Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01421 Дене шынықтыру және сауықтыру білімі в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Білім беру үдерісінде құрылымдық қатысым міндеттерін шешіп, білім алушыларды, олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін), әріптестерін және басқа да мүдделі тұлғаларды тарта отырып, көптілді және көпмәдениетті әлеуметте өзара әрекеттесуге қабілетті.
  • Жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарды, тұрақты даму және денсаулық сақтау мақсаттарын көрсете отырып, тұлғалық даму мен кәсіпкерлік қызметті мақсатты жүзеге асырып, командада және сынып ұжымында жұмысты ұйымдастыруға қабілетті.
  • Сандық және сапалық әдістерді қолдана отырып, білім беру процесінің мәселелерін де, игілік пен салауатты өмір салтының мәселелерін де оңтайлы шешуге бағытталған зерттеулерді бастауға және жүргізуге қабілетті.
  • Деректерді сыни және статистикалық талдау және оларды көрнекілендіру негізінде алынған дене шынықтыру және сауықтыру білімі саласындағы өзінің зерттеу нәтижелерімен жұртшылық пен ата-аналар алдында сөз сөйлеуге қабілетті.
  • Педагогикалық үдерістің заңдылықтарын, тіршілік әрекетінің сауықтыру қағидаттарын, білім алушылардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектептің білім беру үдерісіндегі стандарттан тыс мәселелерді шешуге қабілетті.
  • Цифрлық технологияларды барабар пайдаланып, шығармашылықты, қатысымдықтсі, сыншылдықты, көшбасшылықты көрсете отырып және кәсіби әдепті сақтай отырып, онлайн және офлайн ортада тиімді жұмыс істеуге қабілетті.
  • Тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, психологиялық-педагогикалық әсер әдістерін ұтымды қолдана отырып, сауықтыру санасы мен сауықтыру әренетін қалыптастыруға қабілетті.
  • Нормативтік талаптарға сәйкес келетін қажетті құжаттаманы жасай отырып, дене шынықтыру бойынша білім беру процесінің мазмұнын жобалауға қабілетті.
  • Негізгі және арнайы медициналық топтардың білім алушыларына арналған сабақтарды қоса алғанда, білім алушылардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтырудан сабақтардың әртүрлі түрін өткізуге қабілетті.
  • Білім алушыларда әлеуметтік денсаулықты, зиянды және қауіпті факторларға (буллинг, бейәлеуметтік мінез-құлық және т.б.) қарсы іс-қимыл әдістерін қоса алғанда, өмір мен денсаулықты қорғау жөніндегі барабар әрікеттердің симптомдер жиынтығын қалыптастыруға қабілетті.
  • Тұлғаның (білім алушылар, ата-аналар, әріптестер және т.б.) қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке-топтық сауықтыру сабақтарын, кеңес беру мен тренингтерді дербес әзірлеуге және өткізуге қабілетті.
  • Дене шынықтыру мен спорттық іс-әрекеттің әртүрлі түрінің кинезиологиялық қағидаттары мен техникасын сақтай отырып, білім алушыларда әртүрлі қозғалыс түрін дұрыс жүзеге асыру білігін қалыптастыруға қабілетті.
  • Қимыл белсенділігінің белгілі бір түрімен айналысатындар үшін тамақтану құнарлылығын есептеу, дене салмағын бақылау бағдарламаларын дербес әзірлеуге және адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, ұтымды және үйлестірілген тамақтану, емдәм, тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар мәселелері бойынша жеке-топтық консультациялар жүргізуге қабілетті.

Ұқсас БББ

Top