Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01409 Сәндік өнер педагогтарын даярлау в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өзінің кәсіби қызметі контексінде халықтық сәндік-қолданбалы өнер мен дизайнды сақтауға және дамытуға, трансляциялауға және танымал етуге қабілетті сәндік өнер және дизайн саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Білім ортасы мен білім алушының үндесуі (Құқық негіздері, Коррупцияға қарсы мәдениет, Ұлтаралық келісім, 1 курс семинары).
Педагогика
Сурет және графика'
Психология негіздері
Стилизациялық композиция негіздері (курстық жұмыс)'
-
2 Оқу жылы
Визуальді өнер (курстық жұмыс)'
Табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын жасау'
Мүсін және пластикалық модельдеу'
Сәндік бұйымды модельдеу және инженерлік графика'
Ұлт дәстүрлері
Рухани сабақтастық
Бауыржантану'
Қазақстанның сакралды географиясы
Өлкетану
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Визуальды мәдениет'
Дулатитану
Өзін-өзі тану
Флористика'
Кескіндемедегі түстану негіздері'
Экспозициялық-көрме қызметі'
Заманауи материалдармен жұмыс жасау және оларды өңдеу (курстық жұмыс)'
Материалды конструкциялық өңдеу процесі'
Қалпына келтіру әдістері мен теориясының негіздері'
Ағаш ою технологиялары, мозайка, маркетри, инкрустрация'
Тоқу техникасы: гобелен және кілем тоқу'
Интерьердегі DPI'
Білім берудегі менеджмент'
-
3 Оқу жылы
Сәндік қолданбалы өнердегі мультимедиялық технологиялар'
Арт-терапия мүмкіндіктері'
Мультимедиялық дизайн'
Таңдау шеберханалар / Batik'
Еңбекті қорғау
Дизайн тарихы мен теориясы (курстық жұмыс)'
Арнайы сурет'
Қазақ тілі (Латынша жазу)
Сәндік- қолданбалы өнерді оқытудың әдістемесі (курстық жұмыс)'
Техникалық сурет'
Тіршілік әрекеттері қауіпсіздігінің негіздері'
Инклюзия элементтерімен балалардың бос уақытын ұйымдастыру'
Таңдау шеберхана / зергерлік өнер'
Бағалаудың өлшемдік технологиялары'
Әлем халықтарының өнері және тарихы'
Экология және тұрақты даму'
Компьютерлік графика
Көркем дизайн'
Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика
Фирмалық стиль және логотип'
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: құралдары мен технологиялары'
Заманауи сәндік технологиялар'
3D модельдеу (курстық жұмыс)'
Қолданбалы экономика
-
4 Оқу жылы
Өнердегі авторлық құқықты патенттеу'
Дифференциалды оқыту
Дизайн нысандарының сәндік элементтері'
Дизайндық жобалау және макеттеу'
Қазақстандық құқық
Кәсіпкерлік құқық'
Тоқыма бұйымдарын үлгілеу, өңдеу'
Көлемді-кеңістіктіктегі модельдеу'
Сала экономикасы
Өнерлер синтезі(курстық жұмыс)'
Инклюзивті білім беру
Шығармашылықтағы эргономика'
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат'
Кәсіпкерлік құқық
Интерьердегі сәндік бұйымдар'
Көркемдік жобалау әдістері'
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін анықтау, университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу. Қазақстанның ұлы ғұламаларының шығармашылық мұралары мен рухани құндылықтарының негізгі аспектілерін, ғылыми еңбектерін рухани-патриоттық бағытта тәрбиелеу және тұлға ретінде қалыптастыру барысында қолдана білу.
- Лексиканы, грамматикалық білім жүйесін түсіну негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын пайдалануды көрсету; мәтіндердегі оқиғалардың себептері мен салдарын сипаттау және талдау тәсілдерін меңгеру. Қазақ тілінің латын әліпбиін пайдалана отырып жазу және оқу дағдыларын меңгеру (латын).
- Түрлі қызмет үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылуын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
- Кәсіпкерлік іс, экономика пәндері жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдыларды меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда softskills дамыту. Мектептегі жаңашылдықты басқару. Педагогикалық жүйелерді баскару теориясы мен технологияларын меңгеру.
- Өнеркәсіптік объектінің қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен аудит жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпараттану.
- Педагогикалық ісәрекет туралы жалпы түсінік білімін көрсету, олардың заманауи педагогикалық ғылым мен психологияның теориялық негіздерін игеруі, инклюзивті процестерді басқару әдістері мен мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастыру, оларды жүргізу технологияларын меңгерту. Өнер арқылы психиканы емдеу мүмкіндіктерін білу.
- Дизайн және оның тарихын меңгеру. Әр түрлі елдердің, дәуірлердің және стильдердің өнер туындыларын, тарихын талдау. Композициялық стилизация жасай білу. Декорация мен костюмдердің эскиздерін, макеттерін безендіру, костюмдердің конструктивті сызбаларын және оларды безендірудің бөлшектерін жасау. Сызбалар, эскиздер, техникалық суреттер, көлемді демонстрациялық макеттер, мүсіндер жасау, жобалау техникасына ие болу. Түстер үйлесімділігін игеру.
- Заманауи визуальды өнер мен визуальды мәдениеттің даму ерекшеліктері туралы білу. Заманауи визуалды өнер түрлерін, көркем өнер туындыларын талдау дағдыларын игеру. Мәдени көркем-шығармашылық құбылыстардың теориялық және қолданбалы зерттеулерін ұйымдастыруды игеру. Табиғи материалдардан кәдесыйлар жасау, флористика, экспозициялар, көрмелер ұымдастыру және безендіруді білу, картиналар мен басқа да өнер бұйымдарын қалпына келтіруге қабілетті болу.
- Матаға көркем сурет салудың тарихын, жіктелуін білу. Матаны қолмен бояуды, конструкциялық өңдеуді меңгеру. Интерьерге арналған шағын формалардың сәндік композицияларын жасау принциптерін меңгеру. Материалдардың сәндік қасиеттерін пайдалану тәсілдерін игеру. Интерьердің сәулеттік ортасы мен шағын формалардың сәндік композицияларының өзара әрекеттесу ерекшеліктерін меңгеру. Бұйымдардың нобайын дайындап, түйіндік өңдеу. Тоқу, ағаш ою, зергерлік және т.б. техникаларды үйрену.
- Сәнді-қолданбалы өнерде дизайнды іске асыру үшін талап етілетін қазіргі заманғы технологияларды қолдана білу, 3D модельдеуді пайдалана отырып, қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етудің жеке баптауларын жасау, дизайн жобалауда қолданылатын қазіргі заманғы қаріптік мәдениетті және компьютерлік технологияларды меңгеру және заманауи медиасауатты болу.
- Сәнді-қолданбалы өнерде жоба бойынша құжаттаманың толық жиынтығын дайындауды білу және жобаның негізгі экономикалық есептеулерін жүзеге асыру, жобалық идеяларды әзірлеу, фирмалық стиль құра білу. Интерьерді безендіруге арналған бұйымдарды және тоқыма бұйымдарын үлгілеу және дайындау. Өнімді модельдеу, прототиптеу, объектілерді құрастыру. Дизайнда, сәулет өнерінде күрделі функционалды және композициялық шешімдер жасау. Салалар бойынша көркемдік жобалау, модельдеу әдістерін меңгеру.
- Білім беру ортасын зерттей білу, ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша ақпарат іздей алу, шығармашылық жобаның жалпы экспозициясының эргономикалық шешімін табу, өнерді синтездеу, антропометриялық және патенттік ақпараттық зерттеулер жүргізе білу, есептерді орындау және дипломдық зерттеу жұмыстарын жаза білу.