Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 Физика және информатика в Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

  • Педагогикалық кәсіпке кіріспе
    Несиелер: 3

    Бұл курс мұғалім мамандығына алғашқы кіріспе ұсынады. Атап айтқанда, студенттер тұтас педагогикалық процесті түсіну және олардың кәсіби жеке бағдарларын қалыптастыру, педагогикалық және психологиялық мәселелер мен жағдайларды сыни тұрғыдан шешу үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды дамытады. Курс студенттерге мұғалім мамандығын игеруге деген ынтасын қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары математика
    Несиелер: 5

    Бұл курста математиканың негізгі элементтерін, сызықты теңдеулер жүйесін шешудің негізгі тиімді әдістерін қарастырады; оларды есептер шығаруда қолданады; негізгі ұғымдарын, анықтамаларын пайымдайды және зерттеуде алған білімдерін тәжірибеде қолданады; математикалық ғылымдар жүйесіндегі және жаратылыстану ғылымдарындағы қосымшалардағы орны мен рөлін анықтайды; қиындығы жоғары есептерді шығарып, талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Механика
    Несиелер: 5

    Бұл курста білім алушы материалдық денелердің қозғалысын және олардың арасындағы өзара байланысты зерттейді, денелердің қозғалысының болу себебін қарастырады. Студенттер физиканың негізгі принциптері мен заңдарын, шамаларды зерттеудің әдістерін сын тұрғысынан сипаттайды, физикалық шамаларды және олардың өлшем бірліктерін тәжірибеде тиімді қолданады. Студенттер теориялық білімдерінің нәтижесінде механиканың негізгі заңдары арқылы есеп шығарады және табиғи процестерді тануға мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
    Несиелер: 3

    Курс салауатты, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мен дамуының физиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Студенттер балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық және гигиеналық ерекшеліктерін, сонымен қатар физиологиялық функциялардың педагогикалық әсерге жауап беру ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, курсты оқу барысында студенттер мүшелердің, мүшелер жүйесінің, жалпы организмнің сыртқы ортамен байланысты қызметінің ерекшеліктерін салыстырады. Осыған байланысты студенттер оқу процесін ұтымды етуге, аурудың алдын алуды жүзеге асыруға бағытталған оқушының үйлесімді дамуы мен функционалдық мүмкіндіктерін арттыру әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оптика, атом және атом ядросының физикасы
    Несиелер: 5

    Бұл курста оптиканың және атом ядросының негізгі ұғымдарын меңгереді. Электромагниттік толқындар шкаласының мәндерін анықтайды. Жарықтың толқындық қасиетін түсінеді. Зертханада және практикалық есептер шығаруда қолданады. Жарықтың поляризациясын, ортадағы таралауын және атом ядролардың бөлінуін бақылайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм
    Несиелер: 5

    Бұл курста газдардың молекула - кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын қарастырылады. Заттың агрегаттық күйлері, ауаның ылғалдылығын, меншікті жылу сиымдылықтарын және сұйықтардың беттік керілу коэффицентін анықтайды; Электр зарядының сақталу заңдарын, денелердің өзара әсерлесуін және өткізгіштегі электр, магнит өрісін қарастырады. Студенттер тұрақты, айнымалы токтарды ажыратады; зертханалық жұмысқа қажетті құралдарының принциптерімен таныса отырып зертханалық жұмыстардың салыстырмалы қателіктерін есептейді; негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мамандандырылған ағылшын тілі
    Несиелер: 7

    Бұл курс кәсіби лексика және мамандық тілін күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста практикалық тұрғыда белсенді қолдануға үйретуді ұсынады. Бұл курс студенттерге кәсіби мәтіндерді сөздікпен және сөздіксіз оқып түсіне алу, берілген мәліметтерді таба білу, оқығанының мазмұнын есте сақтау; іс қағаздарын толтыру, жеке немесе іскерлік сипаттағы шағын хат жазу; шетел тіліндегі мәлімдемелерді түсіну; өзінің кәсіби қызметіне байланысты сөйлеу және жазу дағдыларына ие болуға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Бұл курс педагогикаға ғылым ретінде шолу, оның диалектикалық, қарама-қайшылықты және әдіснамалық ерекшелігін ұсынады. Студенттер дүниетанымды, әлеуметтік және жеке маңызды педагогикалық мәселелерді талдайды, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері туралы сыни тұрғыдан ойластырады. Білім беруді цифрландыру жағдайында педагогика, киберпедагогика, киберкеңістік және кибер әлеуметтендірудегі киберонтологиялық тәсілге ерекше назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім берудегі жаңа технологиялар
    Несиелер: 4

    Бұл курста оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерін қарастырады; білім беру технологияларын қолдана отырып, теориялық зерттеулерін сипаттайды; инновациялық технологияларды меңгеру барысында оқыту әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктерін анықтайды; педагогикалық шеберлік нәтижесінде оқытуда бағалау жүйесінің критерийлерін және сандық ресурстарды пайдаланады; оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық психология
    Несиелер: 3

    «Педагогикалық психологиясы» курсы педагогикалық процесс және оқыту тұжырымдамаларына, білім беру психологиясының негізгі бағыттарына, түсініктері мен категорияларына шолу ұсынады. Студенттер оқу іс-әрекетінің құрылымын сыни тұрғыдан бағалауға және талдауға, педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық заңдылықтары мен оқу-тәрбие процесінің әр түрлі кезеңдеріндегі педагогикалық әсерге шағылыстыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    "Кәсіпкерлік негіздері" курсы студенттерге кәсіпкерлік қызметті басқару саласындағы теориялық дайындықтың негіздеріне кең шолуды ұсынады. Студенттер кәсіпкерлік тетіктерін талдайды, кәсіби қызметте ұтымды шешімдер қабылдау механизмін сыни бағалайды. Кәсіпкерлік саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау әдістерін талдайды. Студенттер осы проблемалық мәселеде жаңа әдіснамалық тәсілдерді қайта қарастырады, кәсіпкерлік объектілері мен субъектілерін жіктейді. Кәсіпкерлікті жоспарлау, қаржыландыру, талдау және бағалау саласында дағдыларды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мектеп физика және информатика курсынан есептер шығару әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста орта мектеп физика және информатика пәндерінің процестерін сипаттайды, физика және информатикадағы жалпы заңдардың мазмұнын анықтайды, жоғары мектептегі бағдарламалау әдістемесі, күрделі операторлар, шектеу және қайта қолдану түрлері, типтік жиындарды қамтиды, кәсіби тұрғыда стандартты емес есептердің физика және информатикалық модулін құру дағдысы қалыптасады, тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшелігін салыстырады, ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселелерді меңгереді, есеп шығару барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушылар Python бағдарламалау тілінің синтаксисі мен алгоритмін құруды, құрылымдық бағдарламалау парадигмасын, деректер құрылымын талдап, алгоритмдерді әзірлеу дағдыларын қалыптастырады, түсінеді; қорғау тәсілдері мен құралдарын сипаттайды; қолданбалы есептерді талдайды; жобалау және бағдарламалау әдістерін, бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде сандық технологияны қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Физика есептерін шығару практикумы
    Несиелер: 5

    Білім алушы физика курсындағы есептерді шешудің әдістемесін анықтайды; физикалық ойлау, құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық түсініктерді, рәсімдерді, фактілерді және құралдарды қолданады; физикалық есептерді әр түрлі әдіспен шешу дағдысы қалыптасады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады; жеке тапсырмалар орындау барысында өз бетінше оқыту әдістерін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті теориялық және практикалық мәселерді пайданалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Компьютерлік жүйелердің архитектурасы және теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курста компьютерлік техниканың даму тарихы, компьютер архитектурасы, ішкі құрылғылардың физикалық, логикалық сипаттамалары, ақпараттың сандық көрінісі және компьютердің логикалық негіздері қарастырылады. Курс аяқталғаннан кейін студент машиналық кодтау мен жоғары деңгейдегі тілдердің айырмашылықтарын бағалайды, ассемблер тілінде операциялық жүйеге қарапайым қосымшалар жасайды, қарапайым және күрделі алгоритмдер жасайды, деректер құрылымымен жұмыс істейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экологиялық мәдениет
    Несиелер: 5

    Экологиялық мәдениет курсы экологиялық сауаттылық және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық мәдениеттілікті дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздігі негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда қорғанудың әдіс тәсілдерін меңгереді, экологиялық мәдениет дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адал азамат құндылықтары
    Несиелер: 5

    Студенттердің бойында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында адал азаматтың құндылықтарын қалыптастырады. Адалдықтың құндылығы мен азаматтық ұстанымды жүйелі білім арқылы меңгереді. Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде адал азаматты қоғам ортасында қалыптастыру мәселелері жүйеленеді. Білім алушылардың ішкі тұлғалық мәдениетін нығайту негіздерінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, адамгершілік-этикалық аспектілері талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушы информатика сабағын ұйымдастыру, жоспарлау, өзіндік талдаулар жүргізу, оқу мекемесінің информатика кабинетінің жабдықтарын және оны ұйымдастыру жұмыстарының негізін анықтайды; курс соңында сыныптық және сыныптан тыс информатика сабақтарын ұйымдастырады, қазіргі АКТ құралдарын, бағдарламаларын қолданады; бағалаудың негізгі тәсілдерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп физика курсындағы демонстрациялық эксперименттер
    Несиелер: 6

    Білім алушы мектептегі физика курсындағы демонстрациялық эксперименттерінің негізгі түсініктерін сипаттайды; білім жүйесіндегі қазіргі заманғы физикалық рөлін анықтайды; физикалық шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін анықтайды; демонстрациялық эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеудің кең таралған әдістерін қолданады; орта мектеп физика курсы бойынша демонстрациялық тәжірибелерді салыстырады; арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі әлемдегі инклюзивті білім беруге шолу жасап ұсынады. Студенттер «инклюзия» ұғымын ажырата алады, арнайы білім беруді реформалау мәселесін аша алады, ұлттық арнайы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын қарастырады, балаларды интеграциялау модельдерін талдайды және салыстыра алады, мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті білім беруді басқарудың құқықтық және этикалық негіздерін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканың цифрлық зертханалары
    Несиелер: 5

    Бұл курста физикалық экспериментің негізгі мақсатын айқындайды; механика және молекулалық физика бөлімдерінің зертханалық жұмыстарын таңдап, дайындап нәтижесі бойынша оқу жобалау жұмыстарын жасауда цифрлық құралдар қолданылады; электродинамика бөліміндегі цифрлық микросхемалармен танысады; оптика және астрономия бөлімдері бойынша жоба жасайды; арнайы цифрлық құрылғылардың көмегімен зертханалық жұмыс жасайды; студенттерді зерттеу жұмыстарын жасауға қабілетті болуға бағыттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушы мектеп физика курсының оқыту бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, физиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістерін мен формаларын қарастырады; оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес физикадан сабақты жоспарлай алады; физикадан оқу үдерісін ұйымдастырады; техникалық құралдар мен заманауи сандық білім беру технологияларын, физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады; сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, демонстрациялық эксперименттерді жүргізудің әдіс - тәсілдерін қалыптастырады; электродинамика, кванттық физиканың элементтері, атом ядросының физикасының тақырыптарын оқытудың әдістемесін талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектептегі физикалық эксперименттің әдістемесі мен техникасы
    Несиелер: 6

    Бұл курста мектептегі физикалық эксприменттің әдістемесі мен техникасының негізгі мақсаты мен міндеттері анықтайды; Физикалық демонстрациялық экспериментті жұмыстарды сипаттайды; зертханалық жұмыстарды іріктеп, дайындап оны оқу үрдісінде ұйымдастыра отырып қолданады; мектептегі физика кабинетіндегі негізгі приборлар және құрал жабдықтармен жұмыс істейді және арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады;студенттерді жаңашылдыққа қабілетті болуға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Бұл курс болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру студенттерге «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясына сәйкес мектеп оқушыларымен тәрбие жұмысын жүргізуге, жоспарлар мен конспекттер жасауға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге мүмкіндік береді. Курс студенттерге заманауи мектепте сынып жетекшісінің қызметін қайта қарауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Педагогикалық шеберлік
    Несиелер: 5

    Бұл курс студенттердің ішкі өзгерістерін сезіну және бекіту тетіктерін, шығармашылық, педагогикалық іс-әрекетке ұмтылуды ұсынады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерін сипаттай алады, педагогикалық техниканы көңіл-күйін, эмоциясын, сөйлеу техникасын, дауыс ырғағын студенттерді тәрбиелеу мен тәрбиелеу саласындағы өзіндік мінез-құлқын талдауды, кәсіби сапасын бағалау меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Web бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Бұл курста Web сайт құруға арналған бағдарламалау HTML, CSS, JavaScript, PHP тілдері туралы ұғымдарын қалыптастырады; тәжірибелік жұмыстар орындау арқылы тілдердің бір-бірімен байланысын зерттейді, талдайды. Web-сайттар жасау мен оларды Internet-тің Web-серверлерінде орналастырады; Курс соңында әрбір студент өзінің дербес сайтын әзірлеу арқылы жоба жұмысын қорғайды, бағдарламалау тілдерін белсенді қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Астрономия, радиоэлектроника және интегралды микросхемалар
    Несиелер: 5

    Бұл курста күн жүйесінің, аспан денелерінің табиғатын, құрылымын анықтайды; жұлдызды аспанның негізгі жұлдыздарын табады; ғарыштық денелерді зерттеудің ғылыми зерттеудің әдістерін қолданады; радиоэлектроника, интегралды микросхемалардың даму, әртүрлі электрондық құрылғыларды негізінде сигналдарды өндіру, тасымалдау, түрлендіруге байланысты физикалық заңдылықтарды талдайды; цифрлы микроэлектрондық құрылымдарын физикалық заңдар арқылы жоғары дәлдікпен есептейді; зертханалық жұмыстарды белсенді жүргізеді, күрделі зерттеулерді сараптайды; цифрлы электронды техниканы құрылғыны өңдеуде қолданады; радиосигналдарды түрлендіруді сын тұрғысынан сипаттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Объектіге бағытталған бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Бұл курста Python тілінің негізгі құрылымдарын зерттеуге бағытталған, көптеген мәселелерді шешуге жарамды - деректерді талдаудан бастап жаңа бағдарламалық өнімдерді жасау және мәліметтер базасымен жұмыс істеу әдістері қарастырылады. Орнатылған SQLite дерекқорын пайдалану негіздерін зерттейді және ақпаратты сақтау үшін жергілікті дерекқорды қолданатын қосымшаларды белсене қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы және академиялық жазылым
    Несиелер: 5

    Бұл курста ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері, зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау - ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдері, ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңдері қарастырылады. Курс аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін өңдейді, жинақтайды және ғылыми ұсыныстар береді, академиялық мәтіндердің білім мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазады, гипотеза құрады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беруде физика және информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушы инклюзивті білім беру мәселесінің теориялық аспектілерін, педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасын туындайтын әдістерін, мазмұнын сипаттайды, оқытудың әзірленген әдістері мен тәсілдерін қолдану кезіндегі жоспарланған нәтижелері қалыптасады; инклюзивті білім беру жағдайында физика және информатиканы оқыту технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін пайдаланады; қазіргі кездегі физика және информатиканы оқыту тұжырымдамасын, терминдерін, физика және информатикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Информатикадан олимпиадалық есептерді шығару
    Несиелер: 5

    Бұл курста студенттер есептердің күрделі алгоритмдеу негізінде бағдарламалаудың автоматтық негіздерін, С++, С#, Python орталарында бағдарламалауды, информатикадан олимпиадалық есептерді шешуге бағытталған, олимпидалық есептер классификациясы және оларды талдау әдістемесін қарастырады. Курсты аяқтаған соң студенттердің ғылыми дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық белсенділігі артады, болашақ информатика мұғалімінің бағдарламалау саласындағы кәсіби қасиеттері қалыптасады. Студенттер стандартты емес және логикалық есептерді, сондай-ақ күрделілігі жоғары есептерді шешеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мобильді қосымшаларды әзірлеу
    Несиелер: 5

    Мобильді қосымшаларды әзірлеу курсында мобильді құрылғылардың негізгі түрлерін, мобильдік қосымшалардың өмірлік циклін, құрылымын, бағдарламалық манифест пен сыртқы ресурстарды қарастырады. Android платформасының мобильді қосымшаларды зерттейді; платформада қолданушы интерфейсін, сервистерді жасау, дабылды, аппараттық сенсорды, ақпараттық сақтауды қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік желілер және желілік технологиялар
    Несиелер: 5

    Білім алушылар курсты игеруде жүйелер мен желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптерін, терминологиясын, OSI моделін, Интернетке қосылу әдістерін қарастырады; электрондық пошта; UseNet, TelNet, FTP технологиялары және электрондық байланыс құралдарын сипаттайды; ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін зерттейді; электрондық цифрлық қолтаңбаның, мега-қауіпсіздіктің өмірдегі рөлін талдайды. Жобалау жұмысында ақпараттық және бағдарламалық құралдарды қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектептегі ғылыми зерттеу және оның әдіснамалық принциптерін, жұмыс бағыттарын анықтайды; ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдерін, ғылыми зерттеу жүргізілудің процесін және қорытындылау кезеңдері қарастырылады; зерттеу нәтижелерін жинақтайды және ғылыми зерттеуге өз ұсыныстарын береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Теориялық физика негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы классикалық және кванттық механиканың, арнайы салыстырмалы теорияның, электродинамиканың, термодинамиканың және статикалық физиканың негізгі заңдылықтарын меңгереді; теориялық білімдерін пайдалана отырып, оларды тәжірибе жүзінде дәлелдейді; алған білімдерінің нәтижесінде теориялық физиканың негізгі заңдарын қалыптастырады; Физикалық заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін, табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестердің физикалық мәнін, салыстырмалылық негіздерін, кеңістік – уақыт өлшемі туралы білімді арттырады; қазіргі математика мен физиканың проблемалары мен жетістіктеріне қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
    Несиелер: 5

    Бұл курста ақпараттық қорлар мен мәліметтер банкінің ұғымдарын, мәліметтер моделінің мазмұндарын анықтайды; Реляциялық алгебра және реляциялық есептеу жүйелерін сипаттайды. Мәліметтер қорының тұжырымдық, логикалық, физикалық жобалау әдістерін қолданады; әр түрлі бағдарламалау жүйелеріне тікелей шығатын деректер қорын басқару жүйелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Бұлттық технологиялар негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курста бұлтты есептеулердің негізгі қағидаларын, әртүрлі платформаларды қолдану арқылы бұлттық жүйелерге қосымшалар әзірлеудің принциптері мен әдістерін, бұлтты есептеулердің инфрақұрылымын сипаттайды, түсінеді; бұлтты есептеулерді жүзеге асыру барысында қазіргі ақпараттық орталарды, бұлтты қоймаларды жасау технологияларын және виртуалдау технологиясын қолданады; бұлтты қоймаларды әзірлейді, бағдарламалаудың онлайн орталарын виртуалдау технологиясын зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Функционалдық сауаттылық және логика
    Несиелер: 6

    Бұл курста білім алушылардың функционалдық сауаттылығы және көшбасшылық қабілеті артады; әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласу, жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыру, белгілі бір қоғамда өмір сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игеру дағдысы қалыптасады; топтен жұмыс істеуге құзіретті болады; білім білік дағды деңгейлері көтеріледі; өз бойын еркін айтып, дәлелдеп жеткізуге төселеді; өмірдегі жағдайлар мен құбылыстарға деген көзқарастары өзгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушы: робототехниканың қазіргі уақыттағы даму жетістіктерімен танысады; Mindstorms NXT, Arduino, Fischertechnik платформаларында түрлі конструкциялар құрастырады, ардуино бағдарламалау, Mblock және басқа робототехника бағдарламалау жабдықтарымен жұмыс жасайды; ғылыми зерттеуде зертханалық жұмыс нәтижелері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • STEM-білім
    Несиелер: 5

    Білім алушы: ғылым, технология, инженерлік, өнер, математика бағыттары бойынша білімдерін кіріктіреді; қарапайым сандар, үш өлшемдермен жұмыс істеу, эскиз арқылы пішіндерді жасау дағдылары қалыптасады, 3D объекттің операциялары, роботтехникада деталдарын қолдана отырып модельді құрастырады; зертханалық жұмыстарда шығармашылық идеяларын насихаттап, жүзеге асырады; ғылыми зерттеулердегі: жоба әдісін, 3D – жобалау әдісін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Big Data технологиялар
    Несиелер: 5

    Білім алушы деректер базасының теориялық негіздерін, деректер базасын құру принциптерін және онымен жұмыс істеу тәсілдерін анықтайды; есептеу желілері мен ДББЖ сияқты әртүрлі орталарда жұмыс істейді; деректер базасын құрудың және жобалаудың негізгі әдістерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Физикадан ғылыми әдебиеттермен жұмыс
    Несиелер: 5

    Бұл курста мектеп оқушыларына ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу кезінде әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; қажетті дерек көздерін пайдаланудың тиімді әдістерін меңгереді; зерттеу жұмысының әдебиеттеріне сілтемелерді қоюды үйренеді; пайдаланған әдебеттер тізімін жазу ережесіне машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON8

    кәсіби білім саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, оқушылардың ғылыми жобаларын жазу және әдебиеттермен жұмыс жасау дағдыларын дамытады;

  • Код ON6

    жас ерекшеліктерін ескере отырып, қоршаған ортаның тіршілік қауыпсіздігін және дамыту мәдинетінің жолдарын, психология мен педагогиканың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік қызметтерін, ұлттық құндылықтар мен азаматтық ұстанымды жүйелі меңгерген;

  • Код ON2

    зертханалық жабдықпен жұмыс жасауда, жұмыс нәтижесін есептеуде, физикалық есептерді шешуде, математикалық есептеулер жүргізуде, функционалды сауаттылығын және көшбасшы дағдыларын көрсетеді;

  • Код ON9

    білім алушылардың мақсатты тілдерде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеуге бейімделуі үшін жағдай жасайды;

  • Код ON7

    оқу тәрбие жұмысын жоспарлап, теориялық білімі мен нақты тәжірибелік дағдыларын басқарушы қызметте іске асыра алады;

  • Код ON1

    жалпы және теориялық физика заңдарын, жоғары математиканың заңдылықтарын, аспан денелерінің табиғатын сипаттайды, физикалық құбылыстар мен процестерді талдайды;

  • Код ON5

    физика және информатиканы оқыту әдістерін меңгерген, есептерді шешу жолдарын анықтайды; цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолданады, инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс жасай алады, бағалау жүйесінің критерийлерін ажырата алады;

  • Код ON4

    информатиканың теориялариялық негіздерін, микропроцессорлық және операциялық жүйелер даму бағыттарын, деректер базасын құру принциптерін, жұмыс істеу әдістерін меңгереді. Бұлтты есептеулер мен платформаларда жобалаудың негізгі әдістерін сипаттайды.

  • Код ON3

    бағдарламалау тілдерінің құрылымын, бағдарламаны құруда сандық технологияларды меңгереді, аппараттық және бағдарламалық құралдармен жұмыс; заманауи бағдарламаларды қолдана отырып күрделі алгоритмдерге есептеулер жүргізеді, білім беру қосымшаларымен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

Top