Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02313 Қолданбалы қазақ тіл білімі в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын жетік білетін, құқық қолдану тәжірибесінде қолдана алатын, сыбайлас жемқорлықты дұрыс саралайтын жоғары білікті мамандарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі, жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар, оған қарсы саясат, жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әл-Фараби және қазіргі заман
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абай ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің лексика-семантикалық курсы
    Несиелер: 9

    Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен семасиология сипатының негіздері, қазақ тілінің сөздік қоры, лексемалардың мағыналық құрылымы, семантикалық өрістері, парадигмалық және синтагмалық қатынастары, семантикалық категориялар және олардың қолданыс ерекшеліктері талданады. Пән лексика-фразеологиялық бірліктерді қолдану тәжірибесінің ерекшеліктерін зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Практикум: қазақ тілінің дыбыс жүйесі
    Несиелер: 6

    Қазақ тілі дыбыстарының жасалым белгілері, талдану әдістемесі мен жіктелімі қарастырылады. Қазақ сөзінің дыбыс жіктелімі үндесім заңдылығына байланысты талданып, үндесім дыбыстардың құрамы зерделенеді. Мәтін бойынша орфоэпиялық транскрипцияны, интонациялық талдауды жүзеге асыру; орфография және пунктуация бойынша практикалық тапсырмалар орындалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ тілінің сөйлем жүйесі/
    Несиелер: 9

    Синтаксистік категориялар иерархиялық сипатта: сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксисті тұтастық, мәтін деңгейінде қарастырылып, шынайы болмыстағы қатынастардың сол категориялар арқылы объективтенуі сараланады. Сөйлем модельдерінің түпкі (базистік) құрылымды болу немесе трансформациялану себебінің түрлі коммуникативтік мақсаттарға (актуалды мүшелену, үнемдеу, экспрессивті ету т.б.) байланысты екендігі практикалық жұмыстар негізінде айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Практикум: қазақ тілінің диахрониясы
    Несиелер: 9

    Әлемдік лингвистикадағы тілдің шығу тегіне қатысты тұжырымдар силлабология ғылымы аясында түсіндіріледі. Түркілік сөз мағынасының жалпылаудан нақтылыққа қарай даму бағытына ерекше мəн бере отырып, қазақ тілінің диахрониялық аспектілері қарастырылады. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы, морфологиясы, жалпы лексикадағы фоно-семантикалық ерекшеліктер сараланады. Дыбыстардың, грамматикалық тұлғалардың қалыптасу жолдарына, сөздердің шығу тегіне талдаулар жасалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақ тілінің сөз құрылымы
    Несиелер: 6

    Қазақ тілінің морфологиялық құрылымы, сөз таптары, грамматикалық категориялары тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен байланыстыра қарастырылады. Морфологияның негізгі ұғымдары, сөздерді таптастырудағы ұстанымдар, категория болудың алғы шарттары, жалғаулар парадигмасы, сөз тудырушы, форма тудырушы жұрнақтардың ерекшеліктері талданады, сонымен бірге морфологияның антропоөзектілігі, сөз таптарының таным үдерісімен байланысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Атаужасам және уәждеме практикумы
    Несиелер: 9

    Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам саласының басты қағидалары сараланады, сөзжасамдық ұя мен сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тәсіл негізінде семантикалық және когнитивтік тұрғыдан талданады; сөздіктер бойынша практикалық жұмыстар жүргізіледі. Әр атау сөздің негізінде жататын ұлттық дүниетаным мен уәжділігін лингвофилософиялық, лингвомәдени аспектіде талдау жасау көзделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ тілінің стилистикасы және сөз мәдениеті
    Несиелер: 9

    Қазақ тілі стилистикасы мен сөз мәдениетінің зерттеу нысаны, оларға тән ұғымдар мен категориялар зерделенеді. Қазақ тілі стилистикасының, тіл мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері, олардың тілдік және стилистикалық норма ұстанымдары, әр стильдің прагмастилистикалық ерекшеліктердің тілдік және тілдік емес факторлар негізінде практикалық тұрғыдан талдау жасау мақсатқа алынады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Қазақ мәтіні және дискурс
    Несиелер: 9

    Мәтіннің мағынасын, құрылымын, прагматикасын зерттеу, мәтін лингвистикасының өзге пәндермен байланысы, оны лингвистикалық талдау аспектілері қарастырылады. Қазіргі лингвистикалық парадигмалардағы дискурс, оның көпаспектілігінің түрлі шектес ғылымдармен байланысы және мәтін, сөйлеу, диалог т.б. категориялармен арақатынасы дәйектеледі. Мәтін және дискурстың дефинициялары, дискурс пен мәтін бірлігінің ерекшеліктерін айқындау көзделеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілі: әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 9

    Тілдің қоғамдағы өмір сүру формалары мен әлеуметтік сипаты, типологиясы қарастырылады. ҚР тілдердің қарым-қатынасы мен өзара әсерін әлеуметтік тіл білімінің теориялық және практикалық қағидаттарымен байланыстыра отырып, олардың тілдік, саяси, демографиялық, лингвомәдени ерекшеліктері сарапталады. Белгілі бір аймақта және барлық кәсіптік салаларда мемлекеттік тілдің ресми мәртебесіне сай заңды қолдану міндеттілігі туралы статистикалық талдаулар жасалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Іскери қарым-қатынас риторикасы
    Несиелер: 6

    Іскерлік қарым-қатынас негіздері ортологиялық, коммуникативтік және этикалық тұрғыдан сараланады. Кәсіби қызметтегі ауызша және жазбаша іскерлік сөйлеу тілінің нормативтік аспектісі, сөйлеу этикеті формулалары, оларды қолдану мәтіндері мен нормалары, аудиторияның ерекшелігіне қарай мақсатты сөйлеу түрлері, іскерлік қарым-қатынас этикетіндегі ұлттық сипат ерекшеліктері зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Көркем әдебиет және ұлт мәдениеті
    Несиелер: 6

    Көркем әдебиетті зерттеудің жалпы филологиялық бағыттары зерделенеді, мәтін және автор, мәтін және оқырман, мәтін және мәнмәтін, мәтін және оның жазылу тарихы ұғымдарын меңгерту көзделеді. Көркем мәтіндер бойынша талдаулар жасалады. Этностың қуат өрісі, бар болмысы, тыныс-тіршілігі болып табылатын ұлттық мәдениеттің көркем әдебиеттегі орны қарастырылады. Ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын құндылықтар категориясы бағамдалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Өзгетілді аудиториядағы қазақ тілі
    Несиелер: 6

    Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда меңгертудің инновациялық әдістер негіздері, қағидаттары мен тәсілдері қарастырылады. Меңгерту үдерісінің тиімді стратегияларын, коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын қалыптастыратын тапсырмаларды құрастыру әдістері сараланады; теориялық тілдік материалды қатысымда жүзеге асыру үшін қажетті жаттығуларды дайындау көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ тілді копирайтинг және спичрайтинг
    Несиелер: 9

    Копирайтинг және спичрайтингтің бағыттары мен түрлерін анықтау, мәтін түрлерін ажырату, ақпараттық және жарнамалық мәтін идеясын, стратегиясын түсіну, жарнамалық мәтіндердегі сөз тіркестерінің лексикалық, семантикалық, логикалық ерекшеліктерін талдау, оларды құрастырудың практикалық дағдыларын меңгерту көзделеді. Көпшілік алдында сөйленетін сөз мәтіндерінің мазмұны, дайындалу әдістері, аудиторияны арнайы зерттеу жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ тілі: құжаттық лингвистика
    Несиелер: 6

    Қазақ тіліндегі құжат мәтіні, оның мазмұндық, тілдік, құрылымдық ерекшеліктері, ақпараттың мазмұнына қарай құжаттың жіктелуі пәннің негізгі мазмұны болып табылады. Іскерлік тіл және оның стилистикалық ерекшелігі, мемлекеттік акті, заң, ереже, халықаралық құжаттар тілінің стилі, ресми-іскерлік стильдің формальды логикалық стилі жан-жақты талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Интернет лингвистикасы
    Несиелер: 6

    Ақпараттарды өңдеудің талдамалы негіздері; өз мамандық саласындағы ақпараттар ағынының; интернет-лингвистиканың лексикологиялық және лексикографиялық, фонетикалық, сөзжасамдық, семиотикалық ерекшеліктері; интернет-медиа тілі мен онлайн ресурстар тілі; интернеттегі тілдік қатысым, жаргон мен сленг; интернет-дискурс және мәдениетаралық коммуникацияның зерттелуі қарастырылады, практикалық талдау жұмыстары жүргізіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ әдеби тілі
    Несиелер: 6

    Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің тұтас тарихы, оның белгілі бір кезеңдердегі статикалық қалпы мен динамикасы, қазақтың әдеби тілін танытатын үлгілер мен олардың тілдік-көркемдік белгілері, жазбаша ескерткіштердің тілі, функционалдық стильдерінің пайда болып, әрі қарай дамуы, жеке қаламгерлердің үлесі мен рөлі қарастырылады; тілдік ресурстарға талдау жасалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақ тілін меңгерудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
    Несиелер: 6

    Қазақ тілін меңгеруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуге үйрету пән мақсаты болып табылады. Интернет жүйесіндегі қазақ тілін оқытуға арналған түрлі ғылыми-танымдық ресурстарға талдау жасаудың инновациялық әдіс-тәсілдері зерделенеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология әдістері және білім беру ісіндегі витагендік технологияның ерекшеліктерін салыстыру, сыни ойлауын жетілдіру жолдары сараланады. Мультимедиалық материал негізінде білімді одан әрі дамыту дағдылары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Академиялық қазақ тілі
    Несиелер: 6

    Пән мазмұнында академиялық міндеттерді іске асыру дағдыларын үйрету жолдары қарастырылады Академиялық оқылымда – мәтіндегі ойды түсіну, мәліметтерді дәлел ретінде қолдану, сыни тұрғыда ойлау мен талдау; академиялық айтылым бойынша баяндама, презентация жасау, өз ойын дәлелдеу жолдары қарастырылады. Академиялық жазылым бойынша білім алушыларды зерттеу жұмыстарын (реферат, курстық жұмыс, дипломдық, эссе, ғылыми мақалалар) жазуға дағдыландыру көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Контрастивтік лингвистика негіздері
    Несиелер: 6

    Контрастивтік лингвистиканың мақсаты, нысаны, типологиялық мектептердің бағыттары қарастырылады. Екі немесе бірнеші тілдерді салыстыра, салғастыра қарастырудың теориялық бағыты, әдістері мен тиімді тәсілдері, тілдер типологиясының негізгі ұғымдары: тіл типі, метатіл, изоморфизм, алломорфизм, тілдегі басымдықтар; грамматика, лексикология, фонетикадағы салғастырмалы тіл білімі әдіснамасы негізінде тілдер типі, формалар типі, қатынастар типі, универсалийлер, басымдықтар, фреквенталий, уникалийлер сараланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Компьютерлік лингвистикаға кіріспе
    Несиелер: 9

    Компьютерлендірудің лингвистикалық мәселелері қарастырылады. Пән мазмұны машиналық аударма жасау, автоматты түрде ақпарат іздеу, ауызша сөйлеудің транскрипциялық және бөгде тілден кірген сөздердің транслитерациялық жүйесін, арнайы лингвистикалық анықтамаларды құру тәрізді қазіргі заманғы практикалық мәселелерді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілінің ұлттық корпусы
    Несиелер: 9

    Қазақ тілінің компьютерлік қорын құрудың әдіснамасы, құрамы, корпус ұғымы, белгіленімдер, корпус түрлері мен талаптары пән мазмұнын құрайды. Орыс, чех тілдерінің ұлттық корпусы, Браун корпусы, Британдық ұлттық корпус, американдық ұлттық корпустың ерекшеліктері талданады, Алматы кіші корпусы мен қазақ тілінің ұлттық корпусын құрудың мәселелері мен жетілдіру жолдары зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ және шет тілі: салғастырмалы лингвокогнитология
    Несиелер: 9

    Білім алушыда өзге тілді концептуалдық әлем моделін саналы түрде қалыптастыру - пән мақсаты болып табылады. Қазақ және орыс, ағылшын тілдерінің концептуалды жүйесінің аксиологиялық сипаттарын құрайтын тілдік бірліктердің – «баламасыз лексика», «лакуна», «реалийлердің» перифраздану, аударылу жолдары; таным теориясының негізгі қағидаларының практикалық тұрғыда үш тіл бойынша салғастырыла игерілу әдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Аударма тәжірибесінің негіздері
    Несиелер: 6

    Аударма қызметінің мәні мен міндеттері, стратегиялары, әдістері пән мазмұнын құрайды. Екі тілді, түсіндірмелі сөздіктердің, лингвомәдени аспектідегі көмекші құралдардың аударма жасаудағы орны зерделенеді. Аударма әдісін – қысқартылған, функционалды; толық аударма: сөзбе-сөз, семантикалық, коммуникативтік аударма тәсілдерін анықтап алу дағдыларына бағытталған тапсырмалар орындалады. Түпнұсқа тіл мен аударылатын тілдердің лексикасы, грамматикалық құрылымы, синтаксистік, стильдік ерекшеліктері мен ұқсастықтары сараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ және шет тілі: салғастырмалы грамматика
    Несиелер: 9

    Қазақ және орыс, ағылшын тілдері бойынша салғастырмалы тұрғыдағы ғылыми зерттеулер қарастырылады. Сөз құрамының құрылымын анықтауда грамматикалық тұлғалардағы агглютинация немесе фузия, аналитизм немесе синтетизм құбылыстары басымдылығының; синтаксистік деңгейде базалық сөйлем құрылымдарының номинативті немесе эргативті болуының, нысандық, атрибутивтік, предикативтік қатынастардағы сөздердің орын тәртібінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары аталған тілдер бойынша сараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілінің терминографиясы
    Несиелер: 6

    Қазақ терминографиясының бастау көздері және қазіргі қазақ терминографиясын зерттеу қажеттілігі, терминография және лексикографияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары, терминологиялық сөздіктердің макроқұрылымы мен микроқұрылымы, түрлері; терминологиялық сөздіктерді түзуде негізге алатын әдістемелік бағдарлар мен құрастыру талаптары, сондай-ақ ондағы тілдердің орналасу ретінің маңызы теориялық және практикалық тұрғыдан дәйектеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің стратегиялары
    Несиелер: 6

    Мемлекеттік тілді деңгейлеп меңгеру жүйесі, әлемдік білім беру үдерісіндегі алдыңғы қатарлы жобалардың бағыттары мен мазмұны зерделенеді. Қазақ тілін меңгеру деңгейін сертификаттаудың әдіс-тәсілдері, оған қойылатын талаптар, мемлекеттік стандарттарға сәйкес А1-С1 дейінгі деңгейлік тест тапсырмаларын жасау техникасы мен әдістері қарастырылады. Материалдарды тілдік білім деңгейіне сәйкес сұрыптау, олардың коммуникативтік құзыреттіліктер дәрежесін нақтылау көзделеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON6

    Құжат тілінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін құрайтын тілдік стандарттылық, терминдердің бірізділігі, номенклатуралық атаулардың жазылуы сияқты кешенді лингвистикалық білімді қолданып іс жүргізу.

  • Код ON2

    Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен сөз жүйесі, сөз құрылымы, сөйлем жүйесі, атаужасам, сөз мәдениеті, тіл тарихы, қазақ әдеби тілі, көркем әдебиеттегі ұлттық құндылықтар мәселелері жайлы базалық білім қалыптастыру.

  • Код ON3

    Қазақ тіл білімі салаларының практикумы негізінде мәтіндерге диахрониялық және синхрониялық аспектіде түрлі талдаулар (құрылымдық, мoтивaциялық-caлыcтыpмaлы, компоненттік, интент-талдау, семантикалық-стилистикалық, сандық және сапалық, т.б.) жасау.

  • Код ON7

    Академиялық жазылым талаптары негізінде зерттеу жұмыстарын (реферат, курстық, дипломдық жұмыстар, эссе, ғылыми мақалалар) дайындау.

  • Код ON11

    Корпустық лингвистиканың ғылыми-теориялық негізін, корпус құрудың қағидалары мен ұлттық корпус құру тәжірибесін, әлемдік тіл біліміндегі ұлттық корпустардың методологиясы мен ерекшелігін, корпус түрлерімен жұмыс жүргізуді меңгеру.

  • Код ON1

    Қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне, әл-Фараби, Абай сынды ұлы тұлғалардың философиялық көзқарастарының қазіргі қоғамға қажеттілігіне; зиялы қоғам орнатуда болашақ маманның креативті ойлау қабілетін қалыптастыру жолдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана қағидаларына талдау жасау, осы тұрғыда қалыптасқан білімін кәсіби қызметінде қолдану.

  • Код ON4

    Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда меңгерту негіздерін, тиімді стратегиялар жүйесін игеріп, төрт түрлі қатысым дағдысына байланысты коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыратын тапсырмалар, практикалық жаттығулар дайындау, сөйлеу әрекетін белсендіру үшін тіл үйренуге арналған интернет-ресурстарға талдау жасау.

  • Код ON9

    Қазақ және шет (орыс, ағылшын) тілдеріндегі грамматикалық құрылымдардың, таным теориясы қағидаларының әмбебаптылық және бірегейлік ерекшеліктерін тілдер типологиясы бойынша салғастырмалы аспектіде меңгеру, оларды тіл үйренуде, аудармада, сөздік түзуде қолдану.

  • Код ON10

    Қоғамдағы мемлекеттік тіл қолданысының кедергілері себептеріне социолингвистикалық сараптамалар жасау.

  • Код ON12

    Копирайтинг және спичрайтингтің бағыттары мен түрлерін ажырату, жарнамалық және көпшілік алдында сөйлеу мәтін стратегиясын, стилін, жанрын прагматикалық мақсатына сай түрлендіру, түрлі қатысым салалары мәтіндерін құру, өңдеу, жүйелеу; презентациялар дайындау, іскерлік кездесулер, келіссөздер, пікірталастар жүргізу.

  • Код ON5

    Тілді меңгеру деңгейлерінің критерийлерін, сертификаттау техникасы мен әдістерін қолдану.

  • Код ON8

    Интернет-коммуникацияның түрлерін, тілдік ерекшеліктерін талдау, лингвоэкологиялық әсерін саралау, ақпараттарды өңдеу. Кәсібі бойынша озық сандық технологияларды пайдалану.

Top