Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01513 Физика-информатика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Қазіргі әлемдегі білімнің әлеуметтік-экономикалық мәнін ашып көрсету, математика мұғалім мамандығын игеруге жағымды жағдай туғызу, студенттерде өзіндік білім алуға және педагогикалық іс-әрекетке деген қызығушылықты қалыптастыру, болашақтағы кәсіби іс-әрекеттің шығармашылық сипатын студенттердің саналы түрде түсінуіне мүмкіндік жасау, тұрақты жән кәсіптік өздігінен жетілу қажеттілігін қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Механика
    Несиелер: 5

    Механика- жалпы физика курсының ең алғашқы бөлімі. Курстың негізгі мақсаты физиканы әрі қарай оқу үшін, қоршаған ортада болып жатқан процестерді терең түсіну үшін қажетті механиканың негізгі қадидаларын меңгерту. Сондықтан онда физикалық теориялардың модельдік сипатына, физикалық шамаларды және ұғымдарды анықтауға, физикалық шамаларды өлшеуге, өлшем бірліктерді таңдаудың жалпы мәселелеріне және бірліктер жүйесіне ерекше көңіл аударылады.Курсты меңгерту барысында білім алушыларға бақылауға, эксперимент жүргізе отырып, ой қорытындылауға, алған теориялық білімін практикада қолдана білуге үйрету. Курсты меңгеру барысында білім алушы физикалық құбылыстар мен олардың жүру ерекшеліктерін білуі, негізгі физикалық ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық өрнектерін түсінуі, нақты физикалық есептерді шешуде және талдауда физикалық заңдарды қолдануды үйренуі, өлшеулер жүргізу, алынған нәтижелерді өңдеу және оларды бағалай алуы тиіс. Курста Материалдық нүктенің кинематикасы мен динамикасы, сақталу заңдары, қатты дененің механикасы, серпімділік күші, үйкеліс күші ықпал ететін жүйедегі қозғалыс, бүкіләлемдік тартылыс күші, инерциялы емес санақ жүйесіндегі қозғалыс, арнайы салыстырмалы теория элементтері, сұйықтар мен газдар механикасы, тербелістер мен толқындар, акустика мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылар ағзасының өсуі мен дамуы. Жас кезеңділігі. Жеке дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі мүшелер жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктері. Дамып жатқан мүшелер мен жүйелердің өзара әрекеттесуі туралы қазіргі заманғы идеялар. Оқушылардың әртүрлі дене жүйелерінің жұмыс істеуінің физиологиялық ерекшеліктері

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физикадағы зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Физика материяның қозғалысының, оның түрленуінің ортақ заңдылықтарын зерттейтін ғылымның саласы. Осының негізінде физика жаратылыстану ғылымдардың іргетасы, негізі болып есептеледі. Физикадағы зерттеудің әдістері туралы білу болашақ физика пәні мұғалімдері үшін өте маңызды. Пәнді игеру барысында білім алушылар физикалық зерттеу әдістері (тәжірибе, болжам, теория, эксперимент) мен оны қолдану жолдарын, сонымен қатар физикадағы қолданылатын ғылыми-танымдық әдістерді- эмпирикалық (бақылау, эксперимент, өлшеу), теориялық (идеалдау, формалау) және танымның жалпы логикалық (анализ, синтез, индукция, дедукция) әдістерін физиканы оқыту үдерісінде қолдану жолдарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Элементар физика
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты-білім алушылардың физикадан сапалы білім алуға дайындығын арттыру үшін мектеп физика курсын жалпылап, қажетті тұстарын тереңдете оқыту. Физиканың барлық бөлімдерін терең меңгеруі үшін физиканың барлық бөлімдері үшін ортақ, маңызды қозғалыс заңдарына баса назар аударылады. Курстың артықшылығы табиғат пен техникадағы физикалық құбылыстар мен үдерістердің физикалық мағынасын терең аша білу. Курста физиканың барлық бөлімдері бойынша теориялық, практикалық материалдармен қоса Халықаралық бірліктер жүйесі, терминдер,мемлекеттік стандарт бойынша физикалық шамалардың белгіленуі қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Молекулалық физика және термодинамика негіздері
    Несиелер: 5

    Курсты оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері- осы саладағы физикалық теорияны ғылымның осы кезге дейінгі теориялық және эксперименттік зерттеулердің жемісі ретінде көрсету болып табылады. Курста газдардың МКТ негізгі мәселелері, статистикалық әдіс мен ықтималдықтар теориясының элементтері, Максвелл және Больцман таралулары, термодинамика бастамалары, тасымалдау процестері, нақты газдар мен сұйықтар, қатты денелер,фазалық түрлену қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар негізгі физикалық құбылыстар мен заңдарды, үрдістерді айқын түсініп, физикалық құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістердің көмегімен өрнектеп, физиканың негізгі заңдарын теорияларын қолданып, практикалық есептерді шығара алуы, анықтамалық әдебиеттер мен қажетті ғылыми-техникалық мағлұматтарды ізденіп, қолдана білуге үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономика және өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: негізгі экономикалық категорияларымен қазіргі экономиканың негіздерін зерттеу, адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу қазіргі экономикалық жүйенің жұмыс істеу заңдылықтары мен тетіктері, салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 6

    Орта білім беру жүйесінде болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру. Студенттердің кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттің теориясы мен практикасын меңгеру. Студенттерде педагогикалық бағытты қалыптастыру өзінің кәсіби қызметін жүйелі түрде көру және қазіргі заманғы мұғалімнің бейнесі. Педагогиканың тәрбие теориясы. Тәрбиенің құндылықтары, мақсаттары, міндеттері. Қазіргі тәрибенің әдіснамалық негізі. Тәрбиенің мәні. Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері. Тәрбиенің заңдылықтары мен қағидалары

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық және инновацияларды қабылдау
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: ұжымдағы және ұйымдағы адамның тиімді көшбасшылығының теориялық және практикалық негіздерін зерттеу, инновациялық қызметпен байланысты құзіреттіліктерді қалыптастыру. Курсты меңгеру барысында студенттер Көшбасшылық теориясы мен практикасы туралы білімдерге, оларды болашақ кәсіби қызметінде табысты қолдану дағдыларына ие болады, инновациялық үдерістердің даму заңдылықтарын және инновациялық қызметтің теориялық негіздерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электротехника негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың басты мақсаты болашақ физика мұғалімдеріне электр және магнит өрiсiндегi физикалық құбылыстарды түсiндiру, қазiргi заманғы автоматтандырылған қондырғылардың құрылысы мен атқаратын қызметтерiмен, ғылыми аппараттардың соңғы жетiстiктерiмен таныстыру, электр машиналары мен аппараттарды пайдалану және автоматты басқару мен реттеудiң жалпы тәртiбiн, электрлiк және электрлiк емес шамаларды өлшеудi үйрету. Электр терминдерiн, ғылыми негiздерi мен зандарын оқып үйренiп, өздiгiнше iздене түсуiн, өз денгейiнде бiлiм алуын қамтамасыз ету. Өйткені, физика мамандығын бітірген маман тек педагог-мұғалім ғана емес, техникалық салаларда да қызмет атқара алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дағдылар мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Электр және магнетизм
    Несиелер: 5

    «Электр және магнетизм» курсы- мектеп көлемінде өтілетін элементар физиканың логикалық жалғасы болып табылады. Курсты оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттері- осы саладағы физикалық теорияны ғылымның осы кезге дейінгі теориялық және эксперименттік зерттеулердің жемісі ретінде көрсету болып табылады. Курста электр және магниттік құбылыстардың табиғаты туралы ғылыми көзқарастардың қалыптасуы, электростатика, электр өрісіндегі өткізгіштер, диэлектриктердегі өлектр өрісі, электростатикалық өрістің энергиясы, тұрақты ток, әр түрлі ортадағы (қатты денелердегі, электролиттердегі, газдардағы) электр тогы, магнит өрісі мен заттың магниттік қасиеттері, элетрмагниттік индукция, электрмагниттік өріс, электрмагниттік тербелістер мен толқындар қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар негізгі физикалық құбылыстар мен заңдарды, үрдістерді айқын түсініп, физикалық құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістердің көмегімен өрнектеп, физиканың негізгі заңдарын теорияларын қолданып, практикалық есептерді шығара алуы, анықтамалық әдебиеттер мен қажетті ғылыми-техникалық мағлұматтарды ізденіп, қолдана білуге үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тұрақты даму, кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы бір тұтас түсінік қалыптастыру; студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс студенттердің ойлауын экологияландыруға, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге, БиоСфера компоненттерінің өзара әрекеттесу заңдылықтарын, адам қызметінің салдарын, әсіресе табиғатты жедел пайдалану контекстінде, қоғам мен биосфера арасындағы қарым-қатынастың практикалық мәселелерін білуге бағытталған; курс кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Радиациялық қауіпсіздіктің физикалық негіздері
    Несиелер: 4

    Пәнді оқытудың мақсаты:ядро құрылысы мен құрамын, оның сыртқы факторларға әсері, радиоактивтіліктің негізгі түсініктері мен физикалық қасиеттерін оқып үйрену; радиациялық қауіпсіздіктің, радиациялық ластанудың алдын алу мен шараларымен танысу; сәйкес курстардың (Атомдық және ядролық физика, Кваттық механика, Элементар бөлшектер) негізгі заңдылықтарын қайталаумен бірге, осы курста пайдалануға қажетті курстардың бөлімдерін анықтап тыңғылықты оқып үйренеді. Курста атомдық және ядролық физика заңдылықтары мен құбылыстарын, радициялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу, сәуле алу дозаларын бақылау және есептеу, элементар бөлшектердің қасиеттерін туралы ақпарат алады. Ал білім алушылар қоршаған ортаның радиоактивті ластану сипаттамасына, радиациялық авариялардың ықтималдылығы мен олардың ауқымына, адамның иондаушы сәулелендiру көздерiнен алатын сәулелену дозаларына талдау жасауға және сыртқы және ішкі сәулеленудегі дозаны есептеуге, радиациялық сәулелерді техникада қолдануға байланысты сұрақтарды шешуді оқып үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Функционалдық анализ
    Несиелер: 3

    Функционалды талдау - қазіргі математиканың негізгі тарауларының бірі. Функционалдық талдау курсынан функциялар (операторлар), метрикалық және сызықтық нормаланған кеңістіктер туралы мәліметтер алынады. Сызықтық операторлар мен функционалдардың қасиеттері, оларды қолдану қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Астрономия
    Несиелер: 4

    Астрономия туралы түсінік қалыптастыру, аспан денелерінің қозғалыс әдістерін, құрылымын, дамуын, аспан денелерінің пайда болуын және олардың жүйелерін зерттеу. Курс физика мұғалімдерін даярлаудағы ең маңыздылардың бірі болып саналады. Космология: жалпы Әлем эволюциясының мәселелері қарастырылады. Курсты бітірген білім алушы астрономиядағы зерттеудің негізгі әдістерін меңгереді, әдіснамалық жалпылаудың, физикалық ұғымдар мен Қағидалардың осы әдістерін қолдана отырып, олардың қазіргі ғылым мен техникамен байланысын көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық талдау
    Несиелер: 3

    Болашақ физика-информатика бакалаврының математикадан теориялық білімнің практикалық негіздерін жете меңгеруі, өз бетінше ойлау қабілетін жетілдіруі үшін оларға математикалық іргелі білім беру мынадай бөлімдерден тұрады: бір айнымалыдан тәуелді функцияның берілу тәсілдері, сандық тізбектер мен функцияның шектері, бір айнымалыға тәуелді функциялардың дифференциалдық есептеулері, функцияның экстремум нүктелерін табу, туынды көмегімен функцияларды зерттеу, интегралдық есептеулер жүргізу. Қатарлар теориясы мен көпайнымалы функцияларды дифференциалдау және интегралдаудың есептеу жолдарын үйрету. Олардың геометриялық, физикалық қолданыстарына есептер шығару.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Менеджмент
    Несиелер: 5

    Қазіргі басқару ғылымы: мазмұны, ерекшеліктері, мағынасы, негізгі принциптері мен компоненттері. Қазақстандағы менеджменттің әдіснамалық негіздері. Ұйымдар: түрлері, қасиеттері, сипаттамалары. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы . Басқару әдістерінің жіктелуі. Қазіргі заманғы компаниялардың қызметін жоспарлау. Дамудың негізгі, пессимистік және оптимистік сценарийлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра
    Несиелер: 3

    Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра курсын оқыту болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіптік-педагогикалық дайындығын нығайтып, алған теориялық білімінің аясын кеңейту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Физикалық құралдар
    Несиелер: 3

    Курста қарастырылатын теориялық және практикалық мәселелер: физикалық құралдар мен олардың классификациясы; физикалық шамалар және олардың түрлері; физикалық шамаларды өлшеу әдістері; өлшеу қателіктері және олардың түрлері; өлшеу нәтижелерін бағалау критерийлері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Деректер базасын басқару жүйелері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты деректер қорын қалыптастыруда, деректерді ұсынудың әртүрлі нысандарын зерделеуде және пайдалануда, тілдік құралдарды пайдалануда, деректер базасында деректерді ұсыну және өңдеу үшін, сондай-ақ ДҚБЖ-нің әртүрлі орталарында деректер базасында орналасқан ақпараттық жүйелерді (IS) және ақпараттық қосымшаларды қалыптастыруда білім мен дағдыларды қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Информатиканың теориялық негіздері
    Несиелер: 4

    Ақпараттық технологиялар негіздерін меңгеру, дербес компьютердің жұмыс істеу принциптерін түсіну. Осы тұжырымдамалар үшін танымдық модельдердің дамуына ықпал ететін информатиканың негізгі тұжырымдамаларының жиынтығын қамту. Курс барысында білім алушылар ақпарат теориясының негіздері, сандық автоматтар теориясы, алгоритмдер теориясы, алгоритмдердің тиімділігі мен күрделілігін талдау сияқты тақырыптарды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Бұл курс ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Курс ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамытушылық жұмыстың заманауи формаларымен, әдістері мен технологияларымен танысу үшін негіз болып табылады. Психокоррекциялық сабақтардың әдіс-тәсілдерімен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Заттардың электрондық теориясы
    Несиелер: 5

    Заттың электрондық теориясы курсының мақсаты- заттың физкалық және химиялық қасиеттерін электрондар мен ионар қозғалысы мен олардың өзара әсерлесуі арқылы зерттеу, түсіндіру, кейбір теориялар мен заңдарды, үдерістерді электрондық тұрыда дәлелдеу. Заттың электрондық теориясы бөлімі конденсацияланған орталар физикасының маңызды мәселелерін қамтиды. Оның басқа бөлімдерден айырмашылығы мұндағы материалдар әдістер бірлестіктерімен емес, объектілер бірлестігін қарастырумен анықталады. Сұрақтарды талқылағанда статистикалық физиканың және кванттық механиканың математикалық аппаратына, принциптеріне, нәтижелерәне сүйену керек. Изинг моделіне, Гейзенберг моделіне және т.б, демек конденсацияланған орталардың қасиеттерін сипаттайтын физикалық моделдерге көңіл бөлінеді. Курста кристалл торы, кристалдардың аумақтық теориясы, заряд тасушылардың статистикасы, кристалдардағы кинетикалық құбылыстар, асқын өткізгіштік, плазма, квазибөлшектер әдісі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджменттің теориялық әдіснамалық негіздері. Білім беру мекемесі педагогикалық менеджмент объектісі ретінде. Білім беру менеджментінің функциялары. Білім беру ұйымын басқару негіздері. Персоналды басқару психологиясы. Заманауи білім беру мекемесінің менеджменті. Мектептің тұтас педагогикалық процесін және педагогикалық ұжымын басқару

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Оптика
    Несиелер: 5

    «Оптика» курсты оқытудың негізгі мақсаты - жарық заңдарын терең оқып үйрену және оны практикада қолдануға үйреу. Білім алушыларға дүниенің біртұтас жаратылыстанымдық бейнесін қалыптастыруда жарық құбылыстары заңдары негізінде қалыптастыру, табиғатта кездесетін, техникада қолданылатын оптикалық құбылыстармен және процестермен таныстыру.Курста фотометрия, жарық дифракциясы, оптикалық голография әдісі, геометриялық оптика негіздері, жарықтың изотропты және анизатропты орталарда таралуы, жасанды анизотропия, жарықтың дисперсиясы, сәуле шығару түрлері, жарықтың әсері, жарықтың ортада таралуы қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар жарық құбылыстары мен заңдарды, үрдістерді айқын түсініп, оны математикалық әдістердің көмегімен өрнектеп, есеп шығаруда қоллданады, өз беттерінше анықтамалық әдебиеттер мен қажетті ғылыми-техникалық мағлұматтарды ізденіп, қолдана білуге үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Пəннің мақсаты мектепте математика бойынша білім нəтижелерін қазіргі бағалаудың өлшемдік технологиялары саласында студенттерді теориялық дайындау жəне мектепте саралап оқыту жағдайында математикадан оқыту нəтижелерін бағалауда қазіргі уақыттағы құралдарды пайдаланудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Математика бойынша білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау əдістері мен құралдарының қазіргі жағдайы туралы білім. Математикадан оқушыларды объективті бағалаудың негіздерін меңгеруге қызығушылық жəне оң мотивация (уəждеме), шығармашылық іс-əрекетке жетуге талпынуының қалыптасуы мен дамуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы модульдік технологиямен оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Модульдік оқыту технологияның көмегімен берілетін білім мазмұны мен оны игерудің қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндігі, оқыту әдіс-тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Оқытуды модуль бойынша оқытудың құрылымы:оқытудың мақсатын қоя білу, құрылған жалпы мақсатты нақтылау, оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау; оқу әрекеттерінің жиынтықтары және қорытынды (нәтижені) бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы оқытудағы жаңа педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 3

    Білім беру сапасын арттырудың ең тиімді жолы-оқытудағы заманауи педагогикалық технологияларды игеру және оларды оқыту процесіне үнемі енгізу. Ұсынылған курста ҚР жалпы білім беретін мектептерінде физика курсын оқытуда қолданылатын жаңа педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі қарастырылады. Курстың мақсаты-физикадан сабақ өткізу барысында қолданылатын оқытудың жаңа технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрету. Курста жаңа технология ұғымы, жеке тұлғаға бағытталған оқытудың, модульдік және несиелік оқытудың және басқа технологиялардың артықшылықтары мен тиімділігі егжей-тегжейлі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Оптоэлектроника негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- оптоэлектрондық қондырғыларды негіге ала отырып, сигналдарды өндіру және тасымалдауға байланысты физикалық заңдылықтарды баяндау және талдау. Курста мына мәселелер қамтылады: жартылай өткізгіш материал қасиеттері, меншікті және қоспалы жартылай өткізгіштер, жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы, жартылай өткізгішті диодтар, жартылай өткізгішті қондырғылардың арнайы түрлері, оптоэлектронды қондырғылар, оптоэлектронды приборлардың қолданылуы және таңбалануы, Оптоталшықтық байланыс. Пәнді игерген білім алушы фотоқабылдағыш элементтердің, сәуле шығаратын диодтар мен лазерлердің, сұйықкристалды аспатар мен оптоэлектронды құрылғылардың физикалық жұмыс істеу принциптерін білетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы оқытуда тарихи мәліметтер мен есептерді шығару әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-болашақ физика мұғаліміне физиканы оқытуда физиканың іргелі заңдары туралы мәліметтер мен оның ашылу тарихы туралы деректерді тиімді пайдалуға, тарихи есептердің маңызы мен оны шығарудың жолдарын меңгерту.Курста мына мәселелер қамтылады: физикадағы іргелі зерттеулердің даму тарихы; осы іргелі заңдарды ашқан ғалымдардың өмірі мен еңбектері; физика заңдарының ашылу тарихына байланысты тарихи сипаттағы есептерді шығару әдістері мен жолдары. Пәнді меңгерген білім алушы физиканы бейінді мектепте оқытуда тарихи мәліметтерді тиімді пайдалану жолдарын және тарихи есептерді шығару әдістемесін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы оқытудың технологиясы мен әдістемесінің жалпы мәселелері*
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты -болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіби-педагоикалық қызметіне қажетті меңгеруі тиіс теориялық білімдер мен дағдыларды, икемділіктерді үйрету. Физиканы оқыту үдерісінде негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыру, іргелі физикалық заңдарды түсіндіру, оны практикада қолдана білуге үйрету пән мұғалімінің теориялық және кәсіби дайындығын қажет етеді. Курста ҚР білім беру жүйесіне сай физиканы оқытудағы технологиялар мен әдістемелер қарастырылады: орта мектепте физиканы оқытудың міндеттері, қазіргі кездегі оқыту үдерісіндегі оқыту тұжырымдамасы, физикадан ұйымдастырылатын сабақ формалары, оқыту әдістері (ауызша баяндау, демонстрациялық эксперимент, есеп шығару), оқушының білімін бағалау, сыныптан тыс жұмыстар), проблемалық оқыту, жаңа педагогикалық технологиялар қарастырылады. Курсты меңгеру нәтижесінде білім алушылар оқытудың прициптері мен міндеттеріне сәйкес дүниенің біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесін танытатын оқу жоспарларын (ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ) жасай алуы, оқыту технологияларын, оқушылардың білімін бағалау әдістерін меңгеруі, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізе білуі керек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Атом және атом ядросы физикасы
    Несиелер: 5

    Жалпы физика курсының негізгі пәндерінің бірі. Жалпы физика курсын оқытудың негізгі мақсаты-физикалық теорияны осы кезге дейінгі жүргізілген ғылыми зерттеулер мен тәжірибелердің жетістігі ретінде көрсету болып табылады. Бұл курста атом туралы кванттық тұрғыдағы түсініктер, жарықтың толқындық және корпускулалық дуализмі мен кванттық механикадағы негізгі ұғымдар мен қатты денелердің кванттық физикасы, атом ядросының физикасы мен ядролық физиканың тәжірибелік әдістері, ядролық реакциялар мен қарапайым бөлшектер физикасы, қолданбалы ядролық физика туралы мәселелермен қоса физиканың осы зерттеу саласындағы қол жеткізген ғылыми жаңалықтары мен оған Қазақстандық ғалымдардың үлесі қарастырылады. Жалпы физика курсын оқыту барысында студенттердің теориялық материалдарды меңгеруімен қоса есеп шығара біледі, эксперименттерді жүргізу әдістерін, эксперимент нәтижелерін алуды және оны өңдеуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп физика эксперименті техникасы
    Несиелер: 5

    Ұсынылған курс мектептің физика курсында қарастырылған негізгі физикалық құбылыстар туралы білімді шоғырландыруға, оқушыларға физикалық эксперимент арқылы олардың өту ерекшеліктерін түсіндіруге және физика кабинетінде жабдықтармен жұмыс істеу техникасын игеруге бағытталған. Курс онда көрсетілген барлық физикалық эксперименттердің әдістемесі мен техникасын, мектептегі физика кабинетінің құрылымын, мектептегі физика курсының бағдарламасына сәйкес мектептегі физикалық экспериментке дидактикалық талаптарды қамтиды. Курсты бітірген білім алушы мектепте физика пәнін оқыту процесінде оқу эксперименттерінің техникасын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • HR менеджмент
    Несиелер: 5

    Бұл курс HR-менеджменттің негізгі принциптерін, жеке жоспарлау мен басқарудың әдістері мен әдістерін игеруге, адам ресурстарын басқару және басқару саласындағы теориялық білімді жүйелеуге, басқарудың заманауи әдістерін игеруге негізделген

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физикадан сыныптан тыс жұмыстар
    Несиелер: 3

    Болашақ физика мұғалімдерін сабақтан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастыруға дайындау, сабақтан тыс іс-әрекеттің мәнін түсіндіру, сабақтан тыс іс-шаралар әдістемесін игеру. Курстың мазмұны бойынша физика бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерінің әлеуметтік, тәрбиелік, білім беру аспектілері, оның мәні; орта мектепте сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу кезіндегі негізгі Мемлекеттік құжаттар мен оқу –әдістемелік, ғылыми және т. б. әдебиеттер, физика пәнін адамзат өмірінде, техниканы дамытуда қолданудың маңызын ашу; физикалық пікірталастарды, пікірталастарды, конференцияларды, апталар мен онкүндіктерді, қарауларды және басқа да сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырудағы жаңашыл мұғалімдердің жұмыс тәжірибесімен танысу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
    Несиелер: 3

    Студенттерді педагогикалық дизайн технологияларын пайдалану кезінде жоғары тиімділікті электрондық оқыту үшін оқу материалдарын жобалауға оқыту, оқу процесінің (оқу курсы/модулі, Оқу сабағы, педагогикалық жағдай, педагогикалық іс-әрекет) құрамдастарын деңгейлік жобалау саласында педагог-зерттеушілердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Педагогикалық дизайндағы заманауи тәсілдерді меңгерген, электронды оқыту үшін химия бойынша оқу материалдарын жасай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Информатика пәнінің болашақ мұғалімдерінде мектеп информатика курсын оқытуды ұйымдастыру барысында қажет болатын білім мен құзіреттіліктерді қалыптастыру, оларды әдістемелік даярлау, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесіне үйрету, сондай-ақ, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білу дағдысын меңгерту. Мектеп информатика курсының мазмұны мен құрылымы. Бастауыш орта білім беру деңгейі бойынша мектеп информатика курсының мазмұнын талдау. Информатиканы оқыту әдістері мен формалары. Сыни тұрғыдан ойлау туралы жалпы түсінік. Информатика сабағына қойылатын талаптар. Сабақ жоспарын жасау. Сабаққа өз бетінше талдау жасау үлгісі. Оқыту нәтижелерін бағалау, тексеру және оны ұйымдастыру. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, құрылымы. Жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бейінді мектепте физикадан фронтальды эксперименттерді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі
    Несиелер: 5

    Орта мектепте физика курсын бейінді оқытудағы фронталь эксперименттің түрлері, артықшылығы, ерекшеліктері. Физиканың бөлімдері бойынша фронталь эксперименттік тапсырмалар, зертхана жұмыстар, орындалу техникасы мен әдістемесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сандық әдістер
    Несиелер: 5

    Қолданбалы есептерді шешудің жуықтық әдістері, математикалық модельдеу әдістері, қате көздері және нәтиже дәлдігінің әдістері жайындағы түсінікті білім алушыларға жүйелендірілген түрде қалыптастыру. Таным үрдісінде пайда болатын математикалық есептерді компьютердің көмегімен шешудің есептеу тізбесін құрып, қолдана білуге дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дифференциалдық теңдеулер
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Студенттерге дифференцалдық теңдеу жайлы теориясын меңгерту. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеу, екінші ретті және жоғары ретті теңдеулерді шешу әдістерін үйрету. Теңдеулерді айнымалылары ажыратылатын теңдеулерге келтіру. Біртекті, сызықты, Коши, Бернулли теңдеулерін шығарту. Екінші ретті сызықты тұрақты коэффициенттері бар біртекті, біртекті емес теңдеулерді қарастыру. Дифференциал теңдеулер жүйесін шешу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Оқытудың заманауи тәсілдері мен әдістері. Ынтымақтастық технологиясы. Диалогтық әдіс. Дарынды балаларды оқыту. Жоспарлау. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау. Олардың байланысы мен ерекшеліктері. Білімді бағалау. Оқу процесінде сыни ойлау мен Lesson study қолдану. Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ). АКТ педагогикалық стратегиясы. Интерактивті және инклюзивті сыныпты қалыптастыру әдістері

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Теориялық физика І
    Несиелер: 5

    Жоғары оқу орындарында теориялық физиканы оқыту материяның құрылымы мен табиғатитың заңдарын тану үшін теориялық әдістерді пайдалануды қалыптастырады. Теориялық физика арнайы физикалық білімнің біріңғай жүйесінің ең жоғары сатысы болып табылатындықтан, жалпы физика курсымен сабақтастықта болуы керек. Теориялық физиканы бірінші бөлімінде «Классикалық мехника», «Электрдинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы», «Кванттық механика» бөлімдеріне шолу жасалынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Физикалық практикум
    Несиелер: 5

    Физикадан есеп шығару-теориялық білімінің практикада қолданудың бір дәлелі. Ұсынылып отырған курс жалпы физика курсының бөлімдерін есеп шығару арқылы байланыстыралды. Есеп шығару барысында физикалық тұжырымдар мен заңдылықтардың практикалық қоданысын есептер шығару арқылы бекітеді.Курста жалпы физика бөлімдеріне кешенді (эксперименттік, графиктік, логикалық, пәнаралық мазмұнды және т.б.) есептер шығару қамтылған. Курсты бітірген білім алушы жалпы физика курсынан алған теориялық білімін жалпылап, физикадан түрлі есептерді шығаруда қолдана алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көшбасшылық және жауапкершілік
    Несиелер: 5

    Көшбасшылық және жауапкершілік терминінің түсінігін анықтау, көшбасшылықтың қасиеттерін ашу, еңбек үдерісінде адамдардың мінез-құлқын тиімді басқару тетіктері туралы түсінікті қалыптастыру, ұйымдағы жанжалды жағдайларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал ету, тиімді командаларды құру дағдыларын дамытуға ықпал ету. Жаупкершілікке үйрету. Жауапкершілікпен басқару. Жауапкершілікті сезіндіру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Программалау I
    Несиелер: 4

    Python тілінде бағдарламалау негіздерін, формализация және алгоритмдеу әдістерін үйрену. Алгоритмдердің классикалық түрлерін игеру (сызықтық, шартты, циклдік, рекурсивті, эвристикалық). Білім алушының логикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту. Құрылымдық бағдарламалаудың базалық ұғымдарын қалыптастыру, білім алушылардың логикасын дамыту, студенттерге кәсіби сала міндеттерін шешу үшін негізгі алгоритмдерді қолдану тәсілдерін үйрету; Python құралдарымен кросплатформалық қосымшаларды әзірлеу, қосымшаларды ұйымдастыруда функционалды және объектілі-бағытталған, модульдік амалдарды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі SMART технологиялар
    Несиелер: 4

    Білім беруде SMART технологияларды пайдалану, қоғамның әлеуметтік жағдайларында электрондық оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану, оқу процесінде қашықтықтан және желілік технологияларды енгізу тәжірибесі мен мүмкіндіктерін игеру, мамандарды даярлау сапасын арттыруда SMART технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларына үйрету арқылы дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Информатиканы кіріктіре оқытудың практикумы
    Несиелер: 5

    Жалпы білім беретін мектептердің қазіргі жағдайында басқа оқу пәндерімен информатиканы оқытудың интеграцияланған моделін құру және өзара пәнаралық байланыстың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау, мектептердегі ақпараттық технологиялар мен білім беру ақпараттық ортасының педагогикалық дағдыларын анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп информатика курсындағы дәлелдеу есептері
    Несиелер: 5

    Жалпы білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі қазіргі ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің негізін құрайтын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен қамтамасыз етіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ядролық реакциялар және қолданбалы ядролық физика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: теориялық физиканың негізгі әдістері, ғылым мен техниканың өзара байланысы арқылы физикалық ұғымдар мен принциптердің қолданылуын көрсету, әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру. Курспен қамтылған мәселелер: ядролық реакциялар, олардың жіктелуі. Тікелей реакция және құрамдас ядролар, резонанстық құбылыстар арқылы пайда болатын күтпеген реакциялар. Ядролардың еріксіз және күтпеген бөлінуі. Басқару мәселесі, перспективалар, термоядролық энергияны практикалық қолдану.Пәнді игеру барысында білім алушы ядролық реакциялар мен қолданбалы ядролық физика бойынша негізгі бөлімдерді терең меңгереді, ядролық физиканы қолдану туралы білімдерін толықтырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физиканы оқытудың технологиясы мен әдістемесінің дербес мәселелері
    Несиелер: 5

    Болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіби-педагоикалық қызметіне қажетті меңгеруі тиіс теориялық білімдер мен дағдыларды, икемділіктерді үйрету. Ұсынылып отырған курс «Физиканы оқытудың технологиялары мен әдістемесінің жалпы мәселелері» пәнінің жалғасы. Физиканы оқыту үдерісінде негізгі физикалық ұғымдарды қалыптастыру, іргелі физикалық заңдарды түсіндіру, оны практикада қолдана білуге үйрету пән мұғалімінің теориялық және кәсіби дайындығын қажет етеді. Курста ҚР білім беру жүйесіне сай физиканы оқытудағы технологиялар мен әдістемелер қарастырылады. Курста физиканың негізгі және жоғарғы сатысында физиканың бөлімдерін оқытудың әдістемесі қарастырылады. Курсты меңгеру нәтижесінде білім алушылар оқытудың прициптері мен міндеттеріне сәйкес дүниенің біртұтас ғылыми-жаратылыстанымдық бейнесін танытатын оқу жоспарларын (ҰМЖ,ОМЖ,ҚМЖ) жасай алуы, оқыту технологияларын, оқушылардың білімін бағалау әдістерін меңгеруі, сыныптан тыс жұмыстарды жүргізе білуі керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттерді" ғылым", "ғылымтану" ұғымдарымен таныстыру, ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемесін меңгеру. Студенттерге зерттеу пәндері, педагогикалық ғылымның заңдылықтары туралы білім беру, ғылыми зерттеу әдістерін практикалық қолдану қабілетін дамыту; ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Қызығушылық мәселесін теориялық материалмен толықтыруға және практикалық тәжірибе жинауға үйрету. Өз мамандығына кәсіби даярлықты қамтамасыз ету, зерттеу әдіснамасын меңгеру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Бейінді мектепте физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Орта мектептерде физика жаратылыстану-математикалық және қоғамдық –гуманитарлық бағыттар бойынша оқытылады. Курстың негізгі мақсаты мектеп бейініне сәйкес физиканы оқыту әдістемесін әзірлеу болып табылады. Курста механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және ядролық физика бөлімдерін мектеп бейініне сәйкес оқушылардың мүдделеріне бейімдеу мәселелері қарастырылды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндер бойынша алған білімдері мен дағдыларын ескере отырып, осы курс шеңберінде интеграцияланған робототехника негіздерін зерделеу. Курс барысында студенттер әртүрлі мәселелерді шешу үшін роботтардың үлгілерін жасайды, оларды жасау техникасын бағдарламалайды және роботтар жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Зияткерлік робототехникалық жүйелер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-жасанды интеллектті қолданатын компьютерлік жүйелерді қолдануға үйрету, автономды роботтар мен адам мен роботтардың өзара әрекеттесуі саласындағы зерттеулер туралы түсінік беру, робототехникалық құрылғылардың бағдарламалық жасақтамасымен және бағдарламалау тілдерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Программалау II
    Несиелер: 5

    Бағдарламалау тілдерін ұйымдастыру мен алгоритмдерді құру әдістерін игеру нәтижесінде бағдарламалар құрады. Python бағдарламалау негіздері. Басқару құрылымдары, функциялары және коллекциялары. Деректерді талдау және бағдарламалық өнімдерді әзірлеу. Модульдік бағдарламаларды құру, кодты тексеру, мәліметтер базасымен жұмыс. Алгоритмдер туралы түсінік. Тұрақтылар, айнымалылар және өрнектер. Тағайындау операторы. Деректер түрлері. Деректерді енгізу және шығару

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім берудегі аддитивті технологиялар
    Несиелер: 3

    Аддитивті технологиялардың рөлі, аддитивті технологиялардың даму тарихы, 3D принтерлерді және олардың көмегімен алынған материалдарды, прототиптерді қолдану саласы туралы түсініктерді қалыптастыру, жобалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың ойлауын арттыру, олардың оқуға деген көзқарасы және оқу процесінде аддитивті технологияларды қолдану арқылы жаңа идеяларды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Физиканы оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 3

    Оқытудың ақпараттық технологиялары- оқыту үдерісінде арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (ЭЕМ, аудио -, кино -, видео -) тиімді пайдалану болып табылады. Пәнді оқыту барысында болашақ физика пәні мұғалімдеріне компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесінде ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және жеткізу мәселелерін жүйелі түрде қолданудың әдістемесін меңгертеді. Мысалы, нақты физика сабақтарында оқу материалдарын ұсыныну, өз бетінше дайындалуға бағыт беру, білім деңгейін анықтау және оқу материалын меңгеруді бақылау, білімді практикалық қолдану дағдыларын игеру құралы ретінде, оқу эксперименттерін көрсету және жасау құралы ретінде қолдану әдістемесімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектепте физика есептерін шығару әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты- мектепте физиканы оқытуда есеп шығарудың әдістемесін меңгерту. Бұл курс -болашақ физика пәні мұғалімінің теориялық және практикалық дайындығын нығайтуда ең маңызды пәндердің бірі. Физика пәні мұғалімінің кәсіби біліміне, сипаттамасына қойылатын негізгі әдістемелік талаптардың бірі-мектеп бағдарламасындағы әр түрлі қиындықтағы есептерді шығару әдістерін меңгеруі, есептерді іріктей және құрастыра білуі. Курсты толық аяқтаған білім алушы мектепете физика есептерінің түрлерін, шығару тәсілдері мен алгоритмін, физика есептеріне қойылатын дидактикалық талаптарды біледі және оны физиканы оқытуда қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Теориялық физика ІІ
    Несиелер: 5

    Жоғары оқу орындарында теориялық физиканы оқыту материяның құрылымы мен табиғатитың заңдарын тану үшін теориялық әдістерді пайдалануды қалыптастырады. Теориялық физика арнайы физикалық білімнің біріңғай жүйесінің ең жоғары сатысы болып табылатындықтан, жалпы физика курсымен сабақтастықта болуы керек. Теориялық физиканы екінші бөлімінде «Статистикалық физика мен физикалық кинетиканың негіздері», «Заттың электрондық теориясы», «Атом ядросы және элементар бөлшектер теориясы» бөлімдеріне шолу жасалынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON9

    Физикадан және информатикадан алған білімнің теориялық және эксперименттік негіздерін физика мен информатиканы оқыту технологиясында қолданады.

  • Код ON7

    Физика мен информатиканың теориялық және концептуалдық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылықтарын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі.

  • Код ON6

    Физиканы оқытудың теориялық негіздері мен технологияларын және физиканың іргелі теорияларын меңгереді.

  • Код ON5

    Экономика, менеджмент, маркетинг және қаржы негіздерін меңгерген. Экономика және басқару саласындағы қазіргі заманғы басқару технологияларының рөлі мен маңыздылығын түсінеді. Қолданбалы ғылымдардың негіздерін, экологияның негізгі заңдары мен принциптерін және еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнаманы біледі.

  • Код ON1

    Педагогиканы, физика мен информатиканы оқыту әдістемесін, қазіргі білім берудің, соның ішінде online режимде оқыту технологияларын біледі. Оқу және тәрбие процесінде ақпараттық ортаның мүмкіндігін пайланады.

  • Код ON11

    Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, азаматтық қорғаныстың рөлі мен міндеттерін, құтқару және апаттың – қалпына келтіру жұмыстарын біледі. Қолданбалы ғылым негіздерін және экологияның негізгі заңдары мен қағидалары және еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін практика жүзінде пайдалана біледі.

  • Код ON8

    Құбылыстар мен процестерді талдау және синтездеу үшін жалпы физика және ақпараттық технологиялар білімін қолданады, бақылаулар мен эксперименттер нәтижелерін теориялық талдау әдістерін, компьютерлік модельдеу әдістерін меңгергерген.

  • Код ON3

    Кәсіби қызметте жаңа білім беру технологияларын, зертханаларды, баспа құралдарын, бейне, мультимедиялық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді, интернетті; бала құқықтары және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтары туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды; критериалды бағалау әдістерін: формативті, жиынтық бағалауды; физикадан және информатикадан білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін қолданады.

  • Код ON10

    Зерттеу және кәсіби қызметте, сондай-ақ физика және информатика бойынша есептерді шешуде негізгі математикалық әдістерді қолданады.

  • Код ON4

    Білім беру процесінің барлық субьектілерінің (өзіндік, оқушылардың, ата-аналардың) қызметтерін талдайды, сыныптық және зертханалық сабақтарда физиканы және инфороматиканы оқыту процесін жетілдіру үшін әріптестерімен бірлесе жұмыс істей алады. Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру жолдарын біледі және оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасай алады.

  • Код ON12

    Практикалық есептерді шығару, ақпаратты өңдеу мен таратуда физикалық әдістерді, программалау мен қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады.

  • Код ON2

    Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері, формалары мен тәсілдерін, инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Балалар мен жасөспірімдер өсуінің жалпы заңдылықтарын, жүйке жүйесінің физиологиясын біледі. Тұлғаның даму заңдылықтарын, оқыту және тәрбиелеу процестерін біледі, білім беру процесінің барлық деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық көмекті жүйелі ұйымдастырудың құралдары мен әдістерін біледі; педагогикалық іс-әрекетте жүйелі ойлау және оны тұтас қабылдау туралы түсінікке ие.

Top