Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05201 География в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • ғылыми зерттеу технологиялары негізінде табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілердің жай-күйі туралы деректермен жұмыс жасай отырып, зерттеу қызметін жүзеге асыру, табиғатты қорғау, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу үшін қазіргі қоғамның географиялық біліміне қажеттіліктерді бағалау
  • өз қызметін кәсіби, қоғамдық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-мәдени салаларда патриотизм, толеранттылық, құқықтық нормалар, өз елінің діндеріне, тарихы мен дәстүрлеріне құрмет, салауатты өмір салты, қоршаған орта сапасын сақтау, жеке тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан ұйымдастыру
  • географиялық ақпараттың әртүрлі көздері негізінде табиғи, әлеуметтік-экономикалық кешендер мен олардың компоненттерінің дамуын, құрылымын және бөлінуін талдау
  • үнемі өзін-өзі жетілдіру және тұлғалық өсу мақсатында философиялық білім, әлеуметтік-гуманитарлық дүниетаным, тұлғаның психикалық және дене дамуының ерекшеліктері негізінде жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды дамыту
  • әртүрлі бағдарламалық өнімдер құралдарының көмегімен сандық ортада кеңістіктік географиялық объектілерді ұсыну, оның ішінде ГАЖ-жобаларды әзірлеу кезінде ұсыну
  • табиғи және әлеуметтік-экономикалық кешендер компоненттерінің генезисін, құрылымын және эволюциясын олардың қазіргі жай-күйін талдау үшін, олардың түрлену мүмкіндіктерін, оның ішінде ландшафтық дизайн процесінде типтік географиялық сипаттамалар негізінде анықтау
  • кәсіби қызметте экономикалық, математикалық, физикалық және химиялық білімдерді географиялық құбылыстар мен процестерді талдауды құру, сапалық және сандық сипаттамаларды анықтау, әртүрлі технологияларды қолдана отырып, есептеу-графикалық жұмыстарды жүргізу үшін пайдалану
  • мамандандырылған бағдарламалар мен ГАЖ-технологияларды пайдалана отырып, табиғи ортаны өзгерту және мәдени ландшафттарды қалыптастыру үшін ландшафтық дизайн жобалар, сызбалар, макеттері және электрондық карталар жасау
  • аумақтардың табиғи және әлеуметтік-экономикалық компоненттерінің даму заңдылықтарын жаратылыстану-ғылыми, картографиялық және статистикалық материалдар негізінде географиялық, экологиялық және экономикалық процестермен байланыстыру
  • Жер шарының табиғи кешендерінің, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің, әлемнің нақты елдерінің және экономика салаларының қазіргі заманғы жай-күйін, географиялық ақпаратты талдау негізінде даму үрдістерін бағалау
  • географиялық деректерді іздей отырып, өңдеу және талдау, мәліметтерді мәтіндік, графикалық, картографиялық және сандық зерттеу, электрондық карталарды құру, ландшафтық дизайн жобалары саласында зерттеулер жүргізу үшін географиялық әдістердің, ГАЖ-технологиялардың үлкен арсеналымен жұмыс істеу
  • географиялық зерттеулердегі табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау және бағалау үшін географиялық заңдар мен заңдылықтар негізінде физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық объектілер мен олардың компоненттерінің мазмұнын, дамуы мен қайта құрылуын түсіндіру
Top