Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01503 Информатика (1) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи философияның, менеджменттің және жеке тұлғаны психологиялық басқару мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, шет тілінде сөйлеу кәсіби қарым-қатынас теориясы мен практикасын түсіндіреді.
  • Білім беру ұйымдары субъектілерінің қарым-қатынас жүйесін және басқару әдістері мен жеке тұлғаның кәсіби сапаларын бағалау әдістерін меңгереді, шет тілінде зерттеу нәтижелерін баяндайды.
  • Күнделікті өмірде болатын информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қолданбалы міндеттердің күрделі мәселелерін кәсіби шеше алады.
  • Информатиканы оқытудың заманауи әдістері негізінде дәстүрлі идеяларды сыни талдайды, бағалайды, салыстырады және ғылыми зерттеулер үдерісін жоспарлайды, әзірлейді, жүзеге асырады.
  • Компьютерлік жүйелердің архитектурасын, есте сақтау құрылғыларының, процессорлар мен жалпы есептеу кешендерінің жұмысын ұйымдастыруды біледі.
  • Болашақ мұғалімде компьютерлік желілердің жұмыс істеу мүмкіндіктері мен принциптері, әртүрлі форматтарда ұсынылған әр түрлі ақпаратты бірыңғай біртұтас ұйымдастыру және адамның осы деректерге нақты уақыт ауқымында белсенді әсерін қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ таратылған деректерге қол жеткізуді ұйымдастыру туралы білім мен түсініктердің жиынтығын қалыптастыру.
  • Жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерін пайдалану, нақты есепті шешу алгоритмін әзірлеу, бағдарламаларды реттеу, кәсіби міндеттерді тиімді орындау, кәсіби тұлғалық дамытуда қажетті ақпаратты іздеу және пайдалану.
  • Автоматтандыру жүйелерінде есептеу техникасын қолдануға негізделе отырып, басқару жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету үшін оңтайлы желілік технологияларды таңдай алады, техникалық тапсырманы өз бетінше әзірлейді және өндірістік есептерді шеше алады.
Top