Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04201 Құқықтану в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Мемлекет және құқық теориясы
    Несиелер: 5

    Мемлекет және құқық теориясы пәнiн оқыту процесiнде мемлекет және құқық жүйесi, құқықтық қатынастың түрлерi және құқықты iске асыру нысандары толығымен қаралады. Мемлекет және құқық теориясын оқып-үйрену барысында студенттер құқықтың барлық саласының негiздерi бойынша бiлiм алады, құқық шығармашылық негiздерiмен танысады, заңдардың даму барысын қолданыстағы құқықтың тиiмдiлiгiн талдап, бағдарлай алу мүмкiндiгiн қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсы Қазақстан аумағында қалыптасқан басты мемлекеттік құрылымдар мен құқықтық жүйелер, Қазақ хандығының саяси-құқықтық құрылымы, Ресей империясы құрамындағы Қазақстанның саяси-құқықтық дамуы, Кеңестік Қазақстанда мемлекет пен құқықтық жүйенің орнығып, дамуы және тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы туралы негізгі мәліметтерден хабардар етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
    Несиелер: 5

    Болашақ мамандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың экономикалық шаралар жүйесі туралы тұтас түсінік қалыптастыру, сондай-ақ ол үшін экономикалық ғылымның заңдылықтары мен әдістерін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгілерін зерделеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерінің модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау)
    Несиелер: 5

    Экология мәселелері, экологияның жаһандық, ұлттық мәселелері баяндалады. Табиғи ресурстар, есепке алу, бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау мәселелері, жасыл экономика мәселелері қарастырылады. Студенттерді әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларда халықты және аумақтарды инженерлік қорғау негіздерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
    Несиелер: 6

    Курс студенттердің бойында конституциялық құқықтың ұлттық құқықтың негізгі саласы ретінде аса маңызды ғылыми-теориялық ережелері, ҚР конституциялық даму тарихы, Конституцияның ролі және функциялары, адам мен азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының конституциялық жүйесі туралы фундаменталдық түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытуда студенттер қылмыс және құқық бұзушылықтың түсінігі, бір-бірінен айырмашылығы, қылмыс субъектісі, қылмыс жасау сатылары, қылмысқа қатысушылар, жаза және жаза тағайындаудың мақсаттары қылмыстардың көптігі, қылмыс жасаушылардың түрлері, қылмыс санаттары, қылмыс жасау сатылары, қылмыс құрамының белгілері туралы оқып үйренеді. Сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы толық түсінік алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы
    Несиелер: 5

    Еңбек құқығы қоғамдағы азаматтардың еңбек құқықтық қатынастарының даму заңдылықтарын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Жалпы пән салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, заң ғылымының негізін дамытып отырады.Еңбек құқығының түсінігі қалыптасады, қызметкерлер еңбегі туралы арнаулы актілермен танысады. Жеке еңбек шартының, ұжымдық шарт мазмұнымен, оны бекіту және бұзу жағдайларында қолданылатын құқықтарымен, еңбек жағдайларын ұйымдастыру мен белгілеумен танысады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
    Несиелер: 4

    Әкімшілік құқық құқық салаларының жеке саласы және құқықтық циклдың алдыңғы қатарлы саласы болып табылады. Ол әкімшілік құқықтың ұғымдарын, атқару билігінің жүзеге асыру механизмдерін оқыту, әкімшілік қызметтің нысандары мен әдістерін, әртүрлі саладағы басқару негіздерін, әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жауапкершілік негіздерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық қорғау органдары және сот құрылымы
    Несиелер: 4

    Бұл оқу пәні шеңберінде құқық қорғау органдарының заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері жүйесіндегі орны туралы, құқық қорғау органдарының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды, мемлекеттік биліктің жогарғы органдары атынан Конституция мен заңдардың дәл және біркелкі орындалуын қадағалауды жүзеге асырудағы арнайы өкілеттігі туралы мәселелер оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
    Несиелер: 5

    Курс азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігін, белгілері мен ерекшеліктерін, түрлерін және пайда болу негіздерін, азаматтық құқықтың қайнар көздерін, мәміле түсінігі мен нысанын сипаттайды, меншік құқығы түсінігін береді, міндеттемелерді жіктейді, осыған байланысты құқықтық бағалау жүргізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
    Несиелер: 5

    Азаматтық құқық курсында азаматтық-құқық қатынастар кешенінің құқықтық режимі ашылады. Курс жүйесінде азаматық құқықтың өзекті мәселелері азаматтық қатынастардың бөлек түрлерін реттеудің ерекшеліктерін қарастырады: шарттық міндеттемелер, (сатып алу-сату шарты, айырбас, сыйға тарту, мүліктік жалға беру, мердігерлік, т.б.), зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер, шығармашылық қызмет негізінде туындайтын қатынастар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығы
    Несиелер: 5

    Бұл оқу курсының пәні азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматық іс жүргізу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
    Несиелер: 5

    Экологиялық құқық әртүрлі құқық салаларының бір-бірімен өзара байланысты құқық нормаларының кешенінен тұрады, себебі экологиялық мәселелер адамның әртүрлі қызмет ету салаларын қамтиды. Сондай-ақ құқық нормаларымен реттелген экологиялық талаптардың орындалуы қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)
    Несиелер: 5

    Курс бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері қаралады. Топтық объект негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар тобы, оның ішінде жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамы, олардың дәрежелеу белгілері және ол қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін тағайындалатын жаза түрлері сараланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының Банк құқығы
    Несиелер: 5

    Пән банктік заңнаманың құқықтық принциптері мен нормаларын қалыптастыратын банк құқығының теориялық негіздерін зерттейді және банк құқығының, банк заңнамасының және банк тәжірибесінің даму тенденцияларын анықтауға бағытталған. Банктің кірістерін құқықтық реттеу, банктің шығыстарын құқықтық реттеу, мемлекеттік заемдарды құқықтық реттеу, тиісті банктік құқықтық заңдарды талдап, зерттеу арқылы банктік-құқықтық нормалар, оларды қолдану ерекшеліктері жөнінде ақпараттар береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік құқық
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік құқық мазмұнын кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысында туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы құрайды. Кәсіпкерлік құқық реттейтін қатынастар кәсіпкерлік іс еркіндігі, меншіктің әрқилы нысандарының теңдігі, экономикалық шаралар мен тәсілдер қолдану арқылы мемлекеттік ықпал ету, бәсекелестік бостандығы және монополиядан қорғану, заңдылық қағидаларына негізделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық жария құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық құқықтың пәні; халықаралық жария және жеке құқық арақатынасы; дипломатиялық және консулдық құқық, халықаралық шарттардың құқығы қылмыспен күрестегі халықаралық ынтымақтастық, халықаралық құқықтағы адам құқығы, халықаралық ұйымдардың құқығы, мемлекеттердің әлемдік бірлестігіндегі Қазақстанның орны мен ролін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы
    Несиелер: 5

    Tұрғын үйге деген құқықтың пайда болуы, жүзеге асуы, тоқтатылуы айналасында туындайтын қоғамдық қарым-қатынасты құқықтық реттеу негіздерін үйретеді. Тұрғын үйді меншіктеу, пайдалануға беру, жер учаскелеріне үй салу, көп қабатты тұрғын үйлерді басқару негіздерін оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Европалық Одақ құқығы
    Несиелер: 5

    Пән Европалық Одақтың құқығына негізделген европалық құқықтық тәртіп түсінігі мен құрылымын қарастырады. Европалық Одақ құрылымы және европалық құқық түсінігі мен оның негізгі салалары оқытылады. Сонымен бірге европалық интеграция процесін реттеуші құқықтық нормалар жүйесі, европалық билік институттарының құрылу және жұмыс жасау тәртібі және онымен байланысты қоғамдық қатынастар қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық экономикалық құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық экономикалық құқық – халықаралық құқық субъектілерінің экономикалық қатынастары саласындағы қызметінің қағидалар мен нормалар жиынтығын оқытатын халықаралдық құқықтың бір саласы. Мемлекеттердің экономикалық қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі, экономикалық дауларды шешу жолдары, халықаралық сот органдарының құзыреті, өкілеттіктері мен іс жүргізу тәртібі, халықаралық ұйымдар шеңберінде экономикалық дауларды шешудің әдістері мен тәртібі қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының салық құқығы
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі заманғы мемлекет өміріндегі салықтардың ұғымы және ролін, салық заң құрамының элементтерін, мемлекеттің салықтық қызметін қарастырады. Сонымен бірге, салықтық қүқықтық нормалар, салықтық құкықтық қатынастар, салықтық міндеттеме, салық салу аясындағы мемлекеттік басқару, салықтық бақылау мәселелері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанда жер қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пән жерді табиғи ресурс және меншік құқығы объектісі ретінде пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын, оны ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру мақсатында өндіріс шарттары мен құралдарын, жер қатынастары субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Атқарушылық өндірісі
    Несиелер: 5

    Атқару өндірісін құқықтық реттеудің қайнар көздерін және қағидаларын, атқару өндірісін қозғау және оны аяқтау жүйесі анықталады. Атқару өндірісіне қатысушылардың құқықтық мәртебесі, олардың өкілеттіктері мен қызмет етуінің жалпы ережелері, атқару өндірісін жүргізу тәртібі зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ювеналдық сот өндірісі
    Несиелер: 5

    Курс кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін зерделеуге, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттың төңірегіне құқық қорғау органдарындағы, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу мекемелеріндегі, адвокаттық және құқық қорғау ұйымдарындағы әртүрлі мамандандырылған құрылымдарды біріктіруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызмет саласындағы бақылау және қадағалау
    Несиелер: 5

    Курс кәсіпкерлік қызметке қатысты уәкілетті органдардың бақылау және қадағалау құзыретін талдау жасайды. Кәсіпкерлік қызметке бақылау жасау тәртібі, бақылаушы органдар өкілеттігі мен олардың құқықтық мәртебесі, бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жүргізілетін іс-шаралар жүйесі қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
    Несиелер: 5

    Курс студенттерді мемлекеттің қаржылық қызметімен, қаржылық құқық ұғымымен, мәнімен және жүйесімен, қаржылық нормалармен, мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздерімен, валюталық бақылаумен, сондай-ақ қаржылық бақылауды, аудиторлық қызметті реттеумен таныстырады. Пән бюджеттің құрылымымен, бюджеттік бақылаумен, бюджеттік процеспен, салықтармен қаржылық-құқықтық категориялар ретінде таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы
    Несиелер: 5

    Қылмыстық процесс оқу пәні ретінде жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Бұл курстың ерекшелігін ескере отыра, әрбір нақты тақырыптың сұрақтарын оқып үйренуді Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің, қылмыстық процессуалдық нормалары бар басқа құқықтық актілермен оқып білумен байланыстыру қажет.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Криминалистика
    Несиелер: 5

    Криминалистика курсы соттық құралдарды пайдаланудың теориялық білімдерін, дағдыларын және практикалық дағдыларын, қылмыстарды анықтау, шешу және алдын алу әдістерін зерттейді. Сот-сараптамалық білімді меңгерудің жоғарғы деңгейі және оларды тергеу тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігі тергеушілердің кәсібилігін қамтамасыз етудің қажетті шарттары болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық шарт (контракт) құқығы
    Несиелер: 5

    Халықаралық контракт құқығының маңыздылығы мүліктік айналымды құқықтық реттеудегі шарттардың басымдылығымен анықталады. Пән халықаралық азаматтық айналымдағы шарттарды жасау, өзгерту немесе тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды оқытады. Сонымен бірге шарттық қатынастардың жалпы заңдылықтары, қағидалары, әртүрлі халықаралық шарттық қатынастардың өзара байланысы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару құқығы
    Несиелер: 5

    Қылмыстық атқару саясаты ең алдымен қылмыстық атқару заңдарымен жүзеге асырылады. Берілген пәнде қылмыстық жазаны орындаудың барлық түрлерін жүзеге асыру аясындағы әдістемелік және теориялық мәселелерді, студенттердің сотталғандармен қарым қатынасқа түсуде әділдік және адамгершілік сезімдерінің қалыптасуы зерттеледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының Сот өндірісі
    Несиелер: 5

    Cот қызметі саласындағы құқықтық қатынастарды реттеу жолдары мен онда құқықтық нормаларды қолданудың негіздерін оқытады. Сонымен қатар субъектілердің құқықтық жағдайы мен олардың өзара қарым қатынасын оқытады. Мақсаты: сот органдарының түсінігі, сот билігі, сот органдарының басқа да мемлекеттік органдардың арасындағы орны және сол органдармен арақатынасын ұғындыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік құқығы
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырумен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды, әкімшілік сот өндірісін жүргізумен байланысты қатынастарды реттеуді қамтиды. Сонымен бірге әкімшілік рәсімдердің және әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидаттары, әкімшілік рәсімдерге қатысушылар мен олардың құқықтық мәртебесі, әкімшілік процесске қатысушылар мен олардың құқықтық мәртебесі, әкімшілік рәсімдердің жалпы ережелері, әкімшілік сот ісін жүргізу негіздері қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының Бәсекелік құқығы
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің теориялық-құқықтық және экономикалық негіздерін; бәсекелестікті қорғаудың мемлекеттік әдістерін, табиғи монополиялар мен реттелетін ұйымдарды реттеу ерекшеліктерін айқындайтын, қазақстандық бәсекелестік туралы заңның тұжырымдамаларын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қылмыскердің тұлғасы
    Несиелер: 5

    Пән бойынша қылмыстың себептері мен шарттары болып табылатын адамның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері мен қасиеттерінің жиынтығы қаралады. Қылмыскердің жеке басының әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-рөлдік және моральдық-психологиялық сипаттамалары зерттеледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының Жер құқығы
    Несиелер: 5

    Оқу курсы бойынша жер құқығының теориялық ережелерімен танысады; Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және оның даму тарихына нақты мінездеме береді; Қазақстандағы жер заңнамасының қазіргі кездегі ерекше белгілерін ашады; Жер заңнамасының құқықтық нормаларын дұрыс қолдануды үйретеді; Жер заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартудағы мемлекеттік-құқықтық механизімін қолданудағы сипаттамасын береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шет елдердің криминологиялық мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән шет елдердердегі қылмыстылық мәселесін оқытады. Шет елдердегі қылмыстылықтың алдын-алу шаралары жүйесін, әртүрлі қылмыстылық түрлері бойынша жүргізілетін іс шаралар, қылмыстылықтың алдын-алудағы ынтымақтастық мәселелеріне зерделеу жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық жеке құқығы
    Несиелер: 5

    Халықаралық жеке құқықтың құқық жүйесінде алатын орны мен маңызын анықтау; халықаралық жеке құқықтың субъектілерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін сипаттау; әр түрлі мемлекеттердің жеке тұлғалары мен заңды тұлғалары арасында туындайтын отбасы, мұрагерлік, еңбек қатынастарын реттеудің тәртібін оқу; әр түрлі мемлекеттердің азаматтары мен шаруашылық субъектілері арасында туындайтын дауларды қарау кезіндегі соттық және төрелік тәртіптің маңызы мен ерекшелігін қарау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жеке дауларды сотта қарау практикасы
    Несиелер: 5

    Пән азаматтық сот ісін жүргізудің мәнін, азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі ережелерін, оны қолдану практикасын зерделеуге; негізгі азаматтық іс жүргізу құжаттарын жасай білуге; еңбек, азаматтық, тұрғын үй, отбасылық және өзге де істерді қарау кезінде сот ісін жүргізу проблемаларына еркін бағдарлануға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық еңбек құқығы
    Несиелер: 5

    Еңбекті реттеу саласындағы халықаралық стандарттар, сондай-ақ халықаралық органдардың жұмыс орнында адам құқықтарын қорғауға қосқан үлесі зерттеледі. Халықаралық еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі, халықаралық еңбек құқығы нормаларының тиімділігі және оның кейбір мемлекеттердің ұлттық еңбек құқығына әсері, шетелдік элементпен күрделенген еңбек қатынастары, сондай-ақ халықаралық әлеуметтік серіктестік қатынастары қарастырылады және еңбек саласындағы трансұлттық корпоративтік актілердің қабылдануы мен сақталуы талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық интеллектуалды құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық интеллектуалдық құқықтың қалыптасу тарихы сипатталады. Халықаралық интеллектуалдық құқықтың нормативтік түсінігі ашылады. Интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенциялар сипатталады. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдардың мәртебесіне, интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдеріне талдау жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Криминология
    Несиелер: 5

    Криминология қылмыстылықты орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді. Криминологияның негізгі категориялары: криминологиялық зерттеу әдістемесі, қылмыстылық, оның себептері мен шарттары, қылмыскер тұлғасы және қылмыстылықтың алдын алу. Қылмыстылықтың жағдайлары, құрылымы және динамикасы, оның әлеуметтік себептері, қылмыскердің тұлғасы және қылмыстылықтан сақтандыру шаралары қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасы мен шет елдердің сот жүйесі
    Несиелер: 5

    Шетелдердің құқық қорғау практикасын бағалау; қылмыстық іс жүргізу туралы білікті заңгерлік кеңестер мен пікірлерді ұсыну, қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеттерін және шешімдерін құқықтық бағалауға үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еңбек даулары бойынша практикум
    Несиелер: 5

    Пән еңбек құқықтық қатынастарында туындайтын дауларды талдау және шешу жолдарын анықтау арқылы еңбек құқығының теориялық материалын тексеру және бекітуді мақсат етеді. Ситуациялық есептерді шешу арқылы құқықтық білім толығады және кәсіби дағдылар қалыптасады, заңнама нормаларын тәжірибеде кездесетін нақты жағдайларда қолдануды үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
    Несиелер: 5

    Курс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен қылмыстық істі прокурор сотқа жіберген немесе іс бойынша өндіріс тоқтатылған аралықтағы процессуалдық әрекеттер қаралады. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабарламаны тіркеу, қарау тінту, куәландыру, сезіктіні ұстау және жауап алу, басқа іске қатысушылардан жауап алу, беттестіру сияқты тергеу әрекеттерінің процессуалдық негіздері қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тұлғаны криминалистикалық зерттеу
    Несиелер: 5

    Тұлғаны криминалистикалық зерттеу криминалистиканың пәні болып табылатын объективті заңдылықтармен байланысты. Тұлғаны криминалистикалық зерттеу оқу пәні ретінде теориялық білімге негізделеді, соның негізінде тұлғаны зерттеудің әдістемелері, әдістері, тәсілдері игеріледі. Тұлғаны криминалистикалық зерттеудің басты мақсаты қылмыстарды ашу және тергеу мәселелерін шешу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мұсылмандық құқықтық жүйедегі қылмыстық іс жүргізу құқығы
    Несиелер: 5

    Курс мұсылмандық құқықтық жүйедегі қылмыстық іс жүргізу құқығы негізгі түсініктері мен категорияларын, басым қағидаларын, функцияларын, маңызды институттары мен салаларын оқытады. Мұсылмандық құқықтық жүйе елдеріндегі құқық қорғау практикасына бағалау жасалады, осы елдердегі қылмыстық іс жүргізу туралы білікті заңгерлік кеңестер мен пікірлер қаралады. Мұсылман құқығының қайнар көздерін анықтап зерттеледі, мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Адвокатура
    Несиелер: 5

    Пән адвокатура және адвокаттық қызмет туралы қазіргі заманғы заңнаманы қарастырады. Бұл курс сонымен қатар ғылыми пән ретiнде де қарастырылады, мұнда адвокат қызметiн реттейтiн заңнаманы әрi қарай жетiлдiруге байланысты мәселелерге назар аударылады. Бұған, сондай-ақ адвокатура мен адвокаттардың құқық қорғау органдарымен және лауазымды адамдармен өзара қатынасына байланысты мәселелердi зерттеу мен ұсыныстар әзiрлеу жатады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сот-медициналық сараптаманың рәсімдік негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар сот сараптамаларын тереңірек шешу үшін сот сарапшысының кәсіби қызметі туралы білім алады. Қазақстан Республикасында және шетелдерде сот-медициналық сараптаудың негізгі принциптерін, сот-медициналық сараптама жүргізудің процессуалдық негіздерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Нотариат
    Несиелер: 5

    Нотариат туралы заңдар тарихы; мемлекеттік нотариаттың, жеке нотариалдық кеңселердің түсінігі және міндеттері; нотариалдық қызмет және оның кепілдері; нотариалдық органдардың қызметін ұйымдастыру; нотариустың құқықтық ережесі; нотариалдық кеңселердің құзыреті, олардың жасайтын нотариалдық әрекеттері; қорғау нотариалдық әрекеттері; дәлеледемелерді қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан Республикасындағы Прокурорлық қадағалау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері прокуратура органдарының құрылымы, оның негізгі міндеттері және заңдылықты жүзеге асыру бойынша прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру қағидаттары туралы анықтау бөлігіндегі дағдыларды меңгерумен байланысты. Заңдылықтың сақталуын қадағалау жүргізу қызметінің бағыттары мен негіздері қаралады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық қылмыстық құқық
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық қылмыстық құқықтың пәнін, оның негізгі ерекшеліктерін, қайнар көздері мен жүйесін, негізгі ұғымдардың, институттардың мәні мен мазмұнын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жедел іздестіру қызметі
    Несиелер: 5

    Қылмыстық қол сұғушылықтан, сондай-ақ шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы кызметтерінің барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы, бостандығы және заңды мүдделерін қорғау мақсатында, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу көмегімен, мемлекеттік органдардың жедел іздестіру бөлімшелерінің, өз өкілеттіктері шегінде, жария және жасырын түрде жүзеге асыратын қызметінің құқықтық негіздері қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сот медицинасы
    Несиелер: 5

    Сот медицинасының пайда болуы құқық ғылымының, сот ісін жүргізу мемлекеттік басқарудың қажеттерімен тарихи жағынан байланысты. Сот-медицина сараптамасы сот әділдігі мақсаттары мен міндеттеріне қызмет етеді. Сот медицинасының мәнін, сот медицинасының әдістерін, принциптерін, сот медицинасының сот психиатриясымен, криминалистикамен арақатынасын, сот-медициналық сараптаманы жүргізу және ұйымдастыру тәртібін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заңгердің сөз өнері
    Несиелер: 5

    Заңгердің сөз өнері риторика ғылымының мазмұны, құрылымы, әдістері мен қалыптасу тарихы туралы мәлімет береді. Сөйлеу шеберлігі техникасының негізгі элементтері, сот тәжірибесінде шешендік өнерін қолдану ерекшеліктері және заңгердің кәсіби қызметінде сөз өнері қабілетін дамыту жолдары қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиация
    Несиелер: 5

    Курс медиацияны жүргiзу шарттарын, медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұнын оқытады. Медиацияға қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастары саласындағы ерекшелiктері талқыланады. Қылмыстық сот iсi барысында жүргiзiлетiн медиацияның ерекшеліктері, медиацияны тоқтату тәртібі, дауды реттеу туралы келiсiмдердің жүргізілу тәртібі қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шет елдердің қылмыстық іс жүргізу құқығы
    Несиелер: 5

    Курс бойынша шетелдердің құқық қорғау практикасы оқытылады және бағалау жасалады. Шетелдердегі қылмыстық іс жүргізудің жалпы ережелер мен қағидалары, жекелеген шетелдердегі қылмыстық іс жүргізу тәртібі мен ерекшеліктеріне талдау жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Алқабилер соты институты
    Несиелер: 5

    Курс алқабилер соты инситуты түсінігін, оның қызметі ерекшеліктерін қарастырады. Алқабилер сотының шетелдерде және Қазақстанда қалыптасу және даму тарихы, заңнама бойынша алқабилер сотының мәртебесі, алқабилерге қойылатын талаптар және алқабилердің процесуалдық мәртебесі оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заттай дәлелдемелердің сот медициналық зерттеулері
    Несиелер: 5

    Пән сот медициналық сараптамасының теориялық негіздерін қалыптастырудың ерекшеліктерін жеке ғылым ретінде көрсетеді, әртүрлі сот-медициналық сараптамалық зерттеулердің қазіргі жай-күйін талдайды, Қазақстан Республикасындағы сот медициналық сараптамасы институтының дамуын бағалайды. Қылмыстық процесс саласында арнайы ғылыми білімді пайдалану дағдыларын меңгергендігін көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Заң қызметіндегі ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 5

    Курс бойынша қазіргі кездегі заң қызметін жүзеге асыруда жалпы және арнайы ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелері қаралады. Жалпы заңнама жинақталған ақпараттық бағдарламалармен жұмыс жасау, полиция, прокуратура, сот органдарының, сот орындаушыларының кәсіби қызметте пайдаланатын арнайы құқықтық ақпараттық базаларды қолдану, аталған базалардан мәліметтер алу және енгізу, заң қызметіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Құқықтық статистика
    Несиелер: 5

    Курс заңгер қызметін жүргізуде құқықтық ақпаратты іздестіру, жинақтау, талдау және жүйелеудің жалпы ережелерін оқытады. Осы қызметті жүргізуде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану негіздері, құқықтық ақпараттарды статистикалық жинақтау, талдау және жүйелеу, құқықтық ақпараттарды сұраныстар мен талап етулер бойынша ұсыну тәртібі қаралады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қылмыстық істер жөніндегі халықаралық ынтымақтастық
    Несиелер: 5

    Қылмыс субъектісін іздестіру бойынша сотқа дейінгі, сот ісін жүргізу және жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде қылмыстық істер бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелерін ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Заң психологиясы
    Несиелер: 4

    Құқықтық психология субъектілердің психикалық өмірінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін құқықтық реттеу саласына қатысты қарастырады. Құқықтық психология жүйесі, оның ұғымдық аппараты құқықтық реттеу логикасына, құқықтық факторларға сәйкес келеді. Құқықпен байланысты қызметтің психологиялық ерекшеліктері зерттеледі: сот төрелігін жүзеге асыру (қылмыстық процеске қатысушылардың мінез-құлқы), заңды және құқыққа қарсы мінез-құлық, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы және басқа да заң қызметтері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Cот сараптама негіздері
    Несиелер: 5

    Пән сот сараптамасының теориялық негіздерін қалыптастырудың ерекшеліктерін жеке ғылым ретінде көрсетеді, әртүрлі сот-сараптамалық зерттеулердің қазіргі жай-күйін талдайды, Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасы институтының дамуын бағалайды. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік процестер саласында арнайы ғылыми білімді пайдалану дағдыларын меңгергендігін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ақпараттық құқық
    Несиелер: 5

    Құқық саласы, ғылым және оқу пәні ретінде ақпараттық құқықтың негізгі түсінігін, қазіргі қоғам өміріндегі ақпараттың түсінігі мен рөлін; ақпараттың түрлерін; ақпараттық технологияны анықтауды және олармен жұмыс жасаудың құқықтық негіздерін үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Мемлекеттіліктің қалыптасуы және тарихи-мәдени даму үдерістерін, Қазақстан тарихын, философия, саясаттану, мәдениеттану негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және оның тұрақты даму заңдарын, тіршілік қауіпсіздігі, нарықтық экономика заңдарын біледі. Еркін қарым-қатынас жасау және кәсіби қызметте қолдану үшін бірнеше тілді меңгерген, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құқықтық негіздерін біледі.

  • Код ON4

    Мемлекеттік басқару ұғымын, жүйесін, тетігін, атқарушы билік жүйесімен арақатынасын, әкімшілік құқық ұғымы мен жүйесін, құқықтық жүйедегі әкімшілік құқықтың рөлі мен орнын айқындай біледі, нормативтік құқықтық актілерді қолдана алады, заңгер функцияларын жүзеге асыру кезінде кәсіби қызметте материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын жүзеге асыра алады, еңбек құқығы нормаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілерді білікті қолдана алады, материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын іске асыра алады.

  • Код ON7

    Жекелеген құқық салаларының пәні мен құқықтық реттеу әдісін, негізгі түсініктерінің, категорияларының, институттарының мәні мен мазмұнын біледі; заңнама нормалары жүйесін меңгерген және еркін қолдана алады; атқару өндірісі туралы маңызды нормативтік актілерді біледі, олармен жұмыс жасай алады, оларды шешім қабылдауда қолдана алады; адвокатура органдары қызметін реттейтін нормативтік базаны біледі, адвокаттардың және қорғаушылардың сотқа дейінгі және сот өндірісіндегі өкілеттігін, адвокаттың кәсіби этикасын біледі.

  • Код ON3

    Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс ерекшеліктерін, ҚР конституциялық құқығының негізгі ережелерін, конституциялық құқықтың, азаматтық құқық, қылмыстық құқық негізгі түсініктерінің, категорияларының, институттарының мәні мен мазмұнын біледі; нақты жағдайларды шешу үшін нормативтік актілер мен құқықтың басқа қайнар көздерін тауып қолдана алады; күнделікті тәжірибеде кездесетін күрделі мәселелерді шешуге қабілетті және өзіне көмекке жүгінген тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қабілетті.

  • Код ON5

    Халықаралық қатынастарды реттеу негіздерін үйренеді. мемлекет, халықаралық ұйымдар қызметінің құқықтық негіздерін, халықаралық жауапкершілікті зерттейді, қылмыстық іс бойынша халықаралық ынтымақтастықты меңгереді, шетелдік элементпен күрделенген жеке құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық жеке құқықтың негізгі көздерін (Қазақстан Республикасының қатысуымен де, оның қатысуынсыз да) сипаттай алады, міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылықты анықтау кезінде азаматтық құқық нормаларын қолдана біледі.

  • Код ON8

    Құқықтық ғылымның теориялық негіздері мен жұмыс істеу заңдылықтарын; әлемдік және отандық юриспруденцияның дамуының негізгі бағыттары мен бағыттарын анықтай алады

  • Код ON6

    Кәсіби қызметте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және шараларын біледі; сот сараптамасының барлық түрлерін тағайындау ережелерін анықтай алады; қылмыс іздерін анықтау мен бекітудің техникалық әдістері мен құралдарын қолдануды біледі; қылмыстылықтың әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретіндегі сипатын біледі; қылмыскердің жеке басы мен мінез-құлқын, оның іс-әрекетінің мотивациясын талдауда психологиялық білімдерді қолдануды біледі.

  • Код ON2

    Мемлекет пен құқықтың табиғатын және мәнін, Қазақстан Республикасының және шетелдердің дамуының жалпы заңдылықтарын біледі, саяси ақиқатқа талдау жасауға үйренеді, Қазақстанның саяси қызметінде жүзеге асырылуы тиіс дәстүрлі құндылықтарды зерттеу жасай алады, Қазақстан Республикасындағы мемлекет пен құқықтың дамуының негізгі кезеңдері туралы сұрақтарда құзыретті болады.

6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 6B04201-Құқықтану
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

"Алматы" Университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

"Тұран" университеті мекемесі

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Еуразия Технологиялық Университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Алматы менеджмент университеті (AlmaU)

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Д.А. Қонаев еуразиялық заң академиясы

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану: бизнес құқық
Бакалавриат

Нархоз Университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Торайгыров университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану: құқық қорғау қызметі
Бакалавриат

Қайнар академиясы

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

«Тұран-Астана» университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану-Мемлекеттік басқару және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану: сот-прокурорлық
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Халықаралық білім беру корпорациясы

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Қызылорда "Болашақ" университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Орталық-Азия Университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану-Тергеу криминалистикалық қызметі
Бакалавриат

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқық: құқықтану және кеден
Бакалавриат

Мирас Университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B04201 Құқықтану
Бакалавриат

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: B049 Құқық

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top