7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (1.5) в QYZPU
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи білім беруде инновациялық педагогикалық технологияларды толық меңгерген, еңбек нарығының сұранысына қажет жоғары білікті педагог мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Әдебиет тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздерін, принциптерін білу керек. Әдебиет тарихы мен оны дәуірлеудің даму, қалыптасу жолдарының қыр-сырын меңгеруі қажет. - дәуірлеу мәселесінің бүгінгі әдебиеттану мен әдеби процестегі маңызын түсінуі керек. - тарихи дәуірлеуге қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін саралау қажет.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
-
Басқару психологиясы
Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Филологиялық зерттеулердің қолданбалы аспектілері
Пәннің мақсаты -лингвистикалық электрондық базамен жұмыс тәсілдерін меңгеру: ағылшын және орыс тілдері корпусымен жұмыс. Бұл пәнде автоматты мәтінді өңдеуге қатысты бағыт ретінде: сөйлеуді тану, машиналық аударма, құжаттарды автоматты түрде жіктеу және өңдеу мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Лингвомәдени антропология
Пәннің мақсаты - болашақ филолог мамандарға қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт талаптарына сәйкес тілдің адамның ойлау жүйесі мен іс-әрекетіне ықпалы, сонымен қатар адамның тілге әсері, тілдегі адам факторы мәселесіне қатысты теориялар мен зерттеу әдістерінің даму логикасын меңгерту, ғылым әлеміне еніп жатқан осы жаңа бағыт жетістіктерін үйренуге бағыттау болып табылады."Лингвомәдени антропология" пәні ойлау жүйесі мен оның адам әрекетіне ықпалын қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік бағыт талаптарына сай қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазақ лингвистикасының жаңа бағыттары
Пәннің мақсаты - филолог мамандарға тіл ғылымы дамуының әр кезеңіндегі теориялар мен зерттеу әдістерінің даму логикасын меңгерту, зерттеу бағыттары мен олардың теориялық ілімдерін, ғылым әлеміне еніп жатқан жаңа бағыт жетістіктерін үйренуге бағыттау болып табылады.Тіл білімінің өзекті мәселелері туралы өз беттерінше ой қорытып, ізденуге жол ашады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Менеджмент
Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Тіл біліміндегі нейролингвистикалық бағдарламалық зерттеулер
Əр түрлі сөздердің психологиялық мəндерінің сəйкестік дəрежесін анықтау, кез-келген бірліктердегі қауымдастықтардың қарым-қатынастарының негізгі құрылымын анықтау үшін кез-келген тіл бірлігінің позициясын зерттеу, басқа элементпен топтастыруу психологиялық эксперимент жүргізу, сөз-ынталандырудың абстрактілік дəрежесін жəне оның коннотативті мағынасын жəне психологиялық реакциялар иерархиясының мөлшеріне əсерін Анықтау мен психологиялық топтардың санасын білу мәселелерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері
Бұл пән қазақ әдебиеттану ғылымының тарихи қалыптасу кезеңін жүйелеп, зерттеу үшін өзекті мәселе болып табылады. Мұның өзі ұлттық әдебиеттану ғылымы қай бағытта дамыды, қандай жетістіктері бар, болашақта зерттеу жұмыстарын қай бағытта жүргізу керек деген принципті мәселелерді түйіндеуге мүмкіндік береді. Методологиялық тұрғыдан алғанның өзінде отандық әдебиеттанудың тарихи қалыптасу процесін жүйелеу — оның толық табиғатын танумен қатар, қандай теориялық проблема қай кезеңде қарастырылды және ғылыми таным ретінде қалай қалыптасты деген мәселелерді зерделеуде де принципті роль атқарады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
-
Шетел тілі (кәсіби)
Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Жобалау технологиясының негіздері
Жобалай оқыту технологиясының жаңа заман сұранымына сай білім берудегі мүмкіндігі мен оның ғылыми дәйектелуі арасындағы; бұл технологияның кредиттік оқу жүйесінің талаптарымен толық үндестігі мен әлі де жаттанды оқытудан қол үзе алмаған білім берудің схоластикалық жүйесі арасындағы; жобалай оқытудың өзгетілді дәрісханаларда мемлекеттік тілді меңгертудегі тиімділігі мен оның нақты практикадағы қолданысы арасындағы қайшылықтарды шешуді көздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақ тілін оқытудың проблемалық мәселелері
Қазақ тілін проблемалық əдіс арқылы оқытудың ерекшелігі, проблемалық əдісті қолдану арқылы білім алушының креативті ойлауын дамыту мен сабақтың мазмұнын құруға, шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, проблемалық міндет қою, оны шешуге бағыттауда проблемалық əдісті шығармашылықпен қолданып, білім алушының ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық танымын арттыруға үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Медиадискурс және аударма теориясы
Дискурсты зерттеуге арналған прагмалингвистикалық және әлеуметтік-лингвистикалық бағыттар. Дискурстың макроқұрылымы және суперқұрылым. Дискурста қолданылатын ақпарат ұсыну түрлері. Дискурс және когниция. Саяси дискурс. Жарнамалық дискурс. Компьютерлік-қосымша түрде қолданылатын дискурс. Педагогикалық дискурс. Аударманың лингвистикалық теориясының негізгі қағидалары мен аударма процессінің заңдылықтарын меңгеру кез келген жанрдағы медиатекстерді құру мен аударудағы әдіс-тәсілдерді таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Латын графикасы және пәндік терминологиясы
Латын графикасына негізделген қазақ жазуы, орфографиялық ережелер, әртүрлі ғылым салалары бойынша термин сөздердің жазылу нормасын үйреніп, жазбаша және ауызша коммуникативтілік құзыреттілігін арттырады. Мамандық бойынша ғылыми терминологияның кезеңдік сипаты мен қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары мен практикалық қолданысын игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
БАҚ тілі және жарнаматану
Жарнама тілінің қазіргі даму кезеңінде қолданылуы мен бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның тілдік мәдениетін қалыптастыруға әсері, бұқаралық ақпарат құралдарының тілін зерттеуге жүйелі көзқарасты қалыптастыруды қарастырады. Болашақ маманның филологиялық дайындығын жүзеге асыру мақсатында, жарнама тілі мен қазіргі заманғы медиалингвистика мәселелері мен медиалингвистиканың пайда болуының теориялық негіздері мен қоғамдық алғышарттары туралы түсінік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік статистикалық лингвистика
Компьютерлік статистикалық лингвистика курсында қолданбалы лингвистиканың бір тармағы болып саналатын статистикалық лингвистиканың өзекті мəселелері сөз етіледі. Компьютерлік статистикалық лингвистика тіл біліміне кіріспе, қазіргі қазақ тілі, математика т.б. ғылымдармен байланысады. Математикалық статистикалық лингвистика пəнін оқып бітіргеннен кейін білім, білік, дағдылары жалпы тіл білімі, стилистика, функционалды грамматика пəндерін игеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Лингводидактика
Лингводидактика – лингвистика мен әдістеме ғылымының интеграциясы, тілдерді оқыту үдерісінің теориялық негіздемесі және оның зерттелуін: тілдік білім берудің мазмұнын, оқытудың ұйымдастырушылық формаларын, зерттеу механизмдері және оқу үрдісін құрылымдауды қарастырады. Жаңартылған білім беру аясында тіл мен әдебиетті оқыту әдістемесі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жаңартылған білім беру мазмұны жүйесіндегі филологтың тұлғасы
Заманауи педагогикалық технологиялар, даму тарихын, педагогикалық технологиялар мен дәстүрлі оқыту технологияларының арақатысын, педагогикалық технологиялардың түрлерін, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологияларын тиімді қолданудың әдістемесін мен ұстанымдары, әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл және мәдениетаралық коммуникация
«Тіл және мәдениетаралық коммуникация» лингвистика, мәдениеттану, коммуникативистика және лингодидактика тоғысында орналасқан қарқынды дамып отырған және қоғаммен талап етілген теоретикалық және қолданбалы ғылыми бағыт болып табылады. Этникалық мәдениеттің жергілікті мәдени бөлігінде және жаһандық халықаралық кроссмәдени коммуникациядағы кеңістік пен уақыт аспектілердегі түсініктердің қалыптасуына ықпал ету мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Пунктуация және сөйлеудің коммуникативтік-мазмұндық ұйымдасуы
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің функционалдық және коммуникативтік прагматикалық аспектілері жайы қарастырылады. Бүгінгі күнге дейін пунктуация синтаксис құрамында айтылып келді.Тіл әлеуметтік құбылыс болып табылатындықтан, ол үнемі даму процесінде болады, сондықтан синтаксистің қазіргі кездегі ерекшеліктері мен қызметіне көңіл бөлінуде. Пунктуацияның маңызы мен тыныс белгілерінің орналасу орны мен тәртібі негізгі символикалық формалары және негізгі қызметтерімен коммуникативтік негізгі теорияларымен тілдік дағды жүйесіндегі орны мен ең бастысы тіл тыныс белгілері жүйесіндегі бар мәселелерді қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тілдегі корпустық зерттеулер
«Тілдегі корпустық зерттеулер» пәні кәсіби білім мен зерттеу жұмысының біліктілігін қалыптастырады. Пән бойынша, магистрант заманауи лингвистиканың бір бағыты корпустық лингвистикамен танысады, көптеген деректерді тез өңдеу әрекетіне назар аударады. Білім алушы корпус ұғымымен, лингвистикалық деректердің электрондық базасымен, қазақ және орыс тілдерінің корпустарымен танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
Оқыту нәтижелері
- Заманауи философияның, менеджменттің және жеке тұлғаны психологиялық басқару мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, кәсіби қарым-қатынас теориясы мен практикасын меңгерген.
- Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын түсінеді.
- Оқыту дидактикасының негізгі категорияларын, оқу үрдісінің құрылымын, білім беру үдерісін бағалаудың теориясы мен тәжірибесінің заманауи негіздері бойынша анықтай алады.
- Нейролингвистикалық бағдарлау бойынша алынған білімдер мен түсініктерді, ғылыми идеяларды қолдану мен дамыту мүмкіндігін көрсетеді.
- Тіл ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерін, тіл дамуына ортақ заңдылықтарды,олардың туу себептерін біліп, оны сөйлесімде, мәдениетаралық коммуникацияда т.б.жағдайда пайдалана алады.
- Инновациялық педагогикалық технологияның теориялық негіздерін, идеялары мен даму бағыттарын инновациялық шығармашылық тұрғыдан қолдануда креативті ойлау мен шығармашылық тұрғыдан шеше алады.
- Қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, ұтқыр интернет-ресурстарды, статистикалық деректерді практикалық тұрғыдан дербес жүзеге асыра алады.
- Әдеби шығармалардың идеясын, құрылымын, мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес пайдаланады.