Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04201 Құқықтану в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті

Пәндер

  • Тәшеневтану

    Білім алушылар тіл мен әдебиеттің шығу негіздерін, тарихын, оның құрылымдық басты ерекшеліктерін негізге алатын білім бағдарламасына сүйене отырып, өздері білім алып жатқан оқу ордасының аты берілген тұлға- Ж.А. Тәшенев жайында да толық мағлұмат ала алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мемлекет және құқық теориясы

    Мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, мемлекет нысанының негізгі түрлері, құқықтың қайнар көздері, құқықтың жүзеге асыру формалары, құқық жүйесі және құқық шығармашылық ісі, құқықтық қатынастардың ерекшеліктері, құқықтық қатынастардың түсінігі және заңды жауаптылықтың түрлері, кәсіби құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы, мемлекеттік- құқықтық құбылыстардың пайда болуы, мәні, қызмет етуі, және дамуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Рим құқығы

    Жоғары білікті заңгерді даярлау жүйесіндегі Рим құқығының орны мен рөлі; рим жеке құқығының пайда болу тарихын; римдік жеке құқық шеңберіндегі қоғамдық қатынастарды реттеу пәні мен әдісі; Рим жеке құқығының қайнар көздері мен институттары қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жалпы мемлекет және құқық тарихы

    Мемлекет пен құқықтық құбылыстардың қызмет етуінің заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін,мемлекет пен құқықтың негізгі аспектілері (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым ныса-ны, билік пен басқарудың орталық жəне жергілікті органдарының құры-лымы, өкілеттіктері, олардың өзара қарым-қатынастары) мен «құқық» түсінігінің негізгі аспектілері (құқықтың қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, отбасылық-некелік құқық жəне мұрагерқұқықтық жүйелерінің пайда болуын, дамуын сипаттайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетелдердің конституциялық құқығы

    Шет елдердің мемлекеттік құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және қызмет етуінің тарихы, шет ел-дердің конституциялық құқығының қайнар көздері және жүйесі, шетелдер-дегі адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері сонымен қатар белгілі уақыт пен кеңістікте дамитын мемлекеттік-құқықтық процестің мазмұны қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҚР мемлекет және құқық тарихы

    Мемлекеттік құқықтық жүйелердің пайда болуы және процесін, тарихи әртүрлі кезеңдердегі қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың рөлі мен орнын, өндірістің көшпелі тәсілінің ерекшеліктеріне негізделген мемлекеттік құқықтық жүйелердің формасы мен мазмұнын талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • ҚР конституциялық құқығы

    Конституциялық құқықтың маңызды ғылыми - теориялық ережелері, Қазақстан Республикасының конституциялық дамуының тарихы, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттілікті құру процесіндегі мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі Конституцияның рөлі мен функциялары, адам мен азаматтың конституциялық - құқықтық мәртебесі, сондай -ақ мемлекеттің және жергілікті өзін -өзі басқару органдарының конституциялық жүйесі туралы іргелі түсініктерді қалыптастыру талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті негіздері

    Қоғамға қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша азаматтық ұстанымды қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін моральдық-адамгершілік және құқықтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттер; Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстан экономикасын басқару

    Экономиканың перспективті дамуы, бар мәселелері мен жағдайы және мемлекеттің экономикалық саясатында іске асыру механизмдері мен рационалды жолдарын іздеу туралы мемлекет және экономика қарым-қатынасының ұйымдастырушылық, әдістемелік және теоретикалық мәселелері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • ҚР еңбек құқығы

    Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы тараптардың еңбек қызметін іске асыруы бойынша жеке және ұжымдық шарттардың негізінде, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатынастарын реттейді және қызметкерлердің ортақ еңбек үрдісін реттеу арқылы, еңбек құқығы ішкі еңбек тәртібін бекітеді, еңбегі үшін марапаттау мен тиісті жағдайда өздерінің еңбек міндеттерін орындамағандарға қатысты жазалау шараларын қолданылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҚР Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

    Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары; зейнетақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдерді беру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер; жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметінің ерекшеліктері; әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер; әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы халықаралық келісімдердің нормалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Ғылыми-зерттеудің әдістемесі, ерекшеліктері, ғылыми зерттеудің процедурасы, ғылыми зерттеу бағдарламасы, ғылыми зерттеу мақсаты, ғылыми-зерттеудегі математикалық әдіс, бастапқы ақпаратты жинақтау әдістері (сауал әдістері: анкеталау, интервью, эксперттік сауал, эксперимент, контент-талдау, социометриялық сауал) туралы мәліметтер қамтылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Экожүйе және құқық

    Экологияның ғылым ретіндегі міндеттері, оның негізгі бөлімдері; экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы менеджмент; табиғатты қорғаудың құқықтық аспектілері; негізгі экологиялық түсініктердің сипаттамасы және табиғи жүйелердің қызмет етуіндегі заңдылықтар; қоршаған ортаны бақылауды, өткізіліп жатқан оқиғалардың заңдылығы; нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері және кәсіпкерлік

    Жеке қаржыны басқару өзінің әл-ауқаты мен отбасының әл-ауқатын қамтамасыз ету, қаржы нарығының негізгі құралдары туралы білім жүйесі, бұл тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін тиімді орындауға мүмкіндік береді және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды, кадрлік қамтамасыз етуді, кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы, халыққа кәсіпкерлік қызметті қалыптастыруға және дамытуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға және көтеруге, қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген кәсіпкерлерге де қолдау көрсету бағдарламалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)

    Қылмыстық құқықтың қылмыс пен жазаның ұғымы, қылмыс жасаудың сатылары, қылмысқа қатысудың мәселелері, сондай-ақ барлық қылмыстарға ортақ қылмыстық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері мен қылмыстық жауаптылықтан босатудың тәртіптері мен негіздері, қылмыстық жаза түрлерінің тізімі, қылмыс жасағандарға қылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараларды қолданудың жағдайлары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіби қазақ (орыс ) тілі

    Адам іс-әрекетінің еңбек қызметі саласын қамтамасыз ететін пәндік феномен ретінде кәсіби қазақ (орыс) тілінің рөлі; пәндік-тілдік материалдарды меңгеруді басты құрылымдары; қазақ (орыс) тіліндегі кәсіби терминология; арнайы кәсіби бағытталған материалдар және оларды кәсіби жағдаяттарда берілген тапсырмаларда қолдану; кәсіптік құзіреттілік: орыс тіліндегі мәтіндерден бағдар алу, кәсіби мазмұнда монологты баяндау және т.б.; Кәсіби қазақ (орыс) тілінің мамандық пәндерімен байланысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • ҚР Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)

    Қылмыс болып табылатын жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті әрекеттердің шеңбері мен заңды белгілері, сондай-ақ оларды жасағаны үшін қолданылатын нақты жазаларды белгілейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың жиынтығын, қылмыстық құқық, қылмысқа қарсы күресте қолдану тәжірибесі терең және жан-жақты сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ҚР азаматтық құқығы (ерекше бөлім)

    Азаматтық мүлікті уақытша пайдалануға беру, тасымалдау, сақтау, сақтандыру, жобаларды орындау, қызметтерді ұсыну, факторинг, франчайзинг, банктік келісімшарттар және банктік қызметтер туралы келісімдер, сондай-ақ Авторлық құқық, сабақтас құқықтар мәселелері және патенттік, мұрагерлік құқық және жеке құқықтар қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект негіздері

    Жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарымен, әдістерімен және технологияларымен және олардың әртүрлі салаларда практикалық қолданылуымен таныстыру болып табылады. Білім алушылар болашақ кәсіби қызметіне сәйкес машиналық оқыту, нейрондық желілер, сондай-ақ жасанды интеллект қолдану салалары сияқты негізгі технологияларды меңгеруі сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • ҚР азаматтық құқығы (жалпы бөлім)

    Азаматтық құқық құқық саласы ретінде мүліктік және онымен байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды, азаматтық құқықтың қайнар көздері; азаматтық құқықтың субъектілері, объектілері; мәміле институты, меншік құқығы; міндеттеме және шарттар, шарт институты, азаматтық құқықта терминдерді және оларды есептеу, мәмілелерді, меншік құқығын, міндеттемелер және оларды қамтамасыз ету жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • ҚР жер құқығы

    Жер учаскесіне меншікті құқығы жер пайдалану құқығының пайда болуын анықтау және оның дамуына жағдай жасау; жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының өзгертілуі мен тоқтатылуы негіздерін анықтау; жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу; жерді ұтымды пайдалану мен қорғау; топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіру; табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге тиісті құқықтарын қорғау; жерге байланысты жылжымайтын мүлік нарығын жасау және оны белгілі деңгейде дамыту; жер қатынастар саласында заңдылықты қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу

    Бизнес жүргізудің теориялық негіздерін оқуға және алған білімін тәжірибеде қолдануға үйретуге және студенттердің бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырып халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, кәсіпкерліктің түрлері мен Қазақстандағы бизнес жүргізу тәртібі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҚР отбасы құқығы

    Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуын Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауы қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мұрагерліk құқық

    Мұрагерліктің түсінігі, мұра мен мұрагерліктің қайнар көздері, мұраның ашылу орны, өсиет ұғымы, өсиет жасаудың нысаны мен тәртібі, мұраны қабылдау әдістері мен мерзімдері,мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Адам құқықтарын жүзеге асырудың қазіргі мәселелері

    Тәуелсіз Қазақстандағы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асыруын қамтамасыз ететін заң базасын талдау, бізге заң жүзінде бекітілген адам құқықтарын қорғау мезанизмдері мен институттары және олардың сақталуын бақылауын анықтауға мүмкіншілік беретін қағидалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҚР кәсіпкерлік құқығы

    Тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын нормалар құқықтың әртүрлі салаларын қамтиды. Тұтынушы құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу, жұмысты орындау (Қызмет көрсету), тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау сатушының (дайындаушының, орындаушының) құқықтары мен міндеттері қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҚР салық құқығы

    Салық салудың негіз құраушы қағидаттары, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастары талданады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Халықаралық жария құқығы

    Халықаралық құқықтың ерекшіліктері, негізгі қағидалары, осы заманғы халықаралық құқықтың салалары мен институттары, халықаралық құқықтың осы заманғы үрдістері, Қазақстан Республикасы мен әлемде болып жатқан өзгерістер, халықаралық жария құқықтың осы заманғы халықаралық қарым-қатынастардағы рөлінің артып отырғаны, оның мемлекеттердің ұлттық құқықтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңдарына ықпалының күшеюі жөніндегі мәселелер, халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарттары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҚР Экологиялық құқығы

    Экологиялық заңнаманы меңгеру және оны жүзеге асыру механизмін зерделеу; - осы заңнама нормаларын өмірде қолданудың теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру; - экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыста қажетті экологиялық және құқықтық сананы тәрбиелеу мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы

    Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі; Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы және соттылығы; Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар және олардың субъектілері. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар. Азаматтардың құқықтарын қорғау үшін прокурордың, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару оргнадарының, сонымен қатар жеке тұлғалардың азаматтық іске қатысуы, т.б. азаматтық- процестік қатынастар қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы

    Қылмыстық іс жүргізу құқығының категорияларын, түсініктерін және негізгі нормаларын; қылмыстық іс жүргізу құқығының принциптері мен институттарын, олардың мазмұнын, мәнін, бір-бірімен және тарихи даму процесіндегі жүйелі байланысын талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіби-бағытталған шетел тілі

    Кәсіби бағдар беру ретінде шетел тілін оқыту кезінде білім алушылардың болашақ кәсібі немесе білім беру бағдарламасының ерекшеліктері алға қойылып, қажеттіліктерді есепке алуға негізделген білім беру қарастырылады. Кәсіби шетел тілі білім алушылардың ғылыми-кәсіби саладағы коммуникативтік қажеттіліктерімен, шетел тілін кәсіби қызмет құралы ретінде оқытудың мақсат, міндеттерімен, кәсіби заң тілін жақсы меңгерген бәсекелестікке қабілетті маманға деген қоғамның сұранысымен, болашақ заңгерлердің тілдік қатысымын дамытудың қажеттілігімен сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қылмыснама

    Қылмыснама пәні, түсінігі және жүйесі, криминологияның міндеттері, криминологияның басқа ғылым салаларымен байланысы, қылмыскер тұлғасы, қылмыскер тұлғасының типологиясы, виктимизацияның түсінігі мен түрлері, жеке тұлғаның криминологиялық сипаттамасы. қылмыс түрлері мен топтары талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • ҚР әкімшілік құқығы

    Әкімшілік құқықтың негізгі ұғымдары мен институттары, атқарушы биліктің ұғымдары мен механизмдері, әкімшілік құқық субьектілерінің құқықтық мәртебесі, атқарушы билікті жүзеге асыру нысандары мен әдістері, мемлекеттік басқарудағы жаупкершілік, әкімшілік процес, мемлекеттік басқарудағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдері, мемлекеттік басқару салалары мен салаларындағы әкімшілік құқықтық реттеу талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Сот дәлелдемелер теориясы

    Қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдеме ұғымы, дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемер теориясыңдағы орны, таным теориясы, дәлелдеме теориясының негізі, қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны, қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың іс жүргізудегі кепілдіктері, дәлелдемелерді жіктеу, дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберуі, дәлелдемелер мен жедел іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сот медицинасы және психиатриясы негіздері/

    Сот медицинасы және психиатриясы негіздері, сот медицинасы мен оған тектес салалардың ең жаңа жетістіктері, соның ішінде жол қатынасында жарақаттану, өндірістік жарақат пен еңбек қабілетін жоғалтуға сараптама жүргізу, ішімдіктен, пестицидтен улану, деонтология және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі т.б. бірқатар маңызды бөлімдерді, сот медицинасы мен басқа да медициналық пәнде тергеу және сот тәжірибесінде іс жүзінде қолдану, сот сараптамасының мазмұнын көрсету,білім алушыға сот медицинасының теориясы мен іс-тәжірибесін білуі қажет болатын негізгі қағидаларды баяндап, материалдарды жүйелі түрде беріп отыруы сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жедел-іздестіру қызметі

    Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар, олардың міндеттері мен құқықтары. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың өзара іс-қимылы. Жедел-іздестіру қызметі субъектілерін қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әлеуметтік және құқықтық қорғау. Жедел-іздестіру қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын шаралары қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Құқықтық конфликтология және медиация

    Құқық тұрғысынан қақтығыстардың ерекшеліктерін қорытындылайтын және зерделейтін құқықтық конфликтология құқықтық нормалар мен құқықтық жүйенің сан алуан дау-жанжалдарды реттейді. Құқықтық конфликтологияның табиғаты мен құқықтық конфликтологияны шешу тәсілдеріне (медиацияны қақтығыстарды шешудің неғұрлым перспективалы бағыты ретінде ерекше бөле отырып) қатысты мәселелерді қарастырады, мұнда әлеуметтік қайшылықтардың құқықтық құрамдас бөліктерінің мәндеріне және қақтығыс ағымын басқару мен оны шешу үшін құқықтық нормаларды пайдалану мүмкіндіктері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Заң психолгиясы және сот медицина негіздері

    Сот медицинасында және психиатрияда жиі кездесетін тірі адамдарды куәландыру: зақымның денсаулыққа келтірген зиянның ауырлығы, денсаулықтың жағдайы, жыныс қылмысы, жынысты, жасанды және жалған аурулар мен жарақаттарды анықтай білуі, заңгер мен психолог іс-әрекетіндегі танымдық үдерістер, эмоциялық күйлер мен сезімдердің психологиялық-құқықтық аспектілері, қылмыскердің психологиялық ерекшеліктері, ювеналдық әділеттілік және арнайы заңгер қызметкерлерінің кәсіптік міндеттері, қылмыстық құқық және бұқаралық ақпарат құралдарының ауытқы мінез-құлықты қалыптастырудағы әсері, виктимология және кәмелетке толмағандардың виктимділігі және психология ғылымының негізгі концепциялары талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Алдын ала тергеу өндірісінің проблемалары

    Алдын ала тергеудің түсінігі, тергелу ретінің түсінігі мен түрлері. Алдын ала тергеу жүргізудің басталуы, аяқталуы мен орны; мерзімі, оны ұзарту тәртібі. Прокурордың алдын ала тергеу барысындағы өкілеттіктері. Анықтау мен алдын ала тергеу органдары үшін прокурордың нұсқауларының міндеттілігі қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сот риторикасы

    Теория мен практиканың жалпы идеясы, сот риторикасының тарихы мен ерекшеліктері, алған білімдерін болашақ кәсіби қызметінде қолдану мүмкіндіктері, сот спикерлерінің нақты әдіс-тәсілдерін белгілі бір дәрежеде меңгеру қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Халықаралық еңбек миграциясын құқықтық реттеу

    Қазiргi қоғамның жаңа дамудың бағыттары мен халықаралық қауырттылығының күшейтуі, саяси тұрақсыз аймақтардың саны өсуі, миграциялық процестерінің қарқындылығы көбеюі және т.б. Осы топқа кіретін азамттармен әлеуметтік жұмыстың маңызды бағыттарының бірі құқық қорғауы болып табылады; жұмысқа орналастыру мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу жолдары; әлеуметтік-психологиялық оңалту жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыруы; этникалық және дін қатынастардың ішіндегі дау-жанжал жағдайларды шеше білуі талданады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ақпараттық-қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету

    Ақпаратты қорғау ағып кетуді, ұрлықты, бұрмалауды, жасандылықты болдырмау; жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ақпарат жүйелерінде рұқсат етілмеген танысудың, жоюдың, бұрмалаудың, көшірудің, бұғаттаудың алдын алу. Білім алушыларға ақпаратты қорғау, ақпараттық қауіпсіздік теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, ақпаратты қорғау құралдары мен олардың принциптері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жеке және заңды тұлғаларға адвокаттың құқықтық көмек көрсетуі/

    Адвокаттық қызметпен айналысу үшін қойылатын талаптар, адвокаттық қызметтің басты мақсаты кәсіби заң көмегін көрсету, адвокттың процессуалдық құқықтары мен міендеттері, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істерді қарау кезінде қорғаушы немесе өкіл болатын адвокат қызметін атқару қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сотқа дейінгі тергеп тексерудегі прокуролық қадағалаудың ерекшеліктері

    Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі алдын ала анықтау органдарымен заң қолдануды қадағалаудың мәні, түсінігі және міндеттері; Актілер және қадағалауды іске асыру бойынша құқықтық құралдар; Прокурор өкілеттігі; Қылмыстық істерді қозғау заңдылығын қадағалау; Алдын ала тергеу өнідірісінің жалпы шарттарының қолданылуын қадағалау; Прокурормен тергеушінің өзара қарым- қатынастары. Тергеудің тоқтата тұру заңдылығын қадағалау. Алдын ала тергеудің аяқталу заңдылығын қадағалау; Айыптаушы қорытындымен түскен іс бойынша прокурордың шешімі және шаралары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Заманауи криминалистикалық ілім

    Криминалистикалық техниканың, криминалистикалық тактиканың және жекелеген қылмыстардың түрлерін тергеудің криминалистикалық әдістерін, сондай-ақ соттық сараптамалардың теориялық аспектілерінің пайдалану мүмкіндіктерін, криминалистикалық тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға криминалистика тергеу тәжірибесін талдау, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ҚР қылмыстық атқару құқығы

    Қылмыстық-атқару құқығында қылмыстық атқару саясатын бекіту және білдіру нысаны. Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі. Қылмыстық-атқару құқығын құқықтық реттеу пәні. Қылмыстық атқару құқығын құқықтық реттеу әдісі. Қылмыстық-атқару құқығының принциптері. Қылмыстық-атқару құқығының ғылымы. Қылмыстық-атқару құқығының әр түрлі құқық ғылымы мен білімінің басқа да салаларымен байланысы. Қылмыстық-атқару құқық курсының жүйесі, міндеті мен пәні сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Криминалистикалық және соттық сараптамалардың теориялық аспектілері

    Криминалистикалық техниканың, криминалистикалық тактиканың және жекелеген қылмыстардың түрлерін тергеудің криминалистикалық әдістері, сондай-ақ соттық сараптамалардың теориялық аспектілерінің пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қылмыстық құқық практикумы

    Қылмыстық заң, қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары, Қылмыстардың қайталануы, қылмыстардың қауіпті қайталануы, қылмыс құрамының құрылысына қарай бөлінуі, қылмыс субъектiсi, қылмыстық жауаптылыққа жататын адамдар, қылмыс iстеу сатылары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Сот сараптамасы

    Сот сараптамасының пәні, объектілері, міндеттері, жіктелуі, тағайындалуы, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық іс бойынша сот сараптамаларын ұйымдастыру мен жүргізу, сот сараптамаларының жіктелуі, республикадағы сот сараптама мекемелері, сот сарапшыларының зерттеу әдіснамалары, сот дәлелі ретіндегі сот сарапшысының қорытындыларын бағалау ережелері және т.б., яғни сот өндірісіндегі процессуалдық институт ретіндегі сот сараптамасының тұжырымдамалық жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін кешенді мәселелері талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Халықаралық жеке құқық

    Шетел элементімен күрделенген азаматтық-кұқықтық және басқа да қатынастарды реттейтін коллизиялык-құқықтық және біріңғайланған материалдық-құқықтық нормалардын жүйесі қарастырылады. Осындай қатынастарды реттеу арқылы олардын халықаралық сипатын ескере отырып, әділ әрі объективті реттелуін қамтамасыз ететін құқықтық тәртіп немесе құқықтық жүйені дұрыс таңдау мәселелері талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ҚР прокурорлық қадағалау

    Прокурорлық қадағалаудың мәні мен мақсаттары, прокурорлық қадағалаудың түсінігі, прокурорлық қызметтің негізгі бағыттары, прокуратураны ұйымдастыру мен қызметінің қағидалары, Қазақстан Республикасының прокуратура жүйесі Қазақстан Республикасының мамандандырылған прокуратура жүйесі қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кибер қауіпсіздікті құқықтық реттеу

    Мемлекетте қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуінің құқықтық реттелуін, кибер қауіпсіздіктің түсінігін, кибер қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық тетіктері зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адвокатура

    Қазақстан Республикасындағы адвокатура институтының даму тарихы, оның негізгі мақсаты мен міндеттері, адвокаттың құқықтық жағдайы, оның негізгі құқықтары мен міндеттері, адвокатура қызметінің негізгі функциялары, адвокаттар алқасының ұйымдастырушылық құқықтық негіздері,Қазақстан Республикасының адвокатура институты, адвокаттық актілерді құрастырудың мәні мен тәртібін адвокаттың, қылмыстық және азаматтық істер бойынша сотқа қатысу тәртібі, қылмыстық іс жүргізу ғылымының теориялық мәселелері қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Криминалистика

    Криминалистика қылмыстарды ашу мен тергеу барысында осы ғылым мәліметтерін жүзеге асыру ережелерін, іздерді, айғақ затгарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдары, заң ұғымдары мен категорияларын еркін меңгеру, бірыңғай білім жүйесінде заң пәндерінің өзара байланысы жөнінде түсінігі болу; тергеу әрекеттері мен тактикалық операциялар өндірісінде тактикалық тәсілдерді пайдалану қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және этикалық нормаларын ескере отырып, өзін-өзі жетілдіру мен философиялық ойлауды көрсете отырып, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынасты дамытады.
  • белсенді азаматтық ұстанымды, патриотизмді, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсете отырып, мемлекет пен құқықтың тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы білімді жинақтайды.
  • тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін өткізілетін іс-шараларды бағалай отырып, қорғаудың оңтайлы тәсілдерін таңдап, өндірістегі еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдерді айқындайды және бағалайды.
  • азаматтық-құқықтық, азаматтық іс - жүргізу заңнамасының негізгі ережелерін қолданады, құқықтық қатынастардың пайда болуы мен тоқтатылуын түсіндіреді, стандартты емес жағдайларда оңтайлы шешімдер қабылдайды.
  • құқықтану, тарих, философия, экономика, кәсіпкерлік, экология саласындағы білім базасында заманауи зерттеу әдістерін пайдалана отырып, кәсіби қызметтің әртүрлі салаларындағы жағдайларды талдайды және шешімдер қабылдайды.
  • заманауи ақпараттық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалана отырып, сот сараптамасында деректерді жинауды, талдауды және жүйелеуді және ақпаратты өңдеуді жүзеге асырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық іс жүргізуді қамтамасыз етеді.
  • қолданыстағы отандық және шетелдік құқықтық заңнамаларға сәйкес қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу, азаматтық-құқықтық және тәртіптік рәсімдерге қатысады.
  • конституциялық құрылыстың негіздерін, мемлекеттік органдар қызметінің құрылымын, функциялары мен принциптерін, құқықтық және мемлекеттік құбылыстардың мәнін, сипаты мен өзара арақатынасын түсіндіреді.
  • қолданыстағы заңнамаға, реттеу мақсаттарына, енгізілетін нормалардың тиімділігі мен олардың салдарларына сәйкестігі үшін сот сараптама қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талдайды.
  • сот-сараптама қызметін нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу немесе қайта қарау, жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады.

Ұқсас БББ

6B04201 Құқықтану

M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

6B04201 Құқықтану

Торайгыров университеті

6B04201 Құқықтану

Халықаралық білім беру корпорациясы

6B04201 Құқықтану

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)

6B04201 Құқықтану

«Тұран-Астана» университеті

6B04201 Құқықтану

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

6B04201 Құқықтану

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

6B04201 Құқықтану

«Bolashaq» академиясы (Болашақ)

6B04201 Құқықтану

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

6B04201 Құқықтану

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

6B04201 Құқықтану: құқық қорғау қызметі

Q UNIVERSITY

6B04201 Құқықтану

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

6B04201 Құқықтану: сот- прокурорлық қызмет

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

6B04201 Құқықтану

Қонаев университетi

6B04201 Құқықтану

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)

6B04201 Құқықтану

«Тұран» университеті

6B04201 Құқықтану

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

6B04201 Құқықтану

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B04201 Құқықтану

Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)

6B04201 Құқықтану

Қызылорда "Болашақ" университеті

6B04201 Құқықтану

Инновациялық Еуразия университеті

6B04201 Құқықтану

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

6B04201 Құқықтану

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

6B04201 Құқықтану

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B04201 Құқықтану

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6B04201 Құқықтану

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

6B04201 Құқықтану

Алматы менеджмент университеті (AlmaU)

6B04201 Құқықтану

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Top