Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01409 Кәсіптік оқыту (Көркем еңбек және арнайы пәндер) в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Педагогикалық қарым- қатынас негіздері
    Несиелер: 3

    Педагогикалық қарым-қатынас. Психологтың педагогтармен жұмыс үлгілері.Педагогикалық ұжымның психологиясы. Оқытуды дараландыру және саралау. Оқу қызметінің жалпы сипаттамасы. Сабақтың психологиялық талдауы. Тәрбие іс-шараларының психологиялық талдау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдер ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері туралы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 6

    Болашақ педагогикалық іс-әрекетке, болашақ кәсіптің теориялық және практикалық негіздерін меңгеруге кәсіби-педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру, оның жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіну. Сонымен қатар педагогтардың кәсіби мәдениетінің негізін қалау, жеке тұлғалық және кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бейнелеу өнері мен еңбекті оқытуда дидактикалық материалдарды дайындау әдістемесі
    Несиелер: 4

    Пән білім беру ұйымдарында еңбекке оқыту бойынша дидактикалық материалдарды құрастырудың теориялық білімін, сыни ойлауын және практикалық іскерлігін қалыптастыруға, дидактикалық материалдарды дайындау үшін материалдарды таба білуге, оларды бейнелеу өнерінің түрлері бойынша өңдеуге және шығармашылық қиялды дамытуға, технологиялық процестерді білу негізінде сәндік және қолданбалы өнер объектілерін жасауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сызба геометриясы және инженерлік графика
    Несиелер: 6

    Cызба геометрия проекциялау тәciле негiзiнделген. Инженерлік графика сызу сызғанда мемлекеттік стандартытардың талаптарын сақтап орындауды, графикалық пішіндердің кескіндерін жазықтыққа проекциялау тәсiлдері мен әдістерін, сызу ережелерімен сызбалардың көрнектiлiгiн, бейнелеу дәлдiгiн, стандарттар талаптарын сақтап орындауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби-бағытталған шетел тілі курсы білім алушылардың халықаралық кәсіби ортаға ықпалдасу және кәсіби ағылшын тілін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың құқықтық негіздерін және түсінігін ашу. Міндеттері: - Сыбайлас жемқорлықтың түсінігін және сыбайлас жемқорлықтың таралу себебін қарастыру; - Сыбайлас жемқорлыққа карсы сананың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түсінігін ашу; - Сыбайлас жемқорлықпен байланыс- ты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен заңды жауапкершілікті ашу; - Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түсінігін ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастырады. Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінің мəні мен өзгешелігі жəне кəсіби-педагогикалық іс-əрекет теориясы туралы білім береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Кəсіби қазақ (орыс)тілі пәнін оқып үйрену жоғарғы оқу орындарындағы мамандар дайындаудың негізгі (базалық) деңгейінің құрамдас бөлігінде орындалады. Қазақстан Республикасындағы қарқынды даму үдерісі мен экономикалық әлеуметтік жағдайы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы, біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді сапалы мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – мемлекеттік тілді толық меңгеруі мен оны әр мамандық саласы бойынша тәжірибе жүзінде қолдана алуы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
    Несиелер: 4

    Кәсіпкерлік қызмет негіздерін білім беру мекемелерінде оқытуды үйренеді; -нақты экономикалық әртүрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды аша білу; -білім беру жүйесіндегі кәсіпкерлік қызметтің мақсаты мен міндеттері; -кәсіпкерлік қызметтің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлары; -бизнес-жоспар және техника-экономикалық тұжырымдама дайындау; -білім беру қызметінің сапасын білуі керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби педагогика
    Несиелер: 5

    Кәсіптік білім беру жүйесіндегі білім алушыларды кәсіби даярлығының мазмұны мен мәні, кәсіптік білім беру теориясының дамуындағы негізгі жолдарымен, кәсіптік педагогиканың негізгі категорияларымен таныстыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шағын жинақты мектепте технологияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пәнді меңгерудің мақсаты болашақ мұғалімді сапалы оқытуын және оқушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін қажетті білімі мен іскерліктері бар тұлға ретінде дайындау. Білім алушыларда шағын жинақты ауылдық мектепте сынып-комплект жағдайында оқытуды ұйымдастыру бойынша білім және іскерліктер блогын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогтың кәсіби этикалық негіздері
    Несиелер: 4

    Пәнді оқу барысында білім алушылар қоғамда өзара іс-қимыл жасауға, әріптестер мен оқушыларды құрметтеуге, оқушыларды бағалау кезінде адал және бейтарап болуға, ұжымда тілектестік және іскерлік жағдай жасауға үйренеді, белсенді азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікке дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент, сонымен қатар, педагогикалық құрылым мен тәжірибеге қол жеткізу, бұрынғы тәжірибемен қоғамды гумандандыру мен демократияландыру пайда болған әдеттегі элементтерді үйлестіру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өндірістік оқыту технологиясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты білім алушыларды болашақ педагогикалық дайындаудың әдістемелік негізгі қалау, жалпы білім беретің мектептерде оқушы жастармен бастауыш, кәсіптік білім мен еңбек технологиясының: типтік оқу бағдарламаларының тарауларына сәйкес жемісті жұмысты жүргізуіне, мектеп оқушыларын. Республикадағы жаңаша әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға кажетті білім, іскерлік және дағдысын қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби педагогикадағы ғылыми-зерттеу негіздері
    Несиелер: 6

    Мақсаты - білім алушыларды педагогика мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге даярлығын қалыптастыру. Міндеттері ғылыми таным мен шығармашылық негіздерін, педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдау, ғылыми акпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдеу, педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын қалыптастыру, зерттеу жұмыстарының айқындаушы және қалыптастырушы эксперименттері мазмұнын жасау, оларды жұргізу, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындауды карастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Материалтану ( салалар бойынша)
    Несиелер: 5

    «Материалтану » пәнінің мақсаты материалдардың құрылуы мен қасиеттері арасындағы байланысты, дайындамалардың қалып түзілуі мен машина бөлшектерінің негізгі технологиялық тәсілдері туралы білім беру сонымен қатар конструкциялық материалдарды талдау принціпін оқыту, конструкциялық материалдарды өңдеу және балқытып құю, қысыммен өңдеу, пісіру, кесу және басқа әдістерімен өңдеу арқылы пішінің өзгертіп дайындамалар мен бөлшектерді жасау технологиясымен білімгерлерді таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 4

    Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолдану. Оқу жұмысын тиімді түрде жүзеге асыруға мұғалімдердің инклюзивті құзыреттілігін дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Материалдарды өңдеу технологиясы
    Несиелер: 4

    "Материалдарды өңдеу технологиясы" пәнін оқытудың мақсаты - болашақ мамандарға еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік даярлау, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіптік даярлау қағидаттарын іске асыру үшін қажетті білім мен икемділік беру. техниканың теориялық және тұжырымдамалық негіздерін, оның жалпы ғылым жүйесіндегі орны мен маңызын, даму тарихы мен қазіргі жай-күйін білу; Технологиялық бақылауды ұйымдастыру және ұйымдастыру (зертханалық, демонстрациялық, компьютерлік)дағдыларын меңгеру; бақылаулар мен эксперименттер нәтижелерін теориялық талдауды компьютерлік модельдеу әдістерін игеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Бейіндік оқытуға көшу процесінің негізгі бағыттарын, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен қабілеттерін диагностикалау негізінде бейіндік топтарды жинақтауды меңгеру; -бейіндік оқыту әдістемесін ұйымдастыруды меңгеру; -оқу жоспарын модельдеу, бейіндік оқыту бағдарламаларын жасау және сараптауды меңгеру; -бейіндік оқытуды таңдау және оқушылардың жеке оқу жоспарларын құруды меңгеру; -бейіндік оқытуды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін игеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіптік білімнің политехникалық негіздері
    Несиелер: 4

    Мақсаты білім беруді қаржыландырудың сапалы білім беру қол деткізудің мүмкіндіктеріне бағатталған жаңа тетіктерін әзірлеу. Педагог мамандығының беделін арттыру. Білім берудегі менеджментті жетілдіру. Оқу үдерісін автоматтандыру.Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту, мазмұнын жаңартып, кадрлармен қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіби психология
    Несиелер: 5

    Кәсіби психология пәні болашақ маманның, яғни өндірістік білім беру шеберінің кәсіби моделін тұлғалық-бағдарланған тұрғыдан жүзеге асырады. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастарын реттеудің адамшылық нормаларын білу; түрлі мәдениеттанулық мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты сабақтарда тиімді технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың іскерлік белсенділігін, дербестік әрекетін және шығармашылық потенциалын нығайту үшін, жағдайлар жасау. Білім алушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу. «Білім» заңына сәйкес басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсарту. Оқытудың қазіргі заманғы технологиясын жан-жақты меңгеру арқылы оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тәрбиелеу процесінің әлеуметтік кеңістігінің динамикасын меңгеру. Тәрбие бағдарламасы және тәрбие субъектісін игеру. Тәрбие жүйесі дамуы мен қалыптасуының әдістемесі мен кезеңдерін меңгеру. Бағалаудың өлшемдерін, мектеп пен сыныптағы тәрбие жүйесінің өзара байланысын меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Машинатанудың теориялық негіздері (сала бойынша)
    Несиелер: 5

    Машинатанудың теориялық негіздері пәнін оқытудың мақсаты болашақ мамандарды студенттерді еңбек тәрбиесі мен кәсіптік оқыту принциптерін жүзеге асыру үшін, сонымен қатар жалпы білім беретін мектеп оқушыларын кәсіпке баулуға аса қажетті біліммен сусындату, икемділікке баулу болып табылады. Техникалық талаптарға байланысты өңдеудің технологиялық схемасын таңдауды, бұйымды ӛңдеудің технологиялық картасын жасауды; - бұйымның сапасын бақылауды; -анықтамалық әдебиеттерді қолдануды меңгеруі керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім беру қызметінің маркетингі мен менеджменті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың қатысымдық құзыреттілік деңгейін көтеріп, қазақ тілін кәсіби (іскери және ғылыми) қызметте, сондай-ақ өз білімін жетілдіру мақсатында пайдалана алуына бағыттау. Болашақ маманның таңдаған саласына қатысты терминдермен жұмыс істеуге, грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана білуге дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіптік оқыту әдістемесі (мамандануы бойынша)
    Несиелер: 5

    Пән кәсіптік оқыту әдістерін меңгеруге, педагогтің кәсіби қызметінде заманауи білім беру моделінің кәсіби білімін қалыптастыруға, білім беруге қатысушылар ортасының коллаборативті ортасын құруға, Кәсіптік оқыту мазмұнының ерекшелігін меңгеруге, кәсіптік білім мен іскерлікті қалыптастыруға, сыни ойлауды, критериалды бағалауды және білім берудегі қазіргі заманғы трендтерді пайдалана отырып, оқытудың белсенді әдістерін қолдануға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Модельдеу және макеттеу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты болашақ маманның жобалаудағы ойларын және оларды жетілдірудің барлық кезеңінде жобалау идеяларын жүзеге асыруға қажетті форманы көлемді-графикалық модельдеудің құралдары мен әдістерінің әртүрлі жиынтығын меңгеру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп шеберханасындағы практикум
    Несиелер: 5

    Оқу шеберханаларындағы жұмыс білім алушыларды өздерінің міндеттерімен таныстыру үшін қажетті мүмкіндіктерді қамтиды: еңбек және технологиялық тәртіпті сақтау, техникалар мен операциялардың ең үйлесімді комбинацияларын игеру, жұмыстың қазіргі тәсілдерін игеру. Оқу шеберханаларында білім алушылар тігінші, пішуші және модельер-конструктордың кәсіби жұмыс әдістерін игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқушылардың техникалық шығармашылығын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: оқушылардың техникалық шығармашылығын ұйымдастырудың теориялық негіздері, орта білім беру ұйымдарында оқушылардың шығармашылығын ұйымдастырударумен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру. Негізгі аспектілері: дарындылықтың түрлері мен түрлері; дарынды балалар педагогикасының теориялық негіздерін; дарынды балалардың жас ерекшеліктері; дарынды балалармен жұмыс істеу әдістері; дарынды балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркем еңбекті оқыту әдістемесі (бейін бойынша)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты көркем еңбек пәні бойынша оқыту технологиясын, әдістемесін түсіндіру. Пән әртүрлі еңбек обьектілерін дәлдікпен жасау дағдылары мен танымдық, тұлғалық құнды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Пән мазмұны бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мазмұнын игеруді, мектеп бағдарламаларын талдауды, еңбекке баулудың әдістері мен оқыту құралдарын меңгеруді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби компьютерлік бағдарламалар
    Несиелер: 5

    CorelDraw-мен жұмыстың жалпы принциптері. Компьютерлік графиканы ұсыну. CorelDraw бағдарламасының интерфейсі. Бағдарлама құралдары. Объектілерді трансформациялау. Объектілерді масштабтау, көшіру, көшіру, қайталау, клондау. Докер. Тораптармен жұмыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ағаш қалдықтарын кешенді пайдалану
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны Ағаш өңдеу өнеркәсібінің шикізат базасын тиімді пайдалану мақсатында ағаш қалдықтарын технологиялық қолдану тәсілдерін зерттеуге бағытталған. Жиһаз өндірісінде ағаш қалдықтары жиынтықтаушы бөлшектерді дайындау, ДСП және ДВП өндіру үшін жарамды болуы мүмкін

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Кілем тоқу негіздері
    Несиелер: 6

    Адамның өмір сүру эстетикалық ортасын жасау саласында кәсіби құзыреттілікті меңгеру тәсілдерін; техникадағы интерьерлік кеңістікті эстетикалық байыту заттарын жасау үшін теориялық және практикалық құралдарды меңгереді. Кілем тоқу адамзатпен қатар дамиды және уақыт өте келе технология бойынша да, дайындау тәсілдері бойынша да жүреді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен педагогикалық қызметтің мәнін, құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін түсіну. Оқушылардың бейіндік оқуын ұйымдастырудың негізгі құрылымын білу.

  • Код ON2

    Педагогикалық іс-әрекет туралы жалпы түсінік білімін талдау, олардың заманауи педагогикалық ғылым мен педагогикалық психологияның, кәсіби психологияның теориялық негіздерін білу, инклюзивті процестерді басқару әдістері мен оларды жүргізу технологияларын түсіну.

  • Код ON3

    Бейнелеу өнері мен еңбек технологиясы және мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау дидактикасының теориялық негіздерін түсіну, шағын жинақты мектепте еңбекті оқытуды ұйымдастыру қағидаларын білу.

  • Код ON4

    Кәсіби оқытудағы заманауи технологиялар, кәсіптік білімнің политехникалық негіздерінің әдістемесін, білім берудің IT технологиясын меңгеру. Мектеп шеберханасындағы практикумның ерекшеліктерін талдау.

  • Код ON5

    Материалдарды өңдеу технологиясын дайындау әдістерін қолдану, модельдеу және макеттеу технологиясын жан жақты түсіну, көркем өңдеу технологиясы мен материалтанудың теориялық негіздерін сала бойынша меңгеру.

  • Код ON6

    Көркем еңбекті оқыту әдістемесі, кәсіптік оқыту әдістемесін, өндірістік оқыту технологиясы мен әдістемесінің ерекшеліктерін жан жақты қолдану. Оқушылардың техникалық шығармашылығын арттырудың көптеген мүмкіндіктерін меңгеру.

  • Код ON7

    Экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жəне зиянсыз тіршілік жағдайларын жасаудың негізгі əдістері туралы түсініктерді ғылыми зерттеулерде пайдалана білу, оқушылардың физиологиялық дамуының ерекшеліктерін меңгеру, сызба геометриясы және инженерлік графика технологиясының мүміндіктерін бағалау.

  • Код ON8

    Білім беру мекемесіндегі тәжірибелік іс-әрекетін жүзеге асыра отырып басқарудағы кәсіптік құзыреттілігін түсіну. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздерін, нысандарының қызмет ету механизмін, білім беру менеджментінің теориялық негіздерін, заңдылықтарын, әдістерін білу.

  • Код ON9

    Кәсіби қызметте тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға негіздерін меңгеру.

  • Код ON10

    Құқық қорғау органдарының жұмысы мен өзара іс-қимылын реттейтін конституциялық-құқықтық ұғымдар мен категорияларды, құқықтық нормаларды талдау, нақтылау және дұрыс қолдану. Материалдарды көркем өңдеу бойынша технологиялық операцияларды орындауда қолдану (табиғи материал, мата, ағаш, металл және т.б.)

Top