Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01511 География-Тарих в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Пәндер

  • Қазақстанның ежелгі тарихы

    Пән Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеудегі жаңа теориялық-тұжырымдамалық тәсілдер туралы, формациялық, өркениеттік және басқа да тәсілдер мен тарих ғылымының пәні мен міндеттерітуралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қазақстан тарихы-дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі. Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени процестерді зерттеудің өзектілігі. Дүниежүзілік-тарихи үрдісті зерттеудің синхронды және диахронды әдістері. Қазақстан тарихын дәуірлеу туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Табиғатты пайдалану негіздері

    Пән қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, тепе-теңдік заңдылықтары, табиғатты пайдаланудағы қоғамдық көзқарастар мен қатынастар, табиғатты тиімді пайдалану негіздерін ашу мен талдау, географиялық қабықтың құрамдас бөлігі – табиғи ресурстардың жай-күйін анықтау мен шешу мәселелеріне кешенді зерттеу жүргізу міндеттерітуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның қола ғасыры

    Пән тарих ғылымының пәні мен міндеттерін, Қазақстан тарихын дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде, Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени процестерді зерттеудің өзектілігі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Дүниежүзілік-тарихи үрдісті зерттеудің синхронды және диахронды әдістері. Қазақстан тарихын дәуірлеу. Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеудегі жаңа теориялық-тұжырымдамалық тәсілдер: формациялық, өркениеттік және басқа да тәсілдер туралы үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Педагогика

    Курс педагогиканың әдіснамалық негіздері, оның дамуының негізгі кезеңдері, тұтас педагогикалық процестің мәні мен мазмұны, қазіргі мектептегі білім мазмұны, біртұтас педагогикалық процестің қозғаушы механизмі ретінде оқыту құралдары, формалары, әдістері, оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде сабақтар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы жертану

    Пән географиялық қабық туралы, материктер мен мұхиттардың қалыптасуы мен хронологиялық кесте бойынша жер бетінің қалыптасу тарихы бойынша білім мен білік дағдыларын қалыптастыру және жер қабығын құрайтын атмосфера, литеосфера, гидросфера және биосфера туралы, күнт жүйесі, оның табиғи ортаға әсері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Критериалды бағалаудың тарихы зерделенеді. Курс бойынша бағалау критерийлері, білім алушылардың даярлық деңгейін анықтау әдістері; формативті бағалау, оның оң және теріс сипаттамалары; ҚР мектептерінде орта білім берудің жаңартылған бағдарламалары бойынша формативті бағалауды қолдану тәжірибесі мәселелері қаралады. Жиынтық бағалау, дүниежүзі және Отан тарихының бөлімдері бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (БЖБ мен ТЖБ) зерделенеді. Баға қою мысалдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақтардың көшпелі өркениеті

    Пән көшпелі мемлекеттің негізін қалауда үлкен үлес қосқан қимақтар мен қыпшақтардың гегемониясына бағынышты түркітілдес көшпенділер қазақ халқының қалыптасуының монолитті іргетасы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Орта Азия хандықтарымен және Ресеймен өзара қарым-қатынас, Жоңғар шапқыншыларымен күрес және қазақ мәдениеті мен мемлекеттілігінің эволюциясы, көшпенділердің шаруашылық өмірі мен тағыда басқа тарихи оқиғалар ортағасырлық Қазақстан тарихын оқып, білу мазмұнын құрайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ортағасырлық Қазақстан тарихы

    Пән Түркі қағанатының саяси тарихы, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының пайда болуы, Қытай империясымен күрес және түркілердің көтерілуітуралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қимақ пен қыпшақтың гегемониясы астындағы түрік көшпенділері көшпелілердің мемлекеттілігін дамытуға өзінің бірегей үлесін қосты, кейін олар қазақ халқының негізінде құрылған монолитті іргетасы Моңғолдық жаулап алу, одан кейінгі даму, Қазақ хандығының құрылуы туралы білім береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы бизнес

    Курс бизнес-жоспарды құрудың әдіснамалық негіздері туралы білімді қалыптастыру, өткізу нарығын талдау әдістерін зерттеу, өнімді сипаттау, өндірістік жоспарды әзірлеу және ұсыну, маркетинг жоспары мен ұйымдастырушылық жоспарды, қаржылық жоспарды әзірлеу және ұсыну, студенттерді қолданбалы бизнес негіздерімен таныстыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • XVIII - XX ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар

    Пән Қазақстан аумағындағы жаңа кезеңдегі көрші елдермен өзара қарым-қатынастары және өзара әрекеттесуде өткен тарихи фактілер, оқиғалартуралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қазақстанның Ресейге қосылуы. Ұлттық тарихтың жалпы тарихындағы Қазақстанның жаңа тарихының (XVIIIғ. басы - XІX ғ. соңындағы) орны мен рөлі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы

    Пән Қазақстанның жалпы тарихындағы орны мен Қазақстанның көрші елдермен тарихи байланысы, сауда-саттық байланысы жіне тарихи тұрғыдан өзара байланысуы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қазақстан аумағындағы жаңа кезеңдегі көрші елдермен өзара қарым-қатынастары және өзара әрекеттесуде өткен тарихи фактілер, оқиғалар. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы білім алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Топография геодезия негіздерімен

    Пән студенттерге топографиялық карталармен, жоспарлармен және профильдермен жұмыс істеу үшін қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгеруге мүмкіндік береді, геологиялық нысандарды байланыстыру үшін Геодезиялық өлшеулерді орындау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік бере отырып, топо карталар жасау және оны сабақ, тәжірибе барысында қолдану туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Картография топография негіздерімен

    Пән картография топография негіздерімен жерді географиялық және геометриялық түсінудің негізгі принциптерін, сондай-ақ географиялық жоспарлар мен карталарды құру мақсатында жер объектілерін өлшеудің негізін, картографиялық модельдерді қалыптастырумен және оларды геоэкологиялық зерттеулерді талдау және жүргізу, топо карталарды жасау әдістемесітуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Геология геоморфология негіздерімен

    Пән жер беті бедерінің қалыптасуына геологиялық үдерістердің әсерін,геологиялық жер қыртысының және жалпы бүкіл жердің құрамын, құрылысын, үдерістерін және даму тарихын қарастыра отырып, геоморфология – жер бетінің рельефі, оның шығу тегі, эволюциясы және жердің басқа қабықтарымен өзара байланысы туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Геоэкологиялық зерттеулер әдістері

    Пән экожүйелер мен биосфераның жалпы, табиғи және антропогендік сипаттағы қызметінің аумақтық тұрғыдағы неғұрлым жаһандық заңдылықтары туралы, салыстырмалы термодинамикалық тепе-теңдік жағдайында бар жердің геоқабықтар кешені туралы, бұл кешеннің құрылымына таяу ғарыштық кеңістік, жер атмосферасы, әлемдік мұхит, ішкі гидрофера, криосфера және литосфераның қызмет қабатындағы геоэкологиялық жағдай туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеу негіздері

    Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі дағдыларын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығын дамыту мақсатында оқытылады. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Курс ҚР-дағы әкімшілік құқық, Азаматтық және отбасылық құқық негіздері, ҚР Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік мәселелерін, қазіргі қазақстандық заңнаманың негізгі құқықтық нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін зерделеуді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері

    Курс қоғам мен табиғатты дамыту негіздері, Табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың заманауи тәсілдері, тіршілік қауіпсіздігін құқықтық реттеу, жағымсыз әсерлердің дамуын болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау, тірі организмдер популяцияларының жай-күйі, экожүйелердің бұзылу дәрежесі, популяциялардың құрылымы мен динамикасы туралы білімді қалыптастыру мақсатында зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы

    Курстың мақсаты оқушылардың ағзасының өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары; орталық жүйке жүйесі мен жоғары дәрежелі жүйке жүйесінің физиологиясы; висцеральдық жүйелердің жас ерекшеліктері; негізгі тіршілік функцияларды реттеу принциптерінің тұрақтылығы; мектеп оқушылары ортасының гигиеналық бағалау әдістері; күнделікті жұмыстың және оқу үдерісі ұйымдастырылуының гигиеналық негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • XX ғасырдағы Қазақстан

    Пән тоталитаризмнің кеңестік уақыттағы тарихи кезеңдері мен мұра болып қалған саяси мәдениеттің, ұлт аралыө байланыстың, ұлттық ерекшеліктердің қоғамдық сипатын, империялық сипаттың және бюрократияның шектен тыс өміршеңдігі нышандары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстандағы тоталитаризм және саяси репрессиялар тарихы

    Тоталитарлық өзгерістер кезіндегіұлттық тарихқа, мәдениетке, мемлекетімізге зиян келтірген режимдегі ерекше зұлымдықтар, олардың қазақстан халқының мәдени, діни, тілінің дамуына кері әсері, тотолитарлық жүйеден бас тарту кезінде реппресияға ұшыраған қазақ зиялылары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның физикалық географиясы

    Пән Қазақстанның табиғи кешендерінің заңдылықтарын зерттей отырып, Қазақстанның физикалық географиясы табиғи геожүйелердің дамуы мен жағдайын анықтайтын табиғи жағдайлар мен процестер туралы, геожүйелердің ресурстық әлеуетін анықтау, геожүйелердің антропогендік факторлардың теріс әсеріне төзімділігі мақсатында табиғатты қорғау іс-әрекеттері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Дүниежүзінің шаруашылық географиясы

    Дүние жүзінің саяси картасында елдердің әлемдегі орны, саяси-әкімшілік құрылымы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады, саяси картадағы басты саяси-географиялық өзгерістер: жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, елдердің саяси мәртебесі ауысуы, шекаралары мен аумағының, ел атауы мен астаналарының өзгеруінің картада көрініс табуы мен дүние жүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістер туралы білім қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан Республикасының табиғи-ресурстық кадастры

    Пән географияның құрамдас бөлігінің бірі қоршаған ортаны қорғау,табиғи ортаның негізгі компоненттері ауа, су қабығы және жер ресурстары туралы,өнеркәсіптің қарқынды дамуы қоршаған ортаның ұлғайып келе жатқан ластануына әсерін және негізгі табиғи компоненттердің геоэкологиялық жағдайын зерттеу болашақ мамандар үшін өзекті екендігітуралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

    Пән материктер мен мұхиттардың табиғаты туралы,олардың табиғатын талдау барысында ұзақ геологиялық даму нәтижесінде қалыптасқан осы континенттердің әрқайсысының морфоқұрылымдық және ландшафтық ұйымдарының күрделілігін ашу туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қоғамның шаруашылық қызметінің осы континенттерінің табиғатына теріс әсер ету қарқындылығын көрсету. Материктер мен мұхиттардың табиғи ресурстарын қорғау және қалпына келтіру мәселелерінің өзектілігін ашу

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геоэкономика және саяси географияның негіздері

    Геоэкономикалық мәселелер мен олардың қалыптасуына әсер етуші факторлар және оларды шешудегі әлем елдерінің алдына тұрған экономикалық-саяси көзқарастар мен саяси жағдайлар, саяси мәселелердің географиядағы орны, әлем елдерінің интеграциясы мен экономикалық байланыстары, экономикалық-саяси байланыстарды қалыптастырудағы географиялық жағдайлар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім берудің жаңартылған мазмұны тұрғысынан географияны оқыту әдістемесі

    Пән жаңартылған білім беру мазмұнының география курсындағы ерекшеліктері мен мектеп географиясының бағдарламасы және білім алушыларғабілім берудің жаңартылған мазмұнында жаңа инновациялық технологияларды қолдану әдістемесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Географияны оқыту әдістерінің жаңартылған мазмұнға негізделуінің теориялық және практикалық ерекшеліктерімен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

    Пән Қазақстан Республикасы туралы Әлеуметтік-экономикалық-географиялық білім береді, яғни шаруашылық, халық, аумақтық орналастыру және оларды ұйымдастыру туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сондай-ақ, осы үдерістердің заңдылықтары, еліміздің аумағында қоршаған орта мен қоғамның өзара іс-қимылы, табиғи-ресурстық және еңбек әлеуетін дамыту және орналастыру, олардың мүмкіндіктері мен болашақта даму мәселелері зерделенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби қазақ тілі

    Білім алушының кәсіби коммуникация мәдениетін қалыптастыру, салалық терминдерді бірізді қолдану, кәсіби салаға қатысты құжаттарды стандарттар мен нормаларға сәйкес жазу дағдыларын машықтандыру, қазақ тілінде сөйлеу, жазу, баяндауды мамандықтарына қатысты жетілдіріп, лексикасын байыту, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту және дамыту мақсатында окытылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарихи география

    Пән әлемдік географиялық ашылымдар мен зерттеулер тарихын ежелгі уақыттан қазіргі күнге дейін зерттейотырып, географиялық идеялардың дамуын қарастыру,қазіргі картаның қалыптасу тарихымен таныса отырып, материктер мен мұхиттардың, аралдардың ашуылу тарихы туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Тарихи география алғашқы адамның ортаға бейімделген уақытынан бастап, жаңа дүниелердің ашылу кезеңіне дейінгі ашулар туралы білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім беру

    Курс инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық шарттарын, әлемдік және отандық тәжірибені талдау, оқуға қабылдау және оқуды аяқтау ережелері, бағдарламалық материалды бейімдеу; жеке білім беру маршрутын әзірлеу және енгізу; инклюзивті тәжірибе субъектілерін психологиялық-педагогикалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың мазмұнын зерттеуге арналған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тарихты оқыту әдістемесі

    Пән Тарихты оқыту әдістемесі пәні мұғалімді дайындау жүйесінде ерекше орыны, тарихи білім беруге кәсіби бағыттылығы, барлық жаңа психологиялық-педагогикалық зерттеулер әдістеме арқылы тәжірибеге жол табатынына негізделген білім туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Тарих мұғалімі оқушыларды нақты тарихи үдерістерді, заңдылықтарды оқытуы керек, сондықтан тарихты оқыту әдістемесін білу өте маңызды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Географиядағы тәрбие беру әдістемесі

    Тәрбие қызметінің теориялық және практикалық негіздерін қарастыруға, курстың барлық мазмұны білім мен тәрбиенің гуманистік парадигмасын жүзеге асыруға бағытталған. Пәннің көмегімен білім беру процестері саласындағы жалпы мәдени және кәсіби құзіреттіліктерді игеруге, кәсіби педагогикалық міндеттерді сәтті шешу үшін заманауи білім беру технологияларын жобалау туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Археохронология

    Адам қалыптасуынан бастап ежелгі қауымдас қоғам мен мемлекеттің қалыптасуына дейінгі алғашқы қауымдық қоғамның тарихын оқытады, сондай ақ б. з. д. V соңында-Б. З. ІІІ мыңжылдықтың басында алғашқы мемлекеттік құрылымдардың пайда болуынан бастап Батыс Рим империясының б. з. V-ға құлауына дейін Ежелгі Шығыс және антикалық қоғамдардың тарихы туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ортағасырлар тарихы

    Пән Қазақстанның жалпы тарихындағы орны мен Қазақстанның көрші елдермен тарихи байланысы, сауда-саттық байланысы жіне тарихи тұрғыдан өзара байланысуы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қазақстан аумағындағы жаңа кезеңдегі көрші елдермен өзара қарым-қатынастары және өзара әрекеттесуде өткен тарихи фактілер, оқиғалар. Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп географиясының мазмұны

    Жаңартылған білім мазмұны негізінде құрылған мектеп география курсының мазмұны мен мақсат, міндеттері, бағдарламаның өзектілігі, географиялық сауаттылық пен ойлау, география тілін қалыптастыру мен білім алушыларға география курсында оқытылатын бөлімдер, әр бөлімде қарастырылатын негізгі мәселелер мен картографиялық мәліметтермен жұмыс жасай білу әдістерітуралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Шығыстың ортағасырлық қалаларының тарихы

    Пән ортағасырлық дәуірдің басты мазмұны болып, әлемді қабылдаудың жаңа жүйесінің, жаңа өркениеттік жүйенің – феодалдық жүйенің пайда болуы мен дамуы, орта ғасырлық қоғамдардың саяси, әлеуметтік – экономикалық және мәдени өмірінің барысына әсер еткен екі әлемдік дін-христиан және исламның пайда болуы мен дамуы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент

    Курс білім берудегі менеджменттің теориялық және әдіснамалық негіздері, педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиясы ретіндегі педагогикалық менеджмент, мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару, білім берудегі менеджердің көшбасшылығы мен көшбасшылық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дүние тарихы

    Ежелгі Шығыс, Греция және Рим қоғамының алғашқы қарапайым қауымдық қоғамнан алғашқы мемлекеттік қоғамға өту тарихының басты белгілерін және мемлекеттік институттарының пайда болу тарихын, адамзат дамуындағы жаңа қоғам өркениеттік қоғамның даму тарихы мен ежелгі дүниеде қалыптасқан елдер мен халықтардың тұрмыс-тіршілігі туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

    Білім қалыптастыру мақсатында оқытыладыжаңа және казіргі тарихындағы Азия және Африка мемлекеттердің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін зерттейді, елдердің ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық үрдістерін, халықаралық қатынастардың дамуын негізгі бағыттары, халықаралық құқықтық жүйенің қалыптасуы және әлемдік қауымдастықтың негізгі саяси институттарын зерттеуге және әр елдің арнайы ерекшеліктерін оқуға маңызды орын беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инновациялық технологияларды география сабағында қолдану

    Инновациялық технологиялар түрлерімен таныстыру, сабақ үрдісінде қолданудың тиімділігі мен білім алушылардың оқу үлгеріміне әсерін талдай отырып, қазіргі мектеп географиясында қолдану керек инновациялық технологиялар түрлерімен таныстыра отырып, оларды сабқа үрдісінде қолданудың әдістері мен іс-тәжірибе кезінде пайдаланудың теориялық және практикалық негіздері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Электронды картография

    Электронды картография геоақпараттық жүйені қолдану мен оны практикалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, географиялық мәліметтерді кескіндеу, моделдеу және карталарды компьютерлік арнай бағдарламалар арқылы жасау, тақырыптық карталарды кескіндеу, оны сабақ үрдісінде қолдану, геоақпараттық жүйелердің географиялық білім берудегі маңызы мен міндеті туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихи білім теориясы

    Пән білім алушыларға тарих ғылымындағы реконструктивті-сипаттамалы әдістің әлеуметтік гуманитарлық білімге сай бағыттағы аналитикалық әдіспен байланы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.Сонымен қатар зерттеу мақсатында, зерттеу қабілетінің рефлексиясына байланысты және алынған нәтижелерге түрлі танымдық парадигмалар, эвристикалық модельдер қолдана алу туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы

    Пән тарих шеңберінде жаңа және казіргі тарихындағы Еуропа және Америка мемлекеттердің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін зерттейді, елдердің ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық үрдістерін, халықаралық қатынастардың дамуын негізгі бағыттары, халықаралық құқықтық жүйенің қалыптасуы және әлемдік қауымдастықтың негізгі саяси институттарын зерттеуге және әр елдің арнайы ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геоглобалистика және табиғатты пайдалан

    Планетарлық процестер мен құбылыстардың кеңістіктік аспектілерін, планеталық құбылыстар мен процестерге жан-жақты, интеграцияланған көзқарастардың қалыптасуы, оның экологиялық тепе-теңдікті сақтауы, өнеркәсіптің дәстүрлі дамуын тұрақтандыру мен қалпына келмейтін табиғи ресурстарды пайдалануды азайту, экологиялық ауыртпалықты азайту, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту мақсатында халықтың, экономиканың, табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарытуралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықтар географиясы демография негіздерімен

    Пән халықтардың қоныстану географиясы мен этностар, нәсілдер мен дін географиясы, халықтардың таралып орналасуы мен демографиялық саясаттың мемлекеттің саяси географиясындағы орнын анықтау, дүние жүзі бойынша халықтың қоныстану мен халықтың еңбек ресурстарға бөліну жүйесі, қала және ауыл халқының ара салмағы туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы

    Пән дүние жүзінің экономикалық-әлеуметтік жағдайы туралы, саяси мәселелер, олардың туындауына әсер ететін факторлар туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады. Пәннің тақырыптық бағыты қазіргі заманғы экономикалық өзгерістер мен әлемнің ірі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерін шешу жолдарымен тығыз байланысты және өзара байланысты.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғаламдық су қорлары және су алмасу

    Пән ғаламдық су қорының қазіргі жағдайы, су қорын сақтауға негізделген дүниежүзілік экологиялық ұйымдардың бағдарламасы, дүниежүзілік су айналым және оның су аламасудағы негізгі орны,мұхиттар экологиясы,мұхитты қорғау бағдарламалары,гидрологиялық қор және алмасу,физикалық географиялық тұрғыдан су қорларына сипаттама және ел экономикасындағы су қорының рөлі туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарих методологиясы

    Пән тарихи зерттеу методологиясының генезисі, әдістері, тәсілдері мен принциптері туралы, тарихи таным ерекшелігі, тарих ғылымының объектісі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.Тарих философиясының қалыптасу үдерісі және дамуы, тарихи үдерістің категориялары мен сипаты, ғылыми танымның дамуы және эмпирикалық және теориялық зерттеулердің әдістері. Әртүрлі ғылыми мектептердің жетекші ғалым-зерттеушілерінің концепциясындағы тарихи үрдістің қазіргі мәселелері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • XVII-XXI ғғ. Еуропа және Америка

    Еуропа және Америка XVII-XXI ғасырдағы мемлекеттердің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін зерттейді, елдердің ішкі саяси, әлеуметтік-экономикалық үрдістерін, халықаралық қатынастардың дамуын негізгі бағыттары, халықаралық құқықтық жүйенің қалыптасуы және әлемдік қауымдастықтың негізгі саяси институттарын зерттеуге және әр елдің арнайы ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шығыс елдерінің саясатындағы діни фактор

    Азия және Африка XVII-XXI ғасырларда курстың барысында Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі кезеңдегі дамуының негізгі кезеңдері, жекелеген елдердің дамуының әлеуметтік-экономикалық модельдері, басқару формалары мен саяси режимдер, халықаралық қатынастардың негізгі тенденциялары, халықаралық құқықтық жүйенің және әлемдік қауымдастықтың негізгі саяси институттарының қалыптасуы туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геоинформатика

    Картаны сапалы өңдеу мен іздеуге, сондай-ақ, географияда геоақпараттық жүйе туралы түсінікті қалыптастыруға, географиялық карталарды жасаудың заманауй әдістерін үйрену, әр түрлі электронды карталар жасау бағдарламаларын игере отырып, оны сабақ барысында тиімді қолдану әдістерін меңгереді, геоинформатикалық мәліметтердің өңдеу, сақтау, жобалау бойынша білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • География сабағында цифрлық ресурстарды қолдану әдістемесі

    Цифрлық ресурстардың қазіргі мектепке қажеттілігі мен қолдану мүмкіндігі туралы, география сабағындағы цифрлық ресустарды қолданудың ерекшелігі, цифрлық ресурстардың түрлері, білім алушылардың сабақ барысында қолдану мүмкіндіктерін ескере отырып, картографиялық кескіндеу, карта түсіру және карта-схемалар мен карталар, диаграммалар мен кестелер жасаудағы ерекшелігі туралы білім қалыптастыру мақсатында оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи әдіснама саласындағы теориялық білімдерге ие, тарихи процестер теориясы мен әлемнің тарихи білімін сыныптайды, әлемнің этникалық және геодемографиялық бейнесін сипаттайтын сенімді ғылыми ақпаратқа ие. Азия мен Африка елдерінің жаңа және жаңаша тарихын үйрену барысында теориялық білімдерге, дағдылар мен дағдыларға ие, Азия мен Африка елдерінің тарихындағы аймақтық айырмашылықтардың себептерін талдайды.
  • Географиялық қабықтың негізгі компоненттері, оның үлгілері және кеңістіктік-уақыттық ұйымы, ландшафт және ландшафт сферасы, топырақ географиясы туралы білім алады. Ол палеогеографиялық карталардағы қашықтықты мен алабын өлшейді, карталарда рельеф пішіндерімен нысандарды анықтайды, геологиялық өткен ғаламдағы заттардың болу нысандарын зерттейді және ежелгі литосфераның заманауи идеясына ие.
  • Әлеуметтік, экономикалық және саяси географияның теориялық сұрақтары, экономикалық географияның, саяси-әкімшілік карталардың, халықтар географиясының, табиғи ресурстар мен ТМД шаруашылығы, елдер мен экономикалық аудандардың өндірістік күштерінің орналасун талдау әдістері туралы білімдерін талдау.
  • Ол кезеңділікті қалыптастырады және Қазақстанның ұлттық-азаттық қозғалыстары, Қазақстанның жаңа және жаңаша тарихының ерекшеліктерін сипаттайды. Еуропа мен Америка елдерінің жаңа және жаңа тарихын үйрену барысында теориялық білімдерге, дағдыларға және қабілеттерге ие, Еуропа мен Америка елдерінің тарихындағы аймақтық айырмашылықтардың себептерін талдайды.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке, қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ететін қолданбалы экономикалық, заң, пәндердің өзекті білімдеріне негізделген азаматтық ұстанымды көрсетеді; қазіргі қоғамдағы, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік тетіктеріндегі рухани және құқықтық процестердің рөлін түсіндіреді; адам өміріне және қоршаған ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсерін түсіндіреді.
  • Оқыту барысында балалар ағзасының функционалдық және бейімделу мүмкіндіктерін анықтау, бастауыш мектепте педагогикалық процесті ұйымдастыруды жобалау және жүзеге асыру, жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеудің даму заңдылықтарын орнату, тікелей педагогикалық қызметте дамудың жеке және жас ерекшеліктерін біледі.
  • Физикалық процестерге ғылыми бақылау жүргізу кезінде теориялық білімін көрсетеді, теориялық және эксперименттік нәтижелердің нәтижелерін талдайды, практикалық есептерді шешеді және оларды бағалайды; физика-математикалық пәндердің теориялық және практикалық білімдері арасындағы әртүрлі байланыстарды анықтайды.
  • Әлеуметтік-экономикалық географияның теориялық мәселелерін, экономикалық гоеграфияның талдау әдістерін, саяси-әкімшілік картасын, елдің өндіргіш күштерін және экономикалық аудандарын анықтауға бейімді. Физикалық географияның теориялық мәселелерін, табиғат компоненттерін талдау әдістерін, Қазақстанның физикалық картасын, ландшафтар, табиғи ресурстар мен физикалық-географиялық аудандарын анықтауға бейімді.
  • Ежелгі әлем тарихының теориялық негіздеріне ие, дәуірлеуді орнатады және ежелгі әлем тарихының ерекшеліктерін сипаттайды. Мұражайтанудың қалыптасу тарихын, мұрағаттанудың теориясы мен әдіснамасын түсінеді. Ежелгі дүние тарихының теориялық негіздерін меңгерген, ежелгі дүние тарихының кезеңділігін белгілейді және ерекшеліктерін сипаттай алады.
  • Геоэкономика пәнін және объектісін біледі. Геоэкономикадағы теориялық және эмпирикалық компоненттерді ұғынып, саяси географиямен байланыс орнатады. Ол геоглобалистиканың мәселелерін түсінеді, табиғи ресурстардың тұжырымдамасына және олардың түрлеріне ие. Демографиялық ахуалдың сипаттамасын, этникалық процестердің сипатын, қоныс аудару сипатын және оның динамикасын анықтайды және түсіндіреді.
  • Картографиялық аспаптармен далалық және камералдық жағдайда жұмыс жасайды, мектеп географиясы мен тарихы картографиялық материалдарын пайдалана отырып сабақтарды құрастырады, АКТ-мен жұмыс жасайды, табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғамдық геожүйелерді моделдеудің геоақпараттық әдістерін түсінеді.
  • Ежелгі дәуірдегі тарихи оқиғалардың барысын біледі, себеп-салдарлық байланыстарды табады, ғылыми-жаратылыстану әдістерін тарта отырып, артефактілердің жасын анықтау кезінде алған теориялық білімдерін қолданады, Қазақстан аумағында ежелгі заманда өмір сүрген халықтардың тұрмысы мен мәдениетін біледі. ТМД археологиясын біледі, Орталық Еуразия археологиялық мәдениетінің дамуының негізгі кезеңдерін анықтайды.
  • Географияны оқыту әдістерінің теориялық негіздері, түсіну және талдау. Зерттеу әдістерімен жұмыс, оларды пайдалану. табиғи ландшафттарды оқудағы жалпы және жекелеген тәсілдерді және олардың территорияны аудандастыруға әсерін жіктеу. Тарих пәнінен заманауи сабақты жоспарлау алгоритмін және оқушыларды критериалды бағалау негіздерін біледі.
  • Әлем және Қазақстан халықтарының мәдениет, дін және этнография саласындағы қазақ этносының рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін түсіндіреді. Әлем халықтарының этнографиясының теориялық негіздерін, Еуропа және Африка, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихын, әлемнің көптеген этностарының мәдениеті, өмір салты мен көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін меңгереді.
  • Белгілі бір немесе дерексіз тақырыптар бойынша берілген көлемді, күрделі мәтіндердің негізгі мазмұнын, сонымен қатар кәсіби қызығушылықтарына байланыстыра түсінеді; мамандығына байланысты терминдерді меңгереді. Кез келген жағдайда дайынсыз сұхбат алуды меңгерген; әртүрлі тақырыптар бойынша өз ойын анық жеткізеді; БАҚ ақпараттарынан мемлекеттік тілде қысқаша түсініктеме бере алады.
Top