Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07115 Машина жасау өндірісін технологиямен қамтамасыздандыру в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ББ мақсаты машина жасау саласына теориялық білімді, тәжірибе жүзінде дағдыланған және машина жасау өндірісін жобалау мен ұйымдастыруда заманауи технологияларды, материалдарды, инновациялық әдістерді қолдана білетін біліктілігі жоғары маман-магистрлерді дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M103 Механика және металл өңдеу
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ғылым тарихы мен философиясы
Машина жасаудағы квалиметрия
Машина жасау бұйымдарын құрамдау негіздері
КОМПАС жүйесіндегі компьютерлік графика
Жоғары мектеп педагогикасы
Машина жасау бұйымдарын компьютерлік үлгілеу
Басқару психологиясы
Шет тілі (кәсіби)
Инженерлерге арналған кәсіпкерлік
Машина жасаудағы форма құрушы процесстер
Өлшеу, бақылау және сынау әдістері мен құралдары
Деформацияланатын қатты дененің механикасының негіздері
Машиналардың динамикасы және беріктігі
Өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтандыру
Стратегиялық менеджмент
Машина жасаудағы металды өңдеу әдістері
Машина жасаудағы басқару жүйелері
-
2 Оқу жылы
Мамандық пәндерін оқытудың әдістемесі
Машина жасау өндірісінің технологиялық процесстерін жобалау
Машина жасаудағы технологиялық процесстерді автоматтандыру
Машина жасау өндірісі
Машина жөндеудің технологиялық процесстерін жобалау
Наноинженерлік зерттеулер негіздері
Ғылыми зерттеу әдістері
Құрастыру жабдықтарын жобалау
Жоғары мектепте машина жасау технологиясын оқытудың теориясы мен әдісі
Металл кесетін станоктарды жобалау
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Машина жасау бұйымдарын дайындауда және құрастыруда қолданылатын прогрессивті технологиялық процесстерді жасауда жобалау мен үлгілеуді автоматтандыру құралдарын қолдану; машина жасау өндірісінің технологиялық процесстерін, механикалық, гидравликалық және басқа да жүйелерді теориялық есептеу негіздері мен жобалауды түсіну мақсатында жалпытехникалық пәндердің іргелі бөлімдері бойынша білімді қолдану.
- Өнеркәсіптің машина жасау және металл өңдеу салаларындағы технологиялық процесстерді жобалау, өндірістің технологиялық дайындық деңгейін жақсартуды және өндірісті техникалық қайта жабдықтауды қамтамасыз ету, орныққан технологиялық процесстерді өзгертпеу, өнімділігі жоғары технологиялық процесстер мен технологиялық схемаларды жасауды және іске асыруды басшылыққа алу.
- Стресс жағдайында эмоционалды және танымдық өзін-өзі реттеу туралы білімдерін көрсету, педагогикалық жүйелерді қолдана білу, психологиялық проблемалардың аспектілерін бөліп көрсету, нақты практикалық мәселені шешуде жеке ерекшеліктерді ескеру, психоанализдегі ұғымдар мен бағыттар арасындағы байланысты орнату.
- Наноматериалдардың зерттеу негіздерін, құрылымын және сапасын бағалауды білу; компанияның стратегиясы мен жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдай білу, стратегиялық, ағымдағы және жедел жоспарлау мен бақылау (менеджмент) құралдарын пайдалану; ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану.
- Кәсіби қызметте тілді меңгеру дағдысы мен іскерлігін дамыту, ғылыми мақалалар дайындау және еркін ауызша қарым-қатынас жасау үшін шет тілінде білім берудің коммуникативтік құзыреттілігін көрсету; ғылыми білімнің генезисі, философиялық мәні және дамуы, ғылымның дамуы мен заңдылықтарының ұйымдастырылуы.
- Ұжым жұмысын ұйымдастыру, атқару шешімдерін қабылдауды, жұмыстардың орындалу тәртібін анықтауды қамтамасыз ету; бұйым сапасына, орындалу мерзімдерін, өмір қауіпсіздігі мен экологиялық тазалыққа қойылған талаптарды ескере отырып, жұмыстарды орындауда тиімді шешімдерді іздестіру; халықаралық стандарттар негізінде заманауи сапа басқару жүйелерін нақты шарттарға сәйкестендіру; эксперттік және консультативтік қызметті жүргізу, сапаны бақылау әдістерін жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Орта кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында педагогикалық қызмет атқару.
- Жаңа бұйымдар жасауда және шығарылып жатқан бұйымдарды модернизациялауда, технологиялық процесстерді, материалдарды, техниканы (машиналар, аппараттар, приборлар, механизмдер) жетілдіруге техникалық тапсырмалар дайындау; өндірісті автоматтандыру және еңбек сыйымдылығы жоғары процесстерді механикаландыруға байланысты технологиялық процесстерді механикаландыру мен автоматтандыруды, жаңа тәжірибелік және өнеркәсіптік қондырғыларды жобалап жасауды, стандартты емес жабдықтар мен саймандарды жобалауды техника-экономикалық негіздеу