Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Мектепке дейінгі білім берудің теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Пән мектепке дейінгі білім берудің мазмұны мен құрылымы, мектепке дейінгі балалардың білім сапасын арттыру, интеграцияланған оқыту және білім беру сапасын жақсартудың кейбір аспектілері, мектепке дейінгі білім беру сапасын басқару, мектепке дейінгі білім беру сапасының мониторингі, мектепке дейінгі жүргізу барысында қолданылатын заманауи технологиялар туралы түсініктерін ғылыми тұрғыда нығайтады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән адамзаттың түрлі дәуіріндегі философиялық ойлардың даму үрдістерін оқытады. Ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі философиялық ұғымдар мен теориялар, олардың қазіргі ғылымға әсері қарастырылады. Негізінде пәнді оқыту тарих философия және ғылым жатыр философиялық пайымдау, әлемнің ғылыми көрінісін қамтамасыз ететін тұрақты жаңарту шекараларын ғылыми таным.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Пән жоғары мектеп педагогикасының бағыттарын, зерттеу құрылымын, жалпы гносеологиялық оқу-жаттығулар жүйесін қарайды; кәсіптік-педагогикалық диалог құралдарын пайдалану арқылы педагогиканы дамытудың жаңа әдістері мен эмпирикалық базасын; онтогенез кезеңдерінде жеке тұлғаны қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Пән менеджмент психологиясының негізгі ұғымдарын, басқаруды психологиялық қамтамасыз етуді әлеуметтік қызметтің ерекше түрі ретінде қарастырады; қазіргі заманғы психологиялық басқарудың, әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықтың тиімді стратегияларын таңдаудың бағыттары мен қағидаттары; педагогикалық-психологиялық білімнің ерекше заңдылықтары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі білім берудің замануи технологиялары
    Несиелер: 5

    Дамыта оқыту технологиясы(Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдова), ойын технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы (К.Д. Ушинский, Н.П.Пирогов,Л.Н. Толстой) негізінде оқытудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін қарастырады. ТРИЗ (Г.С.Альтшуллер, А.М.Страунинг), денсаулық сақтау технологиялары, проблемалық оқыту технологиялары (Дж. Дьюи), жобалай оқытудың заманауи технологияларын (Л.С.Киселев, Т.А.Данилин және т. б.) және т. б. оқытудың ғылыми әдістемелік тәсілдемелерін кешенді мәселелерді шешуде мүмкіндік туғызады. Дамыта оқытудың замануи технологияларына негізделген оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу дағдылары қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Курс магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативтік және функционалдық құзыреттерін қалыптастыру арқылы ғылыми таным шекарасын кеңейтуге бағытталған; филология ғылымының жаңа бағыттарын дамыту үшін шетел тілі ресурстарымен өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін интерпретациялау дағдыларын жетілдіру және ұлттық және халықаралық білім беру кеңістігінде ғылыми жетістіктерді мойындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі мекеменің негізгі білім беру бағдарламасын әзірлеу технологиясы
    Несиелер: 5

    Отандық және шетелдік технологиялар тәжірибесін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеудің негізгі тәсілдерін; білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен құрылымын; әдіснаманы, талаптарды, нормативтік-құқықтық негіздерді және өңдеу алгоритмін; пәнаралық интеграциялау негізінде мектепке дейінгі мекеменің білім беру бағдарламасын әзірлеу мен ресімдеудің әдістемелік ұсынымдарын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі білім беру менеджменті технологиясы
    Несиелер: 6

    Пән мектепке дейінгі мекемелер білім беру процесіндегі басқару қызметінінің тиімділігін зерттеу және бағалауды, басқару технологиясын (оқу пәндерінің мазмұнын жобалау, нақты оқу әдістері мен технологияларын, инновациялық технологиялар) қолдануды қамтамасыз ету міндеттерін; басқарудың негізгі функцияларын жүзеге асыру; бақылау жүйесі; мектепке дейінгі мекемені басқару құрылымын жоспарлау; мектепке дейінгі мекеме басшысының мәдениеті; іскерлік ойындарды жүргізудегі креативтілік; командалық менеджмент мәселелері қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • ЖОО арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    ЖОО-да арнайы пәндерді оқытудың мақсаттары мен принциптерін, оқытудың заманауи әдістемелерін (тарих, дидактика, тәрбие теориясы мен практикасы, жас кезеңі бойынша арнайы әдістемелер), дәріс өткізу әдістемесі, практикалық сабақтар, БӨЖ ұйымдастыру, білім алушылардың білімін бақылау формалары мен әдістері, мектепке дейінгі және мектепте инклюзия жағдайында оқытудың ерекшеліктерін анализдеу дағдысын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
    Несиелер: 5

    Пән мектепке дейінгі оқытудың нормативті-құқықтық базасын, тарихы мен қазіргі жағдайын, басым бағыттарын, әлемдік білім беру жүйесіндегі Қазақстандық мектепке дейінгі педагогиканың кешенді мәселелерді шешу жолдарын қарастырады. Мектепке дейінгі білім берудің отандық және шетелдік озық үлгілерін практикада қолдану жолдарына, ҚР-ның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу тиімділігіне салыстырмалы талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • МДОТ Білім беру бағдарламалары
    Несиелер: 5

    Пән мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің ЖМББС-ын, типтік оқу бағдарламаларын, оның ішінде мектепке дейінгі балаларға арналған жалпы білім беру бағдарламаларын, 4К моделін, 5 білім саласы шеңберінде ББ әзірлеуде, білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін, денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін ескере отырып, жобалау және моноторингтеуді ұйымдастыруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім беру мекемесін басқару және ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық базасы
    Несиелер: 6

    Мектепке дейінгі мекемелердің білім беру процесінің мазмұнын регламенттейтін нормативтік құжаттарды, балалардың білім алу құқығын; инклюзивті, қосымша және үй жағдайларында; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазіргі кезеңіндегі қызметінің мазмұнын, педагогтің кәсіби стандартын, балаларға білім беру саласындағы кешенді мәселелерді шешу; қазақстандық білім беру саясатының замануи стратегиясы жайындағы креативті көзқарастағы білімін, білігін және дағдысын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі білім берудің инновациялық формасы
    Несиелер: 5

    Мектепке дейінгі қосымша білім берудің инновациялық формалары (студиялар, секциялар, клубтар); ойын арқылы қолдау орталықтары, консультативтік пункттері, ерте көмек көрсету лекотекалары, үй жағдайында оқыту және отбасылық балабақшалары т.б. вариативті МДМ қызметтерін, қалыпты және ЕБҚБ балаларға арналған күн тәртібін, инновациялық технологияларды, ЦБР мен АКТ-ні қолдану туралы білімін, білігі мен дағдысын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі әлемдік және ұлттық құндылықтар
    Несиелер: 5

    Қазақ халқының мәдени құндылықтарын әлемдік өркениетке сай, мектепке дейінгі балаларды шығармашылық қызметке тартудағы міндеттерді меңгертеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде ұлттық сана-сезімді дамытуда толеранттылықты, халықтық педагогика элементтерін жаңғырту, нығайту, сақтау және пайдалануда педагогтің кәсіби даярлығын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі мекемедегі пәндік-дамыту ортасын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән мектепке дейінгі мекемелерде пәндік-дамыту ортасын құру талаптарын, білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, денсаулық көрсеткіштерін, психофизиологиялық және коммуникативтік ерекшеліктерін, жалпы және сөйлеу дамуының деңгейін мониторингтеу; ойын қызметінің жетекші рөлін, орта құрылымын, оқыту кезеңінің талаптарын, танымдық, эмоционалдық, қимыл-қозғалыс қызметін дамытудың білім беру бағдарламаларының эргономикасы мен дизайн талаптарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогтің кәсіби тұлғалық өзін-өзі дамытуы
    Несиелер: 6

    Мектепке дейінгі мекеменің заманауи педагогінің үздіксіз білім алу, инновациялық технологияларды игеру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, портфолио құру, НЗМ, Алтынсарин атындағы ҰБА, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ ұсынған әдістемелік нұсқаулықтарды кәсіби және тұлғалық өсуі үшін пайдалану арқылы өзіндік әлеуетіне, педагогикалық этикаға сәйкес шығармашылықты, инновациялық ашықтықты, икемділікке, өмір бойы білім алу қабілетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепалды даярлықтың заманауи әдістемелері
    Несиелер: 5

    Білім берудің жаңа жүйесіне көшу мәселелерін, НЗМ тәжірибесін таратудағы эксперименттік, мәліметтерді талдау және интерпретациялауды, 5 жастан бастап мектепке балаларды психологиялық-педагогикалық дайындауды (ментальды арифметика, ЦБР, АКТ және т.б.) оқу материалдары мен оқыту формаларын, каллиграфия, грамматика, баланы әлеуметтендіру дағдыларын жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық диагностика
    Несиелер: 6

    Процедураның құрылымы мен кезеңдерін (экспресс-диагностика және қосымша) жобалау, педагогикалық диагностиканы ұйымдастыру құралдары мен әдістерін (бақылау, эксперимент, диагностикалық жағдайлар, әңгімелесу, тесттер, педагогикалық жағдай жасау және т.б.), нәтижелілік критерийлерін, зерттеу нәтижелерін ресімдеуді, баланың жеке дамуын диагностикалаудың білім, білік, дағдысын дамытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепке дейінгі ЕБҚБ балаларға арналған ассистивті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Білім алушыларда арнайы ассистивті технологияларды қолдана отырып компьютермен жұмыс істеу дағдылары мен біліктерін; мәліметтерді талдау және интерпретациялау білімін; жеке есту және дыбыс күшейткіш аппараттарын, экраннан оқуға арналған бағдарламаларды, сөйлеу синтезаторлары және т.б. арнайы бағдарламалармен жұмыс жүргізу дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пән магистрантардың жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәде-ниетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепке дейінгі білім беру сапасын мониторингтеу
    Несиелер: 6

    Әлеуметтік-экономикалық жағдайда мектепке дейінгі мекемедегі сапа мониторингінің мәнін, қағидаларын сипаттайды. Білім беру сапасын мониторингілеудің әдістері мен құрылымын, сапаны бақылау (мектепке дейінгі мекеме) қызметінің шарттарын, педагогикалық процесін, қызмет нәтижелерін), жалпы білім берудің мектепке дейінгі сатысындағы білім сапасының мониторингін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін, мектепке дейінгі білім берудің одан әрі дамытуда креативтілікті жүзеге асыруын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Сөйлеу және мінез-құлық мәдениеті
    Несиелер: 6

    Педогогтің кәсіби-педагогикалық мәдениетін, педагогикалық дайындық деңгейін, кәсіби қызмет жағдайында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениеті мәселелерінің өзара байланысы туралы ұғымын дамыту, педагогикалық этика, заманауи этикет және мінез-құлық мәдениетін, сөйлеу мәнерлігі мен актерлік шеберлігін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON3

    Оқу-әдістемелік кешен әзірлеуде білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті ЦБР, АКТ және инновациялық технологияларды пайдаланады

  • Код ON1

    Жоғары мектеп педагогикасы, ғылым тарихы мен іргелі білімді интеграциялау негізінде кешенді мәселелерді талқылайды

  • Код ON2

    Mектепке дейінгі педагогика тұжырымдамаларына сәйкес психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізеді

  • Код ON4

    Өзінің кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде лингвистикалық құзыреттерді қолданады

  • Код ON6

    Кәсіби қызметте, өздігінен білім алу мен өзін-өзі дамытуда, менеджмент технологияларын жобалау мен іске асыруда креативті тәсілді әзірлейді

  • Код ON5

    Кәсіби қызметіне қатысты зерттеу, жобалау, мониторингтеу, оқыту, тәрбиелеу, дамыту құзыреттерін сипаттайды

Top