикалау, критериалды бағалау, сабақты зерттеу мәселелері және өз идеялары мен зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 5

    Информатиканы оқытуда зерттеудің әдістемесін, бағытын таңдау; зерттеудің мәселесін, тақырыбын анықтау; ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі, ақпараттық іздестіру теориясының негіздерін, ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктерін, зерттеулердің алғашқы қойылу, жүргізілу процесін, эмпирикалық зерттеу әдістерін меңгеру; пәнаралық контексте стандартты емес кәсіби мәселелерді шешуде шығармашылық қабілетін пайдалану, өз идеяларын, зерттеу нәтижелерін көпшілікке хабарлауды ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 3

    Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру қабілетін қалыптастыру. Пән талдау, жоспарлау, оқытуды, тәрбиелеуді ұйымдастыру, білім беру процесінде оқытушы мен студенттің субъективті-субъективті өзара әрекеттесу технологияларын түсінуді және қолдануды қалыптастырады. Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесін, педагогикалық ғылымның әдіснамасын, дидактиканы, ғылыми қызмет теориясын зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Шет тілі курсы магистранттардың мәдениаралық, коммуникативті және функционалдық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған; ағылшын тілінің лингвистикалық ерекшеліктері туралы білімдерін игеру және көрсету; зерттелетін тіл елдерінің мәдени ерекшеліктерін түсінуді одан әрі жетілдіру мақсатында шет тілінде пайымдау мен дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру. Тілдерді меңгеру деңгейі халықаралық стандарттардың С2 деңгейіне сәйкес келеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға, тұлғааралық қарым-қатынасты қазақстандық үйлесімді тұлғаның даму факторы, тиімді тұлғааралық қарым-қатынас технологияларын қоғамдық сананы жаңғырту арқылы педагогикалық қызметке дайындауға қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Мәдениаралық, коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы ғылыми педагогикалық іс-әрекетті басқарудың психологиялық негіздерін, субъектілерін, заңдылықтарын білу, тұлғааралық қарым-қатынастағы басқару стильдерін, принциптерін және әдіс-тәсілдерін практикада қолдануды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
    Несиелер: 6

    Пән білім беруді ақпараттандыру саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, зерттеу әдістерін қарастырады. Кәсіби және басқарушылық пробламаларды шешуде білімді ақпараттандырудың негізгі бағыттары мен міндеттерін, техникалық құралдарын, оларға әсер ететін факторларды, ақпараттық білім беру ортасы мен кеңістігі ұғымдарын, компоненттерін, ерекшеліктерін игереді. Ақпараттандыру және оқыту саласындағы білімдерін интеграциялауды жүзеге асыруға бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында информатикасы оқулықтарының проблемалары
    Несиелер: 5

    Пәнде білім беру жүйесіндегі трендтер; ақпараттық қоғам мен жаһандану мәселелері; жаңартылған мазмұндағы оқулықтың сипаты мен міндетінің өзгеруі, мазмұнына қойылатын талаптар, оқулықтарды баспадан шығару, оқулықтардың электронды нұсқаға көшуі; бірнеше тілдегі оқу әдебиеттерін талдау мен сапасын бағалау жүйесі қарастырылады. Стандартты емес жағдайларды, шығармашылық қабілеттерді қалыптастыруда білімдерді интеграциялай білуді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мобильдік қосымшаларды жасау
    Несиелер: 5

    Пән Scrum әдіснамасының теориялық негіздерін, Android/IOS мобильді қосымшаларын оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, зерттеу әдістерін меңгеруге бағытталады. Ақпараттық жүйені құруға арналған тапсырмалар тізімін жасауды, спринттерді программалау, цифрлік технологиялар негізінде жоба құру, оны жүзеге асыруды, интернет желісінде таратудың маркетингтік процедураларын қолдануды және ІТ саласындағы білімдерін интеграциялауды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында элективті курстарын жобалау
    Несиелер: 5

    Пән – экономикалық, қаржылық сауаттылық, бизнес-жоспар құру, қаржылық талдау, кәсіпкерлік бөлімдерді оқытуды қарастырады. Стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушы проблемаларды шешу үшін компьютерлік технологиялар мүмкiндiктерiн қаржылық, эконометрикалық есептерді шешуді, бизнес-жоспар құруды және есептерді шешу іскерліктерінің нәтижелерін жобалау жұмыстарында білімдерді интеграциялауды және өз пікірлерін қалыптастыруды үйренуді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектепте информатиканы оқытудың ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнде әлемнің жүйелі-ақпараттық бейнесін қалыптастырудың ғылыми негіздері; информатиканың фундаментальды ұғымдары; программалау тілдерінің парадигмалары; компьютерлік жүйелердің архитектуралық ерекшеліктері; деректер базасын құру принциптері; білім берудегі робототехника және Web – программалаудың негіздері қарастырылады. Пәнаралық білімдерді интеграциялауда аналитикалық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін шығармашылық қабілетін кәсіби деңгейде меңгеруді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Информатиканы оқыту мен IT-салаларындағы ғылыми көзқарастарды, заманауи технологиялардың көмегімен оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жаңартылған бағдарлама негізінде қолдануды, дамытылатын білімдер мен түсініктерді, оқытудың дидактикалық негіздерін, жобалық программалаудың мәселелерін, білім берудің жаңа жүйесін зерттеуді қарастырады. Коммуникативтілік сыни ойлау қабілетін дамыта отырып шығармашылық пен кәсіби мәселелерді шешуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім беретін электрондық басылымдар мен интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдану
    Несиелер: 6

    Пән электронды білім беру басылымдары мен ресурстарын дайындауды, қолдануды, интеграциялауды, сараптама жасау технология негіздерін оқытуда пайдалануды, интернет-порталдарымен жұмыс істеуді, интернет желісінде жариялау мәселелерін қарастырады. IT саласындағы электронды білім беру басылымдары мен ресурстарын қолдануға арналған бағдарламалық қосымшаларды құрастыруға, жобалауға және оқуды жалғастыру үшін білімді интеграциялауға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқу үрдісінде мобильдік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Пәнде ІТ саласында оқытудың анықтамалық және ақпараттық-білім беру материалдарын тіркеу, өңдеу, жедел қол жеткізу жолдары қарастырылады. Мобильді құрылғыларға бейімделген оқыту ұйымының білім беру порталы арқылы оқу ақпаратын алуға, көрсетілген ресурстарды өз пікірін қалыптастыру үшін on-line, off-line режимдерінде семинарлар мен пікірталастарға қатысуға, жобаларды дайындауда, білімдерді, технологияларды қолдана отырып интеграциялауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқу үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын жобалау
    Несиелер: 6

    Пән ЦББР-на арналған бағдарламалық қосымшаларды жобалауды, құрастыруды, ЦББР-ның бағдарламалық қосымшаларына оқу үдерісінде сүйемелдеуді, ендіруді, пайдалану нәтижелері бойынша экспериментальды рефлекциялық жұмыстар жүргізуді қарастырады. ЦББР сауатты жобалауда метапәндік білімдерді интеграциялай білуді, оны жылжытуда IT Startup-ты іске асыра отырып, көпшілік алдында жариялауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім берудегі бұлтты технологиялар
    Несиелер: 5

    Пән «Бұлтты қызметтерді ұсыну» модельдерін: Amazon WebServices, Microsoft Azure Amazon, Oracle BI, Azure ML білімдерін интеграциялау қарастырылады. Бұлтты технологиялар түсінігін меңгеруді, бұлтты технологиялар архитектурасына теориялық білімдері мен шығармашылық қабілетін пайдалана білуді, бұлтты сервистерді жобалау әдістері мен ерекшеліктерін және бұлтты платформалар үшін өз идеясын ұйымдастыра алуды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқу үрдісіндегі сандық білім беру ресурстары
    Несиелер: 5

    Оқу үрдісіндегі сандық білім беру ресурстары пәні – білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде: электрондық оқытудың ақпаратқатынастық білімдік ортасының жинағын құруды; электрондық тасымалдағыштардағы дидактикалық материалдарды дайындауды; электронды ресурстарды, онлайн-талдауларды, мультимедиялық жиынтықтармен жұмыс жасауды қарастырады. Жобалық жұмыстарды дайындау, идеяларды көпшілікке жариялауды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Машиналық оқытуға кіріспе
    Несиелер: 6

    Пән машиналық оқытудың жалпы әдістерін - мұғаліммен және мұғалімсіз, оқытудың негізгі алгоритмдік тәсілдерін, пәнаралық контексте зерттеу әдістерін игеруді қарастырады. Машиналық оқыту алгоритмдері компьютерлерге кіріс мәліметтерінде оқуға және белгілі бір диапазонға түсетін мәндерді шығару үшін статистикалық талдауды қолдануға, метапәндік білімдерді кәсіби проблемаларды шешуге шығармашылық қабілетін пайдалануды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 6

    "Ғылыми зерттеу және Академиялық хат" пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Web- платформадағы электрондық оқыту
    Несиелер: 5

    Пән электрондық білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық нормалары, принциптері, ерекшеліктері, стратегиялық аспектілерін, материалдық қамтамасыз етілуін, электрондық оқытудың құралдарын Web-платформада таңдау мен тиімділігін бағалауды, оны жоғары оқу орындарына енгізудің директивті және бастамашылық негіздерін қарастырады. Жобалық жұмыстарда сандық білім ресурстары көмегімен қорытындылар мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастыруды көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Интернет заттарына кіріспе
    Несиелер: 6

    Пән интернет заттары негізгі түсініктері мен білімдерін, міндеттерін, аппараттық, бағдарламалық және желілік қамсыздандыруларын оқытуды, IoT жүйесін жобалауды, негізгі функционалдылықты дамытуды, желілік қосылыстарды, жіберілетін деректердің форматтары мен түрлерін қарастырады. Жобада таңдалған жабдықты пайдалану арқылы интеграциялауды жүзеге асыру жолдары мен жылжытуды, IT Startup-ты кәсіби және шығармашылық қабілетін пайдалана отырып іске асырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім берудегі робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнде LEGO және Arduino негізінде жиналатын және бағдарламаланатын практикалық тапсырмаларды орындауды, диагностикалау әдістерін, құрастырылған құрылғылардың датчиктерден деректерді оқуды, деректерді өңдеуді, оларды смартфондардан, компьютерден, интернеттен алуды және жіберуді қарастырады. Компоненттер мен схемаларды құрастыруды, бағдарлама жазуды, жобаны жасауды, оны жылжытуды IT Startup-та кәсіби және шығармашылық қабілетін пайдалана отырып өз идеяларын іске асырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON1

    Ғылыми зерттеу контексінде IT саласында және информатиканы оқытуда қолданылатын білім мен түсініктерді, зерттеу әдістерін тізімдейді

  • Код ON5

    Информатиканы оқыту саласында әрі қарай оқуды жалғастыру үшін метапәндік білімдерін интеграциялауды қолдайды

  • Код ON6

    Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, ғылыми жұмыстардың мәтініне ғылыми-сараптамалық бағалауды әзірлейді

  • Код ON2

    Пәнаралық контекст форматында кәсіби және басқарушылық мәселелерді шешу үшін білім мен шығармашылық қабілеттерді таңдайды

  • Код ON3

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетті, цифрлық технологияларды, шет тілдерін қолданады

  • Код ON4

    Идеяларды, тұжырымдар мен проблемалық шешімдерді нақты және тиянақты жария етудің ұйымдастыруын сипаттайды

Top