Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01502 Физика педагогтарын даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Астрономияның таңдаулы тараулары
    Несиелер: 4

    Ядролық реакциялар және жұлдыздардың эволюциясы. Жұлдыздардың атмосферасы. Үздіксіз спектрдегі жұтылу және сәулелену механизмі. Күн-жұлдыз. Планеталар, планеталардың сәулеленуі. Планетарлық қабықтар. Планеталардың ішкі құрылымы мен химиялық құрамы. Климаттың тұрақтылығы және ғасырлық өзгеріс. Галактикалар. Галактикалар топтары және олардың шоғырлары. Космология. Біртектілік пен изотроптықтан аздап ауытқу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Электроникадағы жартылай өткізгіш материалдар
    Несиелер: 5

    Жартылай өткізгіш элементтер: германий, кремний, селен. Жартылай өткізгіш материалдарды алу тәсілдері. Қоспалы жартылай өткізгіш материалдар. Жартылай өткізгіш материалдардың қосылыстары: АІІІВV және АІІВVI типті қосылыстар. Кристалл емес жартылай өткізгіш материалдар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Диэлектриктер физикасы
    Несиелер: 5

    Диэлектриктердің негізгі электрофизикалық сипаттамалары. Диэлектриктердің поляризациясының әр түрлері және олардың ерекшеліктері. Диэлектриктердің электр өткізгіштігі. Диэлектрлік өтімділік пен поляризациялану арасындағы байланыс. Материалдардың диэлектрлік өтімділігінің электромагниттік өрістің жиілігіне тәуелділігі. Сегнетоэлектриктер және оларды техникада қолдану. Материалдардағы диэлектрлік шығындар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – болашақ мамандардың ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметі үшін ғылыми, философиялық-әдістемелік және дүниетанымдық негізін қалыптастыру. Ғылыми мамандықтар бойынша білім беру және зерттеу жұмыстарын тиімді жүзеге асыруға қажетті білім, дағды және құзыреттіліктерді дамыту. Пәнді оқыту барысында мәдениет пен философияның дамуы контекстіндегі ғылымның пайда болу мен даму тарихы, ғылыми білімнің құрылымы мен зерттеу әдістері, заманауи ғылымның даму кезеңдері, өркениеттің дамуындағы ғылым мен техниканың рөлі, ғылыми ілім мен өркениеттің болашағы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қатты денелердің оптикалық қасиеттері
    Несиелер: 5

    Жарықтың кванттық теориясы. Кванттық оптика негіздері. Фотоэлектрлік эффект. Металдардағы сыртқы фотоэффект. Жарық дисперсиясының классикалық теориясы. Қатты денелердегі жарықтың шашырауы. Кристалдардағы сәуленің қосарланып сынуы. Жарықтың қатты денемен әрекеттесу түрлері. Оптикалық тұрақтылар. Оптикалық тұрақтыларды өлшеу. Кристалдардың жарықты жұтуы. Жартылай өткізгіштердегі рекомбинациялық сәуле шығару. Өздігінен және индукцияланған сәулелену. Оптикалық кванттық генераторлар. Қатты денелік лазерлер. Металдардың оптикалық сипаттамалары. γ-сәулелердің резонанстық жұтылуы. Мессбауэр эффектісін ғылым мен техникада қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – магистранттардың кәсіби саласындағы шет тілдік коммуникативті құзыреттіліктерін халықаралық шет тілінде білім беру стандарттарына сәйкес дамыту. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант келесідей құзыреттіліктерге ие болады: лингвистикалық білім мен біліктерін кеңейтеді, кәсіби және ғылыми қызметінде жүзере асыру мақсатында іскерлік ағылшын тілінің негізгі лексикасы мен академиялық хатты меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми эксперименттердегі электр-радиоматериалдар
    Несиелер: 5

    Диэлектриктер. Газ тәрізді диэлектриктер. Сұйық диэлектриктер. Қатты диэлектриктер. Электр оқшаулағыш пленкалар. Эластомерлер. Резеңке. Шыны. Кварц. Электррадиокерамикалық материалдар. Слюда. Төмен мешікті кедергілі материалдар. Асқынөткізгіш материалдар. Криоөткізгіштер. Жоғары кедергілі материалдар. Өткізгіш материалдарды жіктеу. Жартылай өткізгіштер туралы жалпы мәліметтер. Магниттік материалдар. Материалдардың магниттік қасиеттері туралы жалпы мәлімет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Астрофизикалық зерттеу әдістері
    Несиелер: 4

    Аспан денелерінің электромагниттік сәулеленуін зерттеу. Фотометриялық зерттеу әдістері. Спектрометриялық зерттеу әдістері. Спектр түрлері. Аспан денелерінің химиялық құрамын, температурасын және басқа физикалық қасиеттерін олардың спектрлері бойынша анықтау. Аспан денелерін бақылау арқылы зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – білім беру саласындағы іс-әрекетті, тұлғалардың қарым-қатынасын басқарудың жалпы психологиялық аспектілерін қалыптастыру. Басқару психологиясының тарихы, басшы қызметінің психологиялық механизмдері, кәсіби білім берудің психологиялық мазмұны, басқару субъектілері мен объектілері меңгеріледі. Пәнді меңгерудің нәтижесінде магистранттар жоғары мектептегі басқарушылық іс-әрекеттің психологиялық қырын және кәсіби іс-әрекетте тұлғалық психологиялық қарым-қатынасты басқарудың негізін меңгереді. Білім алушылар түрлі ресурстарды басқарудың психологиялық аспектілерін түсіндіруге; басқару әдістерін қолдануға; проблемалық жағдайларды талдауға қабілетті болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – жоғары кәсіби педагогиканың құзыреттіліктерін, жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық, әдіснамалық, практикалық негіздерін меңгерген маман даярлау. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі және қосымша категорияларын, жоғары мектеп дидактикасы, жоғары мектептегі менеджмент, жоғары мектеп педагогикасының заманауи мәселелері, жоғары мектептегі жалпы педагогикалық жүйені меңгеріп, өздерінің кәсіби іс-әрекетінде қолдана алады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-теориялық аспекттілерін меңгереді. Кәсіби іс-әрекетке шығармашылық тұрғыдан даяр болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектеп физикасының оқу эксперименті
    Несиелер: 6

    Мектептегі физика курсындағы оқу экспериментінің маңызы мен рөлі. Орта мектеп физикасындағы оқу экспериментінің жүйесі. Физика бойынша демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар. Демонстрациялық эксперимент жүргізу үшін физика мұғаліміне қажетті ептілік пен дағдылар. Зертханалық жұмыстар мен демонстрациялық эксперимент жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Зертханалық жұмыстардың маңызы. Зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі. Физикалық практикумның маңызы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері
    Несиелер: 4

    Статистикалық механика мен термодинамиканың негізгі әдістері. Термодинамикалық функциялардың статистикалық аналогтарын алу әдістемесі. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика негіздері. Фазалық кеңістік. Больцман ұяшықтары әдісі бойынша жүйенің бөлшектерінің таралуы. Фазалық ауысуларды сипаттайтын жалпыланған теңдеулер. Таралудың негізгі статистикалық функциялары. Больцман кинетикалық теңдеуінің жеке шешімдері. Больцманның Н-теоремасы және энтропия.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Эксперименттің приборлары мен техникасы
    Несиелер: 5

    Жалпы мақсатта қолданылатын құрылғылар. Сандық өлшеу құралдары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының арнайы мақсаттарында қолданылатын құралдар. Әртүрлі зерттеу объектілерінің сипаттамалары мен қасиеттерін контактілік және контактісіз өлшеу құралдары. Ғылыми эксперименттер үшін кейбір құралдарды жетілдіру және жеке (өз қолымен жасау) дайындау мүмкіндігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жартылай өткізгіштердегі тасымалдау құбылыстары
    Несиелер: 5

    Жартылай өткізгіштердегі стационарлық электронды тасымалдау құбылыстарының сызықтық теориясының мәні. Кинетикалық теңдеуді шешу және шашырау механизмдері. Изотропты аймағы бар жартылай өткізгіштердегі электрондық тасымалдау құбылыстары. Анизотропты параболалық емес аймағы бар жартылай өткізгіштердегі тасымалдау құбылыстары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Эксперименттерді автоматтандыру
    Несиелер: 5

    Эксперименттер мен сынақтарды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын жалпы талаптар. Процесс параметрлерін автоматты түрде өлшеу, эксперименттер барысын жазу және бақылау. Эксперименттерді автоматтандыру жүйелерінің жалпы құрылымдық схемасы. Интерфейстер. Негізгі ұғымдар. Синхронды алмасу. Асинхронды алмасу. ЭЕМ магистралін ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Стратегиялық менеджмент
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты магистранттардың теориялық білімі мен басқарудың заманауи стратегиялық тәсілдерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорындағы стратегиялық менеджменттің мәні мен маңыздылығы; кәсіпорынның даму стратегиясында басқару қажеттілігін айқындайтын негізгі факторлар; стратегиялық менеджменттің негізгі функциялары мен орындалатын міндеттері; кәсіпорынның миссиясы мен мақсатын қалыптастырудың базалық дағдылары; кәсіпорынның қаржылық мақсаты; құндылықтар тізбегінің тұжырымдамасы;кәсіпорынның стратегиялық жобалары және іске асыру жолдары; бизнес-бірліктер мен тұтынушыларға көрінетін және көрінбейтін артықшылықтарды айқындауды оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Заттардың электрондық теориясы
    Несиелер: 4

    Атомдар мен молекулалардың өзара әсерлесуі. Кристалл торының трансляцияланған симметриясы. Кері тор. Кристалдардың аумақтық теориясы. Кристалл торының өрісінде электронның орналасуы. Заряд тасушылардың статистикасы. Кристалдардағы кинетикалық құбылыстар. Асқынөткізгіштік. Плазма. Плазманың негізгі сипаттамалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Киберпедагогика негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – оқытуда АКТ-ны қолдану нәтижесінде пайда болған педагогика, психология әдістемелері мен теорияларындағы өзгерістерді анықтау және киберпедагогиканы педагогика ғылымының жаңа саласы ретінде оның тұжырымдамасының сипаттамасын қарастыру. Педагогикалық технология негізінде киберпедагогика курсының оқыту формаларын, оқу материалдарын және оқу қызметінің түрлерін, оның ішінде АКТ, қашықтықтан оқыту, компьютерлік мәліметтерді өңдеу әдістері, интербелсенді әдістері, киберкеңістіктегі оқу, тәрбие және даму процестері оқытылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жартылай өткізгіштердегі фотоэлектрлік құбылыстар
    Несиелер: 5

    Негізгі және негізгі емес заряд тасымалдаушылар. Негізгі емес тасымалдаушылардың рөлі. Біртекті жартылай өткізгіштердегі фотоэлектр қозғаушы күш. Дембердің электр қозғаушы күші (ЭМӨ). Көлемдік фотоэлектр қозғаушы күш. Вентильді фотоэлектр қозғаушы күш. Вентильді фотоэлементтер. Вентильді фотоэлементтерді техникалық қолдану. Беттік фотоэқк. Фотоэқк бақылаудың конденсаторлық әдісі. Фотоэлектромагниттік эффект (Кикоин-Носков эффектісі).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Зерттеудің физикалық әдістері
    Несиелер: 5

    Қысымды өлшеу Жоғары вакуумды алу тәсілдері. Температураны өлшеу Байланыс және байланыссыз температура өлшеу әдістері. Радиациялық ағынды өлшеу. Масс-спектрометриялық талдау әдісі. Магнитті радиоспектроскопия. Ядролық магниттік резонанс (NMR) спектроскопиясы. ЭПР спектроскопиясы. Оптикалық спектроскопия. Қолданбалы рентгендік оптика. Астрофизикалық зерттеу әдістері

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • ЖОО-да жалпы физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    "Жоғары оқу орындарында жалпы физиканы оқыту әдістемесі" пәні және оның міндеттері. Жалпы физиканы оқытудың негізгі мақсаттары, әдістері, құралдары. Жалпы физика курсының құрылымы мен мазмұны. Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістері. Студенттердің білімін, іскерлігін тексеру және бағалау. "Механиканы" оқыту әдістемесі, "Термодинамика негіздері"оқыту әдістемесі. "Электродинамика" курсын оқыту әдістемесі, "Геометриялық оптиканы" оқыту әдістемесі, "Ядролық және атомдық физика. Элементар бөлшектер" курсын оқыту әдістемесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін реттеу, ғылыми зерттеулер және қолданбалы аналитика, зерттеу жұмыстарының дизайны және конфигурациясы, зерттеу және зерттеу өнімінің параметрлері; ғылыми зерттеулер мен қолданбалы аналитика әдістерін меңгерту. Ғылыми зерттеулердің категориялық аппараты, ғылыми-әдістемелік зерттеудің ұғымдық аппараты, оның мазмұны мен құрылымы, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен әдіснамалары, ғылыми танымның парадигмалары мен тұжырымдамалары, педагогикалық зерттеулердің теориялық және практикалық маңызы оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зерттеулердің заманауи ғылыми инструментарийлері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты-ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдау білігтілігін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: зерттеу әдістерінің негізгі кезеңдері мен теориялық негіздері, зерттеудің негізгі тұжырымдамалары мен әдіснамалық аппараты, қазіргі заманғы зерттеулердің озық және тиімді құралдары мен технологиялары, ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастырудағы шет елдердің ерекшеліктері мен тәжірибесі қарастырылатын болады. Курсты игеру нәтижесінде магистранттар ғылыми бағыттың объектілік-пәндік ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми эксперименттерді ұйымдастыруға, қолдануға, зерттеудің ең тиімді әдістерін таңдауға қабілетті болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері
    Несиелер: 6

    Кеңістік пен уақыт. Ғылыми және техникалық революция түсінігі. Қазіргі физиканың даму кезеңдері. Классикалық теорияның шектеулілігі және кванттық ұғымдарға көшу қажеттілігі. Элементар бөлшектердің өзекті мәселелері. Әлемнің дамуының ғылыми көрінісі. Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі. Космология. Космологиялық модельдер. Нанотехнология-жаңа ғылыми-техникалық революцияның негізі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • ЖОО-да теориялық физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    «Жоғары оқу орындарындағы теориялық физиканы оқыту әдістемесі» пәні және оның міндеттері. Теориялық физиканы оқытудың негізгі мақсаттары, әдістері, құралдары. Теориялық физика курсының құрылымы мен мазмұны. Педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістері. Студенттердің білімі мен дағдыларын тексеру және бағалау. «Физиканың математикалық әдістері», «Классикалық механика», «Электродинамика және АСП», «Статистикалық физика» курстарын оқыту әдістемесі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоғары қысымдар және төмен температуралар физикасы
    Несиелер: 5

    Бөлме температурасындағы жоғары қысым техникасы мен оны алу әдістері Қатты денелер мен сұйықтарды зерттегенде квазигидростатикалық қысымды алу әдістері. 3000МПа қысымға дейін жұмыс істейтін поршень-цилиндр типтес камера Жоғары қысым мен төменгі температурада жұмыс істеу үшін қолданылатын материалдар. Материалдарға термиялық және механикалық өңдеулер жасау әдістері. Қысымды өлшеу және қондырғыны градуировкалау. Сызықтық орын ауыстыруларды өлшейтін түрлендіргіштер. Жоғары қысым мен төменгі температурада фазалық өтулерді зерттеу әдістемесі. Жоғары қысым мен төменгі температурадағы күй теңдеуі. Төменгі температура мен жоғары қысымда термодинамиканың заңдарын қолдану әдістемесі. Фазалық диаграммаларды пайдаланып физикалық параметрлерді есептеу әдістері. Теориялық есептеулер мен тәжірибелік өлшеулерден алынған нәтижелерді өңдеу әдістемесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Төмен температуралар физикасы және техникасы
    Несиелер: 5

    Нернст теоремасының практикалық және теориялық маңызы. Т→0 кезіндегі термодинамикалық функцияның әрекеті. Төмен температураны алуға арналған қондырғының схемалары. Адиабатикалық кеңею мен Томсон-Джоуль коэффициенттері арасындағы байланыс. Р-Т координаттарындағы гелийдің фазалық диаграммасы. Асқынөткізгіштердің физикалық қасиеттері. Өте төмен температураларды алу әдістері мен жүйелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON5

    Қазіргі заманғы физика мәселелері бойынша өз білімдерін ғылыми-зерттеу қызметінде және нақты физикалық міндеттерді шешуге қолдану. Жүйелерді, процестер мен әдістерді талдау білімдерін меңгеру; таңдалған пән саласындағы мәселелерді шешу үшін қолайлы жабдықты, құралдарды және зерттеу әдістерін таңдау және қолдану.

  • Код ON1

    Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.

  • Код ON4

    Астрономиядан және зерттеудің астрофизикалық әдістерінен білім көрсету. Процестер мен құбылыстарды талдаудың қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориялары мен тәсілдерін талдау. Нақты жүйелердің: идеал және нақты газдар, қатты денелердің физикалық қасиеттерін есептеу үшін молекулярлық-статистикалық әдістерді қолдану дағдыларын меңгеру.

  • Код ON8

    Радиоэлектроникада қолданылатын материалдар саласында; эксперименттік физикада қолданылатын аспаптар саласында білімдерін көрсету. Спектроскопияда қолданылатын аспаптар жұмысының физикалық негіздерін талдау. Ғылыми зерттеулерде қолданылатын электр өлшеуіш және радиоөлшеуіш аспаптармен жұмыс істеу дағдыларын және экспериментті автоматтандыру ұғымдарын меңгеру.

  • Код ON9

    Жоғары қысымдар мен төмен температуралар физикасы саласындағы білімдерін көрсету. Төмен температура мен жоғары қысым кезінде болатын физикалық құбылыстарды талдау. Зерттелетін үлгілердің ішіндегі температура мен қысымды өлшеу әдістемесін, көлемдік өзгерістерді өлшеу әдістемесін меңгеру.

  • Код ON2

    Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату.

  • Код ON3

    Педагогикалық бағыттағы ғылыми зерттеулердің негіздерін, ғылыми эксперимент дағдыларын көрсету, инновациялық, білім беру технологияларын сандық форматта пайдалана білу, зерттеу қызметін және оны талдауды ұйымдастыру және жүргізу, теориялық және эмпирикалық ғылыми зерттеу әдістерін қолдану.

  • Код ON6

    Физиканы оқыту әдістемесі бойынша және педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді құруда білімдерін көрсету. Жартылай өткізгіштердегі құбылыстарды, қатты денелердің оптикалық қасиеттерін, диэлектриктер физикасын талдау. Физика курсының бөлімдері мен тақырыптарын ғылыми-әдістемелік талдауда, ұғымдарды талдауда өз білімдерін қолдану. Қатты денелердегі құбылыстарды талдау әдістерін меңгеру.

  • Код ON7

    Қатты дене физикасы, соның ішінде жартылай өткізгіштер физикасы саласындағы білімдерін көрсету. Жартылай өткізгіштердегі әртүрлі құбылыстарды, қатты заттардың оптикалық қасиеттерін, диэлектриктер физикасын талдау. Физика курсының бөлімдері мен тақырыптарын ғылыми-әдістемелік талдауда, ұғымдарды талдауда өз білімдерін қолдану. Қатты денелердегі құбылыстарды талдау әдістерін меңгеру.

Top