Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01502 Физика педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылымның тарихи дамуының басты тенденцияларын, іргелі зерттеу қызметінің дүниетанымдық және әдіснамалық жүйесін интеграциялау, ғылыми-философиялық дүниетанымның принциптерін; ғылыми-зерттеу қызметінің мәнін, оның ерекшеліктерін; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру ерекшеліктерін; ғылымның, ғылыми ізденудің, ғылыми зерттеулердің, ғылыми әзірлемелердің мақсаттары мен негізгі міндеттерін, диссертациялық зерттеуді дайындауда ғылыми аппаратты қолдануды, эксперименттік, мәліметтерді талдау және интерпретациялау, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру т. б. құзыреттерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Психологиялық феномендер, категориялар және психиканың қызмет етуі мен дамуының заңдылықтарын зерттеу әдістері туралы ғылым ретіндегі психологияны, еңбек ұжымдарындағы әрекеттесу формаларын талдауды, өндірісті оптимизациялауға ықпал ететін психологиялық ахуалды қалыптастырады. Магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Жоғары мектеп педагогикасының кешенді мәселелерін шешуде жалпы гносеологиялық жүйесін, оқыту және тәрбиелеу теориясын, жоғары оқу орнындағы ғылыми қызмет, білім беруді реформалау мәселелері; заманауи психологиялық басқарудың негізгі бағыттары, заңдары, әдістері мен принциптері туралы білімдерін дамытуға, кәсіби қызметінде және білім алуды жалғастыруда білім, білік және дағдысын жетілдіруге бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Кәсіби құзыреттілігін кеңейту және коммуникативтік талдамалық мәтіндік қызметпен байланысты құзыреттерді, ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін оқып-үйренуді, ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесін зерделеуді, педагогикалық зерттеулердің бағытын таңдауды, ғылыми ақпараттарды іздестіруді, жинақтауды және өңдеуді, педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзуді; зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауды қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері
    Несиелер: 6

    Қазіргі әлемде сауатты бағыт алуға мүмкіндік беретін: жасанды интеллект, сымсыз технология, робототехника, баламалы энергетика, қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа технологияларын талдайды, заманауи физикалық негізін түсінеді, стандартты емес жағдайда шығармашылық қабілетін пайдалана отырып,ғылыми ойларды қалыптастыруда ақпараттық мәдниетін дамытады, нәтижесінде ғылыми басылымдарды сапалы хабарлауды көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Пән шетел тілін (ағылшын) кәсіби ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін деңгейде меңгеруге бағытталған, шетелдерден ақпарат алу, талдау, пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті және білім беру процесі бойынша серіктестермен тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ететін; ауызша және/немесе жазбаша кәсіби маңызды мәтіндерді (реферат, аннотация, мақала тезистері, баяндама, сөз сөйлеу) т.б. тілдік дағдысын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінен зерттеулердің әдіснамасы
    Несиелер: 6

    Заманауи инновация негізінде шағын және орта мектепте физика пәнін оқыту жүйесін, оқыту басқыштарын, ғылыми әдіснама міндеттерін айқындап, STEM тәсілімен кәсіби мәселелерді шешуін, ғылыми зерттеулерді көпке сапалы жариялауды, әрі қарай білімі мен біліктілігін арттыруды көздейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиканы оқытудың ғылыми әдістемелік теориясы
    Несиелер: 6

    Физиканың негізгі теориясы мен жаратылыстану ғылымдарының маңызды тарауларының ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдауын, негізгі демонстрацияларын, жалпы білім беру және профильдік деңгейде туындаған мәселелерді шешіп, озық ғылыми басылымдарды талдап, білімін жетілдіруге қатысты мәліметтерді айқындауды қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физиканы интеграциялап оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім берудегі интеграция әлемнің тұтас бейнесін құруға, шығармашылық әлеуетті дамытуға ықпал етеді. Физика пәнінің басқа ғылымдармен байланысын жүйелеп, өзіне тән ерекшеліктері бар теориялық принциптер мен әдіснамалық құралдарды анықтауды қарастырады. Cабақ жоспарын құруда, пәндік білімді интеграциялау, инклюзивті білім берудегі креативтілікті бағалау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері
    Несиелер: 5

    Зерттеу жұмыстарының құрылымын, ондағы ақпараттың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын шығармашылықпен пайдалана отырып, ғылыми зерттеу саласына сәйкес келетін педагогикалық жобаларды, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттарды дұрыс жинақтауға дағдыланады. Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін қолданып, тәуелсіз, сыни тұрғыдан ойлауға, білімін жетілдіруге үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Механиканың таңдаулы тараулары
    Несиелер: 5

    Жалпы физикадағы механика бөлімінің толық тарауларының негізін, ондағы игерген физикалық білімдерін, атақты ойшылдардың ғылыми тұжырымдарын ескере отырып, кәсіби проблемаларды шешуге қолданады, физикадан оқуын жалғастыру үшін жаратылыстану ғылымдарының білімдерін интеграциялайды, ақпараттық мәдениетті сақтай отырып, механикадан күрделі есептер шығару барысында шығармашылық қабілетін қолданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Молекулалық физиканың таңдаулы тараулары
    Несиелер: 5

    Молекулалық физиканың негізгі принциптерімен, жылулық құбылыстарды бақылау мен эксперименталдық зерттеуді, эксперимент нәтижесін талдайды, бағалауда, кәсіби проблемалар туындағанда өз түсінігін сыни талдай отырып, әр кезеңдегі білімінің дамуы туралы ғылыми ойларды ескеріп, әрі қарай оқуын жетілдіруде қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физикалық ғылыми жобаларды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, жоба ұйымдастыруда туындаған проблемаларды кәсіби шешуін, магистранттардың физика ғылымында интеллектуалды қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін дамытады. Физикалық жобаларды ұйымдастыру барысында жаратылыстану ғылымының хабарламаларын жіктеп, сын тұрғысынан бәсекеге қабілетті, өзінің болашақ мамандығында жетілдіруге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физика философиясының мәселелерін оқыту
    Несиелер: 5

    Физика ғылымындағы күрделі мәселелерді зерттеуде терең методологиялық тәсіл студенттердің шығармашылықпен ойлана білуіне, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде белсенді болу қабілетін арттыруға, дамытуға жағдай жасайды. Ғылымның методологиясын меңгеру білім ашушылардың ғылыми болжамдарды ұсынуға, ғылыми зерттеулердің бағытын анықтауға, таңдауға тәрбиелейді. Кейде ғылыми тұжырымның дамуына қарама-қайшы күрделі теорияларды танып-білуге, яғни ғылымның дамуын көрсететін сонымен қатар, білім алушылардың ғылыми-дүниетанымын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физикалық есептерді шешуде қолданбалы пакеттерді пайдалану
    Несиелер: 5

    Пән негізгі теориялық математикалық, техникалық, компьютерлік білімдерін жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, физика сабақтарын жүргізуге қолданбалы пакеттерді пайдалануға мүмкіндіктер береді. Заманауи үлгідегі кинотератрлар, ойын сауық орталықтарындағы 3D, 5D, 7D көрсетілімдерін түсіндіруде өз білімін шығармашылық тұрғыдан қолданып, кез келген табиғаттағы процестің симуляциялық үлгісін моделдеуді көпшілікке түсінікті хабарлайды, әрі білімін жетілдіруге негіз болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Физиканы оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
    Несиелер: 6

    Пәнде физиканы оқыту әдістемесінің озық тәжірибеге ие педагогтардың қазіргі жағдайын айқындау, зерттеу әдісінің стандартты емес жағдайдағы басшылық проблемаларды шешу тәсілдері, әлемдегі беделді жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың салыстырмалы талдауын жүргізу, жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін талдаған ғылыми жарияланымды өз білімін жетілдіруде қолдану қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оптиканың арнайы тараулары
    Несиелер: 5

    Пәнде оптика және лазерлер физикасына қатысты ұғымдар мен анықтамалар, Эйнштейннің жартылай феноменологиялық теориясы, лазерлерді құру тараулары талданып, оптикалық спектр, стационарлық лазерлік генерация, лазерлік генератордың үш деңгейлі схемасы, төрт деңгейлі лазерлік генератор схемасын құрастыру нәтижесін,стандартты емес жағдайда кәсіби проблемаларды шешуге қолданады, одан әрі білімін жетілдіруге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Физикалық қиындығы жоғары есептерді шығару әдістемесі
    Несиелер: 6

    Физикалық қиындығы жоғары есептерді шығару әдістемесі физикалық есептерді шығару әдістерін, физика есептерінің әр түрлі типтерінің құрылымдық ерекшеліктерін талдайды; қиындығы әртүрлі есеп шығару сабақтарының бақылау жұмыстарымен, олимпиадаларды өткізу істерімен, жалпы, теориялық физика курсында алған білімдерін шығармашылықпен қолданады; әр түрлі типтегі есептерді құрастыру, шешу, тексеру әдістемесін, физикалық теорияларды іс-тәжірибеде қолданып, өз білімін ары қарай жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кванттық физиканың арнайы тараулары
    Несиелер: 5

    Денелердің қозғалыс заңдарының жалпы теориясы, уақыт, кеңістіктің классикалық түсініктері, материялық нүктенің қозғалыс заңдарын әр түрлі координаталарда талдап, Лагранж, Гамильтон, Гамильтон-Якоби теңдеулерімен көрсетеді, механикалық мәселелердің математикалық тұжырымдамасына және шешімнің физикалық интерпретациясына жүйелі түрде назар аудара отырып, кәсіби проблемаларды шешуде қолданады, физиканы оқуда білімін тереңдету үшін қолданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Физикалық процесстерді оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
    Несиелер: 5

    Физика пәнін оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану артықшылықтарын ескере отырып, пәнді оқытуда жаңа оқыту технологиялар көмегімен қызығушылығын арттыру жолдарын талдайды, Internet ресурстарынан физика жетістіктері бойынша озық жарияланымдарды талқылап, анықтама жүйелерін пайдаланады, білімін Macromedia Flash программаларында электрондық оқулықты жасақтауда, физикалық құбылыстарға анимация құруда қолданады, әрі қарай білім деңгеін арттыруға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектеп физика курсының ғылыми негіздері
    Несиелер: 6

    Мектепте физиканы оқыту теориясы, физика сабақтарында дамыту білімдерін қолдану әдістемесі мен негізгі мәселелерін талдап, ғылыми негізге сүйене отырып, кәсіби проблема шешімдерін нақты әрі тиянақты хабарлауға, баспаға шығару, пәнаралық білім интеграциясы негізінде заманауи физикалық мәселелерді бағалау қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Физикалық есептерді шешуде цифрлық білім ресурстарын пайдалану әдістері
    Несиелер: 6

    Меңгерген теориялық білімдерін практикалық есептерді шешуде цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, талдайды. Әрбір есептерді шығаруда, туындаған кәсіби мәселелерді шешуде өз біліктілігін қолданады, есептің болашақ мамандығына байланысты қолданбалы тұстарын зерттеп, физиканы оқу саласында өз білімін жетілдіруді көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON5

    физиканы оқыту саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялай біледі

  • Код ON1

    зерттеу контекстінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде физиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсете біледі;

  • Код ON4

    идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады

  • Код ON6

    академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, мәтінге ғылыми сараптамалық баға береді

  • Код ON2

    барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдалана біледі;

  • Код ON3

    әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсетеді;

Top