Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі ғылыми жетістіктерді талдай және бағалай біледі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын тұжырымдаудың негізгі тәсілдерін біледі; қауіпсіз және зиянсыз өмір сүру жағдайларын құрудың білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді, құқық, экономика, экология ұғымдары мен негізгі категориялары туралы білімдерін көрсетеді.
  • Математика және ақпарат, атап айтқанда математикалық, логикалық, статистикалық құралдар саласында іргелі білімге ие; әртүрлі есептерді шешу үшін алгоритмдерді әзірлеуді біледі; ақпаратты беру жүйесін, электроникадағы өлшеу әдістерін, электрондық құралдарды талдау және синтездеу әдістерін меңгереді, компьютерлік жүйелердің физикалық негіздерін біледі.
  • Заманауи компьютерлік техника мен бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгерген, IT технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану дағдыларына ие; бағдарламалық қамтамасыз етудің және бағдарламалау технологияларының әзірлеу әдістемелерін, әдістері мен құралдарын біледі; цифрлық техниканың негіздерін біледі, утилиталарды жазу бойынша білімін көрсетеді, микроконтроллерлер, әртүрлі электрондық техниканың автоматтандырылған басқару жүйелері үшін микробағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді біледі.
  • Негізгі алгоритмдік құрылымдарды және оларды объектіге бағытталған программалау тілінде іске асыруды меңгерген; тіл синтаксисін және бағдарламаларды баптау әдістерін меңгерген; Java, Python тілінде мобильді қосымшалар құруды біледі.
  • Компьютерлік жүйелердің негізгі логикалық блоктарының жұмыс істеу принципін және ұйымдастырылуын, қазіргі заманғы операциялық жүйелердің негіздерін біледі; компьютерлік жүйелерге техникалық талаптар жасай алады және ұтымды архитектураны негіздей алады.
  • Сандық кескінді қалыптастыру принциптерін біледі; графикалық ақпараттың әртүрлі түрлерін өңдеу үшін заманауи Photoshop, CorelDRAW бағдарламалық жасақтамаларын қолдана алады; бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу процесін модельдей алады; UML және Case қосымшаларында бағдарламалық жүйелерді жобалау технологияларын біледі.
  • Big Data технологиясын біледі; үлкен деректердің массивтерін анықтап, талдай алады, клиент-серверлік деректер базасын программалаудың заманауи объектіге бағытталған құралдарын қолдана алады; компьютерлік желілерді құру әдістері мен тәсілдерін, желілік пакеттердің құрылымын және оларды өңдеу әдістерін, деректерді берудің негізгі алгоритмдерін, Интернеттің қолданбалы деңгейіндегі клиенттік бағдарламаларды біледі.
  • Адам-компьютерлік өзара іс-қимылдың қолданбалы аспектілерін біледі; Ақпараттық жүйелерді қорғауды ұйымдастыру дағдыларын меңгереді; әртүрлі байланыс мәселелерін шешу үшін стандартты хаттамаларды қолдана алады; желілік архитектуралардың, топологиялардың және компьютерлік желілердің аппараттық компоненттерінің негізгі түрлерін біледі; жергілікті желілердің негізгі технологиялары; жергілікті желілердің негізгі хаттамаларымен жұмыс істей алады, желілік интерфейстер мен желілік операциялық жүйелерді конфигурациялай алады.
  • Автоматтандыру және басқару жүйелерін жобалауға арналған техникалық тапсырмаларды әзірлеуді біледі; Автоматтандыру және басқару жүйелерін техникалық және жұмыс жобалау сатыларында жобалау–есептеу жұмыстарын орындайды; компьютерлік модельдерді құру кезеңдерін біледі; компьютерлік модельдер құруды біледі; бағдарламалық-аппараттық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларына ие: лазерлік-гравюра станогы, УФ-принтер, 3D - принтер.
  • Интеллектуалды жүйелердің теориялық және әдістемелік негіздерін, жасанды интеллект жүйелерінің тілдерінде бағдарламалау әдіснамасын меңгерген, веб-дизайн әдістерін және әртүрлі бағдарламалық құралдармен сайттарды бағдарламалауды меңгерген; виртуалды, толықтырылған және аралас шындық туралы біледі, AR/VR жұмысының негізгі ұғымдарын және принциптерін біледі, осы технологиялардың перспективаларын түсінеді.

Ұқсас БББ

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (ХИТУ)

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Алматы технологиялық университеті (АТУ)

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

«Тұран» университеті

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Esil University

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Қазақстан-Британ техникалық университеті

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (Компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздігі)

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

«Тұран-Астана» университеті

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру

Гуманитарлы-техникалық академиясы

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

6B06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

Top