Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03201 Кітапхана ісі в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кітапханатану
    Несиелер: 6

    Курста студент кітапханатанудың теориялық негіздерін, кітапхана ісінің қазіргі жағдайы және дамуы, оның іс жүзіндегі мәселелері туралы мағлұмат біледі. -Осы курсты оқуы кезінде студенттер кітапханатану зерттеудің негізгі әдістерімен, тұжырымдамаларымен танысады, оларды пайдаланудағы тәжірибелік дағдыларын дамытады. Болашақ мамандар кітапханалардың жеке типтерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін, кітапхана ісін ұйымдастыру принциптерін, кітапханалық жүйелердің қалыптасу заңдылықтарын біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді.Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми-ақпараттық мәдениет
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барсында ғылыми ақпаратты мәдениетті қолдану жолдары, ақпараттық технологияларды қолдану мен қатар қоғамдағы ақпараттық ресурс және ақпараттық мәдениетті меңгереді. Ақпаратты іздеу тілі, жаңа ақпаратты іздестіру мәдениетінің қалыптастыру, анықтамалық ақпаратты таңдай алу, құжаттық қорларды ұсыну әдістерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпараттық мәдениет
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың барысында болашақ маманға ақпарат көздерін табуға, ақпараттық ресурстарды пайдалануға дұрыс бағдар жасалып, білім алу сапасын жақсартады.. Мамандардың ақпараттық мәдениетін дамыту, әлемдік ақпараттық ресурстарды талдай білу, ақпарат алудың әр түрлі іздеу әдістерін пайдалана білу, өзіндік ақпараттық біліктілік деңгейіне шынайы баға беру және өзін-өзі басқара білу дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстан библиографиясы
    Несиелер: 5

    Қазақстан библиографиясын ұйымдастыру, оның тарихы мен әдістемесін, негізгі кезеңдерін, теориялық білімін бір жүйеге келтіру жөнінде білім беру болып табылады. Бұл курсты оқу барысында студент өзіндік бітімі мен болмысы, заңдылықтары бар отандық библиографияның пайда болуы мен қалыптасуы жайлы, Орта Азия мен Қазақстанның библиографияларының өзара байланыстары жөнінде, ұлттық ақпараттың ресурстарының жүйесімен танысуға лайықты білімді оқып, үйреніп, сондай-ақ библиографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен әдістемелеріне тән кәсіби дағдыларды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның кітапхана ісі және библиография
    Несиелер: 5

    Қазақстанның кітапхана ісі және библиографиясының тарихын, қоғамдағы рөлін көрсету, пайда болу және даму тарихы туралы білімдерді меңгереді, сонымен бірге кітапхана ісінің қазіргі кездегі көкейкесті мәселелерін талдайды. Қазіргі кездегі кітапхана ісінің теориясы мен тәжірибесінің инновациялық бағытта дамуын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кітапхананың құжаттық қорлары
    Несиелер: 5

    Пәнде студенттер құжатты қор және оны қалыптастыру мәселелері жайлы қазіргі теориялық және технологиялық білімдерді жүйелеу мен талдап қорытуды меңгереді. Пәнді игеру барысында құжатты қорды қалыптастыру, толықтыру, зерттеу, құжаттарды орналастыру, құжатты қорды басқаруды және қордың сапасын бағалаудың әдістерін білуге, құжаттарды сақтау процестерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына жетекшілік ету
    Несиелер: 5

    Пәнде балалар мен жасөсірімдердің кітап оқуына жетекшілік етудің теориясы мен тәжірибесінің қалыптасуы, даму заңдылығын ашу, жетекшілік етудің мақсаты мен міндеттері, әдістері, кітап оқу мазмұны қарастырылады. Кітап оқу мәдениетін дамытудың дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Библиографиятану
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында студенттер қоғамдық құбылыс ретінде библиографияның мәнін, оның дамуының теориялық негіздері, күрделі құрылымын және өзге іс-әрекет салалары жүйесіндегі орны туралы мәселелерді меңгереді. Курста библиографиятанудың жалпы ұғымдарының мәнін ашуға баса назар аударылуы тиіс Пәнді меңгеру арқылы библиографиялық ақпарат көздерін дайындау, оқырмандармен библиографиялық жұмысты ұйымдастыра білуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Арнайы кітапханалардың жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кітапханалардың типке бөлінуі, арнайы кітапханалардың мақсаты мен міндеттері, оқырмандарға қызмет көрсету ерекшеліктері, кітап қорының құрылымы туралы мәлімет береді. Арнайы кітапханалардың ерекше білім беруді қажет ететін оқырмандарға қызмет көрсету жолдары, инклюзивті ақпараттық орта құру мәселелері туралы білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кітапхана ісінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында кітапхана ісі тарихын, кезеңдерін, дамуын, қазіргі жағдайын, кітапхана мекемелері мен ақпарат орталықтары қызметінің өзіндік ерекшеліктерін үйренеді. Іс жүзінде кітапхана саласына тән отандық және шетелдік тәжірибенің тиімді тұстарын анықтай отыврып, оны елімізде ендіру мүмкіндіктерін, тәжірибе жүзінде кітапхана ісі саласынада қолданыста жүрген әдістемелік құжаттарды пайдалануды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми-техникалық кешенді библиография
    Несиелер: 5

    Ғылыми-техникалық кешен библиографиясының салалық ерекшеліктерін, техникалық әдебиеттер қорын қалыптасыру жолдарымен танысады. Қазіргі кезеңде шетелде және ҚР - да техникалық әдебиеттер библиографиясын ұйымдастыру, ғылым мен техника бойынша библиографиялық ресурстардың жалпы сипаты, ғылым мен техника бойынша ұсыныстық библиографиялық ақпараттық жүйесі туралы білімді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Библиографиялық сипаттаманың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттердің ғылыми пән ретінде библиографиялық сипаттама әдістемесінің мәселелерін меңгере отырып, оның әртүрлі құжаттарға жасалынатын библиографиялық сипаттамаларды құрастыру тәсілін іс-тәжірибеде қолдана білуге меңгеру. Құжаттарға библиографиялық сипаттама құрудың жалпы әдістемесін, библиографиялық мәліметтер қоры мен электронды каталогтың мәліметтер қорын жүргізетін жұмыстарды үйлестіруде библиографиялық сипаттама жасаудың тәсілін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кітапханадағы іскерлік қатынас мәдениеті
    Несиелер: 5

    Кітапханадағы іскерлік қатынас мәдениеті пәнінің мазмұнын, мақсатын, міндетін, зерттеу әдістері туралы білім беру. Кітапханалық қарым-қатынас мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, кітапханашы-оқырман арасындағы қатынас, кітапханалық конфликтіні шешу жолдары және ұжымдық қарым-қатынасты басқару әдістерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ақпараттық ресурстар мен қажеттіліктер
    Несиелер: 4

    Қазіргі ортада ақпараттық ресурстар мен қажеттіліктердің маңызын, қазіргі замандағы орнын түсіндіру, түрлерін және типтерін және ақпараттық қажеттіліктердің бағыттарымен таныстыру. Ақпараттық ресурстарды мамандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сай дайындау. Ақпараттық ресурстар мен қажеттіліктер туралы бүгінгі автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйелердің орнын және маңызын студенттерге меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Құжаттарды аналитико-синтетикалық өңдеу
    Несиелер: 5

    Студенттер құжаттарды өңдеудің негізгі процестерін, библиографиялық жазбаларды құрастыру, библиографиялық сипаттама жасау, индекстеу, аннотациялау, кітапханаларда каталогтарды ұйымдастыруды біледі. Пәнді игеру барысында библиографиялық сипаттаманың жүйесіне сәйкес жіктеу, баспа өнімдерін пәндеу және кітапхана каталогтарын ұйымдастыру жолдарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кітапханашының кәсіби этикасы
    Несиелер: 5

    Кітапханашының кәсіби этикасы технологиялардың қағидалары, ережелері, әдістерін зерттейді. Кітапханда эстетикалық тәрбие беру жүйесін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздеп, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтайды. Оқырмандардың этикалық мәдениетін қалыптастыруға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ақпараттық-кітапханалық қызметті стандарттау
    Несиелер: 4

    Курсты оқу барысында кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесін құрудың жалпы әдістемесін үйренеді. Кітапхана ісі мен библиография қызметіндегі стандарттаудың отандық және әлемдік тәжірибелерін меңгереді. Нормативтік құжаттар туралы ақпараттарды зерттейді. Кітапханалық қызметті стандарттау ұйымдарының қызметіне талдау жасайды және өзінің кәсіби жұмысында қолдана біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кітапханалық жарнаманың теориясы мен тәжірибесі
    Несиелер: 5

    Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері, жарнамалық қызметтің маркетингі, менеджменті, заңдастырылуын студенттерге жан-жақты ашып көрсетуге негізделді. Жаңа мазмұнды кітапхананың жағымды бейнесін жарнама құралдары арқылы қалыптастыру көзделген. Қазіргі ортада жарнаманың түрлерін, ерекшеліктерін және ұйымдастыру әдістерін көрсету. Қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапхана-ақпараттық тәжірибеде Интернет арқылы жарнаманың тиімді әдістеріне үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қызметі
    Несиелер: 5

    Курста кітапхананың ақпараттық- библиографиялық қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы теориялық және әдістемелік білім беру. Пәнге сәйкес берілген ақпарат көздерін әмбебап кітапханалар жүйесінде библиографиялық қызметті әртүрлі мақсатта пайдалана білуді меңгерту, өзінің кәсіби кітапханалық білімдерін қолдануды үйрету. Библиографиялық қызметтің негізгі базасы саналатын анықтамалық-библиографиялық аппаратты және библиографиялық басылымдарды пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кітапханалық инновациялық қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Студенттерге кітапханалық инновациялық қызмет көрсетудің принциптері мен міндеттері мен жүйесі туралы білім беріледі. Курсты оқу барысында студенттер инновациялық қызмет көрсетудің түрлерін, негізгі әдістерін және кітапхана типтеріне қарай бөлінуін қарастырады. Көпшілік жұмыстың түрлері және оларды оқырман арасында насихаттау жолдары анықталады.. Кітапхана ісі мамандары өз қызметтерінде оқырмандарға қызмет көрсетудің әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, ақпаратты қолдану дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кітапханалық сервис
    Несиелер: 5

    Қазіргі ортада кітапханалық қызметтің жаңа түрлерін, ерекшеліктерін және ұйымдастыру әдістерін анықтау. Қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, кітапхана-ақпараттық тәжірибеде Интернет арқылы кітапханалық сервистің әдістеріне үйрету. Студенттерге кітапхана қызмет көрсетуде инновациялық технологияларды пайдалану бойынша шеберлік, дағдыларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Электронды каталог
    Несиелер: 5

    Пәнде электронды каталогтарды қалыптастыру әдістерін, кітапхана қоры құрамын бағалау және эксперттеу, электронды каталогтарының жүйелерінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіруді меңгереді.Халықаралық деңгейге сай келетін жаңа стандарттар негізіндегі электронды каталогтардың жүйесі және каталогтау технологиясы туралы білім береді. Каталогтарды ақпараттық-ізденіс жүйесі ретінде қолдануды және құжат туралы ақпаратты электронды каталогқа енгізуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Кітапханалық каталог
    Несиелер: 5

    Студенттер кітапханалық каталог жасаудың тарихы, теориялық негіздері мен ұйымдастыру әдістерін үйренеді. Алфавитті және жүйелі каталогтарды ұйымдастыру, оларды анықтама-библиографиялық қызметте, ақпаратты іздеуде қолданады. Сонымен қатар кітап қорын ашып көрсете отырып, студенттер кітапханалық жіктеу жүйесімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Кітапхана каталогтарының жүйелерінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіруді біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлеуметтік-гуманитарлық профилдегі кітапханалық-ақпараттық ресурстар
    Несиелер: 6

    Курсты оқу кезінде әлеуметтік-профилдегі кітапханалық-ақпараттық ресурстардың құрамы және қасиеті туралы түсінік беру, библиографияның мерзімді және анықтамалық басылымдардың, мәліметтер қорының салалық жүйелерімен байланысын көрсету. Пәнді игеру барысында студент гуманитарлық саланың ақпараттық ресурстарын біліп және оларды оқырмандардың талап- тілегін орындау барысында белсенді пайдалануы, дайджест құрастыруы, тақырыптық, фактографиялық анықтамаларды орындауы қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ кітабының тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақстандағы кітап тарихы мен кітаптану саласы туралы білімдерін қалыптастыру және жаңашылдығын, өзгерістерін білуі, құжаттық ресурстардың маңыздылығын, олармен пайдаланушылардың құжаттық байланыс орнатуын жетілдіру. Ззаманауи ақпараттық қоғамда кітаппен жұмыс істей алу қабілетінің болуы, қазақ кітаптарының тарихын жан-жақты зерделеу. Кітап тарихының тарихнамасы туралы білімдерін жетілдіру, зерттеу әдістерін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мектеп кітапханаларының ақпараттық қызметі
    Несиелер: 5

    Курста студенттер мектеп кітапханаларының ақпараттық қызметінің жағдайы мен мәселелері туралы білім алады. Мектеп кітапханалары қорларын қалыптастыру, оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетудің әдіс-тәсілдерін меңгереді. Кітапханалық қызмет көрсету технологиясын қолдану, медиатека жүйесін пайдалану, оқырмандарға жас ерекшеліген байланысты білім беруді үйренеді. Мектеп кітапханаларының жұмысын автоматтандыру кезеңдерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Білім беру жүйелерінің кітапханалық-ақпараттық қызметі
    Несиелер: 5

    Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметінің мақсаты мен міндеттерін біледі. Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерін, оларды автоматтандыру жағдайында жаңа автоматтандырылған бағдарламалар жүйесімен жабдықтауды қарастырады. Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары жүйесін жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдарды ұсынады. Оқырмандарды кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу жолдарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ақпараттық желілер мен жүйелер
    Несиелер: 4

    Студенттерді желілік технологиялармен таныстыру, кітапханалық – ақпараттық жүйелердің инфрақұрылысында жергілікті тораптың мүмкіншіліктері мен кемшіліктерін көрсету. Бұл курс заманауи графикалық жүйелерді кітапханада және оларды жасау саласындағы стандарттарды жасау тенденцияларын, студенттердің компьютерлік графикалық құралдар көмегімен компьютерлік ойындарға қажетті ақпаратты өңдеу және түзету үшін қажет дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Салалық кітапханалық-ақпараттық ресурстары
    Несиелер: 6

    Салалық кітапханалық-ақпараттық ресурстарды мамандардың ақпараттық қажеттіліктерінің өсуіне пайдалану. Қазіргі ортада салалық библиографияның маңызын, теориялық негіздерін, қазіргі замандағы орнын түсіндіре отырып, жалпы салалық библиографиялық білім беруді қамтамасыз ету. Салалық библиографияны кітапханалық-ақпараттық басылымдар түрлері мен типтерін және олардың библиографиялық басылымдарын ұйымдастыру әдістемесін білуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Құжат және кітаптың жалпы теориясы
    Несиелер: 6

    Курс құжат туралы жалпы түсінікті қалыптастырады. Арнайы құжаттану саласындағы терминологияны меңгеру, құжаттану саласы бойынша әдебиеттермен жұмыс істей білу, отандық және шетелдік құжаттану теориясының жағдайымен даму деңгейін және кітапты қоғамдық қолдануды ұйымдастыруды, осы білім және әрекет саласын теориялық тұрғыдан дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлемдік библиография және кітапхана ісі
    Несиелер: 5

    Әлемдік библиография саласындағы алдыңғы қатарлы озық әлемдік білімдердің элементтерін қолдана отырып білуі мен түсіну дағдыларын қалыптастырад. Әлемдік библиография саласындағы инновациялық технологияларды қолдануды талдау мен салыстыру арқылы тәжірибелік іс-әрекетте енгізу жолдарын біледі. Әлемдік ақпараттық ресурстарды ақпаратпен қамтамасыз ету мен болжам жасай білу дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Глобальды және жергілікті тораптар мен жүйелер
    Несиелер: 4

    Пән арқылы студенттер глобальды және жергілікті тораптар мен жүйелер арқылы жұмыс жасауға, тиімді қолдануды біледі. Кітапханалық ақпараттық жүйелердегі тораптық технологияларды жоспарлаудың принциптерін толық меңгереді. Жергілікті, аймақтық және әлемдік тораптармен жұмыс істеудің негізгі қызметін қарастырады. Қазіргі кездегі желі технологияларының ерекшеліктерін, түрлерін ажырата білуді, компьютер желілердің құрылымын және принциптерін, болашақта даму негіздерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Әлемдік библиография
    Несиелер: 5

    Әлемдік библиографияның тарихи үрдістері, дамуы мен жаңа тенденциялары туралы білім береді. Әлемдік библиография саласындағы теориялық және тәжірибелік білімдерді және заңдылықтары мен ерекшеліктерін үйренеді. Әлемдік библиографияның маңыздылығын қазіргі адамзат өркениетінің дамуына қосатын үлесі туралы талдау жасай біледі. Әлемдік кітапханалар тарихын, қалыптасуын, библиографиялық қызмет көрсетудің дамуы және қазіргі жағдайын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Құжаттарды рефераттау әдістемесі
    Несиелер: 4

    Құжаттарды рефераттаудың теориялық негіздерін және құжатқа қойылатын жалпы талаптар туралы білім алады. Кітапханалардағы ғылыми-көмекші басылымдарға сипаттама беруді үйренеді.Құжаттарды аннотациялаудың маңызы мен құжаттарды зерттеудің әдістерін біледі. Құжаттарды рефераттау, оларға қойылатын талаптар және әдістемесін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кітапханалық-ақпараттық қызмет менеджменті
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студенттер кітапханалық-ақпараттық жұмысты басқарудың теориялық негіздерін толық меңгереді. Кітапхана жұмысының еңбегін ғылыми ұйымдастыруды, жоспарлау және кітапхана менеджментінің қызметі мен әдістері туралы білім алады. Студенттердің кітапхананы басқару алуына кең көлемде ықпал ету, олардың қазіргі кездегі әлемдегі кітапханалық құбылыстар мен үрдістерді өз бетінше басқара білу дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кітапханалық өлкетану
    Несиелер: 5

    Кітапханалық өлкетанудың анықтама-ақпараттық қорын құру негіздері туралы білім береді. Аудандық, облыстық кітапханалардың өлкетану жұмыстарымен танысады. Өлкетану әдебиеттерінің қорын ұйымдастыру мен қалыптастыру, өлкетану каталогтары мен тақырыптық картотекаларды, мәліметтер базасын құрастыруды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Өлкетану және аймақтық ақпараттық ресурстар
    Несиелер: 5

    Студенттерге кітапханалық-библиографиялық өлкетану туралы білім беру. Кітапханалардың өлкетану бағытындағы атқарылатын қызметіне арналады. Өлкетану әдебиеттерінің қорын ұйымдастыру мен қалыптастыру, өлкетану каталогтары мен картотекаларын құрастыру, өлкетану әдебиеттерін насихаттау жолдарын қалыптастырады. Өлкетану тақырыбы бойынша әдебиеттерімен құжаттарды анықтау, кітапханалық қорды пайдалану мен толықтыру, өлкетану әдебиеттерін оқырмандарға насихаттау жолдарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Кітапхананың әдістемелік және жобалық қызметі
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында, кітапханалардың инновациялық және әдістемелік қызметінің негізгі түсініктерін және кітапханалық басқару нысаны ретінде білімін жетілдіреді. Студенттерді кітапханалық қызметте пайдаланылатын инновациялық технологиялардың кәсіби білімі, дағдылары мен тәжірибелік дағдыларын қамтамасыз етеді. Кітапханадағы инновациялық қызметті сараптауды, жоспарлауды, статистикалық талдау жасауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON8

    Кітапхана маманы қызметінің субъектісі ретінде кітапхана жүйесінің тұтас даму тұжырымдамасын түсінеді .

  • Код ON7

    Кітапхана қызметінің мәнін, құрылымын және ерекшелігін, ақпараттық-кітапханалық қызметті, кітапхана жүйесін ұйымдастырудың әлеуметтік принциптері мен заңдылықтарын біледі

  • Код ON10

    Ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға және кітапханалық біліктілікті үздіксіз арттыруға, кәсіби бағдарды өздігінен білім беру қызметіне, кітапхана ісі саласындағы педагогикалық және ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмысқа ынталандыру мақсатында кәсіби қызметті талдай алады

  • Код ON6

    Өзін-өзі дамыту және кәсіби өсу үшін өмір бойы жеке білім беру траекториясын құрады, толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын қалыптастырады.

  • Код ON12

    Жеке тұлғаның жас ерекшеліктерінің жалпы және ерекше заңдылықтары мен ерекшеліктеріне сәйкес келетін заманауи технологиялар негізінде кітапханалық қызметті жобалайды және құрастырады, кітапханалық мақсатқа сай және психологиялық қауіпсіз ақпараттық ортаны құру, ақпараттық-кітапханалық үдерісте заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалану және заманауи жағдайда кітапхана жүйесін дамыту үшін тиімді жаңа ақпараттық технологияларды қолданады

  • Код ON3

    Әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық жағдайға өзіндік баға береді

  • Код ON4

    Қазақстан қоғамының қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларымен жұмыс істей алады

  • Код ON2

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген

  • Код ON5

    Жаңа білімді синтездеу және оны гуманитарлық қоғамдық маңызы бар өнім түрінде ұсынады

  • Код ON11

    Кітапхана-ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін шешу үшін кітапхана оқырмандарының ақпараттық қажеттіліктерін жеке дамытуды бағалауды жүзеге асырады

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді

  • Код ON9

    Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуде кітапхана мамандарының өзіндік қызметін және біртұтас кітапханалық үрдісті ұйымдастырудағы әдістемелік негіздерді, кітапхана пайдаланушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру теориясы мен технологияларын, кітапханалық процесс субъектілерін ақпараттық қамтамасыз етеді; кітапхана мамандарына арналған білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылу принциптерін, мамандық бойынша ғылыми, анықтамалық, әдістемелік әдебиеттерді пайдаланады; әртүрлі жастағы оқырмандармен жұмыс істеу ерекшеліктерін, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу тәсілдері мен әдістерін түсінеді.

6B03201 Кітапхана ісі
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Кітапхана ісі
Бакалавриат

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Кітапхана ісі
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Кітапхана ісі
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B03201 Кітапхана ісі
Бакалавриат

"Сырдария" университеті

БББТ: B043 Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top