Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01511 География-Тарих мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 4

    Тарихтағы «орта ғасыр», «феодализм» ұғымдыры, оның хронологиялық шеңбері мен кезеңдері, халықтардың ұлы қоныс аударуы, феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері, феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы, ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері тарихи деректер мен тарихшы-медиевистердің еңбектерінің негізінде оқытылады. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін, шаруалар көтерілістерін, феодалдық соғыстарды, абсолютизмнің қалыптасуын сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Картография, топография негіздерімен
    Несиелер: 5

    Географиялық карта туралы жалпы түсінікті, масштабты, карталардың математикалық негізін, картографиялық проекциялар, карталардың жіктемесін, географиялық картадағы жазулар, тақырыптық карталар, атластар, ұсақ масштабты карталарды пайдалануды, топографиялық карта және оны пайдалану, топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттарды, топографиялық карталар бетінде географиялық объектілерді кескіндеуді, географиялық картамен жұмыс жасауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Алғашқы қоғам және ежелгі дүние тарихы
    Несиелер: 4

    Түрлі теориялар мен деректер негізінде адамның пайда болуын, адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттейді, жер бетіндегі алғашқы адамдардың рухани мәдениеті, дүниетанымдық көзқарастары мен ғылыми білім көздерінің қалыптасуы туралы білім беріледі, адамзаттың тіршілік әрекеті бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Геология геоморфология негіздерімен
    Несиелер: 5

    Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы, геохронологиялық кесте, геологияның салалық құрылымы, геологиялық процесстер жайлы терең және жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды, рельефтің қалыптасуында эндогендік және экзогендік үрдістердің ролін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы жертану
    Несиелер: 6

    Геосфераның құрамдас бөліктері, құрылымы, даму заңдылықтары, динамикалық ерекшеліктері іс әрекеті мен дамуы, біртұтас ғаламдық табиғат кешені ретінде қарастырылады. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара үйлесімділігін, физикалық географияның теориялық тұжырымдарын, заңдылықтарын, географиялық қабықшаның дамуын, табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін талдайды. Күнделікті өмірде жаратылыстану-ғылыми білімді пайдалану, ғылыми ұғымдарды меңгеріп, жаратылыстану-ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тұрғындарының тұрпатын, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік топтардың ерекшеліктері мен тіршілігін, кезеңдеуді жазба және материалдық деректер негізінде зерттейді. Ежелгі және орта ғасыр мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасу үдерістерін, көшпелілердің наным-сенімдерін, дүниетанымын, олардың Орталық және Алдыңғы Азиядағыорны мен рөлін анықтайды. Феодалдық қатынастардың дамуы туралы білімді қалыптастырады, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Метеорология, климатология және гидрология негіздері
    Несиелер: 5

    Атмосфера мен гидросферада болып жатқан процесстермен, атмосфералық құбылыстар мен су объектілерінің ерекшеліктерімен, олардың қоршаған ортамен өзара байланысымен таныстырады. Атмосфералық процестерді, радиациялық және жылу балансын, ылғал айналымын, циркуляцияны қарастырып, метеорологиялық бақылау әдістерін қолдана алады. Жер бетінің климатын, климат түзуші факторларды, географиялық таралу ерекшеліктерін және климаттық белдеулер сипаттамаларымен танысады. Жер бетіндегі су қоры, құрлық сулары, мұхит сулары, олардың ерекшеліктері, гидрологиялық режимін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақстанды Ресейдің жаулап алу процесін, кезеңдерін, Қазақ хандығының Абылайдың тұсында көтерілуін, ұлт-азаттық қозғалыстарды, ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы отарлық реформалардың салдарын қарастырады. Тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде ХХ ғ. басында саяси өмірдің жандануын, тәуелсіздік үшін күрестегі ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттейді. Әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білуге жол ашады. Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Ландшафттану және физикалық-географиялық аудандастыру
    Несиелер: 6

    Жердің ландшафттық сферасының барлық табиғи компоненттерінің біртұтас бірлігі туралы түсінік беретін географиялық пән болып табылады. Бір-бірімен тығыз байланыста болатын табиғи жүйелердің құрылымын, эволюциялық даму ерекшелігі мен динамикалық өзгерістерін, қоныс және фация, биіктік белдеулер мен ендік зоналылықты, физикалық-географиялық аудандастыру туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Шетелдер тарихының деректемесі және тарихнамасы
    Несиелер: 6

    Деректанудың ортақ заңдылықтары, теориясы, тарихы және әдіснамасы, негізгі принциптері, кезеңдері, деректермен жұмыс істеудің проблемалары мен әдісі, деректерді сыныптау проблемасы, жекелеген дәуiрлердегi тарихшылардың, елдердің тарихи мектептері мен ағымдарының концепциялары қарастырылады. Тарихнамалық зерттеудің негізгі аспектілері, деректанулық, тарихнамалық еңбектердің модельдері оқытылады. Ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заман тарих бойынша пәнаралық білім интеграцияланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Географиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    География ғылымында ақпарат алудың әртүрлі тәсілдері, олардың ерекшеліктерін қарастырады. Географиялық зерттеу әдістері - табиғат пен қоғамдағы процестер мен құбылыстардың аймақтық ерекшеліктерін және кеңістіктік-уақыттық үлгілерін анықтау үшін географиялық ақпаратты талдау әдістері. Жалпы ғылыми және пәндік-географиялық, дәстүрлі және заманауи әдістер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • География мен тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    География мен тарихты оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары, проблемалары, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестегі ролін қарастырылады, оқытудың әдістері мен зерттеудің теориялық және эмперикалық зерттеу әдістерін, мультимедиялық құралдармен жұмыс істеуді біле отырып практикамен байланыстырып оқиды. Командада жұмыс істеу дағдыларын, оқушы бойында көшбасшылық қасиетті дарытуды түсіндіреді. Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Қазақстанның физикалық географиялық жағдайын алуан түрлі екендігін, оларды қалыптастырудағы географиялық заңдылықтарды, табиғи ерекшеліктерін қарастырып, республикамыздың табиғат кешендерінің таралу заңдылықтарын зерттейді. Жекеленген аймақтардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін, табиғат кешендерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді, Қазақстан аумағының ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарын зерттеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
    Несиелер: 7

    Жер шары қабықтарының жалпы заңдылықтарын зерттеу, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны мен табиғат жағдайлары, материктер мен мұхиттар табиғатының кеңістіктікте жіктелуі мен физикалық географиялық аудандастырылуы сипатталады. Түрлі аумақтардың ашылу және зерттелу тарихын, жердің аумақтық жіктелу заңдылықтарын, табиғат объектілерінің географиялық сипаттамасы мен орнын, материктер мен мұхиттардың номенклатура жиынтығын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Жаңа заман дәуіріндегі халықаралық қатынастар
    Несиелер: 6

    Тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде мемлекеттер, жаңа замандағы мемлекеттік жүйелер, халықаралық деңгейде әрекет ететін ұйымдар мен қозғалыстар, әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер арасындағы дипломатиялық, саяси, құқықтық, идеологиялық, мәдени, шаруашылық байланыстарды сипаттайды. Әскери-саяси одақтардың құрылуын және олардың тарихтағы рөлін бейнелейді. Еуропалық отарлық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына әсерін сипаттайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геоэкономика және интеграциялық процесстер
    Несиелер: 6

    Әлемдік экономикалық жүйе бірлігі. Геоэкономикалық кеңістіктегі тауарлық өндірістің өзгеріс бағыттары. Интерұлттық және ұлтттық экономика түсінігі. Геоэкономикалық жүйедегі әлемдік еңбек бөлінісінің қазіргі құрылымы. Олардың көптүрлілігі және стратегиялық тұрғыдан әрқилы әрекеті. Интеграциялық процесстер мен халықаралық экономикалық байланыстармен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дүниежүзінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Дүниежүзі елдерінің жаңа замандағы дамуын әлемдік тарих контекстінде көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеялық және рухани дамудың ерекшеліктерін анықтайды. Дүниежүзі елдерінің жаңа заман тарихы бойынша жаңа ғылыми категориялық аппаратпен және негізгі деректермен таныстырады. Жаңа тарих бойынша негізгі тұжырымдамалар мен іргелі еңбектер туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геоэкология және табиғатты қорғау
    Несиелер: 4

    Экологиялық факторлар және олардың геожүйеге әсері, Қазақстанның жеке аймақтарының экологиялық проблемалары, табиғат қорғаудың қазіргі кезеңдегі міндеттері, геожүйенің антропогендік әсерге тұрақтылығын қарастырылады. Экожүйе мен геожүйе арасындағы географиялық айырмашылықтарды, ландшафттардың экологиялық қасиеттерін, Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру, геоэкологиялық болжам, геожүйенің экологиялық деңгейін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән бағалаудың заманауи технологиялары туралы мағлұмат беріп, оқу барысында оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи үлгілерін қолдану, бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
    Несиелер: 7

    Дүние жүзінің саяси картасын, табиғат жағдайлары мен ресурстарын, халқын, шаруашылығын, өнеркәсібін, еңбек ресурстарын, халықаралық экономикалық байланыстарын қарастырады. Дүние жүзі аймақтары бойынша мемлекеттердің құрамы мен құрылымын, негізгі даму бағыттарын, сыртқы экономикалық байланыстары мен ішкі айырмашылықтарын, геосаяси жағдайларын, ғаламдық мәселелермен таныстырады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 6

    Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясына жалпы шолу, географиялық орны, шекарасы, табиғи ресурстық әлеуеті және әкімшілік-аумақтық бөлінуі; халқы және ұлттық құрамы, шаруашылық кешенінің құрылымы және оның салалары. Қазақстанның экономикалық аудандарына сипаттама. Экономикалық аудандарының табиғат ресурстары мен шаруашылық географиясының ерекшелігін, халқы мен еңбек ресурстарын, экологиялық ахуалын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Өлкетану
    Несиелер: 6

    Өлкетану методологиялық жағынан әлеуметтік-мәдени пәндердің жиынтығы.Өлке туралы шетелдік және отандық саяхатшылар, жиһангездер, ақын-жазушылар қалдырған шығармалары оқытылып, оқиғаның дұрыстығын белгілеу үшін деректерді интерпретациялайды; қорытынды мен тұжырымдамаларды дәйектейді, пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)
    Несиелер: 6

    Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - кеңістіктік (географиялық) деректер мен нысандарды ақпаратты графикалық визуализация жүйесі, географиялық мәліметтерді жинап, деректерді бағдарламалық – техникалық кешенде сақтап, өңдеп, қайта қолдану, тұжырым жасау, ақпараттарды шығару үшін қолданылады. Қоршаған ортада табиғи құбылыстармен қатар антропогендік процестерді зерттеуде автоматтандырылған программалық өнімдер арқылы зерттеп, болжам жасап, алдын алуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Дүниежүзінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 6

    Тарихи деректер мен тарихшылардың ғылыми еңбектері негізінде Бірінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі кезеңге дейінгі әлемнің жетекші мемлекеттерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тарихын зерттейді. Әлеуметтік-мәдени және шаруашылық-экономикалық дамудың негізгі тенденцияларымен, дүниежүзі елдерінің қазіргі кезеңдегі географиялық кеңістіктегі рөлімен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • География және тарихты оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Оқытудың инновациялық технологиялары және мектепте оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырады. География сабақтарында білім берудің тиімділігін арттыруда оқытудың инновациялық технологияларын, сондай-ақ қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жолдарын зерттеу. Инновациялық технологиялардың теориялық және практикалық негіздері, инновациялық технологиялардың түрлері, әдістері, функциялары, олардың оқу процесіндегі тиімділігі; инновациялық технологиялардың оқушыларды ынталандыруға әсері оқытылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON7

    білім берудің жаңартылған мазмұнының мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің инновациялық технологияларын (соның ішінде ҚОТ) қолданады;

  • Код ON8

    отандық және дүниежүзілік тарих кезеңдерін, тарихи оқиғаларды, үрдістерді, әлемдік және отандық тарих құбылыстарын ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін сипаттайды;

  • Код ON4

    тәжірибеде географиялық және тарихи білімді, кеңістіктік ойлау мен картографиялық, геоақпараттық дағдыларды қолданады;

  • Код ON3

    зерттеудің әртүрлі әдістерін қолданады; деректерді жинайды, өңдейді және пайдаланады; пайымдауларды қалыптастыру және дербес шешімдер қабылдау үшін әртүрлі географиялық және тарихи ақпарат көздерімен (АКТ және т. б.) жұмыс істейді;

  • Код ON2

    әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарға толеранттылық білдіреді, академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, командалық және жеке жұмыста коммуникативтік, көшбасшылық, креативтілік көрсетеді;

  • Код ON10

    инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін тәжірибеде қолданады.

  • Код ON6

    пәндер бойынша таңдалған мақсаттарға, оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен диагностикалауды қолданады;

  • Код ON5

    кәсіби саладағы мәселелер мен қорытындыларды шешуде білім беру концепцияларын талдайды, ғылыми зерттеулер әдістерін мен академиялық хат қолданады, рефераттау және өмір бойы білім алу дағдыларын тәжірибеде қолданады;

  • Код ON1

    тарих және география саласындағы білім мен дағдыларды көрсетеді; ұғымдарды, терминдерді, оқиғаларды, фактілерді, құбылыстар мен процестерді тұжырымдайды, түсіндіреді;

  • Код ON9

    Қазақстан мен басқа елдердің тарихи дамуын зерттеу үшін тарихи деректер мен еңбектерді талдайды;

Top