6B04201 Құқықтану в Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – құқық қорғау қызметі саласындағы жалпыға бірдей жан-жақты білімдерді игеру мен дағдылардың тұтас жүйесін қалыптастыру; студенттердің өзіндік жұмыс тәжірибесі мен жеке жауапкершілігін алу; еңбек нарығының сұранысына сәйкес құқықтық білім берудің заманауи сапасына сәйкес келетін негізгі құзыреттіліктер негізінде білім алу.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 241
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
Мемлекет және құқық теориясы
Бұл пән студенттердің қоғамдық қатынастарды мемлекеттік-құқықтық реттеу теориясы, Құқық жүйесі, оның институттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі құқықтың рөлі мен орны туралы дағдыларды меңгеруіне бағытталған.
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеке тұлғалық даму негіздері
Бұл пән студенттердің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру мәселелерін зерттеуге және зерделеуге бағытталған. Курсты меңгеру барысында экономика және құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі шеңбері бойынша жеке тұлғалық дамуды ұйымдастырудың тәсілдері мен зерттеу дағдыларын дамытуға арналған техниканы зерттейді. Курс кәсіпкерлік, көшбасшылық, инновацияларға бейімділік тәсілдерін үйретеді. Бұл болашақта өздерінің еңбек етуінде және ғылыми жұмыстарда жеке тұлғалық әлеуетін тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Бұл курс студенттерге адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау барысындағы конституциялық құқық нормаларының мазмұнын анықтау және дұрыс қолдануда сондай-ақ мемлекеттік билік органдарын ұйымдастыру тәртібі аумағында ең негізгі құралы болып табылады.
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Рим құқығы
Бұл курс студенттерге жария және жеке құқықтың негізгі түсініктері мен қағидаларын, билік (басқару) органдарының азаматтармен өзара қатынастарында олардың құқықтары мен міндеттерін басшылыққа ала отырып реттеу негіздері ретіндегі мүдделердің басқалардан басымдығын анықтауды қарастырады.
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
Бұл пән азаматтық құқық ұғымы, оның негізгі институттары, азаматтық құқық нормаларының құрылымдық негіздері мен қолдану қағидаларын оқытуға бағытталған.
Семестр - 3
Несиелер - 7
-
Халықаралық-құқықтық өзара іс-қимыл саласындағы мамандандырылған шет тілі (ағылшын)
Бұл пән салалық шет тілін оқытудың практикалық курсы болып табылады, оның мақсаты-құқықтық реттеу мәселелерін шет тілінде түсінуге кәсіби бағытталған мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастыру.
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Құқық қорғау органдары
Бұл пән Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарының жүйесін, олардың қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының жұмыс істеу негіздерін зерделеуді көздейді.
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақстан Репсубликасының Азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
Азаматтық құқықтың ерекше бөлігін зерделеу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ олардың азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы міндеттерін іске асыруға бағытталған құзыреттер кешенін алуға бағытталған
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
Курс пәндерін оқу білім алушыларға еңбек құқықтық және әлеуметтік қамтамасыз ету қатынастарын реттеу, қолданыстағы заңнаманы талдау, сондай-ақ алған білімдерін тәжірибелік қызметте жүзеге асыру дағдыларының кешенін қалыптастыруға бағытталған.
Семестр - 3
Несиелер - 4
-
Құқық саласындағы шет тілі
Пән келіссөздерді сауатты ұйымдастыру және шет тілінде құқықтық құжаттаманы жасау арқылы құқықтық реттеу саласындағы кәсіби-коммуникативтік қызметтің әртүрлі аспектілерін іске асыруға бағытталған.
Семестр - 4
Несиелер - 12
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)
Бұл курс нақты қылмыстық құқық бұзушылықтардың түрлері мен қатарлары бойынша, сондай-ақ оларды жасағаны үшін белгіленген жазалар айқындалатын нормаларды қамтиды.
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)
Бұл курста қылмыстық құқықтың жалпы қағидаттары, институттары мен ұғымдары айқындалған нормалар қамтылады, қылмыстық жауаптылық пен жаза тағайындаудың негіздері мен шектерін, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың тәртібі мен шарттарын айқындайтын негізгі ережелер бекітіледі.
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Мемлекеттік тілде іс жүргізу және іскерлік қарым-қатынас
Курс іс жүргізу саласындағы нормативтік-құқықтық базамен таныстыруға, Қазақстан Республикасының аумағындағы іс қағаздарын жүргізу стандарттарын үйретуге, мемлекеттік және орыс тілінде әр түрлі құжаттарды сауатты ресімдеудің тәжірибелік дағдыларын меңгеруге бағытталған.
Семестр - 4
Несиелер - 3
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік құқығы
Бұл курс азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот пен сот ісін жүргізудің өзге де қатысушылары арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын қамтиды
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Азаматтық құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі
Пән заңды тұлғалардың қызметі саласындағы азаматтық құқықтың өзекті аспектілерін қамтиды, сондай-ақ студенттердің әртүрлі құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды талдау дағдыларын меңгеруіне бағытталған.
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы
Бұл пән қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңмен белгіленген тәртібін зерделейді және негізсіз айыптау мен соттаудан, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз етеді.
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Халықаралық-құқықтық практикум
Бұл курс студенттердің халықаралық жария саласы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық құқықты қолданумен байланысты оның құқық қолдану тәжірибесіне қатысты дағдыларды алуына бағытталған.
Семестр - 5
Несиелер - 4
-
Медиативтік қызметтің теориялық негіздері
Бұл курс медиацияның теориялық негіздерін дамытуға, медиация қызметінің негізгі міндеттері мен мақсаттарын, сондай-ақ оны жүзеге асыру қағидалары туралы білімдер кешенін қалыптастыруға, қызметтің әртүрлі салаларындағы қақтығыстар бойынша туындайтын мәселелерді шешудің ерекшеліктерін, стильдері мен әдістерін талдауға арналған. Қазақстан Республикасында медиация институтының қалыптасуының құқықтық және әлеуметтік көздері зерттелуде.
Семестр - 5
Несиелер - 4
-
Кәсіби бағытталған шет тілі
Бұл пән салалық шет тілін оқытудың практикалық курсы болып табылады, оның мақсаты заңгер студенттердің мәдениетаралық коммуникативті Кәсіби бағытталған шет тілдік коммуникациясын зерттеу болып табылады. Курс инновациялық жобаны құқықтық қамтамасыз ету мәселелерімен таныстырады.
Семестр - 5
Несиелер - 12
-
Кәсіби қызметті цифрландыру
Курс анықтамалық – құқықтық жүйелердің көзі ретінде заңгердің кәсіби қызметіндегі міндеттерді шешу үшін цифрлық технологиялар мен оның құралдарын қолдануға бағытталған
Семестр - 6
Несиелер - 3
-
Қазақстан Республикасының азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде Медиация туралы нормаларды қолдану тәжірибесі
Бұл курс жанжалдарды шешудің құқықтық және психологиялық тәсілдерінің кешенін пайдалана отырып, азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізу салаларында медиация рәсімін жүргізудің тәжірибелік дағдыларын игеруге арналған . Сондай-ақ, осы пән шеңберінде әртүрлі жанжалдарды шешу кезінде қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларды қалыптастыру үшін қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізіледі.
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Кәсіби- ситуациялық коммуникативтік тілдік практикум
Бұл пән халықаралық - құқықтық қызмет жағдайында кәсіби міндеттерді шешу үшін құқықтық құжаттаманы практикалық түсіну деңгейінде студенттердің мәдениетаралық коммуникациясын анықтайды.
Семестр - 6
Несиелер - 3
-
Кәсіби-коммуникативтік тілдік практикум
Бұл курстың мақсаты қазіргі заманның жаһандық мәселелерін құқықтық реттеу үшін халықаралық-құқықтық қызметтің міндеттерін іске асыруға мүмкіндік беретін мәдениетаралық кәсіби-бағдарланған шет тілдік коммуникацияны жетілдіру болып табылады.
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Прокурорлық қадағалау
Бұл пәнді оқу барысында Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының құрылымын, оның негізгі міндеттері мен Қазақстан Республикасында заңдылықты қадағалауды жүзеге асыру барысында прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру қағидаттары бойынша дағдыларды меңгереді.
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Жедел іздестіру қызметінің негіздері
Бұл пәнді оқу студенттердің дәлелдерді жасырын жинау және зерттеу әдістерін заңнамалық реттеу дағдыларын, сондай-ақ жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде алынған деректердің іске қатыстылығы мен жарамдылығымен байланысты жүргізіледі.
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік құқық
Бұл курс нарықтық қатынастардың дамуы мен жобалау технологиялары жағдайында заңды және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметін реттейтін құқықтық нормаларды талдауды қамтиды.
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Корпоративтік құқық
Бұл пән корпорациялардың (заңды тұлғалардың корпоративтік нысандарының) құрылуы мен жұмыс істеуіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін қолданыстағы заңнаманы талдауға бағытталған.
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы
Бұл пән қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы сипаттау мен талдау жасауды мақсат ете отырып, дамып келе жатқан жағымсыз табиғи апаттардың төтенше жағдайларында адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды беруге бағытталған.
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Криминалистика
Бұл пән студенттердің қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер мен нақты дәлелді деректерді криминалистикалық тактика мен техникаларды қолдана отырып жұмыс жасауына бағытталған.
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
Бұл курстың мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің, қаржы нарығының мүдделерін қорғау бойынша қаржы құқығы нормаларын пайдалану саласындағы дағдыларды үйрету болып табылады. Осы пәнді зерделеу нәтижесінде қаржы құқығы саласындағы заңнаманы және оны қаржы жүйесінде қолдану тәжірибесінде талдау және болжау қабілеттіліктері дамиды.
Семестр - 7
Несиелер - 4
-
Атқарушылық өндіріс
Бұл пән мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының жүзеге асыратын атқарушылық іс жүргізудің негізгі ережелерін, сот шешімдерін орындаудың және азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің іс жүргізу тәртібін түсіндіруге бағытталған.
Семестр - 8
Несиелер - 4
-
Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау
Бұл пән студенттерге қылмыстық әрекеттерді заңға сәйкес дұрыс саралауға және оларды басқа ұқсас құқық бұзушылықтардан ажыратуға мүмкіндік беретін оқу материалын меңгеруді мақсат етіп қоюға бағытталған.
Семестр - 8
Несиелер - 4
-
Іс жүргізу құжаттарын толтыру бойынша практикум
Бұл курс студенттерді алдын ала тергеу және сот талқылауы барысында қылмыстық және азаматтық істер бойынша құжаттарды сауатты ресімдеуге үйретуге арналған.
Семестр - 8
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметте өз дағдыларын жүзеге асыра отырып, құқықтың сабақтас салаларын талдау әдістемесін іске асырады.
- Қоғамдық қатынастарды реттеуде құқық нормаларын қолдану тәжірибесін бағалайды, конституциялық құқықтың даму үрдістерін түсінедіреді; қолданыстағы заңнама тұрғысынан неғұрлым ұтымды тәсілдерді табады.
- Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларын цивилистика саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданады; қолданыстағы заңнаманы талдауға және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуге қабілетті.
- Кәсіби қызметте өз дағдыларын іс жүзінде жүзеге асыру қабілетін көрсете отырып, қылмыстық құқықпен сабақтас салаларды талдау әдістемесімен жұмыс істейді.
- Инновациялық жобаны құқықтық қамтамасыз ету процесінде кәсіби бағдарланған саласы бойынша қолдану үшін өзінің коммуникативтік ниеттерін білдіру мақсатында фонетикалық, грамматикалық және лексикалық дағдыларды көрсетеді.
- Қолданыстағы еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру заңнамаларын талдайды, сондай–ақ еңбек қатынастарын реттеу барысында туындайтын құқықтық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.
- Азаматтық және қылмыстық іс жүргізу салаларында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық базаларды талдайды, алған білімдерін тәжірибелік қызметте іске асырады.
- Заңды тұлғалардың корпоративтік мүдделерін қорғау бойынша құқықтық білімді өз бетінше қолдану.
- Медиативтік қызметтің дағдылары мен іскерлігін көрсетеді және жанжалдарды шешудің құқықтық, әлеуметтік және психологиялық тәсілдері негізінде медиацияның теориялық ережелері мен әдістерін тәжірибеде қолданады.
- Жедел-іздестіру және криминалистикалық әдістерді қолдана отырып,дәлелдемелерді жинап, зерттейді.
- Халықаралық – құқықтық актілермен жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді; мемлекеттердің сыртқы саясатын теориялық жағынан сауатты әрі заңнама тұрғысынан дәлелдемелерді талқылайды,сондай–ақ қолданыстағы халықаралық-құқықтық нормаларды сауатты әрі құқықтық негізде талқылап, саралайды.
- Инновациялық жобаларды жүзеге асыру барысында экологиялық құқық нормаларын сақтау үшін қоршаған орта туралы ережеге сәйкес табиғат қорғау заңнамасының нормаларын іске асырады.
- Қаржылық құқық нормаларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету бойынша дағдылар мен біліктерді меңгереді.
- Инновациялық жобаларды дайындау процестерін құқықтық реттеу саласында мемлекеттік тілді іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде қазақ тілін еркін меңгерудің ауызша және жазбаша дағдыларын қолданады.
- Қазақстан Республикасында заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау нормаларын жүзеге асырады.
Ұқсас БББ
6B04201 Құқықтану
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
6B04201 Құқықтану
Торайгыров университеті
6B04201 Құқықтану
Халықаралық білім беру корпорациясы
6B04201 Құқықтану
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B04201 Құқықтану
«Тұран-Астана» университеті
6B04201 Құқықтану
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
6B04201 Құқықтану
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B04201 Құқықтану
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану: құқық қорғау қызметі
Q UNIVERSITY
6B04201 Құқықтану
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B04201 Құқықтану: сот- прокурорлық қызмет
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B04201 Құқықтану
Қонаев университетi
6B04201 Құқықтану
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B04201 Құқықтану
«Тұран» университеті
6B04201 Құқықтану
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B04201 Құқықтану
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)
6B04201 Құқықтану
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B04201 Құқықтану
Инновациялық Еуразия университеті
6B04201 Құқықтану
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B04201 Құқықтану
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
6B04201 Құқықтану
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B04201 Құқықтану
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Алматы менеджмент университеті (AlmaU)
6B04201 Құқықтану
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті