Жаңа білім беру бағдарламасы

6B06103 Бағдарламалық инженерия в АТУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи теорияны, бағдарламалық инженерияның алдыңғы қатарлы әдістері мен технологияларын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, деректер базасын және жасанды интеллект жүйесін әзірлеуге арналған түрлі құралдарды біледі және түсінеді, сондай-ақ «ақылды» құрылғылардың мәнмәтінін автоматты түрде қабылдау және талдау әдістерін, деректерді өңдеудің ұжымдық алгоритмдерін және іс-әрекеттерді жоспарлауды қолданады.
  • Клиент-серверлік Web-қосымшаларды және портативті құрылғыларға арналған Web-қосымшаларды және олардың қорғау жүйелерін әзірлейді.
  • Компьютерлік желілерді және оларды қорғау жүйелерін жобалайды және баптайды.
  • Жоғары өнімді, мультимедиялық бағдарламалық қосымшаларды, бұлттарға қолданылатын қосымшаларды әзірлеу кезінде компьютерлік технологияларды қолданады.
  • Бағдарламалық инженерия негіздерін пайдалана отырып, электрондық, мехатрондық, робототехникалық жүйелерді әзірлейді.
  • Кәсіби қызмет саласында экономика негіздері, құқық және тіршілік қауіпсіздігі білімін қолданады.
  • Инженерлік-техникалық міндеттерді шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді.
  • АТ саласында нормативтік құжаттарды құру принциптері туралы, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу үшін қажетті нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды игеру, параллельді және үлестірілген есептеу саласындағы білімдерін көрсетеді, сонымен қатар параллельді бағдарламалардың жұмысын әзірлеу, жөндеу және зерттеу дағдыларын игереді.
  • Инженерлік-техникалық есептерді шешуде бағдарламалық инженерияның математикалық-компьютерлік моделін әзірлейді және қолданады.
  • Бағдарламалық жүйелерді жобалаудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, инженерлік-техникалық міндеттерді шешу үшін жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді.
  • Бағдарламалық инженерия саласында ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларына ие, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін ескере отырып, ғылыми пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Жаратылыстану және инженерлік ғылымдар, фактілер, құбылыстар, теориялар мен күрделі тәуелділіктер саласындағы базалық білімді қолданады, логикалық немесе функционалдық парадигманы пайдалана отырып, міндеттер моделін құру мүмкіндігіне ие.
Top