Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01403 Кәсіптік оқыту в ОАИУ

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада қоғамдық, әлеуметтік маңызға ие құбылыстар мен үдерістерді түсінудің инновациялық әдістерін бағалау мен қолдануға қабілетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен мінез-құлық этикасы ережелерін біледі. Толыққанды қызметті қамтамасыз ететін дене шынықтыру дайындығының деңгейін қолдайды
  • Жұмыс уақытында сызу және машинатану негіздерін қолдана алады, материалдарды өңдеу технологиясы саласында практикалық дағдылар мен іскерлікті қолдана алады. Халық қолөнері мен заманауи сәндік-қолданбалы өнер жетістіктерін талдайды, диплом алдындағы практика кезінде технологиялық дайындық саласындағы білімдерін көрсетеді, тұтас педагогикалық үдерістің, оның субъектілерінің түсінігін қалыптастыруға қызығушылық танытады
  • Киімді композициялық тұрғыда құрастыру технологиясын түсіндіреді және көрсетеді, тігін өндірісі мен қолөнер саласында практикалық дағдылар мен іскерлікті қолдана алады. Ұлттық қолөнері мен заманауи қолданбалы кәсіпшілікке қол жеткізуде өз көзқарасын талдайды және қорғайды. Үй мәдениетінде басшылыққа алатын құндылықтарды тиімді орындау және тамақтанудың жүйелілігімен пайдалануға қабілетті
  • Өндірістік кәсіпорынның нормативтік-құқықтық базасының мазмұнын, кәсіби-педагогикалық жағдайларды талдай алады. Білім алушыларда рухани, адамгершілік құндылықтар мен азаматтықты қалыптастыру кезінде кәсіби қызметте жеке мүмкіндіктер мен ерекшеліктерді ескеру мүмкіндігінше, қазіргі заманғы тәрбие технологияларын қолданады
  • Визуалды элементтеріне бағытталған өнерді меңгереді, ғылыми зерттеудің негіздерімен әдістерін қолданады. Шығармашылық қойылымдық қызмет барысында алған білімдерін, дағдыларын және жеке шығармашылық тәжірибесін, өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге бағытталған тұрақты және жүйелі жұмысты қолдайды
  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және ерекшеліктерін анықтaп философиялық тұрғыда талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсетеді.
  • Тұрмыстық бұйымдарды модельдеудің әртүрлі әдістерін қолданады, робот механикасын, бағдарламалауды үйренеді, жобалау қызметінде қаңылтыр, жұқа табақты металды, ағашты көркемдеу бойынша шығармашылық практикалық дағдыларды қолданады
  • Мәңгілік ел мемлекеттік бағдарламасының мазмұнын біледі, күнделікті қызметте осы бағдарламалардың негізгі ережелерін қолданады. Экологиялық кодекс пен экологиялық талаптардың нормативтерін, өмір тіршілігінің қауіпсіздік негіздерін біледі. Кәсіби-бағытталған шетел тілінің негіздерін меңгерген, кәсіби қызметте кәсіби қазақ (орыс) тілін қолданады
  • Педагогикалық интеграция саласындағы білімді пайдаланады, қазіргі педагогикалық технологияларды іздеу, бағалау, іріктеу және қолдану әдістерін сипаттайды, мәселелерді шешуде жалпы ғылыми және нақты-ғылыми тәсілдер мен әдістерді қолданады
  • Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы, мамандық бойынша мәтіндерді оқу кезінде коммуникативтік, диалогтық сөйлеу дағдысын қолданады. Заманауи IT технологиялар мен цифрлық өнерді бағдарлау бойынша компьютерлік жаңа жобаларды дайындау кезінде алған білімдерін қолданады
  • Кәсіптік оқытуды технологиялық дайындау саласындағы білім мен түсініктерді көрсетеді, білімдерін кәсіби деңгейде қолданады, материалтану және технология негіздерін пайдаланады. Еңбекті қорғау саласындағы мәселелерді дәлелдейді және шешеді, оқу шеберханаларында техникалық қауіпсіздікті сақтап, практикалық дағдылар мен іскерлікті пайдаланады.
  • Педагогикалық менеджмент саласындағы білімді меңгереді, оқытудың зерттеу-педагогикалық мониторингін жүзеге асырады, әділдік пен объективтілікке өзін-өзі бақылауға ұмтылады. Оқытушылық және оқу-тәрбие жұмысының негіздерін меңгереді, бизнес пен кәсіпкерлікті ұйымдастыру саласындағы білімдерін көрсете алады
Top