Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11102 Мәдени тынығу жұмысы в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  • Мәдени тынығу жұмысының тарихы мен теориясы
    Несиелер: 5

    Курс мәдени-тынығу жұмысының тарихы, мәдени нысандар дыңпайдаболуы мен даму жолдарынан мағлұмат береді. Бұл курсты білім алушыларда бос уақыт жағдайында мәдени –тынығу жұмысын ұйымдастыру аясында жүзеге асатын ақпаратты –ағарту, көркем –щығармашылық және т.б. мәдени- тынығу қызметінің дамуының негізгі кезеңдері, тарихи даму үрдістері, мазмұны, формалары мен әдістері, функциялары мен принциптері, деңгейлері мен нысандары, құралдары сипаттылығы мен ұйымдастыру қағидаларын, әлеуметтік-мәдени қызмет субъектілері жұмысының құрылымы мен мазмұны туралы жалпы білімді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Музыка теориясы және сольфеджио
    Несиелер: 4

    Курс музыканың құрылымын, дыбыс, әуен, ырғақ, метр, үйлесімділік, форма және т. б. музыка элементтерін ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері мен аспектілерін оқытады. Білім алушының бойында музыкалық есту, музыкалық ырғақ және есте сақтау қабілеттерін дамытады. Оқыту нәтижесінде әртүрлі музыкалық және интонациялық жаттығуларды еркін орындай алады. Халық музыкасының түрлі ладтарын сауатты орындау, диктант жазу және музыкалық шығармаларды импровизациялау дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнер тарихы және көркемөнер шығармашылығы
    Несиелер: 4

    Бұл курс болашақ маманға халық өнері мен шығармашылығының тарихын білуге мүмкіндік береді. Өнер тарихының әр кезеңінің ерекшеліктерін ескере отырып, оның эстетикалық және тәрбиелік мәнін ашады. Көркемөнер шығармашылығының тарихы мен даму жолдары, мазмұны мен белгілері, көркемөнер шығармашылығы теориясының нысандары мен міндеттері, функциясы, түрлері мен типтері және көркемөнер шығармашылығы ұжымдарында басшылыққа алынатын педагогикалық принциптері туралы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Негізгі музыкалық аспап (фортепиано,баян,домбыра,қобыз)
    Несиелер: 4

    Курс негізгі музыкалық аспаптарда жеке оқытуға негізделген. Аспапты ұстау (постановка), орындыққа отыру (посадка), қол саусақтарын аспапқа орналастырудан (аппликатура) бастап, музыкалық аспапта түрлі шығармаларды орындау дағдысын қалыптастырады. Оқыту нәтижесінде түрлі жанрдағы шығармаларды орындай отырып, негізгі музыкалық аспаптарда орындау дағдыларын дамытады және қалыптастырады. Нотадан бірден оқып ойнау, барлық штрихтарын, динамикалық белгілері мен заңдылықтарын сақтап ойнау дағдысы қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ және әлем музыка тарихы
    Несиелер: 4

    Курс қазақ және әлемдік музыка тарихы мен даму кезеңдерін, қазақ және әлемдік мәдениеттегі ежелгі дәуір музыкасының рөлі мен ерекшеліктерін, кәсіби музыканың қалыптасуы мен дамуын, Опера, симфониялық және аспаптық және хор жанрларын, қазақ, әлемдік музыка өкілдерінің өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат береді. Оқыту нәтижесінде білім алушы мәдени-тынығу қызметінде музыкалық ойлауын, музыкалық әдеби шығармаларды қабылдау және талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Бұл курс адам мен тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы, адамның өмір сүру ортасына әсер етудің ауқымы мен рұқсат етілген шектері, теріс әсерлерді азайту және қауіпсіз өмірді қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы білім алуға бағытталған. Пән төтенше жағдайлар туындаған кезде адамның қоршаған ортамен өзара байланысының қауіпсіз тәсілдерін, өндірістік сала объектілерінің тұрақты жұмысын, теріс факторлардан қорғау және мониторинг жүргізу, техногендік және табиғи сипаттағы қауіпті жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мәселелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ұлттық руханият
    Несиелер: 5

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Музыкалық аспап және жалпы дирижерлау
    Несиелер: 5

    Курс негізгі музыкалық аспаптарда жеке оқытуға негізделген. Мұнда білім алушылар негізгі музыкалық аспаптарда түрлі шығармаларды орындаумен қатар жалпы дирижерлау дағдыларында қалыптастырады. Дирижерлық аппарат, қолдың қойылымынан бастап, түрлі характердегі шығармаларды дирижерлауға дағдыланады. Оқыту нәтижесінде музыкалық аспапта халық, қазақ, орыс, шетел композиторларының шығармаларын нақышына келтіріп, барлық динамикалық белгілері мен нюанстарын, дыбыс шығару тәсілдері заңдылықтарын сақтап орындаумен қатар, дирижерлеу техникасын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ жазуы және латын әліпбиі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту аясында білім алушылар жазу тарихы, графика және лингвистика, қазақ жазуының зерттелуі, әліпбиі мен жазу ерекшеліктері туралы, Көне түркі жазба ескерткіштері, араб, латын алфавитіне негізделген қазақ әліпбиі, графикалық таңба мен фонема арасындағы заңдылықтар, орфография мәселелері туралы ақпарат алады. Лингвистиканың салалары, Көне түркі жазба ескерткіштері, орфоэпия мен орфография мәселелері және қазіргі орфографияның теориялық мәселелерінің шешімдері туралы негіздей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Курс мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктерімен танысуға бағытталған, білім алушылар қазақстандық құқық жүйесі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау тетіктері, заңды жауапкершілік негіздері туралы білім алады. Курсты оқу барысында білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мінез-құлық негіздерімен қатар қоғам мен мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік қалыптасады, білім алушылар сыбайлас жемқорлық құбылыстарына заңды түрде қарсы әрекет ету қабілетін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Дауыс қою және вокал
    Несиелер: 4

    Курсты оқу барысында білім алушы дауыс қою және вокал пәнінің негізімен танысады. Дыбыс шығару тәсілдері, нотаны дұрыс дыбыстау, буынға бөлу тәсілдерін меңгереді. Вокал өнерінің әдістерімен қоса, әншілік дауысты сауатты меңгеру шеберлігін, түрлі характердегі халық, қазақ, орыс, шетел композиторларының классикалық шығармалары мен вокализдер айтуға дағдыланады. Оқыту нәтижесінде курс кез-келген күрделіліктегі шығармаларды сауатты таңдау және талдау қабілетіне ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика, бизнес және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттерді экономика мен бизнестің теориялық негіздерімен, елдің экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің үрдістерімен және рөлімен, мемлекеттік реттеу принциптерімен және қолдау әдістерімен таныстырады; нарықтық экономикада қолданылатын білім алушылардың ұғымдық аппаратты игеруіне және иеленуіне, бизнесті жүргізудің негізгі нысандарымен, бизнес-жоспарды әзірлеу дағдыларымен, қазіргі экономикалық жағдайларда компания қызметіндегі тәуекелдерді бағалаумен ықпал етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Оқу курсы ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері, академиялық жазу туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды, теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу, зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және оқуды бітіру жұмыстарын рәсімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Мәдени демалыс саласындағы тайм-менеджмент, маркетинг
    Несиелер: 4

    Бұл пән мәдени демалыс саласындағы болашақ мамандарды жеке менеджменттің негіздерімен, үйлесімді әлеуметтік қызметті ұйымдастырумен, іс-шараларды сапалы өткізудің тиімді тәсілдерімен таныстыруға бағытталған. Сондай-ақ, ол жобаларды, қаржыны, қақтығыстарды шешу әдістерін, тиімді қарым-қатынас техникасын дамытуды қамтиды. Пәнді оқу процесі білім алушыларда кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті деректерді жинау, талдау және өңдеу сияқты құзыреттерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Бос уақыт педагогикасы
    Несиелер: 6

    Курс білім алушыға бос уақыт педагогикасының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін, бос уақыт педагогикасы генезисін, аксиологиясын, әдістемелік незіздерін, мазмұны мен формасы, бос уақытты өткізу саласында қолданылатын әдістер мен инновациялық технологиялардың ерекшеліктері туралы түсінік береді. Оқыту нәтижесінде болашақ мәдениет қызметкерлерінің, әлеуметтік-мәдени саланың менеджерлерінің жұмысында бос уақытты педагогикалық ұйымдастырудың маңыздылығын түсініп, педагогикалық бағытталған бос уақытты ұйымдастыру , дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Эстрадалық ән айту
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларға эстрадалық ән айтудызаңдылықтар мен ерекшеліктерін үйретеді. Сондай-ақ оларды отандық және әлемдік музыка мәдениетінің негіздерімен таныстыруға, музыкалық-вокалдық қабілеттер мен дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Оқыту нәтижесінде білім алушылар ұйымдастырушылық-бұқаралық қызметке, салтанатты іс-шараларға қатыса алады, Оқыту нәтижесінде концерттерде, фестивальдарда, конкурстарда, қалалық, өңірлік, облыстық іс-шараларда өнер көрсете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Музыкалық аспап және жалпы дирижерлау 1
    Несиелер: 5

    Музыкалық аспап және жалпы дирижерлеу-бұл 3-ші семестрдегі «Музыкалық аспап және жалпы дирижерлау» курсын оқып үйренудің жалғасы, онда музыкалық аспаптарда ойынның мәнерлі орындалуын және әр түрлі жанр мен стильдегі шығармаларды дирижерлауды тереңірек оқып, іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беріледі. Интеграцияланған курс білім алушылардың музыкалық ойлауын, есту қабілетін, қызмет көрсету саласындағы жоғары көркемдік маман болу қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Музыкалық аспап және жалпы дирижерлау 2
    Несиелер: 5

    Музыкалық аспап және жалпы дирижерлеу -бұл 4-ші семестрдегі «Музыкалық аспап және жалпы дирижерлеу» курсын оқып үйренудің жалғасы, онда музыкалық аспаптарда ойынның мәнерлі орындалуын және әр түрлі жанр мен стильдегі күрделі формадағы шығармаларды ойнауды және дирижерлауды тереңірек оқып, іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беріледі. Интеграцияланған курс білім алушылардың музыкалық ойлауын, есту қабілетін, қызмет көрсету саласындағы жоғары көркемдік маман болу қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Іскерлік қарым-қатынас этикасы мен мәдениеті
    Несиелер: 5

    Курс қызмет көрсету саласындағы болашақ маманға қажет моральдық құндылықтар мен нормаларды тікелей жүзеге асыру саласындағы қарым-қатынасты үйретеді. Іскерлік қарым –қатынастың міндеттері мен негізгі принциптері, анықтамасы, құрылымы, түрлеріне және кезеңдеріне тоқталады. Мәдени сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқыту неәтижесінде қызмет көрсету саласындағы болашақ маманның көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру, адамгершілік құндылықтардың, мұраттардың, қарым-қатынас принциптері мен нормаларының маңыздылығын түсіну қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мәдени-тынығу жұмысындағы хореография негіздері
    Несиелер: 5

    Курсты оқыту барысында білім алушыға хореография өнерінің шығу тарихы, негіздері мен түрлері, терминологоиясы мен классификациясы, жанрлары туралы мағлұмат беріледі. Сондай-ақ балет өнерінің, қазақ би өнерінің, классикалық, халықтық, тарихи-тұрмыстық билер тарихы мен көрнекі өкілдері туралы толықтай ақпарат беріледі. Оқыту нәтижесінде негізгі сахна заңдылықтары мен хореографиялық қойылым әдістемесін үйренеді. Мәдени тынығу мекемелерінде хореографиялық үйірмелер жұмысын ұйымдастыра білуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Көркемөнерпаз халық аспаптары оркестрін ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларға көркемөнерпаз халық аспаптары оркестрімен танысуға мүмкіндік береді. Оркестр құрамына кіретін аспаптардың бұрауы, диапозоны мен регистрі туралы түсінік беріледі. Көркемөнерпаз халық аспаптары оркестрі құрамында ойнау, оркестрге басшылық ету, жетекші –дирижер болу дағдысын қалыптастырады. Оқыту нәтижесінде көркемөнерпаз халық аспаптары оркестрі құрамына кіретін топтардың спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмыс жасау дағдысын біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мәдени-тынығу саласындағы мұражай жұмысы
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларға мұражай жұмысының тарихы мен теориясы, даму жолдары, қолданбалы мұражай, тарихи мұражай, мұражай жұмысының негізгі кезеңдері, мұражай жұмысында қор қалыптастыру, қор жинақтау, сақтау және мұражай менеджменті мен маркетингі,мұражайда жүргізілетін ғылыми-ағарту жұмыстары , мәдени-көпшілік және тәрбие жұмыстары жайлы толық мағлұмат береді. Оқыту нәтижесінде ұйымдастырушыға қажетті білім алушылардың танымдық, ойын-сауық және көркемдік қасиеттерін, мұражайлардағы мәдени-демалыс жұмыстарын дайындау мен ұйымдастырудағы әдістер мен тәсілдерді білуін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Бос уақытты ұйымдастырудың көркем-педагогикалық әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс бос уақытты ұйымдастырудың көркем-педагогикалық әдістемесін мәдени-тынығу жұмысының түрлі формалары шеңберінде қарастыруды оқытады. Жалпы бұқаралық мерекелер тарихы, әдет-ғұрыптар мен мерекелердің пайда болуы, бұқаралық меркелердің әлеуметтік мәні, мерекелердің түрлері мен жіктелуі. Бұқаралық мерекелер сценарийі мен композициясы және олардың ерекшеліктері, бұқаралық меркелердің драматургиясы мен режиссурасы туралы мағлұмат береді. Оқыту нәтижесінде бұқаралық қойылымдарыды дайындау барысындағы репитициялық үрдісті ұйымдастыру дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Мәдени-тынығу жұмысының безендіру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс мәдени-тынығу бағдарламалары түрлерімен, негізгі кезеңдері және дамыту принциптерімен таныстырады. Мәдени бағдарламалардың безендіру әдістемесі туралы теориялық және практикалық білім береді. Шоу, ойын-сауықтық, мәдени-тынығу, бұқаралық бағдарламаларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі, ток шоуларды ұйымдастыру және өткізу, ойын тренингтері, тынығу бағдарламаларды өткізу үшін сценарийлер жасау дағдыларын қалыптастырады. Түрлі сценарийлер мен қойылымдарды әзірлеу арқылы креативті ойлауды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сахна шеберлігі және сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 5

    Курс мәдени-демалыс жұмыстарында сөз мәдениеті, сөз әдебі ұғымдарына назар аудара отырып, өз араларында осы өлшемдердің қарым-қатынас үдерісінде орындалу жағдайын қалыптастырады. Сөзге логикалық, бейнелі, эмоционалды әсер ете білуге, аралас-диафрагматикалық тыныс алуды меңгеруге, сөйлеу дауысын қалыптастыруға, әдеби айтылымды игеруге, айқын дикцияны дамытуға тәрбиелейді. Оқыту нәтижесінде студенттердің әдеби айтылу нормалары, мәтінді сауатты талдау, әр шығармада сапалы жұмыс жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Клуб мекемелерінде мәдени тынығу жұмыстарын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларға іс-шараларды (концерт, моноконцерт, бір орындаушы музыканттың концерті, құрама концерттік бағдарлама, вокал, оркестрдің, ансамбльдердің орындаулары және т.б.) өткізудің нысандарын, тәсілдерін білуге және түсінуге мүмкіндік береді. Оларға тақырыптық және театрландырылған концерттерді құрастыруға және өткізуге үйретеді. Мәдениет және демалыс мекемелерінде (МДМ) маманның өз саласындағы жұмысының ерекшеліктері оқытылады. Ұйымдастырушының кәсіби қасиеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Актерлық шеберліктің негіздері
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларда байқау, шығармашылық қиялды дамыту, зейін мен есте сақтау, ассоциативті және бейнелі ойлау, ырғақ сезімі, логикалық ойлау, оқиғалар құру, әдеби тіл нормалары арқылы өз ойларын, іскерлік-этикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру сияқты дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Актерлік шеберлік саласында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырады. Мәдени ауызекі сөйлеу мен әртістікке үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көркемөнерпаз хор ұжымын ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларға көркемөнерпаз хор ұжымының ерекшеліктерімен танысуға, әуесқой ән айту негіздерін, кәсіби вокалды және хормен ән айту дағдыларын үйретуге мүмкіндік береді. Көркемөнерпаз хор ұжымы құрамына кіретін дауыста туралы мағлұмат беріледі. Білім алушыларда көркемөнерпаздар хор ұжымында көшбасшы және жетекші –дирижер болуды қалыптастырады. Оқыту нәтижесінде хормейстер жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана отырып, көркемөнерпаз хор ұжымын ұйымдастыру дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Фольклорлық музыкалық аспап (асатаяқ, шаңқобыз, сыбызғы)
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында білім алушы өзі таңдаған белгілі бір аспапты меңгереді. Курс фольклорлық музыкалық аспаптарда жеке оқытуға негізделген. Аспапты ұстау (постановка), орындыққа отыру (посадка), қол саусақтарын аспапқа орналастырудан (аппликатура) бастап, музыкалық аспапта түрлі шығармаларды орындау дағдысын қалыптастырады. Оқыту нәтижесінде нотадан бірден оқып ойнау, барлық штрихтарын, динамикалық белгілері мен заңдылықтарын сақтап ойнау дағдысы қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мәдени-тынығу жұмысындағы драматургия және режиссура
    Несиелер: 5

    Курс драмалық өнердің заңдылықтарын оқытады және драмалық шығармаларды талдайды. Мәдени- тынығу жұмысы драматургиясының негізі болып табылатын сценарий құру және оны жүзеге асыру — бұл қиялды, қиялды, іс-әрекетті ұйымдастырудың өзіндік әдістерін қажет ететін шығармашылық процесс. Білім алушы курсты оқу барысында сценарий жазуға дағдыланады. Оқыту нәтижесінде сценарийлік жоспарларды, көркемдік бағдарламалар мен қойылымдарды әзірлеу, дайындау және жүзеге асыру қабілеттерін дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қосымша музыкалық аспап
    Несиелер: 5

    Пән қосымша музыкалық аспапта ойнау дағдыларын қалыптастырады. Оқытылатын музыкалық аспапта орындау ерекшеліктерін, музыкалық шығарманы игерудегі жұмыс әдістерін, әртүрлі стильдердің, жанрлардың, дәуірлердің және әртүрлі бағыттардың қол жетімді аспаптық туындыларын көркем орындауға үйретеді. Білім алушылардың музыкалық аспапта жоғары көркемдік шеберлігін қалыптастырады. Шығармашылық бастаманы және шығармамен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ноталық мәтінді мұқият және мұқият зерделеу негізінде өзінің орындаушылық жоспарын құру және іске асыру дағдыларын тәрбиелейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шоу, ойын-сауықтық бағдарламаларды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән шоу-бағдарламалардың түрлерін, негізгі кезеңдерді құру және дамыту принциптерін, ұйымдастырушылық, маркетингтік, қаржылық, нормативтік-құқықтық аспектілерді, шығармашылық және басқарушылық құрамдарды, шоуды ұйымдастырудың технологиялық кезеңдерін зерттейді. Мәдени – демалыс шоу-бағдарламаларын көркем-музыкалық безендіру дағдыларын қалыптастырады, инновациялық технологияларды пайдалана отырып, түрлі бағыттағы және халық-көрермендердің әртүрлі санаттары үшін концерттер, музыкалық-театрландырылған қойылымдар, мерекелік-ойын-сауық іс-шараларын құру және ұйымдастыру дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Сахналық имидж және визаж
    Несиелер: 5

    Бұл курс білім алушыға мәдени-тынығу жұмысында қолданылатын сахналық бейненің әдіснамалық негіздерін: имидж құрылымы, оның құрамдас бөліктері, функциялары мен мағыналары, кәсіби имидждің құралдары және оларды қолдану әдістемесі туралы білімдерін оқытады. Белгілі бір сахналық бейнені жасау үшін макияждың түрлерін оқытады. Оқыту нәтижесінде стилистика мен имиджиология бойынша базалық білімді меңгереді мәдениет қызметкерінің сыртқы және ішкі бейнесімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Іскерлік мәдениет және мәдени тынығу шараларын безендіру тәсілдері
    Несиелер: 3

    Осы ұсынылған курс білім алушыларда мерекелерді безендіру, сахнаны безендіру, іс-шараларды безендіру саласындағы шедеврлермен таныстыру туралы жалпы білім қалыптастырады. Білім алу арқылы білім алушылар әртүрлі өнер түрлерін әлемдік мәдениеттегі рухани құндылықты білдіретін элемент ретінде ажыратады. Мәдени-демалыс бағдарламаларын жоспарлау және жүргізу кезінде іс жүзінде әртүрлі әдістерді қалыптастырады, мәдени-демалыс қызметінде қосымша құрылымдар мен технологияларды пайдаланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ансамбль және оркестр аспаптарын оқыту
    Несиелер: 5

    Курс ансамбль және оркестр құрамына кіретін музыкалық аспаптарды жеке оқытуға негізделген. Курсты оқыту барысында білім алушы фольклорлық, халық аспаптарымен таныстырылып, сол аспапты меңгеріп, ансамбльдік орындаушылық дағдыларына, көпшілік алдында, өнер көрсетуге үйретеді. Бос уақыт жұмысы саласында практикалық қызметте олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Оқыту нәтижесінде музыканттардың тәжірибелеріне сүйене отырып, болашақ мамандардың бойында ансамбльдік ұжымдар жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәдени-тынығу жұмысындағы әдістемелік жетекшілік технологиясы
    Несиелер: 5

    Курс болашақ мәдениет қызметкерінің әлеуметтік-мәдени және жетекшілік ерекшеліктерін оқытады. Мәдени- тынығу қызметін әдістемелік басқару принциптерін, әдістерін, құралдарын, оқыту кезеңдерін және мәдени- тынығу қызметінің озық тәжірибелерін жинақтауға дағдыланады. Оқыту нәтижесінде білім алушы әдістемелік кабинеттер мен орталықтардың, халық шығармашылығы орталығының жұмыс мазмұнына талдау жасай алады. Мәдени- тынығу жұмысындағы әдістемелік жетекшілік технологиясының басқарушылық дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Ойын-сауық индустриясы және тарихи демалыс орындары
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларды "ойын-сауық индустриясы" ұғымымен және оның мәдени-демалыс саласындағы рөлімен таныстырады. Кино, хореография, музыка сияқты өнер түрлеріне қызығушылықты дамытады. Тарихи жерлерде әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырудың әдістері мен ерекшеліктерін игереді. Болашақ маман тәрбиесіндегі тарихи орындардың маңыздылығын ескере отырып, білім алушылардың патриоттық сезімдерін арттырады. Ұлттық мәдениет пен демалыс дамуының тарихи кезеңдерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Бұқаралық мерекелерді ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Курс бұқаралық мерекелердің типологияларын, бағыттау формалары мен әдістерін оқытады. Бұқаралық мерекелерді ұйымдастырудың принциптері мен әдістерін, бұқаралық мерекелер режиссурасының экспрессивті құралдарын, шығармашылық-қойылымдық тобының дайындық жұмыстарының кезеңдері туралы түсінік береді. Курс білім алушылардың түрлі іс-шараларда мерекелік іс-шаралар мен концерттерді кәсіби ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігін қалыптастырады. Оқыту нәтижесінде дәстүрлі және дәстүрлі емес бұқаралық мерекелерді ұйымдастыра және өткізе алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәдени- тынығу жұмысы туризмі
    Несиелер: 5

    Курс білім алушыларға Қазақстандағы және шетелдегі мәдени-демалыс жұмыстарының туризмін дамытуды ұйымдастыруда теориялық және практикалық дағдыларды береді. Білім алушыларда туристік демалыс саласындағы қоғамдық-мемлекеттік саясаттың теориялық және практикалық білімін қалыптастырады. Адамның туристік демалыстағы рекреациялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудың әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын зерттейді, танымдық-ойын-сауық және рекреациялық-сауықтыру туристік демалысын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етудің ерекшеліктерін оқытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мәдени-тынығу қызметіндегі инновациялық технологиялар
    Несиелер: 3

    Курс білім алушыларды бос уақытты ұйымдастыру саласындағы жаңа жетістіктермен таныстырады. Бос уақыт саласындағы қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайға, бос уақыт стратегиясының жалпы сипаттамасы мен типологиясына сипаттама беріледі. Қазіргі қоғамдағы бос уақытты реттеу мәселелерін және мәдени-демалыс бағдарламаларының инновациялық нысандарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    Кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетеді, тәрбие-педагогикалық үдерістің заңдылықтарын және қоғамның құқықтық нормаларын, философиялық, эстетикалық, психологиялық - педагогикалық ғылымдардың негіздерін, Қазақстан Республикасының қалыптасу негіздерін (тарих, өнер, дін) біледі. Қоғам дамуының жалпы тарихи процестері туралы, Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі ілімдер туралы; мәдениет пен өнер саласындағы проблемалар мен процестер туралы; тұлғааралық қатынастардың этикалық және құқықтық нормалары және оларды оқу процесінде пайдалану тәсілдері туралы түсініктері бар.

  • Код ON2

    Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жылдам табу, өңдеу және талдау әдістерін біледі, шығармашылық топты ұйымдастырады және басқарады, академиялық адалдық мәдениетінің принциптерін, педагогикалық процесті жобалау, педагогикалық қызметтің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжаудың маңыздылығын түсінеді.

  • Код ON6

    Мәдени мекемелерде шығармашылық және ұйымдастырушылық қызметке басшылық жасай алады; шығармашылық ұжымдарда жетекші қызметінің аса маңыздылығын айқындайды, қызмет көрсету саласында жаңа технологияларды қолданады (акт), рефлексия, инновациялық идеяларды, мүдделі тараптарды, пәнаралық байланыстарды пайдаланады;

  • Код ON12

    Ағарту саласындағы ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу үшін қазақ, орыс, шет тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеуде ойларды логикалық, сауатты тұжырымдап, айтуды жүзеге асырады.

  • Код ON8

    Мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін маркетинг және менеджмент әдістері мен құралдарын қолдану, 'экономика, бизнес және кәсіпкерлік негіздері дағдыларын меңгерген, қызмет көрсету және ойын-сауық индустриясындағы мәселелерді шеше алады және дәлелдерді тұжырымдай алады;

  • Код ON9

    Орындаушылық өнердің тарихын, қазақ және әлем музыкасы өкілдерінің өмірбаяны мен шығармашылығын біледі және мәдени –тынығу жұмысы барысында пайдалана алады, музыкалық орындаушылық қызметін жүргізеді.

  • Код ON4

    Кәсіби қызметтегі әдістерді, тәсілдерді және қызмет көрсету технологияларын меңгерген, қазіргі заманғы мәдени-тынығу жұмысының даму үрдісін, экология және өмір қауіпсіздігі негіздерін біледі.

  • Код ON3

    Өз қызметінде кәсіби лексиканы қолданудың әдістемесін біледі, сөйлеу мәдениетін, музыкалық сауаттылығы мен музыкалық аспапта ойнаудың, вокал, дирижерлау және көркемөнерпаз ұжымдармен жұмыс жасаудың негізгі дағдыларын пайдалана алады.

  • Код ON5

    Бос уақытты ұйымдастыру барысында әлеуметтік-педагогикалық қызметтің формалары мен әдістерін , принциптерін орындауға шығармашылық көзқарасты жүзеге асыра алады.

  • Код ON10

    Мәдени-тынығу қызметінде мәдени-тынығу жұмысының теориясы мен әдіснамасын, актерлік шеберлік және сценарий жазу әдістемелерін біледі және пайдалана алады.

  • Код ON11

    Таңдалған салада ғылыми зерттеулер, академиялық жазу әдістерін біледі және оларды педагогикалық- ұйымдастырушылық қызметте қолданады.

  • Код ON7

    Режиссерлік жұмыс арқылы көркем-эстетикалық тәрбие беру, ұйымдастыру және дамыту жұмыстарын жүзеге асырады, сценарийлік-режиссерлік технологияларды пайдалана отырып, ақпаратты талдай және ұсына алады, сахнада өзін ұстау қабілетін, жалпы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете алады.

Top