Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Аударматанудағы зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Аударма, аударматану ғылымдарын зерттеудің лингвистикалық әдістерін сипаттау және талдау. Келешектегі кәсіби аударма қызметі үшін магистранттың теориялық базасын жетілдіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Курс шет тілін практикалық меңгеруді қамтамасыз етуге, шетелдік білім беру процесінде тілдік емес мамандықтар магистранттарының мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілігін Базалық Стандарт (С1) деңгейінде қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру мазмұны жүйесіндегі филологтың тұлғасы
    Несиелер: 7

    Адамның дамуы барысындағы өзінің тұлға ретінде, маман ретінде қалыптасуының теориялық-әдіснамалық мәселелері, объективті және субъективті факторлары жөніндегі білімдерін тереңдету, сонымен қатар болашақ маман иелерін акмеология ғылымымен таныстыру, оны терең түсініп талдауға мүмкіншілік жасау және өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа қабілетті өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра алу саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Курс ғылымның пайда болуы мен қалыптасуын, көзқарастық негіздерін, ғылымның қызметтерін қарастырады. Ғылым дамуының бейклассикалық, постбейклассикалық кезеңдерінің және постпозитивистік, постклассикалық емес кезеңдерінің негізгі концепциялары мен бағыттарының ерекшелеліктерін меңгеру барысында дүниенің ғылыми бейнесі жайлы тұжырым қалыптасады және ғылыми білімнің құрылымы мен деңгейлері, ғылымның идеалдары мен нормалары негізінде ғылымның философиялық негіздемелеріне жете мән беріліп, ғылыми дәстүрлер, ғылымның мамандық ретінде қалыптасуы мәселесіне толық талдау жасалады. Мақсат - ғылымның аксиологиялық аспектілері негізінде қазіргі заманғы жаһандық өркениет мәселелерді шешудегі ғылымның атқаратын рөлін анықтау. Міндет - жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тарихы мен философиясын; әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың тарихы мен философиясын жан-жақты қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиет тарихы дәуірлеуінің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Әдебиет тарихының дәуірлеу кезеңін және әр кезең әдебиетінің ерекшеліктерін білу; әдеби бағыт, әдеби ағым т.б. тарихи кезең мен өзара байланысын зерттеу, зерделеу арқылы меңгерту; әдеби мұралардың идеялық мазмұнына қарай талдай алу, көркемдік заңдылықтарды ажырата алу; әр кезең әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы ұқсастықты таба отырып, өзіндік ой-пікірін қорғау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі тіл ғылымының дамуының негізгі кезеңдері; ірі лингвисттардің негізгі ғылыми мектептерінің тұжырымдамалық ережелері; белгілі бір мектептің өкілдері қол жеткізген ең маңызды жетістіктері; лингвистикалық зерттеулердің негізгі принциптері, әдіснамасы мен технологиясы; лингвистикалық бағыттың тіл ғылымының қазіргі парадигмасына әсерін қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілдік тұлға акмеологиясы
    Несиелер: 7

    Бұл пән қазіргі заманғы қоғамның тұлғалық кемелденген жəне жедел өзгеретін əлеуметтік əлемнің жағымсыз жағдайларына төтеп беруге қабілетті, құзыретті мамандарға, жоғары білікті кəсіпқойларға деген қажеттілік негізінде туындады. Пәнді оқу барысында магистрант тұлғасының үдемелі, ілгері дамуына ықпал ететін, жоғары тұлғалық-кəсіби жетістіктерге əсер ететін заңдылықтар, механизмдер, жағдайлар мен факторлар қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазіргі әдебиеттану ғылымының алдында тұрған өзекті мәселелер туралы түсінік бере келе, жаңа ізденістер мен жаңалықтарды таныстыру, кешенді білім беру. Магистранттар әдебиеттанудағы кейбір мәселелеріне қатысты бүгінгі ғылыми көзқарастарды, пайымдауларды айтып, түсіндіре алады. Әлем әдебиеттануындағы теориялық ұстанымдар, олардың ұлттық әдебиеттанумен сабақтастығын түсіндіреді, талдайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарынан хабардар болады, оларды әлемдік әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістермен салыстырады, қазақ поэзиясы мен прозасындағы жанр жаңалықтары бойынша өз білімдерін жинақтап қорыта алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көркем әдебиеттегі мифологиялық дүниетаным
    Несиелер: 7

    Мифтік сананың кезеңдерін, әдеби архетип пен мифтердің архаикалық семантикасын, қазіргі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясындағы мифтік сарындар мен фольклорлық дәстүрлердің берілу жолдарын анықтау. Көркем әдебиеттегі мифтік туындылардың жанрлық, көркемдік ерекшелігіне мифологема тұрғысынан талдау жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Курста басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері және басқару психологиясы, басқарудың психологиялық теориялары қарастырылады. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері, менеджердің тұлғалық ерекшеліктері, кәсіби іс-әрекеті, қызметтері жалпы басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. жан-жақты талданады. Мақсат – басқару үдерісіндегі басқару субъектісінің, объектісінің мінез-құлық стратегиясы арқылы тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологияларын игеру. Міндет - ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау; басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл біліміндегі жаңа бағыттар
    Несиелер: 6

    «Қазақ лингвистикасының жаңа бағыттары» филолог мамандарға тіл ғылымы дамуының әр кезеңіндегі теориялар мен зерттеу әдістерінің даму логикасын меңгерту, зерттеу бағыттары мен олардың теориялық ілімдерін, ғылым әлеміне еніп жатқан жаңа бағыт жетістіктерін үйренуге бағыттау болып табылады.Тіл білімінің өзекті мәселелері туралы өз беттерінше ой қорытып, ізденуге жол ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Курс ғылым саласына мамандар даярлауды жетілдіруді көздей отырып, жоғары мектептегі оқыту теориясы негізінде педагогикалық қызметтің мазмұны мен құрылымын талдау арқылы жоғары мектеп педагогының кәсіби құзыреттілігі, коммуникативтік білімі туралы мәселелерді қарастырады. ЖОО-дағы заманауи педагогикалық технологияларды, кәсіптік білім берудегі инновациялық үрдістерді меңгеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру қабілеті қалыптасады. Мақсат- магистранттарды кәсіби, педагогикалық іс-әрекетке қазіргі ғылым мен тәрбиенің қол жеткен негізінде даярлау. Міндет - болашақ мамандықтың теориясы және технологиясымен танысуға бағыттау; ЖОО жүйесіндегі білім беру үрдісін басқару менеджментімен танысу; жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті зерттеу мәселелерін анықтап, талқылауға жағдай туғызу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Функционалды грамматика
    Несиелер: 5

    Тіл құрылымы бірліктерінің қазіргі заманғы функцияларын, әртүрлі тілдік деңгейлерге жататын құралдардың бірыңғай жүйесінде осы типтегі грамматиканы зерттеуді, грамматикалық бірліктердің өзара әрекеттесу заңдылықтарын, лексика мен контекстті жіктеуді, сөздің мағынасын жеткізуге қызмет ететін тілдік құралдардың жұмыс істеуін талдайды. Тіл функциясы проблемасының құрылымдық-жүйелік және коммуникативті аспектілерін біріктіру мүмкіндіктерін пайдалану

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Лингвомәдениеттаным
    Несиелер: 7

    Магистрант тілдік бірліктерді прагматикалық аспектіде қарастырудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Тілдегі лингвистикалық парадигмада талқыланатын проблемалық ізденістерді жүйелей біледі. Дәстүрлі стилистикадан тыс функционалдық, прагматикалық стильде көріністерін меңгереді. Магистранттарды тiл арқылы халық мәдениетiн танудың теориялық-методологиялық негiздерiмен қаруландыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Гендерлік лингвистика
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – тілдің әлеуметтік қызметтерін зерттеу, гендерлік және феминистік көзқарас мәселелері туралы идеяларды қалыптастыру және оны қазіргі заманғы социологиялық тәжірибеде қолдану негізінде кәсіби және әлеуметтік құзыреттілікті дамыту, гендерлік-рөлдік мәселелер саласындағы білімдерді жүйелеу, педагогтар арасында эгалитарлы-постэгалитарлы дүниетанымды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі және инноватика
    Несиелер: 5

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін, даму жолдарын; қазақ тiлiн оқытудың ұстанымдарын, жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешен, заманауи сабақ үлгілерін, қазақ тілі бойынша оқу мақсаттарын, оқу бағдарламасы бөлімдерін қарастырады. Жоспар түрлерін (ҮОЖ, ҰМЖ, ҚМЖ), жазба жұмыстарды жүргізудің әдістемесін, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Нейролингвистикалық бағдарламалық зерттеулер
    Несиелер: 6

    Тілдің фонациялық, аудициялық (қабылдау), церебрациялық (мида болатын процесс) сипаттарын қарастырады. Неврология мен тіл білімінің өзара байланысын, тіл және мидың құрылымы мен қызметтерінің ерекшеліктерін зерттейді Нейролингвистикалық зерттеу әдістері мен НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау) және нейрографика мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі пунктуация
    Несиелер: 5

    Тіл біліміндегі пунктуациялық ерекшеліктер Пунктуациялық норма мәселесі. Сөйленімді коммуникативтік-мазмұндық ұйымдастырудағы пунктуацияның қызметі. Тыныс белгілерінің функционалдық- прагматикалық сипаты. Сөйлемнің соңғы позициясындағы ажыратушы белгілер. Көп тараған функционалдық белгілер Метаграфикалық белгілер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мәтін лингвистикасы
    Несиелер: 7

    Мәтін – тіл білімін зерттеуге арналған негізгі нысан. Оның тілі мен прагматикасын, сөздердің қолданыс деңгейін, аясын, мағына жасаудағы рөлін, оның сөзжасамға, одан ары тілжасамға апаратын жол екендігін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ахметтану
    Несиелер: 6

    Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, аудармашы, қоғам қайраткері. А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына жан-жақты ғылыми талдаулар жасау; ғылыми еңбектері мен оқулықтарын зерделеу, бай мұрасын зерттеуге бағыттау, тіл мен әдебиет, педагогика, әдістеме салаларындағы А.Байтұрсынұлы салған ғылыми негіздерді одан әрі дамыту, нығайту, болашақ бағыттарды айқындау. Сондай-ақ қазіргі гуманитарлық білім парадигмалары тұрғысынан ғалымның рөлі мен орнын бағамдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ тілін оқытудың заманауи әдістері
    Несиелер: 5

    Курста проблемалы тәсіл арқылы қазақ тілін оқытудың кейбір ерекшеліктері қарастырылады. Магистранттардың шығармашылық ойлауын проблемалық әдісті пайдалана отырып дамыту, сабақ мазмұнын құру, проблемалық міндет қою,білім алушының ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық танымын арттыруға үйрету болып табылады. Өзінің зияткерлік қабілеттерін жетілдіруге, қазақ тілін оқытудың негізгі ұғымдары мен әдістері туралы теориялық білімді үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мәтіннің аудармашылық талдауы (әдебиет)
    Несиелер: 7

    Аударманың лингвистикалық теориясының негізгі қағидалары мен аударма процессінің заңдылықтарын меңгеру кез келген жанрдағы медиатекстерді құру мен аударудағы әдіс-тәсілдерді таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Академиялық жазылым
    Несиелер: 5

    Зерттеу әдістемесі пәні магистранттарды тиімді және этикалық зерттеулерді жобалауға дайындайды. Сіз педагогика ғылымында сапалы және сандық талдаудың тиісті құрылымдары мен құралдарын үйренесіз. Пән студентті зерттеу жобасын әзірлеуге және жобалауға бағыттайды. Эволюцияның білім беру принциптеріне негізделген білім беру жүйелерін жобалау, әзірлеу және қолдану білім беру философиясы мен әдіснамасы берік және терең тамырланған эволюциялық білім беру жүйесімен үндестіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON1

    Қазіргі заманғы философия ғылымыынң өзекті мәселелерін, тарихи даму бағыттары мен жаңа концептуалдық идеяларын меңгереді.

  • Код ON5

    Қазақ полиграфизмі, даму тарихы, жазудың ұстанымдары мен негізгі категорияларын біледі, жаңа емле ережесіндегі негізгі орфографиялық қағидаларын кәсіби қызметте қолданады.

  • Код ON6

    Тіл ғылымындағы жаңа бағыттар бойынша алынған білімдерге сыни тұрғыдан саралайды, әртүрлі пәндер шеңберінде кіріктіре біледі, процестер мен құбылыстарға теориялық талдау жасайды.

  • Код ON3

    Тілдерді көпмәдениетті әлемдегі халықаралық өзара түсіністік пен келісім құралы ретінде кәсіби деңгейде біледі.

  • Код ON4

    Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесінің қалыптасу үрдістері мен заңдылықтарын, қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы мен көркемдік-идеялық сипаттарын талдайды.

  • Код ON2

    Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін басқару мен меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын түсінеді.

  • Код ON7

    Жоғары мектеп педагогикасының теориялық-әдістемелік негіздері жинақтайды, білім беруде басты педагогикалық тұжырымдамаларды тиімді ұстанудың жолдарын, оқытудың құрылымы мен қызметін жүйелейді.

7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Магистратура

Халықаралық Бизнес Университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (1.5)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (1)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top