Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01508 Математика-Физика в Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Математика және физика саласындағы қолданыстағы әдістемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізе білу; академиялық жазудың негізгі әдістерін білу; математика және физиканы оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында өзіндік оқу-әдістемелік материалдарды жасай білу
  • Математика және физика саласында пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және әлеуметтік-гуманитарлық білімдер, іскерлік және дағдылар жүйесін игеру, жас ерекшелік физиологиясының ерекшеліктерін білу және педагогикалық қызметте қолдану, одан әрі өзінің кәсіби дамуын жүзеге асыру
  • Педагогика, психология, оқыту әдістемесі бойынша базалық білімдерді ескере отырып, сондай-ақ инклюзивті және критериалды оқыту технологияларын ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әр түрлі салаларындағы жағдайларды бағалау қабілеті; өз жұмысында академиялық адалдықтың негізгі ережелерін қолдану, білім берудегі менеджменттің ерекшеліктерін, кәсіпкерлік және құқық негіздерін, экология негіздері, сондай-ақ экономикалық теорияның негізгі ережелерін білу
  • Физика және математикада оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістемелері мен технологияларын меңгеру, жаңартылған білім беру жүйесінің шеңберінде іргелі педагогикалық білімдер мен дағдыларды қолдану
  • Жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: интернет-ресурстарды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу және тарату бойынша «бұлтты» және «мобильді» сервистерді пайдалану
  • Физикалық процестерді, деректерді және құбылыстарды талдау мен жинақтау барысында математикалық әдістерді қолдана білу
  • Көптілді және көпмәдениетті әлем жағдайында парапар әрекет ету мақсатында мемлекеттік және шетел тілдерін меңгерген математика және физика саласындағы маманның құзыреттілігі шеңберінде ауызша және жазбаша коммуникацияның түрлі типтерінің базалық әдістері мен тәсілдерін еркін меңгеру
  • Кәсіби білімдер және практикалық-бейімделген есептерді шығаруға арналған әдістерді пайдалану, графиктер, диаграммалар түрінде берілген сандық мәліметтерді талдау, статистикалық сипаттағы ақпаратты талдау үшін қолдану
  • Математика және физика саласындағы базалық білімді меңгеру, дүниетанымы мен ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету
Top