Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл теориясы және лингвистикалық ілімдер тарихы
    Несиелер: 6

    «Тіл теориясы және лингвистикалық ілімдер тарихы» курсы жалпы тіл тарихы, тіл ғылымының қалыптасуы мен дамуы, негізгі ұғым–категорияларын, тілдің құрылымы, жүйесі, қызметі сонымен қатар әр түрлі лингвистикалық мектептер мен бағыттарды меңгертуге, қазіргі тіл біліміндегі жаңа бағыттарды таныстыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 6

    Бұл курста тілдің табиғаты, оның қоғамдық мәні, негізгі функциялары, тіл мен ойлаудың арақатынасы; тілдің фонетико-фонологиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлері, сондай-ақ тілдің өмір сүруінің сыртқы шарттары: тілдің интеграциясы және дифференциациясы, тілдік байланыстар қарастырылады. Филолог-студенттерде кәсіби лингвистикалық білімнің жалпы теориялық базасын қалыптастыруға ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сөзжасам және морфологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілінің бір саласы сөзжасамның зерттеу нысанын, бағыттарын, әдістерін, сөзжасамдық қалыптарын, сөзжасам тәсілдерін, сөзжасамдық үлгісін, типін, жұп, ұя терминдерінің мәнін біледі. Сөзжасамның тарихы мен өзге түркі тілдеріндегі даму бағыттарын саралап, қазіргі жайы мен болашақ даму бағыттарын айқындай алады. Сөзжасам мен морфологияның байланысы мен айырмашылығын біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Морфемика және дериватология
    Несиелер: 5

    Морфемика-сөздің құрамдас бөліктерінің құрылымын зерттейтін тіл білімінің саласы. Морфемиканың пәні мен міндеттері. Морфема және морф түсінігі. Морфтардың түрлері: алломорфтар және морфеманың нұсқалары . Сөздің морфемалық құрылымы. Сөз негізі және сөз формасының негізі. Негіздердің түрлері. Қазіргі тіл біліміндегі флексия туралы мәселе. Сөзжасам -тіл туралы ғылымның ерекше бір саласы. Морфемика және дериватологияның байланысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Фонетика және оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курста тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін, жіктелімін, дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін, үндестік заңы мен буын табиғатын, сөздің фонетикалық ұйымдасуын, сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістер туралы мағлұмат алады және фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдерін үйреніп, фонетикалық талдау жасауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Семасиология және ономасиология
    Несиелер: 5

    Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады. Семасиология сөздің мағыналарын, мағыналардың өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттесе, ономасиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының неліктен екендігі. Сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырылып, оның мағыналық жағына, ал ономасиологиялық тұрғыдан ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аудару

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Аударма теориясы мен практикумы
    Несиелер: 5

    «Аударма теориясы мен практикумы» пәні аударма туралы түсінік бере келіп, аударманың қоғамдық қызметін, аударманың шығармашылдық сипатын, аударма теориясының негізгі салаларын және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысын, аудармадағы ұлттық реалия мәселесін, аударматанудың тіл білімі ғылымдарымен байланысын, аударманың лексикалық, грамматикалық мәселелерін, оның түрлерін, әр түрлі тәсілдерін, аудармадағы трансформациялық үдерістерді, аударманың толыққандылық мәселесін, аударманың тілдік және мәдениетаралық қарым-қатынас құралы екендігін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Фонология және интонология
    Несиелер: 5

    Фонологияның басты зерттеу нысаны – фонема, яғни дыбыстың сөздегі қызметі. Интонология сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнерін, дауыс ырғағын, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесін зерттейді. Пәннің мақсаты – фонология мен интонологияның зерттеу әдістері туралы түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Лексикология және оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Лексикология тіл білімінің бір саласы, оның салалары мен зерттеу әдістері, зерттеу нысаны, қазақ тілінің сөз байлығы, сөз мағынасының түрлері, типтері, сөздердің қолданылу өрісіне байланысты топтары, сөздерді шығу тегіне қарай топтастыру, қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер, түрлері, құрылымы, ерекшеліктерін және лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту әдіс-тәсілдер жүйесін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Фразеология және паремиология
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілінде кездесетін мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ғалымдардың еңбектерін қарастыра отырып, өзге тіл біліміндегі пікірлермен салыстыру. Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің түркітануда зерттелуін; «Көне түркі сөздігінде» кездесетін мақал-мәтелдердің семантикалық топтарын жіктеуді; фразеологизмдердің, паремиялардың семантикалық топтарын қарастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Әдеби шығармашылық
    Несиелер: 5

    Әдеби шығарманың жазу тарихы сөз болғанда қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармаларының жазылу баянын нақты мысалдармен игереді. Ақын-жазушылар шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін айыра білуге машықтандырады, шығармалардың түрі мен мазмұнына қарай талдай біледі, ой қорытындысын жасауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Пән болашақ мамандардың инклюзивтік жағдайында жұмысқа дайындайды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен білім беру-тәрбиелеу қызметін ұйымдастыру, жүргізу жұмысын зерделей келе, студенттер ЕББҚ балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу шарттарын құратын әртүрлі сала мамандарымен топта жұмыс істеу дағдыларына ие бола отырып, инклюзивтік оқыту жағдайында тьюторлық тәжірибені ұйымдастыру және оқы бағдарламаларын бейімдеу дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Көркем мәтінге лингвистикалық талдау
    Несиелер: 4

    Көркем мәтінді шығарманың идеялық-тақырыптық болмыс-бітімін бейнелеуге қызмет ететін өзара байланысты, шарттас элементтерін күрделі құрылымдық бірлігі ретінде таныту. Студенттердің тіл білімі, әдебиеттану салалары бойынша білімдері негізінде көркем шығарма мәтініне лингвистикалық, стилистикалық талдау жасай білу теориясын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиеттегі тарихи сабақтастықты, басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын ұғындыру, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгерте отырып, әдеби, тарихи мәселелерін терең қарастырады. Алаш ақын-жазушылары шығармаларымен танысу, мәтіннің идеялық мазмұнын талдау негізінде осы кезеңдегі әдебиеттану ғылымының жетістіктерін меңгеру және жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық мұрасын талдап, түйінді пікір айта алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 5

    Жас ерекшелігіне қарай әдеби шығармалар таңдау. Мәтінді оқу, талдау машығы. Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры. Балалар ауыз әдебиетіндегі эстетикалық идеал. ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы. Қазақ балалар әдебиеті байланыстарының қайнар көзі. ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиеті. Кеңес дәуіріндегі балалар әдебиеті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті. Балалар әдебиетінің соғыстан кейінгі жылдарда дамуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі әдеби процесс
    Несиелер: 5

    Қазіргі кезеңдегі әдебиет өкілдерінің көркемдік ойлау жүйесін, ұлттық әдебиеттегі тарихи сабақтастықты, шығармаларының басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын ұғындыру, тиянақталған зерттеу проблемаларын меңгерте отырып, әдеби, тарихи мәселелерін терең қарастырады.Тәуелсіздік идеясының түп-төркінін, бағыт-бағдарын өздігінен салыстырып талдауға үйренеді. Жекелеген ақын-жазушылардың шығармашылық мұрасын талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қaзақ тілінің прагмалингвистикасы
    Несиелер: 4

    Пәнді меңгеру барысында қазақ тілі прагмастилистикасының теориялық негіздері, ондағы зерттеушілердің ғылыми көзқарастары, қазіргі зерттелу аспектілері мен даму бағыттары сипатталады. Прагмастилистиканың қалыптасу негіздері, зерттеу обьектісі – прагматика, ондағы дискурс және мәтін туралы концепциялар, функционалды стильдердің прагматикалық ерекшеліктері және тілдік бірліктердің прагмастилистикалық сипаты туралы ұғым-түсініктер беріліп, тіл деректерімен талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазіргі кезең әдебиеті
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың 90 жылдарынан күні бүгінге дейінгі қазақ әдебиетінің барлық жанрлардағы түрлі аспектіде даму заңдылығын меңгеру, түрлі жанрларлардағы шығармалар поэтикасын саралай отырып, дәуір шындығын ашудағы маңызын көрсету, модернизмнің қазақ әдебиетіне кіргізген көптеген тәсілдік, түрлік, мазмұндық, стильдік және құрылымдық өзгерістерін анықтау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тілді оқытудағы педагогика-психологиялық негіздер, пән мұғалімі ретінде оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары, тілді оқыту тарихы, зерттелуі туралы теориялық-әдістемелік білімді игерту. Жаңғыртылған білім беру мазмұны жағдайында білім берудің жаңа технологиялары игеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Әдебиет теориясының пән ретіндегі болмысын, эстетикалық ойдың даму кезеңдерін, әдебиет теориясының методологиясын, мектептерін, қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдарды, қазақ әдебиеті ғылымындағы эстетика мен теория мәселелерін, көркем әдебиеттің табиғатын, автор, кейіпкер, шығарма, шығармашылық әлемін, әдеби тек, жанр, әдеби процесс, стиль мәселелерін, заңдылықтарын даму сипатын, қағидаларын түсіндіріп, талдай жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Латын графикасы және қазақ жазуы
    Несиелер: 5

    Жалпы жазу туралы, жер бетіндегі түрлі ареалдардағы жазудың пайда болуы, дамуы, тарихы, жазудың қазіргі жай күйі туралы түсінік; жазудың пайда болу және қазақ жазуының даму кезеңдері, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі, емле ережелері туралы білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Критериалды бағалау технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы лингвистикасы
    Несиелер: 7

    Қазақ, орыс тілі біліміндегі фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік теориялық білімді меңгереді; екі тілдегі тіл дыбыстары, сөз мағыналары, сөз таптары, сөз тіркестері туралы түсініктерін арттырады; тілдік теориялық білімдерін қазақша, орысша ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолданады; екі тілде мәтіндерді саралайды, мәтіндер құрайды, қатысымдық негізде кәсіби ортада қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Салғастырмалы грамматика (қазақ-орыс тілдері)
    Несиелер: 7

    Қазақ және орыс тілдерінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис мәселелерін салыстыра зерттеу, аталған салалар бойынша студенттерді теориялық біліммен қаруландыру, тіл категориялары жөніндегі зерттеулерге сүйене отырып, ғылыми-теориялық тұрғыдан шолу жасау қарастырылады.Орыс, қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматиканың зерттеу нысаны мен зерттеу әдістері қарастырылды. Қазақ тіл білімінде салғастырмалы грамматика бағытында жүргізілген зерттеулерге шолу жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Синтаксис және оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Теориялық білімді сөйлем деңгейінде талдауға арналған практикалық білік-дағдыларды меңгереді, тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі, жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, сапалы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдануды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Әдебиетті оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері мен қазақ әдебиетін оқытудағы оңтайлы әдіс-тәсілдер, жаңаша оқыту негіздері; жазба жұмысын жүргізу әдістерін меңгерту. Жаңғыртылған білім мазмұны жағдайындағы білім беру жүйесінде қолданылатын оқытудың жаңа технологиялары игеріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 6

    Курстың мазмұны білім алушыны қазақ әдебиетінің даму жолымен, кезеңдер ерекшелігімен таныстырады, Оларға әлем әдебиеттануынының және ұлттық әдебиеттанудың қалыптасу, даму тарихынан мәлімет береді. Сөйтіп, әдебиеттанушылық білім шеңберін кеңейтеді. Қазақ әдебиетінің негізгі даму бағыттарын заңдылықтарын, көркемдік табиғатын жүйелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Абай және қазақтың жазба әдебиеті
    Несиелер: 6

    Білім алушыларға Абайдың қазақтың жазба әдебиеті мен өлең сөзіне әкелген жаңа өрісін, қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын таныту, әдеби-теориялық білім беру, эмпирикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделеді. Сыни ойы дамыған, әдеби тіл және әдеби формалар арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ұстанымы бар, жан-жақты жетілген, қабілетті тұлға қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі: сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтаксисі және мәтін синтаксисі деген салаларының айырмашылықтары мен бірін-бірі толықтыратын ұқсастықтарын меңгереді. Сөздердің байланысу тәсілдері: аналитикалық, синтетикалық, аналитика-синтетикалық және қиысу, қабысу, матасу, меңгеру, жанасу секілді байланысу түрлерін біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілін оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиялары
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиялары – қазіргі қоғамның талабына сай, өз еркімен шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің талапқа сәйкес келуімен сипатталады. Студенттердің өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін жетілдіру, бақылау мен бағалаудағы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырумен сипатталады. Олардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана білудің жоғары деңгейде болуы, сапалы білім алуы, білікті маман ретіндегі кәсіби дайындығының болуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инновациялық іс-әрекетті қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану. Білім беру технологияларын қазақ тілін оқытуда ұтымды қолдану білім алушының практикалық дағдыларынан бөлек оқу, талдау жəне мəтін материалын жүйелеу барысында мəтінде берілген мəселелерді сыни тұрғыдан түсіну қабілеті мен интеллектуалдық дағдыларын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәдениетаралық коммуникация негіздері
    Несиелер: 5

    «Мәдениетаралық коммуникация негіздері» лингвистика, мәдениеттану, коммуникативистика және лингводидактика тоғысында орналасқан қарқынды дамып отырған және қоғаммен талап етілген теоретикалық және қолданбалы ғылыми бағыт болып табылады. Этникалық мәдениеттің жергілікті мәдени бөлігінде және жаһандық халықаралық кроссмәдени коммуникациядағы кеңістік пен уақыт аспектілердегі түсініктердің қалыптасуына ықпал ету мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді.

  • Код ON5

    Қазақ тілі мен әдебиетін қазақ емес тілдік ортада оқытудың инновациялық технологияларын меңгерген;

  • Код ON7

    Тіл білімі, ұлттық, әлем әдебиеті саласында ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларына ие;

  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген.

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар сандық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген.

  • Код ON6

    Сыни тұрғыдан ойлауды қолдана отырып, әдеби шығармаларға талдау жасайды, оның нәтижелерін түсіндіреді;

  • Код ON8

    Көптілді коммуникациялық ортада кәсіби және академиялық тақырыптарда сөйлесе білуге қабілетті;

  • Код ON4

    Тіл білімінің теориялық және практикалық негіздерін меңгерген;

6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Шымкент университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top