Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11102 Халықаралық және ішкі туризм в Халықаралық туризм және меймандостық университеті

  • Туризмология негіздері
    Несиелер: 5

    Пән туризм туралы философиялық және әлеуметтік түсініктерді, туристік қызмет саласының негізгі ұғымдарын, туристік жүйелердің құрылымы мен нысандарын, сондай-ақ тұрақты туризм тұжырымдамасын және оның осы үдерістегі рөлін ашуға бағытталған. Курс туризм саласындағы халықаралық және ұлттық тәжірибе мен жаһандық үрдістерді талдау жолымен туристік индустриядағы қызметкерге білім берудің, мансаптық өсуінің және өзін-өзі дамытуының негізгі бағыттарын ашады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұражайтану
    Несиелер: 4

    Бұл пән мұражай қызметін ұйымдастырудың мәні, қағидалары, негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын оқытады. Мұражай ісінің тарихын, мұражайлар түрлері мен типологиясын, негізгі бағыттарын, мұражайлардағы ғылыми-зерттеу және қор жұмысын қарастырады. Мұражайдағы әлеуметтану, экскурсиялық қызметпен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Туризм және қонақжайлылықтағы іскерлік қарым-қатынас психологиясы
    Несиелер: 5

    Пән іскерлік қарым-қатынас саласы туралы түсінікті; тұлғаның негізгі түрлері және қарым-қатынас әдістері туралы білімді қалыптастырады. Іскерлік қарым-қатынас стильдері мен түрлерінің ерекшеліктерін; іскерлік қарым-қатынас үрдісінде жанжалды жағдайлардың пайда болу мәнін ашады. Туристік өнімнің тұтынушылары үшін сапалы және тиімді қызмет көрсетуге әсер ететін жанжалды жағдайларды шешу әдістерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы
    Несиелер: 6

    Пән Қазақстанның туристік және рекреациялық ресурстарының аймақтық сипаттамаларын ескере отырып, Қазақстандағы туристік құрылымдардың қызметінің ең перспективалық түрлерінің бірі ретінде туризмнің әртүрлі түрлерінде белсенді туризмнің техникасы мен тактикасын ұйымдастыру түсініктерін ашып көрсетеді, пәннің басты бағыты тау және су жорықтарының ерекшеліктерімен байланысты болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туристік қызмет психологиясы
    Несиелер: 5

    Пән туристік қызметті ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін ашады; адамдардың жағдайын диагностикалау мен болжаудың ерекшеліктерін ашады; жеке тұлғаның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, басқару процесін бағдарламалау технологияларын үйретеді; психологиялық ғылым мен туристік саланың ерекшелігін білу негізінде жанжалды жағдайларды шешу дағдыларын қалыптастырады; туризм менеджерінің психологиясын түсіндіреді, менеджердің клиенттермен, қызметкерлермен, бизнес серіктестермен қарым-қатынасын сипаттайды; Туризмдегі жарнаманың психикалық процестерінің рөлін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туризм және қонақжайлылық индустриясының менеджменті
    Несиелер: 4

    Пән менеджменттің негізгі әдістерін, қағидалары мен функцияларын, туризм саласындағы басқару үрдісінің ерекшеліктерін; үрдістерді басқару және туристік қызметтерді ұсыну ерекшеліктерін оқытады. Туристік кәсіпорынды басқару, оның қызметінің тиімділігін арттыру, ұжымдағы басқару шешімдерін қабылдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән кәсіпкерлік қызметтің негізгі сипаттамаларын, мазмұны мен бизнес-жоспардың құрылымын ашықтауға, кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен даму проблемаларына, экономикалық теорияларына, кәсіпкерлік қызметті талдау мен бағалауға бағытталады. Курс кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын, негізгі элементтерін, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудағы нарықтың типтерін, шығындарды азайту мен пайданы жоғарылату ережелерін қарастырады. Білімгер кәсіпкерліктің жоспарлау, қаржыландыру, басқару жүйесін меңгере отырып, кәсіпкерлік қызметтің іскерлік жауапкершілігін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • MINOR 1
    Несиелер: 5

    Білім беру бағдарламасы аясында ЖОО студенттерге қосымша білім Minor таңдауды ұсынады. Minor 1-курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогына сәйкес таңдалады және әрқайсысы 5 кредит көлеміндегі 4 пәннен тұрады. Ұсынылатын майнорлар: «Digital tourism»; «Қонақүй менеджменті»; «Экскурсиялық қызмет»; «Спорттық туризм»; «Туристік құқық»; «Туризмдегі логистика»; «Туризм мамандықтарына арналған шет тіліндегі пәндердің minor курсы»; «Спорттық менеджмент»; «Жаттықтырушы»; «Спорттық нұсқаушы».

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Туризм мақсатындағы ағылшын тілі I
    Несиелер: 5

    Кәсіби қарым-қатынас жағдайы мен контекстіне байланысты клиенттермен тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін шетел тілдерінің қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес еркін, сыпайы сөйлеу қабілетін дамытады, орта деңгейде коммуникациялық қарым-қатынас орнатуда арнайы тақырыптық терминдердің мағынасы мен функцияларына сай қолдану, тілдік құралдарды дұрыс таңдау және коммуникативтік дағдыларды қажет деңгейде көрсете алу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында экологиялық танымды қалыптастырып, адамның тіршілік ету ортасында қауіпсіздікке дағдыландырып, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді үйреніп, ірі табиғи техногенді апаттардан, экологиялық зардаптардан, зілзалалардан және жұқпалы вирустардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты (эвакуациялау) қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғап, қарым-қатынас жасауды басқарып, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік бағыттарын саралап, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін талқылап, құқықтың обьективтік түсінігін, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуын, нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын көрсетеді. Жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттеп, қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мəдениетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықаралық және ішкі туризм тарихы
    Несиелер: 5

    Пән саяхаттардың пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары; туризмнің әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болуын, даму мен қалыптасу заңдылықтарын; тарихи, мәдени, қоғамдық-саяси үрдістер аясында халықаралық және ішкі туризмнің дамуының негізгі кезеңдерін; Қазақстандағы туристік қоғамдардың пайда болуы мен дамуын; халықаралық туризмнің түрлері мен формаларын; туризм бойынша ірі халықаралық конвенцияларды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықаралық туризм тарихы
    Несиелер: 5

    Пән саяхаттардың пайда болуы мен дамуының тарихи алғышарттары; туризмнің әлеуметтік құбылыс ретінде пайда болуын, даму мен қалыптасу заңдылықтарын; тарихи, мәдени, қоғамдық-саяси үрдістер аясында халықаралық туризмнің дамуының негізгі кезеңдерін; халықаралық туризмнің түрлері мен формаларын; туризм бойынша ірі халықаралық конвенцияларды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Академиялық жазуға кіріспе
    Несиелер: 3

    Пәнді оқу барысында білім беру мекемелерінде ғылыми ойлауды дамытуға және ғылым жүйесінде зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеруге, өз көзқарасын ашық білдіре алуға, шағын мәтінмен, эссемен жұмыс істеу және стандарттар негізінде мәтін құру дағдыларын меңгереді. Инновациялық технологияларды қолдану бағытында білім беру мен ғылыми қызметтегі технологияларды және тарихи дискурстың семиотикалық құрылымын идеологиялық мазмұнды сыни тұрғыдан талдай білуге үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экскурсиялық және көрмелік қызмет
    Несиелер: 6

    Пән экскурсиялық және көрмелік қызметте қолданылатын терминологияны меңгеруді қамтиды. Экскурсияны дайындау және көрме қызметі кезеңдерімен, оларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу әдістерімен таныстырады. Пәнді практикалық тұрғыдан экскурсиялық және көрмелік қызметті дамыту дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экскурсиятану
    Несиелер: 6

    Пән экскурсиялық іс негіздерін үйретеді. Кәсіби білім жүйесін, ақпаратты жинау және өңдеу, экскурсиялық-туристік қызметті дайындау, өткізу, жоспарлау бойынша практикалық қызметте білімді қолдана білу дағдыларын қалыптастырады; отандық және шетелдік туристерге таныстыру экскурсиялары мен турларын сапалы өткізу қабілетін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Туризм мақсатындағы ағылшын тілі II
    Несиелер: 5

    Кәсіби міндеттерді іске асыруда іскерлік кездесулер мен келіссөздер, презентациялар жүргізу мақсатында кәсіби коммуникативтік дағдыларды жеткілікті деңгейде дамытуға, мәдениет аралық коммуникацияға қатысуға, ауызша және жазбаша сөйлеуге және әріптестер мен және клиенттермен өзара қарым-қатынас жасауда қажетті коммуникациялық стратегиялар дытиімді қолдануға қабілетті, тілдік тақырыптар шеңберінде арнайы терминологияны меңгерген білім алушының тұлғасын дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • MINOR 2
    Несиелер: 5

    Білім беру бағдарламасы аясында ЖОО студенттерге қосымша білім Minor таңдауды ұсынады. Minor 1-курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогына сәйкес таңдалады және әрқайсысы 5 кредит көлеміндегі 4 пәннен тұрады. Ұсынылатын майнорлар: «Digital tourism»; «Қонақүй менеджменті»; «Экскурсиялық қызмет»; «Спорттық туризм»; «Туристік құқық»; «Туризмдегі логистика»; «Туризм мамандықтарына арналған шет тіліндегі пәндердің minor курсы»; «Спорттық менеджмент»; «Жаттықтырушы»; «Спорттық нұсқаушы».

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Халықаралық және ішкі туризмдегі электрондық және цифрлық брондау жүйелері
    Несиелер: 6

    Пән халықаралық және ішкі туризмдегі қызметтерді брондау және резервтеу технологиясы мен әдістерін; туристік индустрияда қолданылатын ақпараттық басқару жүйелерін оқытады. Туризмде брондау және резервтеу жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Туризм және қонақжайлылық индустриясының маркетингі
    Несиелер: 5

    Пән маркетингтің теориялық негіздерімен, қонақжайлылық индустриясында оларды практикалық қолдану дағдыларымен таныстырады. Қонақжайлылық және туризм қызметтері нарығында бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасызету үшін функционалдық стратегияларды (тауарлық, бағалық, тарату және коммуникативтік) әзірлеу ерекшеліктерін оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • MINOR 3
    Несиелер: 5

    Білім беру бағдарламасы аясында ЖОО студенттерге қосымша білім Minor таңдауды ұсынады. Minor 1-курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогына сәйкес таңдалады және әрқайсысы 5 кредит көлеміндегі 4 пәннен тұрады. Ұсынылатын майнорлар: «Digital tourism»; «Қонақүй менеджменті»; «Экскурсиялық қызмет»; «Спорттық туризм»; «Туристік құқық»; «Туризмдегі логистика»; «Туризм мамандықтарына арналған шет тіліндегі пәндердің minor курсы»; «Спорттық менеджмент»; «Жаттықтырушы»; «Спорттық нұсқаушы».

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көшбасшылық
    Несиелер: 4

    Пән "көшбасшы", "көшбасшылық", "команда құру" ұғымдарын; көшбасшылық қасиеттерді дамыту ерекшеліктерін, шағын топты, команданы басқару және менеджментке қабілеттерді; көшбасшылық теориясының негіздерін, көшбасшылық типтерін; "ұжым", "команда" және жұмыс тобы түсінігін; шағын топты дамыту механизмін және топты басқару негіздерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Команда құру
    Несиелер: 4

    Пән команда құру мен команда түрін анықтаудың заманауи тәсілдерімен, қарым-қатынастағы проблемалық аймақтарды бөліп көрсету және оларды шешу жолдарын табу, команданы нөлден қалыптастыру және бұрыннан бар командамен өзара әрекеттесу қабілетімен таныстырады. Туристік ұйымдарда топ құрудың теориялары мен әдістері туралы білімді қалыптастырады. Адамдардың мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік-психологиялық себептерді талдауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Туризм мақсатындағы ағылшын тілі IІІ
    Несиелер: 5

    Туризм және кәсіби қызмет көрсету саласында мамандарды ағылшын тілінде кәсіби бағдарланған қарым-қатынасқа үйрету, сонымен қатар шетелдік серіктестермен және клиенттермен коммуникативтік әрекетті құру стратегиясы мен тактикасын меңгерген жеке тұлғаның мәдени аралық қарым-қатынасқа қабілеттілігін көрсететін тілдік құзыреттілігін қалыптастырады. Кәсібиортада, халықаралық туризм және қызмет көрсету саласында «Туризм мақсаттарына арналған ағылшын тілі» саласында алған білімдері мен практикалық іскерліктерін бейінді қызметте жоғарғы деңгейде қолдануды қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Рекреациялық туризм
    Несиелер: 5

    Пән әртүрлі аумақтардың рекреациялық ресурстарын анықтауға және бағалауға; туристік-рекреациялық аумақтардың деректер базасын құруға; туристік-рекреациялық жобалаудың практикалық-бағдарланған міндеттерін шешуге; аумақтың туристік-рекреациялық әлеуетін және жаңа сауықтыру технологияларын ескере отырып, туристік өнімді қалыптастыруға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Экологиялық туризм
    Несиелер: 5

    Бұл пән экологиялық туризмнің пайда болуының алғышарттарын ашады; туризмнің табиғи кешендерге әсерін түсіндіреді; туризмнің тұрақты дамуының принциптері мен басымдықтарын; экологиялық туризм аясында бару объектілерін; халықаралық ұлттық парктердің географиясын; экологиялық туристік маршруттарды жобалаудың ерекшелігін анықтайды; экологиялық мәдениетті қалыптастыру және экологиялық-туристік табиғатты пайдалануды нормалау мәселелерін көрсетеді; экологиялық туризмді дамытудың отандық және әлемдік тәжірибесін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлемдік қонақжайлылық индустриясы
    Несиелер: 6

    Пән әлемдік қонақжайлылық индустриясының даму тарихын, негізгі орталықтарының қалыптасуын түсіндіретін заңдылықтарды қарастырады. Әлем бойынша қонақ үй -мейрамхана кәсіпорындарында қолданылатын қызмет түрлері мен әдістерін; қонақжайлылық индустриясын қалыптастырудың алғышарттарын, факторлары мен жолдарын; қонақжайлылық саласындағы халықаралық ынтымақтастық нысандарын; саланың жаһандану механизмдерін; әлемдік қонақжайлылық индустриясының даму тенденцияларын оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық туризм географиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пән халықаралық туризмнің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын; туристік ағымдардың географиясын; демалыс және ойын-сауық, сауықтыру, білім беру, қажылық және туризмнің басқа да түрлері үшін туризм географиясын; жекелеген елдер мен әлем аймақтарындағы халықаралық туризмнің дамуын қарастырады. Картографиялық және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Туроператорлық және турагенттік қызмет технологиясы мен ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән туроператорлық және турагенттіктердің қызметтерінің негізгі бағыттарын, оның туристік қызметтерді жеткізушілермен, мемлекеттік органдармен, туристермен қарым-қатынасын ұйымдастыру қызметімен таныстырады. Турларды құру, жылжыту және іске асыру бойынша жұмыс циклін, туризмнің әртүрлі түрлеріне қызмет көрсету бағдарламаларының ерекшеліктерін; қызмет көрсетушілермен қарым-қатынас ерекшеліктерін, туристік құжаттамаларды; сондай-ақ туроператорлық және турагенттік қызмет технологиясын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлем халықтарының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары
    Несиелер: 5

    Пән әлемдік мәдениеттің бір бөлігі және туристік ресурстардың құрамдас бөлігі ретінде әлем халықтарының ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық, діни, тарихи және табиғи-географиялық жағдайларды ескере отырып, әлем халықтарының дәстүрлері мен тағамдық мәдениеттерін қалыптастыру принциптерін зерттейді. Осы курсты оқу аясында студенттер тарихи зерттеулерде оқытылатын пән саласындағы негізгі білімдерін қолдана алады; мәнді түсінудің тұжырымдамалық аппараты келесі категориялардан тұрады: мәдениет, құндылықтар, этникалық, этникалық мәдениет, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, рәсімдер, нормалар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Гастрономиялық туризм
    Несиелер: 5

    Пән гастрономиялық туризмнің қызмет көрсету саласындағы рөлі мен орнын және оның дамуының негізгі үрдістерін, Қазақстан Республикасындағы ішкі туризмді дамытудың теориялық негіздерін қарастырады. Бұл курста гастрономиялық туризм саласының дамуына талдау жасалады, гастрономиялық туризмнің шетелдік тәжірибесі келтіріледі, ішкі гастрономиялық туризмді дамыту бойынша ұсыныстар қарастырылады. Курс барысында студенттер әлем халықтарының ұлттық тағамдарының ерекшеліктері бойынша терең білімге ие болады және қолданады, гастрономиялық туризмнің даму тарихын және әлем елдерінің ұлттық тағамдарының ерекшеліктерін зерттейді, тамақтану саласында практикалық және кәсіби міндеттерді шешеді, жаңа білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • MINOR 4
    Несиелер: 5

    Білім беру бағдарламасы аясында ЖОО студенттерге қосымша білім Minor таңдауды ұсынады. Minor 1-курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогына сәйкес таңдалады және әрқайсысы 5 кредит көлеміндегі 4 пәннен тұрады. Ұсынылатын майнорлар: «Digital tourism»; «Қонақүй менеджменті»; «Экскурсиялық қызмет»; «Спорттық туризм»; «Туристік құқық»; «Туризмдегі логистика»; «Туризм мамандықтарына арналған шет тіліндегі пәндердің minor курсы»; «Спорттық менеджмент»; «Жаттықтырушы»; «Спорттық нұсқаушы».

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық және ішкі туризмді ұйымдастыру технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән ішкі және халықаралық туризмді ұйымдастыру технологияларын; туристік өнімдерді жоспарлау және ұйымдастыру үшін тұтынушылардың түрлерін; туристік өнімдерді бағалау әдістерін; коммуникациялардың негізгі түрлері мен әдістерін; туристік жобалауды; туристік өнімді әзірлеу технологияларын; туристік формальдылықтарды; саяхаттарды сақтандыру және туристерге медициналық қызмет көрсетуді оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан туризмі
    Несиелер: 5

    Пән туристік ресурстармен және Қазақстан аймақтарының туристік әлеуетінің ерекшеліктерімен таныстырады; ішкі туризмді дамыту үшін нормативтік-құқықтық құжаттарды; аймақтар бойынша әлеуметтік-экономикалық индикаторларды; орналастыру орындары, санаторлық-курорттық мекемелер, ерекше қорғалатын аумақтар; тариф пен баға индексін, жолаушыларды көлікпен тасымалдау; туристік инфрақұрылымды; туризм саласындағы қаржы-шаруашылық қызмет бойынша негізгі көрсеткіштерді; аймақтың ресурстары мен әлеуетін бағалау әдістерін қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Этнографикалық туризмді ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Пән этнография түсінігін және әдістерін, этнографиялық объектілердің негізгі жіктелімдерін оқытады. Этнографиялық туризмді ұйымдастыру негіздерін, халықаралық және ішкі туризмдегі этнографиялық туризмнің түсінігін қарастырады. Этнографиялық тақырыптағы турларды әзірлеу және өткізу дағдыларын, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды қабылдай отырып жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тұрақты туризм
    Несиелер: 5

    Пән туризмнің тұрақты дамуының тұжырымдамалық негіздерін; туризмдегі тұрақты дамуды жүзеге асырудың құралдары мен әдістерін оқытады. Туризм дамуының экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерін, туристік қызметтің тұрақтылық критерийлерін, тұрақты туризм тұжырымдамасын жүзеге асырудың шет елдік тәжірибесін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Туризмдегі экономика және бизнес-жоспарлау
    Несиелер: 5

    Бұл пән туризмдегі бизнес-жоспарлаудың теориялық негіздері; әр түрлі қаржы-экономикалық көрсеткіштердің есептерін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және қаржылық жоспарлаумен байланысты теориялық негіздермен практикалық дағдыларды қалыптастырады; туризм саласындағы кәсіпорындардың бизнес – жоспарларының жеке бөлімдерін жасаудың практикалық тәжірибесін үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Туризмдегі қызметкерлерді басқару
    Несиелер: 6

    Пән персоналды басқарудың негізгі әдістерімен, принциптерімен және функцияларымен таныстырады; персоналды іріктеу және жалдау формалары мен әдістерін, мансапты жоспарлау және туризм саласындағы басқарушы кадрлар резервін қалыптастырады; кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру процесінің мазмұны, мақсаты, функциялары мен механизмдерін оқытады; туризмдегі персонал саласындағы маркетингтік қызметтің ерекшеліктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық және ішкі туризмдегі көліктік логистика
    Несиелер: 5

    Пән көліктің әлеуметтік-экономикалық табиғатын және оның логистикалық бизнестегі рөлін, әртүрлі көлік түрлерінің жүк және коммерциялық жұмыстарының материалдық-техникалық базасын; жүктер мен жүк тасымалының көліктік сипаттамаларын; жүктерді әр түрлі көлік түрлерімен тасымалдауға арналған тарифтер мен есептеулерді; халықаралық және ішкі туризмдегі көлік логистикасын басқаруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық және ішкі туризмдегі HR
    Несиелер: 6

    Бұл пән халықаралық және ішкі туризм саласында адам ресурстарын тиімді басқаруды, олардың интеграциясы мен ынталандыру үрдістерін; туризм индустриясындағы қызмет ететін ұйымдардың мақсаттарына жету мүддесінде клиенттерді тарту және олардың адалдығын қалыптастыруды; тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанда этнотуризмді ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Бұл пән этнотуризмнің туризм түрі ретіндегі ерекшелігін; этнотуристік өнімнің мазмұны мен құрылымын; этнотуристік өнімнің қалыптасу кезеңдерін; Қазақстанда этнографиялық туризмді ұйымдастырудың ерекшеліктерін; этнографиялық туризмді ұйымдастыру кезінде туристік қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді оқытады. Мәдени өмір оқиғаларын практикалық талдау дағдыларын игеруге; заманауи технологиялар мен жобалау әдістерін, этнографиялық турларды дайындау технологиясын, оларды жүргізу әдістемесін қолдана отырып, жаңа туристік өнімдер мен қызметтерді құруға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық және ішкі туризмдегі тұрақты даму
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық және ішкі туризмнің тұрақты дамуының теориялық негіздері мен тұжырымдамалық аппаратын; тұрақты туризмді дамыту тұжырымдамасын; рекреациялық аймақтардың тұрақты дамуының табиғи, мәдени- тарихи және әлеуметтік-экономикалық факторларын; тұрақты туризмді дамытудың критерийлері мен қағидаларын оқытады; аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін туризмнің негізгі түрлерін; халықаралық және ішкі туризмді дамытудың перспективалық бағыттарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және туризм
    Несиелер: 5

    Бұл пән қызмет көрсету және сату мәдениетінің мазмұны мен жүйесін; қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, нысандары мен технологияларын енгізу процесін көздейді. Басқару процесіндегі коммуникация түрлерін, кәсіпорындардағы еңбекті ынталандыру жүйесін; халықаралық әлеуметтік-мәдени сервис пен туризмнің имиджі мен әлеуетін жақсарту жөніндегі іс-шараларды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Туристік аумақтардың маркетингі және брендингі
    Несиелер: 5

    Бұл пән аумақтық маркетинг тұжырымдамасын; туристердің тұтынушылық мінез-құлқын (туристік аумақтарды таңдау үрдісі); туристерді сегменттеу және оның аумақтар маркетингіндегі маңыздылығын; туристік аумақтардың бренді мен имиджін, туристік аумақтарды маркетингтік жылжыту құралдары мен стратегияларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Халықаралық және ішкі туризмдегі құқықтық реттеу
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық және ішкі туризмдегі негізгі нормативтік актілермен; туризм саласындағы тұтынушының құқықтық мәртебесімен; паспорттық-визалық және кедендік қызмет көрсету қағидаларымен; келісім-шарттық қатынастардың негіздерімен; халықаралық және ішкі туризмдегі сақтандыру ережелерімен таныстырады. Туризм және қонақжайлылық саласындағы мемлекеттік реттеу қағидалары мен халықаралық құқық нормалары туралы түсінік қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Халықаралық және ішкі нарықтарда туристік өнімдерді жобалау және жылжыту
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық және ішкі нарықтарда туристік өнімді құру, жобалау, жылжыту жолдарын, туристік жобалаудың нормативтік-техникалық базасын; турөнімді жылжыту бойынша PR-жарнамалық бағдарламаларды және түрлі баға белгілеу әдістерін; жобаларды жоспарлау, жылжыту және іске асырылуына бақылау жасауды қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Туризмдегі сақтандырудың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл пән туристік индустрия кәсіпорнының қызметін ұйымдастыру бойынша қауіптерді есептеу және бағалауды; туристік қызметтер нарығының мониторингі әдістерін пайдалануды; тәуекелдің мәнін сақтандырудың негізі ретінде түсіну және сақтандыру қатынастарының даму заңдылығын оқытады. Тәуекелді басқару үрдісі туралы түсініктерді; туризмдегі сақтандырудың әрбір түрінің ерекшеліктерін; әлемдегі және туризмдегі сақтандыру қызметінің қазіргі жағдайы туралы түсініктерді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON2

    Клиенттермен қазақ, орыс және шет тілдерінде академиялық хатты білу, сондай-ақ, мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін сөйлеу, жазу, логикалық дұрыс және дәлелді ойлау қабылеті

  • Код ON5

    Халықаралық және ішкі туризмнің тарихы мен географиясы саласындағы негізгі ұғымдарды үйрету; осы ұғымдарды басшылыққа алу және оларды кәсіби қызметте қолдану.

  • Код ON4

    Дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру үшін іргелі білімді қолдану, Қазақстан халқының, сондай-ақ әлемнің басқа да халықтарының мәдени байлығын, дәстүрлері мен мұрасының ерекшеліктерін түсіндіру; -әлеуметтік, этникалық, саяси, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау.

  • Код ON3

    Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, сондай-ақ халықаралық және ішкі туризмде брондау және резервтеу жүйесінде сандық технологияларды қолдана отырып, кәсіби қызметте стандартты және стандартты емес міндеттерді шешу.

  • Код ON9

    Туристік қызметтердің ішкі және сыртқы нарықтарында туристерге қызмет көрсету үрдісін ұйымдастыру.

  • Код ON7

    Халықаралық және ішкі туризм индустриясында өнімдер мен қызметтерді әзірлеу және ұсыну, туризмнің белгілі бір түрлерін ескере отырып, клиенттермен туристік топтарда жұмысты ұйымдастыру.

  • Код ON8

    Халықаралық және ішкі туризмді ұйымдастыруда, қызмет көрсетуде, келісімшарттық қатынастарда нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану және басқарушылық шешімдерді табу.

  • Код ON1

    Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы базалық білімді қолдану.

  • Код ON10

    Халықаралық және ішкі туризм өнімдерін сатудың тиімділігін арттыру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұсыну, қызметтерді жобалау және жылжыту бойынша жарнамалық компанияларды ұйымдастыру. Туризм индустриясының ішкі және сыртқы нарықтарында бизнес-жоспарлар (жобалар) әзірлеу.

  • Код ON6

    Туризм индустриясының халықаралық және ішкі нарықтарында туристік бизнес кәсіпорындарын ашу, есеп айырысу нәтижелерін талдау және алынған қорытындыларды туризм саласындағы экономикалық білім негіздерінде қолдану.

Top