Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01602 Тарих-Дінтану мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Алғашқы қоғам тарихы
    Несиелер: 4

    Адамзат қоғамының қалыптасуының алғы шарттары және дәуірлену мәселелері, эрониология мәселелері, алғашқы тайпалар мен тайпалық одақтың пайда болуы мен дамуын оқытады. Адамның пайда болуы мен қоғамдық құрылыстағы мәселелерге, алғашқы қоғамдық топтардың қалыптасуы мен дамуы жеке меншік, таптық қоғамның құрылуына тарихи анализ жасайды. Алғашқы шаруашылық түрлері: бірігіп аң аулау кәсібі, терімшілік т.б жүйесімен танысады. Жер бетіндегі алғашқы адамдардың рухани мәдениеті, дүниетанымдық көзқарастар мен ғылыми білім көздерінің қалыптасуы туралы білім беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ежелгі дүние тарихы
    Несиелер: 5

    Жазба, фольклорлық және материалдық деректер негізінде ежелгі қоғамның кезеңделуін, әлеуметтік ұйымдасуын, ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін зерделейді, ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтайды. Афины мемлекетінде демократияның пайда болу себептерін, мемлекетаралық қатынастарды түсіну үшін «империя» ұғымын ашып көрсетеді. Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін, ежелгі қоғамның дамуына діннің әсерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Археология
    Несиелер: 5

    «Археология», «археологиялық мәдениет» ұғымдарымен таныстырады. Археологияның басқа ғылымдармен, Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеумен байланысын көрсетеді. Археологиялық нысандарды модельдеу әдістерін зерттейді, археологиялық объектілердің хронологиясы мен кезеңдеуін, археологиялық ескерткіштердің типологиясы мен түрлерін, археологиялық зерттеулер жүргізу әдістемесімен, тас, қола, темір дәуірі археологиясымен таныстырады. Адамзаттың ертедегі мәдени дамуын көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Орта ғасырлардағы Батыс елдерінң тарихы
    Несиелер: 5

    Тарихтағы «орта ғасыр», «феодализм» ұғымдыры, оның хронологиялық шеңбері мен кезеңдері, халықтардың ұлы қоныс аударуы, феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері, феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы, ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері тарихи деректер мен тарихшы-медиевистердің еңбектерінің негізінде оқытылады. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін, шаруалар көтерілістерін, феодалдық соғыстарды, абсолютизмнің қалыптасуын сипаттайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын, үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын, адамның дүниетанымының өзгеру себептерін, қоғамдық өмірдегі діннің рөлін, антифеодалдық көтерілістердің себептерін, салдарын, феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін тарихи деректер негізінде сипаттайды. Шығыстағы монархия формаларын, ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін, экономикалық қатынастардың формаларын зерделейді. Тарих бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 6

    Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тұрғындарының тұрпатын, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік топтардың ерекшеліктері мен тіршілігін, кезеңдеуді жазба және материалдық деректер негізінде зерттейді. Ежелгі және орта ғасыр мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасу үдерістерін, көшпелілердің наным-сенімдерін, дүниетанымын, олардың Орталық және Алдыңғы Азиядағыорны мен рөлін анықтайды. Феодалдық қатынастардың дамуы туралы білімді қалыптастырады, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жаңа кезеңдегі Батыс және Америка елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Батыс және Америка елдерінің жаңа заман тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеялық және рухани дамудың ерекшеліктерін анықтайды. Батыс және Америка елдерінің жаңа заман тарихы бойынша жаңа ғылыми категориялық аппаратпен және негізгі деректермен таныстырады. Жаңа тарих бойынша негізгі тұжырымдамалар мен іргелі еңбектер туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Жаңа кезеңдегі Шығыс елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пән тарихи деректер негізінде Шығыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуын XVII ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қарастырады. Шығыс елдері үшін жалпыға бірдей қабылданған кезеңдерге бөлудің шарттылығын, олардың өркениеттік даму ерекшелігі көрсетіледі. Азия және Африка халықтары мен елдерінің тағдырындағы отарлау мен трансформацияланудың ролі зерттелінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстанның тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстанды Ресейдің жаулап алу процесін, кезеңдерін, Қазақ хандығының Абылайдың тұсында көтерілуін, ұлт-азаттық қозғалыстарды, ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы отарлық реформалардың салдарын қарастырады. Тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде ХХ ғ. басында саяси өмірдің жандануын, тәуелсіздік үшін күрестегі ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттейді. Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дінтануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Дін ұғымын, дін элементтері мен құрылымын, функцияларын, діни ұйымдарды, дін типтерін, ежелгі формаларын, ұлттық-мемлекеттік және әлемдік діндердің пайда болуының алғышарттары мен тарихын қарастырады. Әлемдік діндердің жікке бөліну себептері мен салдарларын талдайды. Қазіргі қоғамдағы әлемдік діндердің орны мен рөлін бағалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Дінтану және тарихи білім беруде дизайн ойлау технологиясын қолдану әдістемесі
    Несиелер: 5

    Проблемалық аймақтарды мұқият зерттейді, негізгі мәселені тұжырымдайды, оны шешу жолдары, жаңа идеялар жасайды, оның әртүрлі нұсқаларын ұсынады, проблемаларды шешу моделінің прототиптерін жасайды және әртүрлі форматтағы идеялардың, әдістердің, техниканың және құралдардың ауқымы мен маңыздылығы бойынша әртүрлі шешімдерді сынайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тарихты және дінтануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Мектепте тарих пен дінтану пәндерін оқытуға қатысты нормативті құжаттармен таныстырады. Дәстүрлі әдістер мен инновациялық технологияларды, мультимедиялық құралдарды, жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың нысандары мен әдістерін, критериалды бағалау технологиялары, қысқа мерзімді оқу жоспарларын әзірлеуді оқытады, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Діни кітаптар
    Несиелер: 6

    Ежелгі Шығыстың қасиетті мәтіндерін зерттейді. Ведаларды үнді әдебиетінің діни - философиялық мұрасы, Трипитаканы буддизмнің классикалық мектебінің мәтіндерінің канондық жинағы, Авестаны ежелгі ирандық діннің қасиетті кітабы ретінде оқытады. Інжіл, оның құрылымы, мазмұны, рухани тұжырымдамалары талданады. Құран - ислам мәдениеті ескерткіші ретінде зерттеледі. Қасиетті кітаптарға, олардың қазіргі әлемдегі рөліне салыстырмалы талдау жүргізіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Әлемдік діндер тарихы
    Несиелер: 6

    Әлемдік діндердің пайда болуын, даму кезеңдерiн, негізін қалаушылардың өмірі мен рөлі сипатталады, діни ілімдердің негізі, діни әдет-ғұрыптар, ғибадат, шіркеу құрылымы туралы білім қалыптастырады, қазіргі қоғамдағы әлемдік діндердің орны заңдылықтарын яғни тарихта болған қазiрде бар дiндердiң тарихын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ежелгі дүниенің мифологиясы және политеизм
    Несиелер: 6

    Діннің пайда болу мәселелерін, мифологиялық сана мен ойлауды, діни нанымның ерте формаларын, ежелгі діндердің политеистік сипатын, олардың адам мен қоғамның қалыптасуындағы рөлін қарастырады. ХІХ-XX ғғ. мифтер теориясы мен типологиясын, әлем халықтарының мифологиялық мұрасын, рулық қатынастардың ыдырау дәуіріндегі діни түсініктердің дамуын түсіндіреді. Әлемдік мәдениеттің дамуындағы мифологияның маңызын бағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстандағы этносаралық және дінаралық қатынастар
    Несиелер: 6

    Қазақстан көпконфессиялы мемлекет ретінде. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ерекше қоғамдық-саяси институт ретінде. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету: қазақ тілінің біріктіруші рөлі. Этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы стратегиялық бағдарламалар

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
    Несиелер: 6

    Қазақстандағы діни ахуалдың қазіргі жағдайы және проблемаларымен, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңымен, діни сенім бостандығы ұғымымен, дін саласын реттейтін актілермен, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі принциптерімен, діни ауызбіршілікті сақтау мен нығайтудағы мемлекеттік саясаттың басым бағытымен, бейбітшілік пен дінаралық келісімді орнату бойынша ҚР саясатымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тарихты және дінтануды оқытудың инновациялық және компьютерлік технологияларын қолдану
    Несиелер: 5

    Оқытудың инновациялық технологияларын қолдануда ақпаратты жинау, бағалау, сақтау, дайындау, ұсыну, алмасу үшін ақпараттық, мультимедиялық және компьютерлік технологияларды пайдаланады. Дректерді өңдеудің техникалық қамтамасыз ету құралдарымен, желі байланысының дағдыларымен таныстырады. Тарихқа қатысты мəтіндерді, кестелерді, мəліметтер қорын, мультимедианы, бағдарламалау орталарында ұсынылған ақпаратты талдауды, синтездеуді, бағалауды зерттейді. Қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазіргі замандағы Батыс және Америка елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Тарихи деректер мен тарихшылардың ғылыми еңбектері негізінде Бірінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі кезеңге дейінгі Батыс пен Американың жетекші мемлекеттерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тарихын зерттейді. Әлеуметтік-мәдени және шаруашылық-экономикалық дамудың негізгі тенденцияларымен, Батыс пен Америка елдерінің қазіргі кезеңдегі географиялық кеңістіктегі рөлімен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Діни антропология
    Несиелер: 5

    Түрлі дiни дәстүрлердегі адам табиғаты түсінігі және оның жаратушыға, қоғамға және басқа адамдарға қатынасы, адамның шығу тегі, өмір сүрудің әлеуметтік және метафизикалық негіздері, адам болмысының заңдары мен категориялары, күнә мен құтқарылу, өлім және өлімнен кейінгі тіршілігі туралы қарастырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қазақстан тарихы
    Несиелер: 5

    Бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат бере отырып, Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениеті, этногенез сабақтастығы мәселелеріне білім алушының назарын бағыттайды. Әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білуге жол ашады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазіргі замандағы Шығыс елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Тарихи дерек көздері негізінде ХХ - ХХІ ғ. басындағы елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуы, отарлауға қарсы күрес тарихы, тәуелсіздікке ие болу, даму жолын таңдау зерттеледі. Өркениеттің алуан түрлілігі: Қытай және социалистік елдер, Жапония және «Азия айдаһарлары», мұсылман елдері, тропикалық Африка әлемі ашылып көрсетіледі. Қазіргі әлемдегі Шығыс елдерінің рөлі анықталады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дін философияcы
    Несиелер: 6

    Философия мен діннің арақатынасын, діннің мәні проблемасын, діннің пайда болуы туралы негізгі концепцияларды қарастырады, діннің адамзат тарихындағы орнын анықтайды. Философия тарихындағы адамгершілік пен дін қатынастарын талдайды, негізгі дүниетанымдық жүйелерді, ежелгі Шығыс діндерін, діндегі монотеистік концепцияларды, философиялық теологияны, антикалық, орта, жаңа және қазіргі заман философиясындағы дін концепцияларын сипаттайды және интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ ойшылдарының діни көзқарастары
    Несиелер: 6

    Ақын - жырау мұрасының рухани-діни негіздерін,олардың шығармашылығындағы адамгершілік мәселелерін зерттейді. Қазақ ағартушыларының діни ізденістері, олардың шығармаларындағы ислам философиясы қарастырылады. Ислам құндылықтары мен джададизм идеяларының ұлттық интеллигенцияны қалыптастырудағы рөлі бағаланады. Дін мен руханилыққа қатысты ұлттық интеллигенцияның идеялары талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON7

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды.

  • Код ON11

    психологиялық-физиологиялық, педагогикалық, инклюзивті білім негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мәселелерді шеше алады.

  • Код ON10

    тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және ақпараттық мәдениеті мен академиялық адалдығын көрсетеді.

  • Код ON12

    гуманитарлық, экономикалық, экологиялық білім негізінде әлеуметтік және кәсіби салада туындаған даулы мәселелерді шеше алады.

  • Код ON4

    тарихи оқиғаларды, діни құбылыстарды, олардың әр түрлі тарихи кезеңдерде отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды.

  • Код ON1

    отан және дүниежүзі тарихы кезеңдері, отандық және әлем тарихы оқиғалары, құбылыстары, процестері туралы қазіргі ғылым талабына жауап беретін білімін көрсетеді;

  • Код ON5

    дін теориясы мен тарихы саласындағы білімі мен түсініктерін көрсетеді.

  • Код ON2

    танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдай біледі.

  • Код ON3

    Қазақстан мен әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін түсіндіреді.

  • Код ON9

    критериалды бағалау, диагностикалау, қысқа мерзімді оқу жоспарын әзірлеу технологияларын қолданады.

  • Код ON6

    қоғамдағы философиялық және діни проблемаларды ғылыми зерттеулердің жаңа әдістерін қолдана және олардың нәтижелерін академиялық стилде рәсімдей отырып талдайды;

  • Код ON8

    оқыту мақсаты мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес инновациялық технологиялар мен АКТ қолдана отырып оқу үдерісін ұйымдастырады.

Top