Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07119 Жаңартылатын энергияның заманауи және инновациялық технологиялары в АЭжБУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Теориялық және практикалық білімі бар, таза энергетикалық технологиялар саласында зерттеулер жүргізуге және білімін студенттерге оқытып бере алатын, өз бетінше ойлауға қабілетті, жаңартылатын энергетика саласындағы дамып келе жатқан өндірістердің кең ауқымды қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлап, қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық-мәдени дамуына ықпал ету.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M099 Энергетика және электр техникасы
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Электр энергетикадағы электр магниттік сәйкестік
ЖЕК жүйелеріндегі электр энергиясының сапасы
Басқару психологиясы
Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың заманауи мәселелері
Менеджмент
ЖЕК арналған қондырғыларды пайдалану ерекшеліктері
Перспективалы ЖЭК ресурстарын зерттеу
ЖЕК негізделген автономды энергия жүйелері мен энергия сақтау технологиялары
Шет тілі (кәсіби)
Қосалқы станцияның екінші реттік тізбектерінің жұмыс істеу режимдеріне күшті сыртқы электр магниттік өрістердің әсері
Электр энергетикалық жүйелерді апатқа қарсы оперативті және автоматтық басқару
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және басқару
Қазіргі заманғы жобалау әдістері және шағын ЖЕК жүйелерінің құрылымдық-функционалды моделі
Жобаны басқарудың теориясы мен практикасы
Электр жабдықтарының диагностикасы және профилактикалық сынақ
ЖЕК объектілердің жұмыс режимін басқару әдістері
ЖЭК энергия объектілердің кешенді пайдалану
Технологиялық құжаттаманы әзірлеу және ЖЭК жобаларының тиімділігін бағалау
Энергия жүйелеріне ЖЕК енгізу
Электр жабдықтарының оқшауламасының қүйін бағалаудың қазіргі заманғы әдістері
Оқыту нәтижелері
- Барлық нормативтік ережелер мен заңдарға сәйкес технологиялық құжаттарды әзірлеуі және дұрыс орындауы. Жаңғыртылатын энергия жобаларының сенімділігі мен тиімділігін және оны әрі қарай іске асыру мен іске асыруды бағалауы.
- Жаңғыртылатын энергия көздері жобаларын әзірлеу, жаңартылатын энергия жүйелерінің нұсқаларын есептеу және техникалық мүмкіндік пен болжанатын экономикалық мәселелерді бағалау. Электр желісіне жаңғыртылатын энергия көздерін енгізу жобаларын әзірлеу.
- Жаңғыртылатын энергия және оны пайдалынатын объектілердегі қазіргі проблемаларды талдау, жасыл энергияны дамытудың перспективті жолдарын болжауы. Территорияда жаңғыртылатын энергия көздерінің таралуына аймақтық талдау жүргізуі. Жаңғыртылатын энергия көздерінің нысандарын бірыңғай энергетикалық жүйеге интеграциялаудан туындайтын экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерді зерттеуі.
- Менеджмент біліміне, шет тілдеріне және жобаны басқару мен психологиясына негізделген зияткерлік деңгейді жетілдіру және дамыту қабілетін көрсетуі. Өз бетінше жаңа білім мен дағдыларды игеріп, ғылыми дүниетанымын кеңейтуі, көпшілік алдында сөйлеу және топта жұмыс істеуі.
- Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету, ЖЭК объектінің компоненттерінің параметрлерін есептеу мен талдаудың әдістері және жаңғыртылатын энергия көздерін станцияларын кешенді түрде пайдалану қабілеттілігі. Бүкіл жаңғыртылатын энергия кешенінің тиімділігін арттыратын автоматты басқару жүйелеріне талдау жасауы. Жаңғыртылатын энергия көздерінің нысандарын жергілікті диспетчерлік басқаруды жүргізілуі.
- Жаңғыртылатын энергия көздерінің объектілері электр энергиясының негізгі көрсеткіштерін және қалпына келетін энергия жүйелеріндегі электромагниттік үйлесімділікті талдай білуі, сыртқы электромагниттік кедергілерден қорғауды есептеуі. Алдын-алу әдістерін қолданып жаңғыртылатын энергия көздеріндегі электр жабдықтарын оқшаулау жағдайын бағалауы.
- Электр энергетикасы саласындағы жобаларды басқару және жобалық шешімдердің тиімділігіне техникалық-экономикалық негіздеме жасау дағдыларына ие болу.
- Жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалана отырып, автономды электрмен жабдықтау жобаларын әзірлеуі. Жаңғыртылатын энергия көздерінің әлеуетін есептеу және талдау әдістерін қолдана білуі. Автономды және желілік жұмыс үшін энергия сақтау құрылғыларының әр түрлі түрлерін қолдана білуі.
- Жаңғыртылатын энергия көздерінің қондырғыларының заманауи диагностикасы және оқшаулануы саласындағы теориялық және практикалық білімдерін көрсетуі, электр тізбегінің оқшаулауына электромагниттік кедергінің әсерінен қорғауды қарастыруы, электр энергиясының сапасының электромагниттік үйлесімділікке әсерін бақылауы.
- Жаңғыртылатын энергия көздерінің нысандарында төтенше жағдайларды автоматтандыру және тұрақтылығын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді, синхрондауды қамтамасыз ету үшін басқару жүйесін пайдалануы. Жаңғыртылатын энергия көздері объектілерінде электр қуатын өндіруді және энергияны оңтайлы басқару үшін электрлік шешімдерді қолдануы. Жаңғыртылатын энергия көздерінің қондырғыларының жұмысын оңтайландыру үшін техниканы қолдануы.