Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M01104 Білім берудегі тьютор в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және әдістері
    Несиелер: 5

    «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» пәнін меңгеру барысында магистранттардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру, жобалау және жүзеге асыру құзыреттілігі қалыптастырылады. Курс нәтижесі зерттеушінің бойында әдіснамалық мәдениеттің қалыптастырылуында.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тьюторлық сүйемелдеудің теориясы мен тәжірибесі
    Несиелер: 5

    «Тьюторлық сүйемелдеудің теориясы мен тәжірибесі» тәжірибеге бағдарланған курстың шеңберінде магистранттарға білім алушыларды тьюторлық сүйемелдеу мен қолдау көрсету бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік беретін тьюторлық әрекеттің теориялық негіздері мен технологиясын меңгереді. Мұнда әртүрлі жас кезеңдеріндегі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және оларды сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тілі (кәсіби)» курсының мақсаты тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру. Курс академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тьютор профессиограммасы
    Несиелер: 5

    «Тьютор профессиограммасы» курсының мазмұнында тьютордың мақсаты, міндеттері, құрылымы және іс-әрекет мазмұны және мамандықтың ерекшеліктері, тьюторлық әрекет ұстанымдары, тьютордың жұмыс кезеңдері, тьютордың кәсіби және тұлғалық сапалары қарастырылады. Пәнді оқу барысында магистранттар тьюторлық сүйемелдеудің құқықтық аспектілері мен тьютордың білім алушылардың өмірі мен денсаулығы үшін жекелей жауапкершілігі туралы білімді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім берудегі тьюторлық
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында магистранттар мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесінде тьюторлық сүйемелдеуді ұйымдастырудың негізгі құзыреттерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Бұл курста магистранттар басқару психологиясының әдіснамалық негіздері мен құралдарын меңгереді, басқару психологиясының даму тенденциялары мен негізгі жетістіктеріне және оларды кәсіби іс-әрекетте пайдалану дағдыларына талдау жасай білуін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән мазмұнын меңгеру барысында магистранттар психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологиялар мен интерактивті оқыту әдістерін қолдану дағдыларын меңгереді, дидактикалық, әдістемелік, қолданбалы құзыреттіліктер қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім берудегі тьюторлық
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу кезінде академиялық құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған инклюзивті білім берудегі тьюторлық әрекеттің заманауи тенденциялары, модельдері, бағыттары, технологиялары меңгеріледі. Курс білім беру кеңістігінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жекелей сүйемелдеуді ұйымдастыру мен оқу үдерісін нақты дараландыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тьюторлық іс-әрекет технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында магистранттар оқу үдерісінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, тьюторлық сүйемелдеу мен академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыруда заманауи тьюторлық әдістер мен технологияларды қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Курс магистранттарды жоғары мектепте оқытушылық қызметке дайындауға бағытталған. Курс жоғары мектептегі оқу тәрбие үдерісін жаңартудың заманауи бағыттарына және педагогикалық ғылымның гуманистік идеяларына негізделген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік тьюторлық
    Несиелер: 5

    «Әлеуметтік тьюторлық» курсын меңгеру барысында магистранттар ашықтық пен дараландыру қағидаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи әлеуметтік-педагогикалық және тьюторлық технологияларды, әлеуметтік ортаны жобалау мақсатында әлеуметтік тьюторлық жағдайдағы өзара әрекеттесуде әр түрлі категориядағы адамдарға (мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жалғызбасты аналар, көп балалы аналар, көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары, жетім балалар, мигранттар) әсер етудің технологиялық циклын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жеке білім беру бағдарламасын саралау және бағалау
    Несиелер: 6

    Пән барысында магистранттар тьюторлық іс-әрекетті талдау, жеке білім беру бағдарламасын сараптау, бағалау тәсілдерін, жеке білім беру траекториясы мен жеке тұлғаны одан әрі дамыту бағыттарын түсіндіретін обьективті қорытынды жасауға мүмкіндік беретін математикалық статистика әдістерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Онлайн-тьюторлық
    Несиелер: 6

    Пән барысында магистранттар қашықтықтан оқытуда қолданылатын білім беру технологияларын меңгереді, нақты пән констекстінде онлайн-оқытудытьюторлық сүйемелдеудің тиімді және сапалы моделін әзірлейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бала-ата-ана қарым-қатынасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
    Несиелер: 6

    Бұл пәнді оқу баланың отбасына диагностикалық және кеңестік көмек көрсетудің қолданбалы дағдыларын, психологиялық сүйемелдеу технологияларын (бағыттары мен кезеңдері, психологтың баланың жақындарымен өзара әрекеттесу тәсілдері), Бала-ата-ана қарым-қатынасын психологиялық түзетудің негізгі бағыттары мен әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психологиялық-педагогикалық диагностика
    Несиелер: 5

    Осы пәнді оқу барысында магистранттар білім берудегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың құзыреттіліктерін, психологиялық диагностиканың заманауи әдістері мен әдістемелерін, білім беру субъектілерінің әртүрлі категорияларымен диагностикалық іс-әрекет технологияларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дараландыру психологиясы
    Несиелер: 5

    Пән индивид психологиясын және жеке тұлғаның әлеуметтенуінің мәнін бағалауды қалыптастыруға, дараландыру және жеке көзқарас тұрғысынан қағидаттарын жүзеге асырудың әдістерін, тәсілдерін, технологияларын меңгеруге білім алушылардың танымдық және психикалық дамуына бағдарланған жеке траекторияларды құруға және жүзеге асыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психологиялық-педагогикалық тренинг
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында магистранттар психологиялық-педагогикалық тренинг мазмұнын әзірлеудің әдістемелік құзіреттерін, білім беру іс-әрекетінің әртүрлі субъектілерімен тренингтік жұмыстың топтық формаларын ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • АСБ (аутистік спектр бұзылысы) бар білім алушыларды тьюторлық сүйемелдеу
    Несиелер: 6

    Аталған пәнді оқу барысында магистранттар АСБ бар балалармен тьюторлық жұмыс істеу дағдыларын, әдістерін және амалдарын (құрылымдық оқыту әдісі, визуалды қолдау, мінез-құлықты қолданбалы талдау (АВА) аясында қолданылатын әдістер мен техниканы, дезадаптиивті мінез-құлықты еңсеру тәсілдері, балаламалы коммуникация әдістерін) меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психологиялық кеңес беру
    Несиелер: 5

    Пән білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен психикалық жәй-күйін ескере отырып психологиялық кеңес беру үдерісін ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеруге, оқыту субъектілерінің педагогикалық, ғылыми зерттеушілік және тәжірибелік супервизиясын жүзеге асыруға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады;

  • Код ON2

    заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру;

  • Код ON3

    тьюторлық және тьюторлық сүйемелдеудің теориялық және тәжірибелік білім жүйесін психологиялық-педагогикалық іс-әрекет аясында қолдануы;

  • Код ON4

    психологиялық-педагогикалық цикл сабақтарын жобалау, оқу және тьюторлық жағдаяттарды құрастыру және шешу технологиясын меңгеруі, оқытылатын пәндер аясында оқу әдістемелік ресурстарды әзірлеуі;

  • Код ON5

    педагогика және психология саласындағы білім негізінде тьюторлық іс-әрекеттің векторларын және жеке білім беру бағдарламаларын диагностикалау, жобалау модельдеу біліктілігі;

  • Код ON6

    инклюзивті ортада заманауи тьюторлық әдістемелерді, технологияларды және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудегі мінез-құлықты қолданбалы талдау техникасын қолдану дағдыларын меңгеруі;

  • Код ON7

    тьюторлық іс- әрекет саласында зерттеу жүргізу үшін ғылыми мәлеметтерді жинақтауды, интерпретациялауды және енгізуді жүзеге асыруы;

Top