Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01704 Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Әдеби зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Әдеби шығармалардың көркемдік сипатына әсер ететін факторлар, оның эстетикалық сезімін құрайтын элементтер, жазушының стилі, көркемдік және шығармашылық көзқарастары, көркем және әлеуметтік қарым-қатынастары, адамның менталитетін көркем шығармашылықта көрсету тәсілі, туындағын проблемалық жағдайларды талдап, дұрыс ғылыми бағалауды қалай жасау керектігін үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 4

    Тіл білімінің тарихын, теориясы мен әдістемесін, осы саладағы түрлі мектептер мен ғалымдардың тұжырымдамалары мен ғылыми көзқарастарын біледі; өзбек тіл білімі, жалпы тіл білімі бойынша білім алады, тіл ғылымының өзекті мәселелерін меңгереді және оларды ғылыми қызметте қолдану жолдарын біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттану негіздері
    Несиелер: 5

    Әдебиеттің спецификалық сипаттамалары, көркем бейне, көркем бейне құралдары, әдеби түрлері мен жанрлары; әдебиеттану ғылымындағы теориялық мәселелерді және әдеби процесті, көркем шығарманың формасы мен мазмұнын, поэтикалық жүйеге қатысты теорияларды жан-жақты меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Компьютер лингвистикасы
    Несиелер: 4

    Лингвистикалық мәселелерді шешуде компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу бойынша білім, дағды, құзыреттіліктерін қалыптастырауда АКТ-ны қолданады; лингвистикалық пәндер жүйесіндегі өзбек тілінің заңдылықтары жайлы негізгі ұғымдардын метапәндік тәсілге негізделген тұрғыда қарастырады; қазіргі өзбек тілі саласындағы фонетикалық, лексикалық талдаудың негізгі тәсілдерін қамтыған білімдер жүйесін инновациялық технологиялар арқылы тәжірибеде қолданады, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өзбек диалектологиясы
    Несиелер: 7

    Өзбек әдеби тілі, оның нормалары, тілдегі жергілікті ерекшеліктер, кәсіби сөздер, говорларлардың, диалектілердің пайда болу, қалыптасу жолдарынан, зерттелу тарихынан хабардар етеді; өзге ғылымдармен байланысына көз жеткізіп, талдау нәтижесінде тілдік заңдылықтарды тұжырымдайды, әдеби тілді практикада дұрыс қолдануды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өзбек терминологиясы
    Несиелер: 7

    Өзбек терминологиясының қалыптасу және даму кезеңдері, өзіндік және меңгерген сөздік қорлары туралы алдын ала білім алады, сөздікпен жұмыс жасайды, терминдерді іс жүзінде талдай алады, лексема мен терминнің айырмашылығын ажырата алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер
    Несиелер: 6

    Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері мен шешендік өнердің дамуы мен қалыптасуы қарастырылады. Сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнердің заңдылықтары мен қағидаларына мән беріледі. Сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерге үйретудің әдістемесі сипатталады. Музыка мұғалімінің сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерге бейімділігінің маңызы ашылады. Студенттерді сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерге үйретудің жаңа технологиялары негізге алынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының негізінде анықталған оның мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процесстің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдары қарастырылады. Пәннің ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығы сараланады; өмір бойы білім алуға дағдыландырады; педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің күтілетін нәтижелеріне сәйкес қолдану жолдарын меңгертеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өзбек тілі мен әдебиетін оқытудағы заманауи технологиялар
    Несиелер: 6

    Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, лингвистикалық, әдеби және әдістемелік міндеттерді шешуде критериалды бағалау технологиясын қолдану тәсілдері қарастырылады. Өзбек тілі мен әдебиетін және қашықтықтан оқыту сабақтарын жобалау кезінде іс жүзінде пайда болатын мәселелерді шешудің шығармашылығы анықталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өзбек фольклоры
    Несиелер: 6

    Ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі фольклордың тақырыптық-көркемдік ерекшеліктерінің дамуы, фольклордың тарихи құндылықтары, кейіпкер образы, көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшеліктері, оқиға желісі, шығарманың эстетикалық құндылығы, фольклор ғылымының жетістіктері және басқа салалармен, әсіресе әдебиетпен байланысы жайлы мәселелерден хабардар етеді;талдауды практикада дұрыс қолдануды, өз идеяларын ұсынуды, шығарманы талдауды үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    БКәсіпорынды ұйымдастыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізу туралы білімді қалыптастырады. Көшбасшылық дағдыларды және өнімді өндіру мен сатуды бизнес-жоспарлау, нарықтарға талдау жүргізу; кәсіпорынның пайдасын, кірісін, рентабельділігін, төлем қабілеттілігін, өтімділігін есептеу дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ерте дәуірдегі жазба әдебиет нұсқалары
    Несиелер: 5

    Пәнаралық байланыс негізінде “Авесто”, “Ўрхун-Энасой” ескерткіштері, “Тўмарис”, “Широқ” және Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштері, ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы жазылған ерлік эпостары т.б. халықтың дүниетанымы мен наным-сенімі т.б. жайында жазған шығармалары жайлы білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады; Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты сыни тұрғыдан талдауды, шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді шығармашылық ізденіс арқылы талдайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Пән балалар мен жасөспірімдердің өсу және даму заңдылықтары, жүйке жүйесінің физиологиясы мен гигиенасы, ойлау жүйесінің психологиялық ерекшеліктері, темперамент ерекшеліктері, жоғары жүйке жүйесі, сенсорлық жүйелердің физиологиясы және гигиенасы, оқу және тәрбие жағдайларының оқушылардың денсаулығына әсері, балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру жағдайлары туралы білімді меңгеруге бағытталған

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі өзбек тілі фонетикасы
    Несиелер: 4

    Өзбек тілінің дыбыстар тізімі құрамы, дыбыстардың орындалу орнына қарай және тәсіліне қарай түрлері, сөйлемдің бөлшектерін ажырата алады: фраза, такт, буын және екпіннің түрлері, олардың атқаратын қызметтері, фонетикалық құбылыстар жайлы мәселелерді түсіндіреді. Фонетикалық талдауды практикалық тұрғыдан меңгертеді, ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып талдау арқылы фонетикалық заңдылықтарды тұжырымдауды үйретеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    экология, қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы білімдері мен дағдыларын тиімді пайдалана білу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері. ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілер. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 6

    Білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын қарастырады. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Өзбек жазуының тарихы және латын әліпбиі
    Несиелер: 6

    Өзбек мәдени өмірінде қолданылған әліпби түрлері, емле ерекшеліктері, фонемографиялық жазу типі түрлерінің онтогенездік дамуы, қазіргі өзбек графикасы мен орфорафиясының теориялық негіздері, емле ережелерінің уәжі, латын жазуының тарихы, қазіргі өзбек жазуының мәртебесі мен орны туралы білімдер жүйесін қалыптастырады; латын жазуы жайлы соңғы деректерді талдап, тұжырымдауға, тәжірибеде қолдауға дағдыландырады, АКТ-ны тиімді пайдаланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өзбек тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Өзбек тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін меңгертеді және әдістеменің негізін қалаған ғалым-әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарына қатысты еңбектерімен, педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа қағидалармен, әдістеме бағыттарымен таныстырады. Инновациялық технологияларды практикада тиімді қолданудың жолдарын үйретеді; өзбек тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгертіп, кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыландырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі өзбек тілі лексикологиясы мен фразеологиясы
    Несиелер: 6

    Сөздер, олардың шығу тегі (этимологиясы), мағынасы мен дамуы (өздік және ауыспалы мағыналар, форма мен мағына қатынасына қарай түрлері, т.б.), сөздің семантикалық құрылымы және оған қатысты құбылыстар, тұрлаулы сөздер (фразеологизмдер) ) және басқа да осыған ұқсас мәселелерді зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өзбек әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйретеді; оларды басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастырады; қазақ әдебиеті материалдарын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгертеді; білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдаланудың жолдарын үйретеді; кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктерді үздіксіз дамытып, өмір бойы білім алуға, қарым-қатынаста коммуникативтілік танытуға төселдіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі өзбек тілі морфологиясы
    Несиелер: 6

    Морфология бойынша ғылыми еңбектерді зерттеу қабілетін дамытады; морфологияның теориялық негіздері жайлы мәселелерді меңгертіп, талдаудан алған білімін практикада дұрыс қолдануға дағдыландырады; морфологиядағы өзекті мәселелерді ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжы-рымдауды үйретеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өзбек тілі тарихы
    Несиелер: 6

    Өзбек тілінің тарихы, оның периодизациясы, көне түркі тілінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері, көне дәуірден ХХ ғасырдың басына дейінгі көркем туындылар, тарихи, ғылыми, лексикографиялық шығармалар тілінің ерекшеліктері, өзбек әдеби тілінің даму кезеңдері, әдеби тілдің дамуына қоғамдық-тарихи оқиғалардың әсері мәселесі, әдеби тіл стильдері туралы білім алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ұлттық ренессанс дәуірі әдебиеті (ХХ ғасыр өзбек әдебиеті)
    Несиелер: 7

    ХХ ғасыр басындағы өзбек әдебиетінде қоғамдық-әлеуметтік жағдайымен байланысын, ой-сананы оятудағы міндеттері туралы білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады, ХХ ғасырдың І жартысындағы әдеби байланыстарды, дәстүрлі әдебиет үлгісін, шығармашылық ізденіс арқылы әдеби бағыттар мен олардың басты өкілдерінің шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері туралы өз ойларын сыни тұрғыдан талдауға үйретеді, АКТ-ны тиімді қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Науаитану
    Несиелер: 7

    Ә.Науаи әдеби мұрасын зерттеу, оның теориялық және педагогикалық негіздері, “Хамса” шығармасының тарихы, хамсашы ақындар шығармаларын үйренуде интеграциялық тәсілдерді зерттеу; Науаидың шығармалары; поэзия жанрының дамуы, әлем әдебиетінің және түркі халықтары әдебиетінің дамуы жөнінде түсінік қалыптастастыруды қарастырады, ақын шығармалары туралы өз ойларын сыни көзқараспен талдауды, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін зерттеудің негізгі концепцияларын талдауды үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өзбек әдебиеті тарихы (VIII-XVI ғасырлар әдебиеті)
    Несиелер: 7

    VIII-XVI – энциклопедик ғалымдар: Ал-Бухорий, Абу Райхан Беруний, Ал-Форобий, Ибн Сино, Ал-Хоразмий... Н.Кубро, Рабғузий, Дурбек, Қутб, С.Сароий, Хоразмий, Атоий, Лутфий, Саккокий, З.Бобур, М.Солиҳ, Хожа т.б ақындар шығармашылығын метапәндік тәсілге негізделген білімдерін қарастырады және сыни тұрғыдан ұлттық мүддемен байланыстыра талдауды, алған білімін практикада қолдануды, мәтінді интерпретациялауды үйретеді, критериалды бағалаудың технологияларынан дұрыс пайдаланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өзбек әдебиеті тарихы (XVII-XIX ғасырдың І жартысы)
    Несиелер: 7

    Өзбек әдебиетінің XVII-XIX ғасырдың І жартысында хандық дәуірдегі әдебиетте ақындық поэзиясының табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері және ғылыми-теориялық білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады, практикада қолданады, ақын-жазушылар шығармаларының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын, пәнаралық білімді интеграциялау арқылы талдауды, мәтінді интерпретациялауды үйретеді, критериалды бағалау, диагностикалау технологияларны қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өзбек әдебиеті тарихы (XIX ғасырдың ІІ жартысы )
    Несиелер: 7

    XIX ғасырдың ІІ жартысында ағартушылық дәуірі әдебиеті ақындарының өмірі мен шығармашылығы және әдеби мұралары, З.Фурқат, Завқий, Муқимий, Аваз Ўтар, Анбар отин, Дилшоди Барно т.б. шайырлардың шығармаларындағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің көрінісін осы кезеңдегі тарихи оқиғалармен салыстыра отырып түсіндіреді, шығармаларды жанрлық тұрғыдан талдап, зерделеуге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтар әдебиеті
    Несиелер: 6

    Түркі халықтар әдебиеті тарихының кезеңдері, түркі халықтар алыптарының шығармалары, түркі әлемнің мәдени-философиялық идеялары, көркем мәдениетіндегі табиғат пен адам болмысы жөніндегі мәселелер пәнаралық байланыс арқылы түсіндіріледі; ақпаратқа сүйене отырып, білімін практикада қолдануды, жүйелі және гуманистік тұрғыдан талдап, шығармаға баға беруге дағдыландырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өзбек әдеби сыны
    Несиелер: 6

    Әдеби туындының идеялық - көркемдік құнын белгілеу, мәні мен маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып, оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға баулиды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет және қазіргі әдеби үдеріс
    Несиелер: 6

    Тәуелсіздік жылдарындағы және соңғы онжылдықтағы өзбек әдебиетінің дамуындағы әдебиет өкілдерінің проза, драма, поэма шығармалары арқылы драматургия, сын жанрларының даму ерекшеліктерін, жаңа бағыттардың дамуын пәнаралық салалармен байланыстыра отырып интеграциялайды, сюжеттік-композициялық талдау жасауды, шығарманың көркемдік құндылығын критериалды бағалауды, мәтінді интерпретациялауды практикада дұрыс қолдануды үйретеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 6

    Көркем әдебиет, әдебиеттің халықтығы, көркем бейне және оның жасалу жолдары, көркем шығарманың композициясы мен сюжеті, тілі, өлең құрылысы, әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері: эпикалық тек, лирикалық тек, драмалық тек және олардың түрлері, көркемдік әдіс, әдеби ағым, бағыттар, стиль,т.б. туралы теориялық білімін кеңейту көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Журналистің риторикалық мәдениеті
    Несиелер: 6

    Өзбек тілінде сөйлеу мәдениетінің парасат пайымы, тілдік амалдар, ойдың және сөйлеудің дамуы, сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнер, халық даналығы, сөз мәдениетінің орны, мәдениет мәйегі туралы түсінік беріледі. Журналистің интеллектуалдық мәдениетін, білім-білігін, зерде-зейінін дамытып, шешеннің интеллектуалдық мәдениетін  қалыптастыру, цифрлық ресурстарды практикада дұрыс қолдану, командада тиімді жұмыс жасау жолдарын меңгертеді.  

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел әдебиеті
    Несиелер: 6

    Антикалық әдебиеттің ролі; әлемдік әдебиеттің теориялық мәселелер жайлы білім мен түсініктерін қалыптастыруды қарастырады, жаһандық үздік туындыларды сыни тұрғыдан талдау, әлем әдебиеті ақын-жазушылары туралы алған білім мен түсініктерін тәжірибеде қолдау дағдыларын қалыптастырады, шығарманы гуманистік тұрғыдан талдауды, оны практикада қолдану жол-дарын меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі өзбек тілінің синтаксисі
    Несиелер: 6

    Қазіргі өзбек тіліндегі сөз тіркестерінің түрлері, олардың жасалу жолдары, байланысу формалары мен тәсілдері, сөйлем мүшелері, сөйлемнің түрлері, тыныс белгілері және олардың қолданылу ерекшеліктері жайлы пәннің теориялық негіздерін түсіндіреді; синтаксистік талдаудың ерекшеліктерін меңгертіп, болашақ кәсібінде дұрыс қолдануға машықтандырады; синтаксистің даму тарихын зерттеп, дұрыс тұжырым жасауға дағдыландырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өзбек тілінің стилистикасы
    Несиелер: 6

    Өзбек тілі стилистикасының іргелі заңдарын және олардың теориялары туралы жүйелі білім негізінде тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдайды; стилистика ғылымының даму кезеңдері туралы негізгі ережелерді түсіндіреді, АКТ-ны пайданлану арқылы білімін практикада дұрыс қолдану, тілдік заңдылықтарды зерттеу нәтижесіне сәйкес тұжырымдау жолдарын үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Публицистика және әдебиет
    Несиелер: 6

    Публицистиканың пайда болуы, ерекшелігі, көркем әдебиет, журналистика және пуб-лицистиканың байланысы, өзбек публицис-тикасының жаңашылдық түрі, тәуелсіздік дәуірндегі публицистикадағы тақырыптық, проблемалық пішіндік ізденістер жайлы білім жүйесін қалыптастырып, О.Шарафиддинов, У.Норматов, И.Ғофуров, Н.Каримов және т.б. көсемсөз шеберлерінің еңбектері жайлы мағлұмат береді; өз практикасында АКТ-ны дұрыс қолдану, қоғамдық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік көрсету жолдарын меңгертеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 6

    Тіл білімінің тарихын, теориясы мен әдістемесін, осы саладағы түрлі мектептер мен ғалымдардың тұжырымдамалары мен ғылыми көзқарастарын біледі; өзбек тіл білімі, жалпы тіл білімі бойынша білім алады, тіл ғылымының өзекті мәселелерін меңгереді және оларды ғылыми қызметте қолдану жолдарын біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім берудеге арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи модельдері мен оны іске асыру жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    метапәндік тәсілге негізделген өзбек тілі мен әдебиеті саласындағы білім мен түсініктерді көрсетеді;

  • Код ON2

    қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ақпаратты ескере отырып, теориялық білімді практикада қолдану;

  • Код ON3

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалану;

  • Код ON4

    пән бойынша таңдалған мақсатқа және мазмұнына сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана білу;

  • Код ON5

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай білу;

  • Код ON6

    ортақ мақсатқа жету үшін командада тиімді жұмыс істеуде, ғылыми-зерттеу қызметінде, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, креативтілік және көшбасшылық көрсету;

  • Код ON7

    педагогикалық заманауи инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық

  • Код ON8

    тілдік заңдылықтар мен тіл тарихының дамуы жайлы проблемаларды ғылым мен әдістеменің соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдау;

  • Код ON9

    өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни тұрғыдан саралау;

  • Код ON10

    көркем шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін, шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан талқылау;

6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдерін оқыту
Бакалавриат

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
Top