Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07502 Метрология в АТУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Метрологияның ұйымдастырушылық, әдістемелік және техникалық мәселелерін, өлшеу процестерін бақылау әдістерін, диагностикалауды және техникалық объектілерді, техникалық нормативтік құжаттарды әзірлеуді шешу кезінде білімді кейіннен пайдалану үшін сынақ нәтижелерін өңдеуге қабілетті. Ғылыми – зерттеу және инновациялық қызметтің мақсатты бағдарламасын әзірлейді
  • Жобалық іс-әрекеттегі техникалық объектілерді диагностикалау жұмысын кәсіби деңгейде ұйымдастырады, білімді, түсінуді және өндірісті жобалау және технологиялық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қабілеттілігін кең пәнаралық жағдайда қолданады, бағдарламалық жасақтама мен цифрлық технологияны қолдану дағдыларына ие
  • Тарих және философия ғылымы саласындағы білімді пайдалана отырып, ғылыми көзқарастың біртұтас жүйесін негізге ала отырып, пәнаралық, соның ішінде жан-жақты зерттеулерді жобалайды және жүзеге асырады
  • өлшеулерді орындау әдістемелерін бақылау және сынауды, өлшеулердін әдістемелерін орындауды аттестаттау процессін, метрологиялық сараптаманы жүргізеді, әлеуметтік, этикалық және ғылыми ұғыныстарды ескере отырып, ойпікірді қалыптастыру үшін ақпаратты дәйектейді және жинайды, осы саладағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке дайын
  • Орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет жүргізеді, метрология саласында инновациялық технология мен ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін қолданады
  • Бағдарламалық жасақтама мен цифрлық және технологияны қолдана отырып, пәнаралық кең көлемде өлшеу процестерінің сенімділігі, өндірістегі сынақ жабдықтарын сертификаттау мәселелерін білуге, түсінуге және шешуге қабілетті болады.
  • Ғылыми қызметтің түрлі салаларында шет тілін меңгерген, әртүрлі ой-пікірдің логикасын практикалық талдауға қабілетті және дайын, көпшілік алдында сөйлеу, аргументация дағдыларын меңгерген, пікірталастар мен полемиканы жүргізеді
  • Өлшеу бірлігі саласындағы ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін зерттеулер жүргізеді, кәсіпорындарда сапаны басқару, кәсіпорындардың есептілігін жүргізу, өлшеу процестерін бақылау әдістерін меңгерген, тағам кәсіпорындары мен техникалық реттеу орталықтарында техникалық нормативтік құжаттарды әзірлеу үшін зерттеулер жүргізеді.
  • Метрология және техникалық реттеу саласындағы алгоритмдер мен математикалық үлгілерді пайдалана отырып, ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді жүргізудің жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қабілетті
Top